Ақыл ғана жүректі басқаратын,
Ол екеуі бекерге дос болатын.
Ғашықтар бар,
бір-бірін шын сүйгенмен,
Тура қарап айтуға жасқанатын.
Сағыныштың пернесін қатар басып,
Жүректі тәтті сезім жатар басып.
Екеуіде өздерін дос деп алдап,
Жүретін бір-бірімен хат алмасып.
Тәтті үнін естуге үздігетін,
Жүз ойлайтын ойласа жүз күлетін.
Өздерінен өздері жасыратын,
Сезімдерін сиқырлы күз білетін.
Жүректері сезіммен гүлденеді,
Жыр оқиды, есепсіз гүл береді.
"Сүйем сені"дейтұғын кез туады,
Мен сенемін,
Сондай бір күн келеді!
©Шапағат Ерғалиқызы🖋
#өлең
Ол екеуі бекерге дос болатын.
Ғашықтар бар,
бір-бірін шын сүйгенмен,
Тура қарап айтуға жасқанатын.
Сағыныштың пернесін қатар басып,
Жүректі тәтті сезім жатар басып.
Екеуіде өздерін дос деп алдап,
Жүретін бір-бірімен хат алмасып.
Тәтті үнін естуге үздігетін,
Жүз ойлайтын ойласа жүз күлетін.
Өздерінен өздері жасыратын,
Сезімдерін сиқырлы күз білетін.
Жүректері сезіммен гүлденеді,
Жыр оқиды, есепсіз гүл береді.
"Сүйем сені"дейтұғын кез туады,
Мен сенемін,
Сондай бір күн келеді!
©Шапағат Ерғалиқызы🖋
#өлең