Он бәленің тоғызы ТІЛДЕН 👅...
⠀
🗣🦻Осы кейде біз бір елі аузымызға екі елі қақпақ қоя алмаймыз. Әсіресе, біреу жайлы әңгіме болса алдымызға жан салмаймыз. Өзгенің сыртынан ғайбат айту - өзіңе де сол ғайбатты тілеу. Хадисте айтылғандай "әрбір айтылған сөзге періштелер әмин" деп тұрады екен.🤲
⠀
Кемшілік іздей берсек, шыға береді шыға береді. Айналып келгенде ондай ондай ханның қызында да болатынның кейпі шығады. Ия, мінсіз ешкім жоқ. Мүмкін біреудің бойынан көрген кемшілігіңіз, оның өмір бойы өкініп жүрген қателігі болар. Ешкім ешкімің ішіне кіріп шықпайды ғой. Сол сияқты, қайсыбір адамды сөз етпес бұрын оның кемшілігін емес, жақсылығын сөзге тиек етіңіз. Жақсылықты көрсін деп көз берді Алла! Ендеше, сол көзді жамандықтан тыйып, өзгенің кемшілігін бетіне 🫵 баспаңыз. Біреудің күнəсін яки кемшілігін жасырсаңыз🔑, Алла да ақыретте сіздің де күнəларыңызды жасырады.🗝
Сөз - құдыреті мықты қару. Онымен жігерді құм⌛️ етуге де болады, жасынды тау⛰етуге де болады. Ауыздан сол сөздің қандай мағынада, қандай интонацияда, қандай ниетте шыққанына байланысты - тікелей адам өміріне әсер етеді. Бір ауыз сөз қатқан жүректі🫀 жібітсе, бір ауыз сөз жібек көңілді қатайтады.🥀
⠀
Сөздің құдыретін тізіп кете берсек, соңына жетпеспіз. Бір ғана айтарым, жылы сөйлейік. Бәріміз бір ауыз жылы сөзге зәруміз. Байқасаңыз, біз қасымызда жүрген жандарға жекіп сөйлеп, қатты кетіп жатамыз. Ал көшеге шығыңызшы бейтаныс жандардың бәріне сіз деп, рахмет айтып, күліп шыға келеміз. Біз ойлаймыз, жақындарымыз біздің сөзімізді көтере алады деп, ал шын мәнісінде оларға сіздің жылы сөзіңіз бен қапсыра құшақтайтын құшағыңыз ғана керек.💐
⠀
Жәй ғана тілімізге еге болайық! Аузымыздан шыққан әрбір сөзге ертең Алланың барғанда жауап бере алатындай болайықшы. Өзіміз көтере алатын ғана жүкті көтерейік. Асықпайық, өзгенің өміріне қол сұғуға асықпайық.🤝