🌺 Адамдардың сізге жасаған кейбір теріс іс әрекеттерін кешіре аласыз ба?
⠀⠀
☘️Жанымызға батса, ештеңе болмағандай күй жасай алмаймыз. Жылдам кешіру – өзіңізді алдау, себебі жүрегіңізде жара қалып қояды. Сондықтан кешіру үшін уақыт, шыдамдылық және өзіңізбен жұмыс жасау керек болады.⠀
⠀⠀
☘️Нәтижесінде, ауыртпалық пен реніштен босап, ары қарай жеңіл өмір сүре аласыз.⠀
⠀⠀
☘️Өзімізге зиянын тигізетінін біле тұра, біреуге ренжіп жатамыз. Кейде сол ренішті ішімізде бірнеше жыл, кейде тіпті бірнеше онжылдықтар бойы сақтап жүреміз. Кешіре салу қиынға соқса да, одан құтылуға тырысу керек.⠀
⠀⠀
☘️Ендеше, қалай кешіріп үйренеміз? Алдымен реніштің нақты себебін анықтаңыз. Дәлірек не нәрсеге ренжідіңіз? Мүмкін, дұрыстап ойлансаңыз, реніш себебі түкке тұрмайтын нәрсе болуы мүмкін.⠀
⠀⠀
☘️Бұл реніш арқылы не нәрсеге жеткіңіз келеді? Мысалы, біреулер ренжу арқылы өзіне назар аударғысы келсе, басқалары ренжіткен адам өзін кінәлі сезінгенін қалайды.⠀
⠀⠀
☘️Әрине, бұл барлық жағдайда солай деген сөз емес. Өзіңізді түсініп болған соң, ренжітуші адамды түсінуге тырысыңыз.⠀
⠀⠀
☘️Әр адамның басынан өтетін жағдайларың бірі – байқамай ренжітіп алу. Мысалы, біреуге еш мағынасы жоқ сөз басқаның жанына батуы мүмкін. Егер шынымен де ренжітейін деп ойламаған болса, ол адамға ренжудің қажеті бар ма?⠀
⠀⠀
☘️Кей жағдайда адам ашу үстінде болса, не айтқанын білмей қалуы мүмкін. Тізіп айта берсек, байқамай ренжітіп алудың да бірнеше мүмкін жағдайлары бар.⠀
⠀⠀
☘️Егер бұл айтылған қадамдар еш нәтиже бермесе, сізді ренжіткен адам өміріңіздегі маңызды адамдардың бірі болса, оған өзіңіз бірінші баруды қарастырыңыз. Біз басқа адамдарға көп ренжімейміз, біз тек өте жақын адамдарға қатты ренжитініміз рас. Себебі, ол адамның ойы сіз үшін бәрібір емес⠀
⠀⠀
☘️Өмірімізді жеңілдету үшін кей заттарды ертерек білген де дұрыс. Солардың бірі – адамдарды кешіре білу және өзіңіздің ішкі дүниеңізді дамыту. Кешірім жаныңызды тыныштандырып, денеңізді емдейді.⠀