Бір мектеп директоры жұмысқа қабылдаған әрбір мұғалімге осы хатты жіберетін...
"Құрметті ұстаз!
Мен концлагерді басымнан өткерген жанмын. Өзімнен басқа ешбір жан сезінбесінші деп тілейтін жайларды көзім көрді. Олар:
— инженер ғалымдардың адам өлтіретін газ камераларын жасағанын;
— білікті дәрігерлердің балаларды улағанын;
— тәжірибелі мейірбикелердің нәрестелерді өлтіргенін;
—жоғары оқу орнының түлектері балалар мен әйелдерді қалай атып, өртегенін...
Сондықтан мен білімділікке сенбеймін.
Мен сізден өтініп сұраймын: шәкірттеріңізге адам болып қалуға көмектесіңізші. Сіздің еңбегіңіз, берген біліміңіз құбыжық ғалымдарды, оқыған психопаттарды, білімді Эйхмандарды тудырмаса екен.
Оқу, жазу, арифметика балаларымыздың бойына АДАМГЕРШІЛІК нәрін еге алғанымызда ғана маңызды, сонда ғана керек."