Tengri.kz


Гео и язык канала: Казахстан, Казахский
Категория: Новости и СМИ


Tengrinews.kz сайтының қазақ тіліндегі телеграм-арнасы.
Өзекті ақпарат - өз уақытында.

Связанные каналы  |  Похожие каналы

Гео и язык канала
Казахстан, Казахский
Категория
Новости и СМИ
Статистика
Фильтр публикаций


ҰҚК QirSabyn Telegram арнасына қатысты істі Қылмыстық кодекстің 194-бабы (“Бопсалау”) бойынша тергеп жатыр.

2024 жылы 18 желтоқсанда Астана мен Қарағандыда арнаға қатысы барлар ұсталды. Олар жалған ақпарат таратып, ақша бопсалады деген күдікке ілінді. Telegram арна әкімшілері сот санкциясымен қамауға алынды.

QirSabyn - Қазақстанның саясаткерлері, блогерлері мен атақты адамдары туралы жеке ақпаратты жариялаған аноним Telegram арна.

t.me/tengri_kz


Бакуден Ақтауға бағыт алған тағы бір ұшақта ақау анықталды.

Азаматтық авиация комитетінің хабарлауынша, оқиға сағат 09:04 шамасында тіркелген.

Көлік министрлігінің мәліметіне сәйкес, Әзербайжаннан Ақтауға ұшуға дайындалып жатқан ұшақтың тұмсық бөлігінде ақау пайда болған. Әуе кемесінде жолаушылар болмаған.

“Ұшақтың қонуы қалыпты жағдайда өтті. Аэродром мен жерүсті қызметтері ұшақты ұшып-қону жолағынан қауіпсіз түрде шығарды. Әуежай өз қызметін штаттық режимде жалғастыруда”, – деп хабарлады министрлік.


t.me/tengri_kz


Үкімет Жезқазғандағы жылу желілерін жаңартуға резервтен 1,5 млрд бөлді.

Қаржыландыру "Жезқазған қаласының ТМ11 жылу желілерін реконструкциялау мен жаңғырту" жобасының 2-ші кезегін іске асыруға бағытталады.

Жезқазғанда желілердің тозуы 60 пайызға жуықтайды. 89 мың тұрғыны бар қаланы жылумен жабдықтауды ЖЭО қамтамасыз етеді. Қалалық жылу желілерінің ұзындығы 398 шақырым.

t.me/tengri_kz


Ауыр қылмыс жасады деген күдікті Ресейден Қазақстанға экстрадицияланды.

Күдікті Қостанайдағы жәбірленушінің пәтерінде бірге алкогольдік ішімдік ішу кезінде өзара араздық салдарынан жәбірленушінің басы мен денесіне көптеген жасаған соққылар салдарынан жәбірленуші қайтыс болды. Жауаптылықтан құтылғысы келген күдікті қашып кеткен, сол себепті ол халықаралық іздеуге жарияланған.

Оған 8 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылады.

t.me/tengri_kz


😨 Қазақстанда жаңа пәтерлер төрт жылда 43 пайызға қымбаттаған

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, қараша айында елдегі жаңа пәтерлердің бағасы 2020 жылдың желтоқсанымен салыстырғанда 43,2 пайызға, ал қайталама нарықтағы пәтерлердің бағасы 50,2 пайызға өскен.

Биыл 11 айда тұрғын үй сатып алу-сату саны 2023 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 15,1 пайызға өсіп, 382,9 мыңға жетті. Ең көбі - Алматыда (74,9 мың), Астанада (67 мың) және Қарағанды облысында (30 мың) жасалған.

t.me/tengri_kz


👇👇👇

Ақтауда апатқа ұшыраған ұшақтың қара жәшіктерін Бразилияның авиациялық оқиғаларды тергеу және алдын алу орталығына (CENIPA) жіберу туралы шешім қабылданды.

t.me/tengri_kz


Тоқаев Ақтаудағы ұшақ апаты кезінде ерлік көрсеткендерді марапаттады.

Әзербайжанның Azal компаниясына тиесілі ұшақтың апатқа ұшырауынан зардап шеккен адамдарды құтқару кезінде ерлік, кәсібилік және азаматтық жауапкершілік танытқаны үшін бір топ қазақстандықты мемлекеттік наградалармен марапаттады.

Олардың арасында:
- ТЖМ өкілдері;
- медицина мамандары;
- полицейлер;
- "Маңғыстау өңірлік электротораптық компаниясы" АҚ жұмысшылары;
- Ақтау әуежайының қызметкерлері бар.

t.me/tengri_kz


Әзербайжан президенті Ақтаудағы ұшақ апатынан кейін Ресейге қандай шарт қойылып отырғанын айтты.

"Бұл талаптардың мәні неде? Біріншіден, Ресей тарапы Әзербайжаннан кешірім сұрауы керек. Екіншіден, өз кінәсін мойындауы керек. Үшіншіден, кінәлілер жазаланып, қылмыстық жауапкершілікке тартылуы керек. Әзербайжан мемлекетіне, зардап шеккен жолаушыларға және экипаж мүшелеріне өтемақы төленуі керек. Бұл - біздің шарттарымыз. Олардың біріншісі кеше орындалды. Біздің қалған
шарттарымыз да орындалады деп үміттенемін", - деді Әзербайжан президенті.


Ол бұл шарттардың барлығы әділ екенін мәлімдеді.

"Бұл жерде артық ештеңе жоқ, бәрі халықаралық тәжірибеге және адамгершілік қағидаларына негізделген. Тағы да қайталаймын, Әзербайжан жұртшылығына бұл істің барлық анық-қанығы хабарланады. Бұл шарттар сіздер арқылы көпшілікке жетеді. Тағы да қайталаймын, біздің шарттарымыз қабылданады деп үміттенемін", - деп түйіндеді Әзербайжан президенті.


t.me/tengri_kz


Azerbaijan Airlines компаниясы Қазаннан Бакуге рейсті тоқтатты. Мұны Қазан әуежайының онлайн таблосының деректері дәлелдейді.

Ұшақ 28 желтоқсанда сағат 23:15-те ұшуы керек еді. Кейін рейс 30 желтоқсанға ауыстырылды, содан кейін мүлдем тоқтатылды.

t.me/tengri_kz


Қазақстанға Ақтаудағы ұшақ апатын тергеу үшін 17 халықаралық сарапшы келді.

Ақтау қаласына арнайы бақылаушы-авиациялық оқиғаларды тергеу секциясының басшысы Тормодур Тормодсон ұшып келді.

Бүгінгі таңда 17 халықаралық сарапшының барлығы Ақтау қаласында.

t.me/tengri_kz


“Басымды иіп, кешірім сұраймын“ - Оңтүстік Кореядағы ұшақ апатынан кейін әуе компаниясының басшысы кешірім сұрады.

“Ең алдымен жақындарынан айырылғандарға, қаза тапқандардың отбасыларына көңіл айтамын және кешірім сұраймын. Қазір апаттың себебін анықтау қиын, сондықтан тиісті мемлекеттік органдардың тергеуін күтуге тура келеді. Бас директор ретінде жауапкершілікті өз мойныма аламын", - деп жазылған компанияның Instagram-дағы ресми парақшасында.


t.me/tengri_kz


Кейбір деректерге сүйенсек, ұшақ апатанынан 179 адам мерт болды. Тек 2 адам тірі қалған.

t.me/tengri_kz


Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram
“Қазақпыз дегенде жылап жібердік…“. Видеода Ақтаудағы ұшақ апатынан аман қалған Қырғызстан азаматы - Эрлан Жүнісәлиев.

Жәбірленуші ұшақ апатынан кейін оқиға орнына қазақстандық құтқарушылар келгенін айтты. Ол кезде жолаушылар ұшақ қай жерге құлағанын білмеген.

"Қатты соққы болды. Есімнен танып қалдым, сондықтан құтқарушылар қашан келгенін түсінбедім", - деді қырғызстандық.


Оның айтуынша, ұшақ аударылып кеткен, сондықтан жолаушылар шалқасынан жатқан. Құтқарушылар зардап шеккендердің қауіпсіздік белдіктерін босатып, шығарып алған.

"Бізді шығарғаннан кейін "кімсіздер?" деп сұрадық. "Қазақпыз" дегенде жылап жібердік. Біз басқа елдеміз деп ойладық", - деді ер адам.


t.me/tengri_kz


СІМ ресми өкілі Айбек Смадияровтың сөзінше, қазақстандықтар Оңтүстік Кореядағы Муан қаласының әуежайында апатқа ұшыраған Jeju Air әуе компаниясының ұшағында болған жоқ.

t.me/tengri_kz


Оңтүстік Кореядағы Jeju Air ұшағының апатқа ұшырауынан қаза болғандардың саны 120-ға дейін жетті.

Әзірге апаттан тек екі адамды құтқару мүмкін болған: бір экипаж мүшесі және бір жолаушы.

Бортта барлығы 181 адам болды, оның ішінде алты экипаж мүшесі. 2 жолаушы ғана тайландтық, қалғандары Корея азаматтары.

Алдын ала болжам бойынша, ұшақ құсқа соғылған.

t.me/tengri_kz


Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram
Оңтүстік Кореяда ұшақ апатқа ұшырап, 47 адам қаза тапты.

Оқиға таңғы сағат 9:07-де (Астана уақыты бойынша 5:07) Jeju Air авиакомпаниясының рейсі Сеулден шамамен 288 шақырым жерде, Оңтүстік Чолла провинциясындағы Муан халықаралық әуежайына қонған кезде болды.

Бортта 175 жолаушы мен 6 экипаж мүшесі болған.

t.me/tengri_kz


Ресей тарапының бастамасымен Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті.

Мемлекет басшылары Ақтау маңындағы "Әзірбайжан авиакомпаниялары" жолаушылар ұшағының апатқа ұшырауына байланысты көңіл айтты.

Естеріңізге сала кетейік, кеменің бортында ресейлік және қазақстандық азаматтар болған.

Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасының Үкіметтік комиссиясы тергеу ісін Әзербайжан, Ресей және Бразилия елдерінің мамандарын тарта отырып жүргізіп жатқанын айтты. Президенттер тергеу амалдарын жан-жақты және ашық жүргізудің маңызды екенін атап өтті.

t.me/tengri_kz


Ақтау маңындағы ұшақ апаты. Кремль Путин Әзербайжан президентінен кешірім сұрады деп хабарлайды.

t.me/tengri_kz


Ақтау қаласына Бразилияның авиациялық оқиғаларды тергеу және алдын алу орталығы (CENIPA) өкілдері ұшып келді.

Тергеп-тексеру жөніндегі комиссияның штабында жиналыс өтті, онда бірлескен міндеттер айқындалды.

Айта кетейік, Бразилияның авиациялық оқиғаларды тергеу және алдын алу орталығы (CENIPA) - азаматтық авиацияда орын алған авиациялық оқиғаларды тергеумен айналысатын уәкілетті орган.

t.me/tengri_kz


Ақтауда ұшақ апатынан кейін күйеуі іздеу салған әзербайжандық әйел табылды.

Туыстарының сөзінше, әйел адам ауруханаға кома жағдайында түскен. Қазір әйел адам есін жиып, өзіне келген.

Бұған дейін Әзербайжанның Загаталь ауданының тұрғыны Нурулла Сираджов Ақтаудан Бакуге жеткізілген болатын. Сол кезде ер адам әйелін іздеп, оның апаттан кейін қайда жоғалып кеткенінен бейхабар екенін айтқан. 

t.me/tengri_kz

Показано 20 последних публикаций.