thezhailybayev


Гео и язык канала: Казахстан, Казахский
Категория: Блоги


Есімім - Исламбек. Бұл каналда өзімнен басқа ешкімге керек емес ойларыммен, сезімдеріммен бөлісемін.

Связанные каналы  |  Похожие каналы

Гео и язык канала
Казахстан, Казахский
Категория
Блоги
Статистика
Фильтр публикаций


Прикинь, сенің жасың 16-да. Майлина мен Бесағашта Қайраттың академиясында доп теуіп жүрген баласың. И бір моментте сені Челси 4 млн еуроға сатып алады да, Қазақстанда сатылған ең қымбат ойыншы атанасың. Бұл ешқандай да түс емес. Алматылық "Қайраттың" ойыншысы Дастан Сәтпаев бұны біздің өңімізде жасады.

Әдемі ма? Әдемі ғой.


Шекаралар – тек картада. "Басыңдағы шекаралар" деп жүргендер айта береді.


2024 жыл сәтсіз өтті, жолым болмады деп күрсінсең, жәй ғана Кешьюдің Снуп Догпен түсірген атпай қалған клипін есіңе ал.


Жаңа жыл құтты болсын, достар! 🎉


Merry Christmas ya filthy animals 🌲🎅


Қазақстан Тәуелсіздігіне – 33 жыл

Бүгін – қасиетті де айрықша күн. Біздің халқымыздың сан ғасырлық арманы орындалып, өз тәуелсіздігін алғанына тура 33 жыл толды. Бұл күн – тек Қазақстанның емес, әр қазақтың жүрегіне жақын, әр азамат үшін қастерлі мереке.

1991 жылдың 16 желтоқсанында Қазақстан өзінің тәуелсіздігін жариялап, әлем картасында егемен ел ретінде танылды. Сол сәттен бері халқымыз қаншама тарихи сындардан өтіп, талай белестерді бағындырды. Тәуелсіздік бізге оңай келген жоқ – бұл ата-бабамыздың азаттық жолындағы күресі мен ерен еңбегінің жемісі.

Осы жылдар ішінде Қазақстан заманауи мемлекетке айналып, экономикасы нығайып, әлемге танылды. Бірақ Тәуелсіздік – тек қол жеткізген жетістік емес, оны сақтау мен нығайту жолындағы ұдайы еңбек. Бұл – әрбір азаматтың еліне деген адал қызметі, ұрпаққа мұра болып қалар ұлы аманат.

Бүгінгі күн – өткенімізді еске алып, болашағымызды ойланатын, ең бастысы, тәуелсіздігіміздің қадірін сезінетін күн. Біз тәуелсіздік жылдары қаншама жетістікке жетсек те, алда тұрған мақсаттарымыз әлі де көп. Ұлт болып ұйысып, егемендігімізді бекем ұстап, жарқын болашаққа қадам басу – баршамыздың ортақ міндетіміз.

Баршаңызды Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймын! Бабалар аманатына адал болайық. Тәуелсіздігіміз мәңгі болсын!

Еліміз аман, жеріміз тыныш, көк туымыз әрдайым биікте желбіресін! 🇰🇿


Джефф Безос ата-анасынан $300 мың доллар алып, оны Амазонға салған. Билл Гейтстің студенттік шағында счетында $10 млн доллар болған. Ал Уоррен Баффеттің әкесі конгресте отырған адам. Әлеуметтік желідегі психологтар "берілме" деп айта береді. Сенің қолыңнан келмейді, досым! Шындық сол. Беріл!


Аааааааааааааааааааа! 🥹💛🖤


Өскенде өрмекші адам болғым келеді 🕸️


Көптің бірі болу деген өте іш пыстыратын нәрсе екен. Сол үшін де кейін балам Реалдың немесе Барсаның фанаты болам деп, бәле шығарып тұрмаса болар еді.


Мен әрдайым махаббат іздейтін едім. Бірақ кейін байқасам, үнемі көшеде кішкентай балаларға күлімдеп, кез келген уақытта достарыма көмектесіп, қолдау білдіріп жүремін. Жүрекке тиетін сөздер естіп, әсерлі видеолар көрсем, көзіме жас келеді. Қарт адамдармен сөйлессем, оларды мұқият тыңдаймын. Басқа адамдарды жеке мерекелерімен құттықтау үшін ұзақ мәтіндер жазамын. Содан кейін ойласам, махаббат - ол Өзім екен ғой.


Ұстаздар мерекесі құтты болсын!

Мектепте бұл мереке күні ұстаздарымыздың орнына сабақ беретін едік. Ол да бір қызық естелік болып, есте қалды. Мектептегі ұстаздардың жанашырлығы бәрібір де бөлек қой. Кей ұстаздарымды әлі күнге дейін сағынып еске аламын.


Кенеттен суытқан күзгі ауа, әлдебір белгісіз сағынышты оятады. Әлі толық күз емес, бірақ жаздың жылы құшағы алыстап, салқын самал енгенде, табиғат та, адам да өзгерердей. Әрбір салқын ауа лебі жүректі нәзік мұңға бөлейді. Мұндай сәттерде өмірдің өткінші екенін, сәттердің құнды екенін терең сезесің. Қазіргі суық жел де өтеді, бірақ сол мезетте қалатын әсер мәңгілік.


Өмір – бір үлкен кітап секілді. Кейбір беттер жеңіл әрі көңілді, ал кейбірі қиын әрі күрделі. Бірақ бұл кітаптың әр тарауы өте маңызды. Біз көбінесе тек жеңісті, қуанышты сәттерді ғана аңсаймыз, алайда өмірдің мәні тек олармен шектелмейді. Қиындықтар мен сынақтарсыз өмірдің шынайы құндылығын, мәнін түсіну мүмкін емес.


Мұрат Әбділдәнің Сампомен батлы потолок болды. Мен вообще ондай көретін адам емес едім. Бірақ мынаны көріп, футбол көргендей эмоция алдым, потолок енді. 180 мың адам отырды эфирде. Бұрын ондай болмаған шығар Қазақстанда. Мәкеңді мойындадым 667)


Мұрат Әбділдә неге бұрынғыдай боп жатқан жоқ, білесіңдер ме? Өйткені бұрынғыдай хейтерлері жоқ, бәрі жақсы көріп кеткен Мәкеңді. Ал әңгімені қыздыратын, ол - хейтерлер ғой.


12 желтоқсанда Челси Алматыға келетін болыпты. Сол күні мына әлемнен бір күнге шығып кетіп, чисто демалу керек боп тұр ғо.


Марғұлан Сейсембай өзі телеграм бот жасап жүргенде, біз жап-жас болып, "қолымнан келмейді" дегеніміз ұят шығар.


The king is back 🦁

Мұрат Әбділдә бостандыққа шықты!


Челси Астанмен ойнайды 😍

Бұйырса, Челсидың формасын киіп, ойынға барып тұрмыз.

Показано 20 последних публикаций.