Temirlan Quanyshuly


Гео и язык канала: Казахстан, Казахский


Бұл каналдың негізгі контенті таргетингке қатысты. Тәжірибелерім һәм біліммен тегін бөлісемін.
Admin: @temirlan_quanyshuly

Связанные каналы

Гео и язык канала
Казахстан, Казахский
Статистика
Фильтр публикаций


Ең сорақы кәсіпкер өнімі мен клиентін танымауы


Сөздік

1. Қырман-сезон
2.Инфожоңғар - инфоцыган
3. Қасиетсіз аудитория - гифпен жинаған аудитория
4. Воронка- шынжыр
5. Конвейр - дейірмен


Өгізге туған күн, бұзауға да туады.


Додо пицца үлгі

Кафейня үшін бір кофе алып, сағаттап жұмыс істейтін фрилансер тиімсіз. Шығын. Көп жерде админ, офицант зекіп ұрса жөнеледі. Солай өз репутациясын құртады.

Бұл масштап кедергісін әркім әртүрлі жолмен шешкен.

Мысалға;

- Старбакс кофенің бағасын қымбаттатқан. Солай компентация жасаған

- Додо пицца шешімі сол аумақта ИНТЕРНЕТ жылдамдығын шектеу.

Шыдамым жарты сағатқа жетті. 5 мин күтіп әзер ашқан сайт 10 метр алыстаған сәтте 5 секунтта ашылды.


Бізге де жетті 😅

Болашақта FACEBOOK запуск жасау үшін таргетолог керек болмайды. Ойланып қарасам 2-3 жыл ішінде фб қара жұмыстың біразын автоматтандырып үлгеріпті


ФБ соңғы кезде срм өте қымбат. Мынау бір компанияның бүгінгі статискасы. 1000 адамға көрсеткені үшін 20$ төлейтін конкуренция жоқ. 1 айдан асты таргет қосылғанына орташа срм 6$ 🌚


2,5 жыл күткен қуаныш 🤩

ТикТоктан реклама жіберген кезде енді жеке-жеке қала таңдауға болады. Бұл өзгеріс локальды кәсіптерге мүмкіндік.


WhatsApp каналдың кемшілігі

- Номер контактіде сақталмаса жазылған адамның кім екенін көре алмайсыз

- Контент бойынша статистика жоқ.

- Коисктан каналды іздеген кезде шықпайды


Сүйінші WhatsApp-тан канал ашып, оны жүргізе аласыз. WhatsApp белсенді қолданатын біз үшін жаңа мүмкіндік

Менің каналыма тіркелу үшін 👇🏻 басыңыз

https://whatsapp.com/channel/0029VaCRbsoId7nQQaAciY2t


Реклама = оборот, вручка
Маркетиң= прибыль, маржа


Сауданы көтерудің ең оңай жолы сұрақ қою.

Маркетологтың бірінші міндетті компания табысын көбейту. Өте көп тәсілдері бар. Маркетолог ретінде 3 сұрақ техникасын ұсынамын:

- Неге?
- Не үшін?
- Қалай шешуге болады?

Сұрақтың жауаптары әрекетіңізді айқындайды.

Мысалға:
- Кәсіпкер,РОП, директор емес клиентпен жұмыс істейтін маманан сұрау керек. Неге продажа жоқ?-деп. Ол өз жауабын ұсынады.

*** Ескерту: Жауабына баға беріп, түзетпейміз бар болғаны айтқанын бірге бір қағазға жазып аламыз. Қағазға жазу шарт. Бар сұраққа қатысты

- Не үшін деп ойлайсыз? Жаңағы себебін міндетті түрде қосу керек. 1-сұраққа лид сапасыз деп жауап берсе не үшін лид сапасыз деп ойлайсыз

- Қалай шешуге болады?
Ситуацияға баға бердік, себебін анықтадық енді шешімін өзінен сұраймыз. Тыңдай білсек клиент, маман өздері шешімін айтып береді.

Проблемаға басқа бөлімнің қатысы болса сол бөлім басшынан жаңағы сұрақты басынан қойып шығамыз.

P.S. Көп маманнан сұраған сайын әртүрлі себебі мен шешімі шығады. Сауалнаманы тың ақпарат болмай қайталанған кезде тоқтата берсеңіз болады.

P.S. Сауалнама барысында адамның жүрек кілтін таба білу өте маңызды. Жауап қарым-қатынас деңгейіне сай болуы мүмкін


Баға беру

Таргетолог,smm мамандарына сын көп.

Маман позициясында жүріп байқаған бірнеше жағдай бар. Жұмыс берушіге құлақ қағыс ретінде жаза кетейін.

1-Кәсіп иесі маман жұмысына баға бере алмайды. Қарапайым негізгі қызметі қандай? Не үшін ақша төлейтін түсінбейтін көп адамды кездестірдім. Бұның себебі құрал жайында базалық білімі жоқ, түсінігі басқа.

2- Бақылау. Маманға жұмысты тапсырады артынан уақытында талап етпейді. Үндемейді, кешіреді, оны көрген соң басқа шығады. Осылай бүлінеді. Салдары жұмысқа тиеді. РНП толтырып жүрсең де, оны ашып қарық қылмайды .

3-Келісім. Өз ара алыс берісті нақты бекіту. Мүмкіндік болса жазбаша. Соған қарап атқарған жұмысын салыстырып, тексеруге болады. Жұмыс процессі бойынша нақты шешімге келмей жұмысты бастамаған абзал. Қол алысқан жағдайда бақылап, тексеру отыру шарт. Әйтпесе құр қағаздағы шимай болып қала береді.

Нақты талап қойып, табалдырықтан келісіп, қадағалап жүрсеңіз маман ырбыңдамайды.

Еркелетіп, ырбыңдатып жіберетін кәсіпкер


Кәсіптегі МАМА-ңыз кім?

МАМА- менен алуы мүмкін адам. (бизнес бастаудан қалған термин) Термин целевой аудитория анықтамасына сай.

ЦА тірі организм. Өзгеріп, түрленіп, дамып отырады. ЦА анықтау, соған сай ұсыныс жасай білу маркетолог пен кәсіпкердің басты жұмысы.

ЦА анықтаудың түрі өте көп. Методиканың бәрі айналып келіп ЦА қатысты екі түрлі ақпарат жинайды.

- Бірінші этап “қанша,кім”-деген фактіге негізделген сұраққа жауап іздейді. Яғни ашық сұрақ, нақты жауап. Мысалға: жасы, гео, жалақысы, жынысы және т.б.

- Екінші жабық этап “ не үшін”- деген сұраққа жауап іздейді. Бұл жерде нақты сұрақ-жауап жоқ. Әңгімеге тарта отырып керек ақпаратты аузынан суырып алу керек. Күрделі, ұзақ процесс.

Бізде ЦА анықтау,зерттеу 1-этаппен шектеледі. Тек фактімен жұмыс көп қаржыны талап етеді. Себебі ол жерде идея, креатив, эмоция,сезім болмайды.

Атақты бизнес кейстерді оқитын болсаңыз бәрі “не үшін? “- деген сұраққа жауап іздейді. Соны анықтау арқылы біз таңғалып айтып жүретін нәтижеге қол жеткізеді.

Мысалға: Не үшін сатып алатын білсеңіз креатив, сайт, утп, скрипт бәрі өз-өзінен шыға келеді. Сөзсіз рабочий схемаға айналады.

Фактімен қоса мотивті де зерттеңіз.

P.S. Пост қызықты болса ЦА-ны анықтау әдістерімен бөлісемін


Пост салмағалы біраз уақыт өтіп кетіпті. 😁


BePRO business club кезекті іс-шарасында маркетинг бойынша көп сұрақ қойылды. Сараптай келе ұққаным һәм ортақ себебі;

- Маркетингке қатысты түсінік қате. Көп кәсіпкер құралды маркетингпен шатастырып алған. Оның көрінісі smm не таргетолог маманын маркетолог қылады. Бас кезде сол маманнан үміт күтеді, ақталмай көңілі қалып жұмыстан шығарады.

Қазақша тәпсірлесем ожидание реальность

- Кім, не істейді?
Түсінбейді және қадағалай алмайды. Маман қандай отчет берсе де оның логикасын түсіне алмайды.(маркетинг саласының негізгі жұмысының бірі әдемі отчет пен көрікті презентация 🤣🤣 )Оны сезген маман түрлі қулыққа бару әбден мүмкін.

- Бөлім стуктурасы дұрыс емес. Маман ұзақ уақыт жұмыс істемейді. Қызметкер жұмысқа кіріп-шығуы шығын екенін ескерсек, компания өз басын өзі жұтып жатқан болады.


Стратегия айқын болса тактика жүзеге асады


Шыны керек СhatGPT күшін көріп қорқа бастадым.

Себебі:

Еңбек нарығында алдағы уақытта жасанды интелектпен бәсекеге түсемін. Бір өзім алып күшке қарсы тұра алмасым һақ. Сонда не істеу керек?

ЖАУАП ЖОҚ. Тек қорқыныш, үрей…

P.S. Ой-алмасып бірге жауап іздеп көрейік


СhatGPT-дің қытай елінен төнетін қауіпке қатысты жауабы.


Мынау болса нейро-сеттің баннерге қолдануға берген фотосы.

P.S.Жалпы ұнап жатыр. Қара жұмысты түгелімен тапсыру керек екен


Нейро-сетьке қолым енді жетті. Корей косметикасына сценарийді 3 минут ішінде құрап берді. Тәп-тәуір кішкене өзгеріс енгізіп сьемкаға жібере берсе болады 🤯

Показано 20 последних публикаций.