Тимурдан Инфо | it&tech


Гео и язык канала: Казахстан, Казахский
Категория: Технологии


✔Ақпараттық технология (ІТ),
✔кәсіп бастау,
✔Интернет маркетинг,
✔жаңа медиа,
✔әлеуметтік желілер және тұлғалық даму бойынша ақпарат жазуға тырысамын.
📬 Сұрақты мында https://t.me/timurdaninfochat қойсаңыздар болады

Связанные каналы  |  Похожие каналы

Гео и язык канала
Казахстан, Казахский
Категория
Технологии
Статистика
Фильтр публикаций


Қазақстандық ІТ мамандардың жай-күйі

Arman Suleimenov кәсіби мамандарға арналған Линкедин желісін сараптап, 15 мың қазақстандық ІТ маманның профайлына статистикалық шолу жасап шыққан. Соған қарап отырып түйгенім:

Бұл нені көрсетеді?

1) Мұнай мен банктен басқа индустрия нашар дамыған

2) НИШ, БИЛ, ФИЗМАТтан басқа мектептер нашар оқытады

3) Қазақстанда тек Software Engineering дегенге ғана орын бар, ІТ инфра, киберқауіпсіздік, өндірістік ІТ, басқа да салмақты хард ІТ инжинириң нашар дамыған

4) Егер ІТ маман болсаң Каспий Банк пен ТеңізШевройлдың есіктерін айналып жүресің, не шетелге кетіп қаласың

5) Аймақтық университтер ІТ оқытудан нашар дамыған

6) Азамат пен Даниярдан басқалар орыс есімдері болғандықтан, ІТ саласы әлі қазақи ортаға сіңбей жатқанын

7) ІТ саласы әлі қыз балдар арасында танымал емес екенін (бар болғаны 10%)

8 ) Қазақстандық ІТ мамандар нарығы тек соңғы 10 жылдан бастап жетіле бастағанын

9) Біздің елде қарапайым бағдарламалау тілдері мен мәліметтер қорын біліп те ІТ маман ретінде жетістікке жетуге болатынын

10) Жалпы біздің ІТ нарық дегеніміз - фронтенд, бәкенд, мобилкадан тұратынын, басқа ІТ бағыттарға дефицит барлығын

көрсетеді.


Гитхаб Копайлот енді тегін

..деп барлық үтіктен жанталасып хабарлап жатыр.

Конкуренция деген осы. Бір жағынан өкінішті. Жақсы бір дүние жасайсың, инвестиция құясың, дамытасың. Алпауыт компаниялар келеді де әп-сәтте продуктыңды іске алғысыз қып тастайды. Не өлтіресің, не тегін бересің.

Бір жағынан жақсы. Өйткені, дамудың келесі сатысына өтесің. Басқа жол іздеп жүріп, майлы шелпекті тауып аласың. Үнемі тонуста боласың. Сондай-ақ, біз сияқты тегінге құмар нарықты әлпештейсің;))

Мен мысалы қазір arc browser-ге, you.com-ға, сосын перплекситиге жаным ашып жүр.

Ал Қазақстанда… Бұрын біздің тілдік артықшылығымыз болатын. Әлемдік компаниялар қазақша қосам дегенше қазақша аналогын жасап, үйреніп, дамытып үлгеруге уақыт болатын.

Қазір жасамақ түгіл ойланып үлгермейсің. Ертесіне қазақшасымен бірге дайын тұрады. Тілдік, қарапайым юзерлік тұрғыдан - жақсы. Оған, бәрібір. Қазақстандық өнімсің бе, шетелдіксің бе. Өзінің мәселесін шеше алса болды. Алпауыттарды қуып жету, өзіңнің платформаңды жасау жағынан - жаман.

Бұл, жігіттер, біздерге - супер жылдам болуды, өте білімді болуды, қалтаңда көк тиын болмаса да Гугл сияқты техно-алпауыттарға челендж жасай алатын мүлдем жаңа ойлау жүйесін игеру қажеттігін білдіреді.

Оның өзінде де 2-ақ жол бар. Не ол сені сатып алады. Не сені таптап өтеді. Мәселе, тек уақыттың еншісінде.


Reflex is a Python library for building full-stack web applications entirely in Python, without any JavaScript. You can define both frontend UI and backend logic, then deploy with a single command. It comes with built-in components, flexible customizations, and more.


Молданың айтқанын істе, істегенін істеме
Бұл сөздің әу баста қандай мағынада айтылғанын білмедім, бірақ өзіме қарай ыңғайлап алғым кеп отыр.
Жалпы технологиялар туралы, трендтер туралы, әртүрлі мүмкіндіктер туралы зарлап, қақсап айтып жүремін ғой. Дегенмен, оның барлығын өзім жасай бермеймін.
Кейде оның барлығына энергия жетпейді, не қаражат, не назардың барлығын шашыратып аламын деген сияқты себеп-салдарлар кете береді.
"Онда не үшін айтасың?" дейсіздер ғой. Біреу-міреу пайдасына жаратсын, іліп әкетсін, үйренсін, білсін деп айтам ғой. Мәселен, биыл мен танымайтын бір жігіт Linkedin кәсіби мамандар әлеуметтік желісінде Kcell компаниясына ІТ маман боп жұмысқа орналасқанын жазыпты. "Құтты болсын" деп комментарий жазсам, "ІТ саласын таңдап, осы жетістікке жетуіме сіз үлкен себепші болдыңыз" депті. Шынымды айтайын, қатты таң қалдым. Яғни, тисе терекке, тимесе бұтаққа айтып жатқан сөздерім, 4 адам лайк басып, 5 адам оқыса да, әйтеуір, бір адамдарға сөзім жетіп жатыр деген сөз ғой. әрине, мұндайда қуанасың.
Айтайын дегенім, жұртқа 2011-ден бері, биткойн шыққалы бері қақсалап "Криптовалюта сатып алыңыздар" деп жүрсем де, өзім сатып алмаппын ғой:))) Мен алғаш айтып жүргенде сол $4-5000 болатын. Кейін 2016-ларда да қоймай айтып жүрдім, сол кезде әріп кетсе, $10.000 болатын. Ал қазір $100.000 асты.
АҚШ-та біздегі Binance жоқ. Ол жақта криптовалюта тәртіптері қатаң сақталған. Біздегідей қойыртпақ емес. Біресе рұқсат беріп, біресе соттап, адам түсінбейтін саясат жүргізбейді. Ресми тіркелесің, ресми салық төлейсің. Пажалыста, жұмысыңды жасай бер. Бар болғаны, US Binance қолдансаң, жетеді.
Обшым, елге келгеннен кейін 2-3 жыл шаң басып қалған Бинансымды ашсам, әйтіп-бүйтіп, тиіп-қашып жүріп сатып алған BNB, Etherium, Bitcoin тиындарымның басы үш жүзді құрап, $371 бопты. Жобамен $30.000 кезінде сатып алған болсам керек, 3 есе өскен ғой.
Яғни, тап бір белсенді трейдер, алып-сатар спекулянт болу міндет емес. Мен сияқты ходлер болсаңыз да жетеді. Ходлер деген бір сатып алып, ұзаааааааааааааааааааааақ мерзімде сақтау. Қазіргі таңда өзі бар болғаны 21 млн токен бар Биткойн аяқталуға жақын. Көп ұзамай ол $1 млн болуы да әбден ықтимал. Сол кезде шығарасыз. Оған дейін 5-10 теңгеге сатып ала беріңіз.
Әйтпесе, аспаннан жауып жатқан Құдайдың бұл нығметінен де құр қалуыңыз мүмкін :))

462 1 2 11 19



👆👆👆

Қазір адам баласын таң қалдыру мүмкін болмай кетті.

Ересектер жарайды, бұрын біз жас кезімізде көп нәрсеге таң қалатынбыз.

Сол таң қалыстар бізді алға жетелейтін. Қиялымызға қанат бітіретін. Бірдеңе көрсек ішін ашып көруге тырысатынбыз. Іші ашылмайтын зат болса, сырын түсінгіміз келетін. Өзімізде де сондай дүние болғанын қалайтынбыз. Мұның соңы - мамандық таңдау мен болашаққа көз тіккендегі ұмтылатын армандарға жетелейтін.

Ал қазір… жастар да дымға қызықпайды. Барлығы бар. Барлығын көріп тастаған. Ештеңеге таң қалмайды. Бекер! “Болар бала боғынан” демекші, болам деген бала бірнәрсеге таң қалып өсуі керек. Бүгінде әлемде таң қаларлық дүниелер боп жатыр.

Өткенде бүкіл Маңғыстауды аралап жастармен, оқушылармен, студенттермен кездесіп шықтым. Әлемдегі таң қаларлық оқиғалар боп жатқанын сипаттау үшін сөз таппай қойдым.

“Естеріңізде ме, бүкіл ауылда тек Саматтың үйінде ғана видеомагнитофон болған кездер? Қалаған киноңды, қалаған уақытта көре аласың?” десем, өтпейді. Ол заманды көрмеген.

Жарайды, бертінге өтейін деп,

“Естеріңізде ме, тек қана Мараттың үйінде компьютер болған кездер? Музыка да ойнайды. Кино да көрсетеді. Жазуға да болады. Сурет те саласың. Ойын ойнауға да болады” десем, өтпейді.

Жарайды, бертінге өтейін деп,

“Естеріңізде ме, смартфон арқылы тікелей эфирге шығуға болатын кездер? Бұрын тек республикалық телеарналар ғана жасай алатын дүние енді сенің қолыңда теп-тегін, дайын боп тұрғаны?” десем, ұқпайды.

Обшым, қандай мысал айтсам да өтпейді. Өйткені, қазіргі жастар тек “не ішем, не кием?” деген жоқшылықты ғана емес, “не оқысам, не істесем болады?” деген жоқшылықтан да ада. Барлығы бар.

Ал не тамаққа, не ақпараттық аштыққа түспеген адамға не айтасың?

Айтайын дегенім…

Қараңыздаршы, миллион долларлар, жүздеген әлемдік деңгейдегі ІТ мамандар, ең қымбат серверлер арқылы ғана мүмкін болатын машинаны оқыту яғни жасанды интеллектке файнтьюниң жасауды OpenAI компаниясы технология саласының исі мұрнына да бармайтын адамға теп-тегін жеткізіп, шайнап, аузына сап қойыпты.

Қандай заман… Таңдайың тақылдап таңданбасқа шараң жоқ…






ChatGPT қазақша білмейді деп жүрген адамдар үшін.

Мінеки, “Абай жолы” туралы ол не дейді:

“Мұхтар Әуезовтің “Абай жолы” эпопеясы – қазақ әдебиетінің алтын қазынасы. Бұл шығарма қазақ халқының мәдениетін, дәстүрін, тұрмыс-тіршілігін, сондай-ақ ұлы ақын Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығын терең сипаттайтын төрт томдық туынды.

Шығарманың негізгі мазмұны:

“Абай жолы” эпопеясы Абайдың балалық шағынан бастап, ақын ретінде қалыптасу кезеңіне дейінгі өмірін суреттейді. Сонымен қатар, қазақ қоғамының әлеуметтік, саяси және рухани өмірі жан-жақты бейнеленген. Мұнда қазақ халқының рулық қатынастары, билер соты, тұрмыс-салттары, сондай-ақ білімге деген ұмтылыс пен адамгершілік мәселелері көтеріледі.

I том: “Абайдың жастық шағы”
• Абайдың балалық және жастық шағы сипатталады. Ол әкесі Құнанбайдың қаталдығы мен анасы Ұлжанның мейірімділігі арқылы тәрбиеленеді.
• Жас Абайдың ауылдағы тіршілігі, салт-дәстүрлерді көруі, оқуға деген құштарлығы баяндалады.
• Ол білім алуға Семейге жіберіледі, мұнда жаңа ойлар мен идеяларды игереді, ақындыққа деген құлшынысы оянады.

II том: “Абайдың елге оралуы”
• Абай елге қайтып келеді, бірақ қоғамның қайшылықтарына куә болады.
• Оның әділдік пен адамгершілік принциптерін ұстанып, өз ортасымен қақтығысуы көрсетіледі.
• Шығармада қазақ даласындағы рулық дау-дамайлар, бай-манаптардың озбырлығы айқын бейнеленген.

III-IV томдар: “Абайдың ақындық жолы” және “Қоғамдық күресі”
• Абайдың ақын және ойшыл ретінде жетілуі суреттеледі. Ол тек ақын емес, халықтың рухани ұстазы ретінде көрінеді.
• Шығарманың соңғы томдарында Абайдың қоғамға деген көзқарасы мен трагедиялары айқындалады. Оның балаларының өлімі, әділетсіздікке қарсы күресі, жалғыздығы және өмірінің соңғы жылдары баяндалады.

Шығарманың негізгі идеялары:
1. Рухани даму: Абайдың білім мен адамгершілік арқылы қазақ қоғамын өркениетке жетелеуге ұмтылысы.
2. Әлеуметтік әділетсіздік: Ру арасындағы жанжалдар, әділетсіз билік, кедейлердің өмірі шынайы көрсетілген.
3. Адамгершілік: Абайдың адалдық, әділеттілік, мейірімділік принциптері қазақ халқы үшін үлгі ретінде ұсынылады.
4. Қазақ болмысы: Эпопеяда қазақ халқының тұрмыс-салты, дәстүрлері, рухани құндылықтары жан-жақты бейнеленген.

“Абай жолының” маңызы:
• Бұл шығарма қазақ әдебиеті мен мәдениетінің символы.
• 1959 жылы роман әлем әдебиетінің 100 ұлы туындысының қатарына енген.
• Мұхтар Әуезов Абайдың өмірін суреттей отырып, қазақ халқының жалпы болмысын, тарихи кезеңдерін және рухани мұрасын танытады.

Егер романның белгілі бір бөлігін талқылағың немесе тереңірек түсіндірме алғың келсе, сұрақтарыңды қой!”

Не дейсіздер?


ICPC World Finals 2025 байқауында Қазақстан атынан Astana IT University командасы шығады

https://www.instagram.com/p/DDrrAUusv0g/?img_index=2&igsh=dTRxdHN3ZHZmb3l5


Репост из: AITU Career and Employment
🚀 Стажировка в Министерстве цифрового развития! 🚀

Министерство цифрового развития РК объявляет набор студентов на стажировку на позицию помощника заместителя председателя Комитета.

🔍 Что вас ждет?

Уникальный опыт работы в госструктуре.
Участие в цифровых проектах и инициативах.
Развитие навыков аналитики и делопроизводства.
Наставничество от профессионалов.
📋 Обязанности:
Подготовка документов и аналитических материалов.
Организация встреч, совещаний и мероприятий.
Взаимодействие с коллегами и внешними организациями.
Выполнение поручений руководства.
💼 Требования:
Студенты выпускных курсов или выпускники (IT, менеджмент, гос. управление и др.).
Ответственность, внимание к деталям и желание развиваться.
Владение казахским и русским языками (английский приветствуется).
Знание продуктов MC.
💰 Условия:
Оплата: договорная основа.
Гибкий график с учетом учебы.
Срок стажировки обсуждается.
📅 Срок подачи заявок: до 20 декабря 2024 года.
📧 Отправьте CV: E.aktaev@mdai.gov.kz
Не упустите шанс начать карьеру в цифровой сфере! 🌐✨


🔥🔥🔥 Бүгінгі күннің керемет жаңалығы

ChatGPT өзінің көп күткізген тікелей режимде камера арқылы сөйлесу функциясын жарыққа шығарды.

Бұл енді келесі деңгей.

Қолданып көріңіздер ме? Таң қалдыңыздар ма?


Репост из: Kazakhstan CP Federation
🎥 Northern Eurasia Finals 2024 тікелей эфирі қазақ тілінде!

14–15 желтоқсан күндері сіздерді ICPC жартылай финалын тікелей эфирде тамашалауға шақырамыз! Бұл контестте Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан және Тәжікстанның үздік командалары финалға өту үшін күш сынасады.

💡 Эфирде не болады?
• Контесттің өту барысын тікелей эфирде бақылау мүмкіндігі.
• Трансляция кезінде сүйікті командаңыздың кодын көру мүмкіндігі.
• Трансляцияны сіздің қалауыңызға сай ету мүмкіндігі — қай команданы көргіңіз келетінін комментарийлерде жазыңыз, біз оны міндетті түрде көрсетеміз!
• Спорттық бағдарламалау әлемінің беделді сарапшы спикерлері.

📌 ICPC World Finals 2024 кезінде қазақ тіліндегі трансляция көрілім саны бойынша үздік 2 қатарына кірген болатын. Бұл жолы да қазақ тіліндегі контенттің дамуына бірге үлес қосайық!

📍 Трансляция сілтемесі: https://youtube.com/live/cGH7kNebSL8?feature=share
🚀 Қосылыңыз және сүйікті командаларыңызды қолдаңыз!


Кеше Гугл компаниясы Willow деп аталатын, кванттық компьютерге арналған чипті жұртшылыққа жариялады.

Қызық факт 1:
Бұл кванттық компьютер чипі қазіргі уақыттағы ең заманауи суперкомпьютер 10 септилион (1-ден кейін жиырма төрт 0 қоясыз) жыл шығаратын есепті 5 минутта шығарған.

Қызық факт 2:
Оны жасаушы Гуглдің инженері “Бұл чип арқылы жұмыс істеу барысында бізден басқа да әлем барына көзіміз жетті” дейді. (Exact word by Google engineer: “We live in a multiverse”).

Google Quantum AI негізін қалаушы Hartmut Neven деген жігіт өзінің блогында “this chip was so mind-boggling fast that it must have borrowed computational power from other universes” яғни “Бұл чиптің таң қаларлық жылдамдығы сондай, ол өзінің компьютерлік есептеу қуатын бөгде әлемдерден алған болуы керек” дейді.

Тимурдан Инфо


Tesla Robot

сатып алып, қасапшылыққа үйретіп, адам қасапшымен жарысқа шығарып, ІТ-соғым фест ұйымдастырмаған соң…

“Не ол ЖИ деген? Жейтін зат па? Ол тамақ бола ма?” деп кекетіп жүргендерге сабақ үйретіп жіберсе…


Вакансия

Ескерту 1) Маған орысша келді. Қазақша аударуға энергия жоқ

Ескерту 2) Сұрақты маған қоймаңыздар

Вакансия «Бизнес-аналитик»
 
Компания «Beyond Tech Ltd.» (www.beyondtech.partners) в поисках «Бизнес-аналитика».
Обязанности:
- коммуникации с клиентами и структурными подразделениями для анализа бизнес-потребностей и функциональных требований с целью подготовки соответствующей технической документации по разработке решений;
- полное сопровождение работы по разработке и развертыванию решений, в т.ч. подготовка технических спецификации‌, технического задания и другой документации;
- подготовка технического задания;
- разработка дорожной карты проекта и ведение бэклога проекта;
- консультирование клиентов;
- эффективное взаимодействие с отделом продаж для сопровождения продаж.
 
Требования:
- аналитическое мышление;
- навыки управления проектами (проектного менеджмента);
- понимание технических процессов, требований и спецификаций;
- способность к критическому мышлению;
- умение работать с UML и BPMN;
- умение вести переговоры и убеждать;
- умение создавать User Stories;
- навыки работы с Jira;
- навыки работы с документацией (Business Requirements Document, Market RequirementsDocument, Product Requirements Document, Software Requirements Specification, Project Scope Document, Functional Specification Document).
- профессиональное владение английским языком.
 
 
Условия:
1. Работа в офисе компании по графику 5/2 с 09.00 до 18.30 в г. Астана;
2. Заработная плата по результатам собеседования в зависимости от уровня кандидата;
3. Оформление по ТК РК (отпуск 24 дня).
 
Контакты:
Мобильный: +7 705 292 46 62, Абилкаир
@GreatLegolas


Великолепная четверка

Бұл үздік төрттіктің қайсысын қолданып жүрсіздер?

Әлде барлығын әр кезде ме?

Қалай қолданып жүрсіздер?

784 1 4 13 10

ChatGPT ішінде енді жоба үшін бөлек меню, бөлек қалта жасау арқылы жинақы ұстауға болады


ChatGPT ішінде файнтьюниң жасау мүмкіндігі


ChatGPT- осы заманның айфоны.

Ал OpenAI компаниясы - Apple секілді.

Неліктен?

Өйткені, техно-әлемде 1-ші болу - өте маңызды. Ең қызығы - бұл компаниялар сол біріншілікті ұстап келе жатқанында.

Қазір енді нарықтағы ірі екі өзге ойыншы - Meta мен Google - қуғыншы рөлін атқарып келеді.

Мәселен, Apple компаниясы жаңалығын жарияласа, артынан Samsung жариялайды. Бірақ, оны ешкім елемейді (әдетте).

Қазір OpenAI компаниясы 12 күн қатарынан 12 жаңалық жариялаймыз деді. Бұған дейін ондай тарихта болмаған. Ойлап қараңызшы, 12 күн бойы 12 жаңалық. Әдетте, OpenAI ChatGPT-ге қатысты бір жаңалық жарияласа, артынша не Google, не Мета компаниясы іле-шала өздерінің қалтасында бар бір дүниені жариялайтын. “Біз де құр жатқан жоқпыз” дегендей.

12 күндік жаңалықтың алғашқы күні OpenAI компаниясы ChatGPT-дің о1 деген моделін preview деңгейінен шығарды да соған арнап ChatGPT Pro деген айына …$200 АҚШ теңгесі тұратын тарифін ұсынды. Әрине, эксперимент жасап көрмекке далада жатқан $200 жоқ (Ұлттық банкімізге мың алғыс!), жұрттың көкезу боп мақтап жатқанына ғана сенуге тура келеді. Айтуларынша, әлемде бұрын-соңды болмаған, ғаламдық деңгейдегі ЖИ боп шыққан.

Бүгін 2-ші күні олар мына суретте көрсетілгендей, “Өлеңге әркімнің-ақ бар таласы” демекші, әркімнің файнтьюниңге таласы барын бақылап, программист емес қаражаяу кез-келген адам файнтьюниң жасай алатындай функцияны іске қосқанын айтты. Яғни, білімі мен білігіне, тәжірибесі мен резюмесіне қарамай, енді әрбір пенде тек өзінің бір қажеттілігіне бағытталған модельге қойны-қонышында бар мәліметті енгізіп жіберіп, өзінің төл моделін оқытып-тоқыта алады.

Басында айтқанымдай, OpenAI компаниясының әр қадамын қарап отыратын Мета компаниясы алғашқы күнгі жаңалыққа орай өздерінің Llama 3.3 70B деп аталатын жаңа моделін таныстырды. Айтуларынша, бұл - Llama 3.1 405B моделімен парапар деңгейде қуатты.

Қызықтың көкесі енді басталды. Google мен Meta-ның 12 күндік жаңалығына басабас жариялайтын 12 жаңалығы қоржындарында бар ма екен? Болса, былтырлары “Хайп осымен аяқталды” деген әңгіменің шеті келесі жылы да тоқтамайтын сияқты…

А, иә, бір жарым ғасыр бұрын “Өнер-білім бар жұрттар…” деп тамсанғанымыз секілді, біздің халықтың маңдайына біткен дүние - елге тамсанумен ғана өтетін сияқты…

@timurdaninfo

Показано 20 последних публикаций.