TGStat
TGStat
Введите текст для поиска
Расширенный поиск каналов
  • flag Russian
    Язык сайта
    flag Russian flag English flag Uzbek
  • Вход на сайт
  • Каталог
    Каталог каналов и чатов Поиск каналов
    Добавить канал/чат
  • Рейтинги
    Рейтинг каналов Рейтинг чатов Рейтинг публикаций
    Рейтинги брендов и персон
  • Аналитика
  • Поиск по публикациям
  • Мониторинг Telegram
Telegram|kz

29 May 2018, 06:57

Открыть в Telegram Поделиться Пожаловаться

WhatsApp немесе Telegram?

Байланыстарының басым көпшілігі Whatsappты пайдаланатындықтан басқа мессенджерлерді өте сирек қолдану менің таныстарымның арасында қалыпты жағдай. Миллиардтаған доллар қолдауы бар, 1.5 миллиард белсенді қолданушылары бар Whatsappтың әрине танымалдығы жағынан теңдесі жоқ. Барлық ақпарат алмасу осында болғандықтан қолданушы басқа құралдарға мән бере бермейді. Ал, Whatsappтың ақпарат алмасуда қолданушыға ыңғайлығы қандай. Бүгінгі постта мен осы тақырыпты барынша ашуға тырысамын. Whatsappқа қарсыласуға жарайтын бұл әрине Telegram. Бұл пост екі бөлімнен тұрады және қауіпсіздік мәселесі қарастырылмайды. Себебі мен қауіпсіздік бойынша аудит өткізе алмаймын. Бар айтарым АҚШтағы EFF мекемесінің құрған қауіпсіз хат алмасу көрсеткіші бойынша 7 балдық шкалада Telegramда 7 ұпай, Whatsappта 6. Whatsappтың кемшілігі мұнымен бітпейді. Атап айтқанда:

Аккаунт – екі мессенджер де телефон номеріне байланыстырылған. Telegramның әкелген жаңалығы қос факторлы аутентификация. Яғни, смс кодты енгізген соң қосымша өзіңіз таңдаған құпия сөзді тағы да енгізу керек. Whatsappта кейін пайда болды, оның өзінде тек 6 саннан тұратын комбинация. Бірақ Whatsapp клиентін пин-кодпен бұғаттау мүмкіншілігі жоқ.
Оған қоса Telegramда өз контактілеріңізден басқа ешкім номеріңізді көре алмайды. Ал басқа адамдар Сізді username арқылы таба алады. Whatsappта username атымен жоқ.
Telegramның Androidқа арналған клиентінде 5 аккаунтқа дейін қосуға болады, Whatsappta мультиаккаунт жоқ.

Хабарламалардың сақталуы – мен үшін ең маңыздысы Telegram cloud негізді. 5-10 мегабайтқа дейінгі файлдарда білінбейді, алайда үлкен файлдарды жіберу кезінде (100 мб-ға дейін Whatsapp, 1500 мб-ға дейін Telegram) Whatsappта жіберуші адам алушы адам көшіріп болғанға дейін файлды телефонынан өшірмей тұруы керек. Telegram файлды өз серверлерінде сақтағандықтан Сіз қажет файлды кез-келген уақытта жүктей бересіз. Стикерлер мен жолданбаған хаттар (шимайлар) да осылай жұмыс істейді.

Құпия чат – таймер арқылы хаттарды жою, репост жасауға шектеу. Whatsappта мұндай жоқ және жолдаған хабарламаларды өңдеуге болмайды. Өңдеу демекші Telegram текстті markdown немесе html форматтауды қолдайды. Кейін маған Telegramда ұнайтыны топта бірнеше аудиохабарламаларды қатарынан тыңдап отыра бересің. Whatsappтағыдай біреуін тыңдап, болған соң екіншісін қосып, оны тыңдап, әрқайсысын бөлек-бөлек баса бермейсің.

Боттар – бағдарламамен басқарылатын арнайы аккаунттар. Сіздің тауар/қызметіңіз туралы ақпарат беруден бастап, ақша қабылдауға дейін, ойындар, мәліметтерді жинауды, сақтауды, өңдеуді ұйымдастыру және inline командалар, қысқасы мүмкіндіктер өте көп.

240 0 0
Каталог
Каталог каналов и чатов Подборки каналов Поиск каналов Добавить канал/чат
Рейтинги
Рейтинг каналов Telegram Рейтинг чатов Telegram Рейтинг публикаций Рейтинги брендов и персон
API
API статистики API поиска публикаций API Callback
Наши каналы
@TGStat @TGStat_Chat @telepulse @TGStatAPI
Почитать
Академия TGStat Исследование Telegram 2019 Исследование Telegram 2021 Исследование Telegram 2023
Контакты
Справочный центр Поддержка Почта Вакансии
Всякая всячина
Пользовательское соглашение Политика конфиденциальности Публичная оферта
Наши боты
@TGStat_Bot @SearcheeBot @TGAlertsBot @tg_analytics_bot @TGStatChatBot