Telegram арналарында контентпен бөлісудегі жаңа тренд - тексттік вебинарлар. Автор өз ойымен қысқа хабарламалар арқылы бөліседі. Кім "темада" болса, ілесіп отырады. Ал түсінбейтін адамдар шетте қалып қоя береді. Сырттай футбол матчының тексттік трансляциясына ұқсайды. Видео форматтан артықшылығы, текстте іздеу, бөлісу, көшіру сияқты операциялар жылдам орындалады. Трафик те көп кетпейді. Мысалы, маған вебинар өтіп жатқанда авторды көріп отырудың қажеті жоқ. Сөзбен түсіндіру қиын жерлерде сурет немесе видеоға сілтеме қоюға болады. Хабарламалар қысқа болғандықтан "охват" көп болады. Telegramда "просмотрлар" күн сайын саналатындықтан, жаңа хабарламаларды оқу кезінде кешегі посттардың да "просмотрлары" көбейеді. Сіз қазір арнада күніне жүзден астам хабарламалар шығара берсем барлығы "отписка" жасап кетеді деп ойладыңыз ба? Менің ойымша ол контентке байланысты. Оның үстіне, негізгі каналдың форматын өз қалпында сақтап, тексттік вебинарларды ақылы түрде "приватты" топта немесе арнада өткізуге болады. Қатысушылар саны ботпен басқарылады (ақ тізім).
Ал сіз Telegramда тексттік вебинар форматын кездестірдіңіз бе?
👍 Ия
🤔 Жоқ
Ал сіз Telegramда тексттік вебинар форматын кездестірдіңіз бе?
👍 Ия
🤔 Жоқ