🔸Қайырлы кеш!
Осы аптадағы ҚР ПІБ жүйесіндегі басты оқиғаларға шолу ұсынамыз
Бұл аптада ҚР ПІБ денсаулық сақтау, әлеуметтік қолдау және білім беру салаларында маңызды жетістіктер мен бастамаларымен ерекшеленді.
❇️Денсаулық сақтау саласы
ҚР ПІБ Медициналық орталық ауруханасы Қазақстандағы алғашқылардың бірі болып, инвазивті емес пренаталдық тестті енгізді. Бұл жаңа диагностика әдісі ана қанының талдауын пайдаланып, жүктіліктің 10-шы аптасында-ақ Даун синдромын 99% дәлдікпен анықтауға мүмкіндік береді. Бұл елдегі медициналық технологияларды дамытудағы маңызды қадам болып табылады
❇️Сондай-ақ, денсаулық сақтау тақырыбында, осы аптада ҚР ПІБ орталық аппараты мен оған қарасты ұйымдардың қызметкерлеріне міндетті медициналық сақтандыру мәселелері бойынша семинар өтті. Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының сарапшылары азаматтардың құқықтары мен жүйенің мүмкіндіктері туралы айтып, медициналық қызметтердің қолжетімділігіне ерекше назар аударды
❇️Әлеуметтік қолдау
ҚР ПІБ-ның басты басымдықтарының бірі – аға буынға қамқорлық көрсету. Басқармаға қарасты ұйымдар қарттарға қолдау көрсетуде. Қараша айында ҚР ПІБ қызметкерлері Екінші дүниежүзілік соғыстың 12 ардагеріне барды. Барлық ардагерлерге сыйлықтар табысталып, майдандағы ерліктері үшін алғыс білдірілді, мықты денсаулық пен ұзақ ғұмыр тіледі
❇️Білім беру және жастарды қолдау
Президенттік орталық жастар арасында азаматтық сана-сезімді дамытуға белсенді атсалысуда. Жыл басынан бері орталық ұйымдастырған семинарларға 1400-ден астам адам, соның ішінде 667 университет студенті мен 770 колледж және мектеп оқушысы қатысты
❇️Президенттік орталықтың ғылыми қызметкерлері де аналитикалық жұмыстармен айналысуда. Олар жаһандық трендтердің еңбек нарығына және жас мамандардың құзыреттеріне қойылатын талаптарға әсерін зерттеуде. Ғылым докторы Гүлмира Кенжебалина, орталықтың жетекші ғылыми қызметкері, «Казахстанская правда» газетіне жазған мақаласында өзгеріп жатқан әлем жағдайында жастар үшін жаңа мүмкіндіктер мен сын-қатерлер туралы сараптамамен бөлісті