🔸Қайырлы күн!
Осы аптадағы ҚР ПІБ жүйесіндегі басты оқиғаларға шолу ұсынамыз
❇️Бұл аптаның басты оқиғасы - Жетісу облысында Медициналық орталық күндері өтті. Аталмыш шара барысында 256 кеңес беру қызметі көрсетілді. 31 күрделі ота жасалып, жергілікті мамандарға білім берілді. Сонымен қатар, облыс әкімдігімен медицина саласын дамыту мақсатында меморандумға қол қойылды.
❇️Президенттік орталықта ҚР Президент Іс басқармасына қарасты ұйымдардың комплаенс қызметкерлерінің біліктілігін арттыру бойынша семинар ұйымдастырылды.
❇️Апта ішінде балалар мен жастарды қорғауға ерекше назар аударылып, нашақорлықтың алдын алу бойынша семинар өткізілді.
❇️Президенттік орталықта Тәуелсіздік күніне арналған шежіре фестивалі өтті. Іс-шара отбасы құндылықтары мен дәстүрлерін сақтауға бағытталды.
❇️Тәуелсіздік күні қарсаңында Президент Телерадиокешенінің қызметкерлері 99 жастағы соғыс ардагері Жақан Сейсембаевты арнайы барып құттықтап, сыйлықтар табыстап, сұхбат алды.
❇️Ардагерлерге көмек көрсету мәселесі бойынша, Ұлттық госпитальдің геронтологы Әсемгүл Байкенова Талдықорған қаласында соғыс ардагері Төлеубай Шектібаевты, еңбек ардагерлерін және басқа да егде жастағы науқастарды қабылдап, денсаулық жағдайларын тексеріп, өмір сүру сапасын жақсарту мен аурулардың алдын алу бойынша кеңес берді. Бұл консультациялар Медициналық орталық күндері бағдарламасының жаңа бағыты болып, аймақтардағы ардагерлердің денсаулығына қамқорлық көрсетуге бағытталған.