ULAĞAT


Гео и язык канала: Казахстан, Казахский
Категория: Психология


Психология. Ислам. Gallup. Саморазвитие.

Связанные каналы  |  Похожие каналы

Гео и язык канала
Казахстан, Казахский
Категория
Психология
Статистика
Фильтр публикаций


“Садақа мен қайырымдылыққа ақша берсем, ақшам таусылып қалады” - деген убеждение; “левый жасап н/е харам жолмен тез және жеңіл ақша табамын” - деген де убеждение.

Бірақ, бұл убеждениялар шайтаннан.

“Садақа берсем, халал жұмыс жасасам” - береке артады, күнәларым кешіріледі, ризығым артады”.

Бұл да убеждение, бірақ Алладан.


Өзін (фигура, әдемілігі, киімі, т.б) қымбатқа сатып, материалды қамтамасыз ететін партия тапқысы келетіндерге; өзін (жұмысы, үйі - машинасын, қызметін) сатып, тәндік қанағат іздейтін адамдар жолығады.

Екеуінің де іздегені “потребительские отношения”. Қыздың әдемілігі кеткенде, жігіт басқасын табады; жігіттің байлығы - қызметі кеткенде, қыз басқасымен алмастырады.

Дүниелік нәрсені ғана ниет еткеннің соңы осындай болмақ…екеуі де бір біріне лайықты.


Аллаға махаббатқа толмаған адамның жүрегі, басқа барлық нәрселермен толады: дүние, мансап, әйел, мақтан, т.б.

📚 Рамадан аль Бути (Алла рақымына алсын)


Адамның күнәсін көруіміз мүмкін, бірақ тәубесін көрмейміз. Сол үшін ешкімді айыптаудың қажеті жоқ. Қайдан білесің, Алла ол адамның тәубесін қабыл алған шығар?!

📚 Рамадан аль Бути (Алла рақымына алсын)


Бір проблемам бар деп үнемі айтып, бірақ сол үшін тахаджудке тұрмаған адамның сөзі - бос сөз.


Бұл әлемде абсолютті жамандық жоқ. Жеке адамның басына ол дискомфорт әкелсе де, жалпы система үшін пайдалы.

1. адамның үйі өртенсе де, оттан жалпылама адамдар жылу мен энергия алады.
2. жаңбырдан бір адам ауырып қалса да, барлық адамзат үшін жаңбыр өте пайдалы.
3. өлім біреудің жеке басының қайғысы болғанмен, адамзат үшін қосымша ресурс пен обновление.

Тіпті, ібіліс те адамдардың арасындағы жақсы мен жаманды, Абу Бакр мен Абу Джахилді айырып беруші инструмент. Барлығы жақсы болса, онда бұлардың ара жігі ажыратылмай, бір топтағы адамдар болар еді...

Сол себепті, барлығы жеке бастың пайдасы үшін емес, системаның пайдасы үшін қызмет атқарады - сен үшін жаман болған нәрсе, жалпылама системаға жаман деген сөз емес.


Өміріңдегі әрбір қиындық, сені өміріңді өзгертетін мүмкіндіктерге дайындау процессі.


Исрада болған мына оқиғалардан үзінді:

Ақсаға кетіп бара жатқанда, Пайғамбарымыз (с.а.с) жолда…

1. Дәджалды көруі
2. Қарт кейпіндегі ібілісті көруі (қарт болып көрінуінің себебі - осы дүниенің бітуі таяп қалғандықтан, ібілістің де қарт болып көрінуі)
3. Әйел кейпіндегі дүниенің келіп “маған бір көңіл аударшы” - деп шақыруы.


Кез келген мүлктің шынайы иесі адам ба, жоқ па қалай білуге болады?

Ол мүлікті адамнан еркінен тыс алып қойылса, демек, шынайы иесі адам емес.

📚Рамадан аль Бути


إِنَّ ٱللَّهَ يُدْخِلُ ٱلَّذِينَ ءَامَنُوا۟ وَعَمِلُوا۟ ٱلصَّٰلِحَٰتِ جَنَّٰتٍ تَجْرِى مِن تَحْتِهَا ٱلْأَنْهَٰرُ ۖ وَٱلَّذِينَ كَفَرُوا۟ يَتَمَتَّعُونَ وَيَأْكُلُونَ كَمَا تَأْكُلُ ٱلْأَنْعَٰمُ وَٱلنَّارُ مَثْوًى لَّهُمْ

Шүбәсіз, Алла иман келтіріп, игілікті істер істегендерді (жайқалған бау-бақшаларының арасынан және зәулім сарайларының) түбінен өзендер ағып жататын жаннат бақшаларына кіргізеді. Ал күпірлік қылғандарға келсек, олардың есіл-дерті қу тіршіліктің қызығын көріп, рақатына бату ғана. Сондай-ақ олар (бұл дүниеде осынау ағыл-тегіл нығметтің қайдан келіп жатқанын, оған қалай шүкіршілік ету керектігін ойланып жатпастан) мал сияқты ішіп-жеуді ғана біледі. Ендеше, олардың ақырғы барар жері тозақ болмақ!

(«Мұхаммед» сүресі 47:12)


( إِنَّ الْإِنسَانَ لَيَطْغَى أَنْ رَآهُ اسْتَغْنَى ) 

«Человек преступает границы дозволенного, когда ему кажется, что он ни в чем не нуждается»

📚Абдулла ибн Масуд


Ибн Әбу Хатимнен жеткізілген хадисте Алланың елшісі (оған Алланың сәлемі мен игілігі болсын) былай деген:
«Екі тойымсыз ешқашан тоймайды: білімге ұмтылған адам және дүние-мүлікке ұмтылған адам».


Бір күні Жәбир ибн Абдулла (Алла оған разы болсын) Алланың елшісінен (оған Алланың сәлемі мен игілігі болсын) сұрады:
«Уа, Алланың елшісі! Біз бүгінгі амалдарымызды неге сәйкес орындаймыз: алдын ала жазылған және тағдыр етілген нәрсеге ме, әлде әлі жазылатын нәрсеге ме?»


Ол (оған Алланың сәлемі мен игілігі болсын) жауап берді:
«Жоқ, алдын ала жазылған және тағдыр етілген нәрсеге сәйкес».


Сонда Сурақа сұрады: «Онда не үшін амал жасауымыз керек?»

Алланың елшісі (оған Алланың сәлемі мен игілігі болсын):
«Әр адамға өз амалдары жеңілдетіледі», – деп жауап берді.
(хадисті Муслим және Ибн Жәрир жеткізген).


Имам әл-Бухари Әли ибн Әбу Талибтен (Алла оған разы болсын) жеткізген хадисінде былай дейді:

«Біз Алланың елшісімен (оған Алланың сәлемі мен игілігі болсын) Баки’ әл-Гарқад зиратында жаназаға қатысып тұрған едік. Алланың елшісі (оған Алланың сәлемі мен игілігі болсын) қолында кішкентай таяқ ұстап бізге жақындап келді. Ол жерге отырып, басын төмен түсіріп, әлгі таяқпен жерді шұқылай бастады. Біз оны айнала отырып қалдық. Біраз уақыттан кейін ол былай деді:
«Сендерден (жалпы тірі жандардың) – оның Жәннаттағы немесе Тозақтағы орны алдын ала белгіленбеген және оның бақыты немесе бақытсыздығы жазылмаған ешкім жоқ».


Сонда бір адам:
«Уа, Алланың елшісі! Онда бізге алдын ала жазылған тағдырға ғана сеніп, амал жасауды доғарсақ бола ма? Себебі кім бақыттылардың қатарында болса, сол бақыттылармен бірге болады, ал кім бақытсыздардың қатарында болса, сол бақытсыздардың қатарында қалады емес пе?»

– деп сұрады.

Сонда Алланың елшісі (оған Алланың сәлемі мен игілігі болсын):
«Бақыттыларға бақытты ететін амалдарды жасау жеңілдетіледі, ал бақытсыздарға бақытсыз ететін амалдарды жасау жеңілдетіледі»

, – деп жауап берді. Содан соң ол Құрандағы мына аяттарды оқыды:

«Ал енді кім (Алла жолында) мал-дүниесін берсе, тақуалық етсе және ең көркемді (ақыретті) растаған болса, Біз оған ең жеңіл жолды жеңілдетеміз»

(Әл-Ләйл сүресі, 92:5–7).


لَقَدْ خَلَقْنَا ٱلْإِنسَٰنَ فِى كَبَدٍ

Шын мәнінде, Біз адамзатты машақат пен сынаққа толы өмірге жолдадық.

Адам баласы бұл дүниеге ішіп‑жеп, сауық‑сайран қуып рақатқа батсын деп жіберілмеген. Ана құрсағына түскен шәһуат тамшысынан жаралып, тоғыз айда дүниеге келуі, балалық, жастық шақтардан өтіп, егде тартуы, қысқасы, өліміне дейінгі бүкіл өмірі түрлі машақат пен ауыртпалықтарға толы болары анық. Дүниеге келіп, ешбір қиындық көрмей өтетін бірде‑бір пенде жоқ.

(«Бәләд» сүресі 90:4)


Ібіліс: «Уа, Раббым! Мені азғырып, адастырғаның (сынап сүріндіргенің) үшін (ант етемін), олар үшін жер бетіндегі (қу дүние мен күнә атаулыны) көздің жауын алатындай етіп безендіріп қоямын, сөйтіп олардың барлығын азғырып, тура жолдан тайдырамын».

(«Хижр» сүресі 15:39)


Ібілістің қатені өзінен емес, “Сен адастырдың!” - деп жауапкершілікті Аллаға тастауынан, қатені өзінен көрмеуінен талай адамның да көкірек көздері әлі де соқыр екенін көруге болады.

Ақиқатында, “Барлық жақсылық Алладан, барлық жамандық өзіміздің нәпсімізден”.


Страх ошибки или неудачи.

- Люди боятся действовать, чтобы избежать боли от возможного провала.
- Этот страх приводит к бездействию, а бездействие — к стагнации.


Кто соглашается на мгновенное удовольствие, подписывается и на долгосрочное страдание

© Тони Роббинс


«Как известно, многие люди знают, что делать, но лишь немногие действительно делают то, что знают»


Адам осознанный (ешқандай қысымсыз) шешімдерді қабылдап, жауапкершілікті алып, соны жасау арқылы өседі. Мысалы, кітап оқу, ақша жинау, отбасына уақыт бөлу, спортпен шұғылдану, т.б және осы арқылы адам өсіп, дамып отырады.

Егер, өмірдің ағысымен жүріп, шешім қабылдамаса, жауапкершіліктен қашса, обстоятельстволар адам үшін шешім қабылдаса, онда бұл кризиске әкеліп соғады.

Кризис - дамудың принудительный түрі; мысалы үлкен қарыз, балаңның нашақор болуы, ажырасу, рак н/е қант диабеті, ожирение, т.б. Бұл жерде сен шешім қабылдаудан қаша алмайсың, сен ШЕШІМ ҚАБЫЛДАЙСЫҢ, өйткені сені қысып тастады (зажали). Сен амалсыздан шешім қабылдап, әйеліңе көңіл бөлесің; амалсыздан, балаңмен қарым - қатынасты түзейсің; амалсыздан, бұған дейін қашып жүрсең, сатып бастайсың; амалсыздан диетаға отырасың, спортпен шұғылданасың, т.б.

Бірақ, адамлардың 90% пряникті емес, именно кнутты түсінеді.

Показано 20 последних публикаций.