Баласы бар адамды оның болашақ мамандығы толғандырады десем, қателеспейтін шығарамын.
Қазір уақыттың жылдамдауы мен өзгерістердің тез орын алуына байланысты кейбір мамандықтар жойылып, кейбірі заман сұранысына сай жаңадан шығуда.
Өзгерістерден қапы қалмас үшін
enbek.kz сайтындағы жаңа мамандықтар атласына назар аударыңыз және мамандық таңдауға көмектесетін
edunavigator.kz сайтындағы тесттен өтуді балаңызға ұсыныңыз.
Кейбір мамандықтың еңбек нарығында тапшылығы сондай, олар 1-2 жылда кәсіби мектептерді бітіріп, бірден жалақысы 300-400 мың теңгеден жоғары болатын жұмысқа орналасуда.
Сондай қысқа мерзімде мамандар дайындап жүрген келесі оқу орындары бар:
1. Әлем программалау мектебі 1-2 жылдық оқу
2. Квант мектебі 6 айлық оқу
3. Астана IT университеті бакалавриат 3 жылдық
Медицина саласында сұранысқа ие: генетиктер, эпидемиологтар, public healthcare маманы
Білім беру саласында педагогикалық дизайн, геймификатор, т.б.
Ауыл шаруашылығында теплицаларда өсірілетін дақылдар бойынша мамандардың жоқтығынан шет елден шақырылады және 3000-15000€ жалақы төленеді.
IT саласында: кибер қауіпсіздік, big data аналитигі, телекоммуникация мамандары елімізде жеткіліксіз. Солай жалғастыра беруге болады.
Неге осы көрсетілген сайттарды зерттеп, жоғары сұранысқа ие мамандықтарға балаларымызды оқытпасқа?!
Баланың болашағын тек 10-11 сыныптарда ойлай бастаған дұрыс па?