Ұзақ жылдық серіктестер – ВТБ мен Мемлекеттік Третьяков галереясы - «Передвижники» көрмесі мен Мәскеудегі Кадашев жағалауындағы мұражайдың жаңа ғимаратының ашылуына орай акция бастады. Бір мың естелік ашықхат 52 елдегі 500 жетекші өнер галереясы мен ірі мұражайларға және 107 мемлекетте жұмыс істейтін 500 бұқаралық ақпарат құралдарына Ресеймен халықаралық кеңістікте жалғасып жатқан мәдени диалогтың маңызды символы ретінде жіберілетін болады. Қазақстанда естелік ашықхатты Қастеев атындағы өнер мұнажайы, Қазақстан Республикасының Орталық мемлекеттік мұражайы және Ұлттық мұражайы, сондай-ақ танымал БАҚ-тар алатын болады.