Яндекс Про для партнёров


Гео и язык канала: Казахстан, Казахский
Категория: Транспорт


Яндекс Проның Қазақстандағы серіктестерінің жұмысы туралы маңызды жаңалықтар
Важные новости о работе партнёров Яндекс Про в Казахстане

Связанные каналы

Гео и язык канала
Казахстан, Казахский
Категория
Транспорт
Статистика
Фильтр публикаций


Диспетчерлік бөлімдегі шектеуі бар төлемдерді бақылау

Енді шектеулер туралы толық ақпарат бір терезеде қолжетімді.
Біз Диспетчерліктегі «Сервистің есеп айрысулары» →
«Төлемдер» бөлімін жаңарттық. Енді шектеуі бар сомалар қолжетімді қаражатпен араласпайды, ал шектеудің себептері бірден көрініп тұрады. Бұл парк бюджетін дәлірек жоспарлауға және кассалық алшақтықтарды болдырмауға көмектеседі.

«Төлемге қолжетімді қалдық» виджетіндегі ақпаратты бөлек көрсету
«Төлемге қолжетімді қалдық» виджетінде аударуға қолжетімді қаражат пен уақытша шектелген сомалар жеке жолдарда көрсетіледі. Осылайша сіз жақын арадағы төлемде түсетін қаражат көлемін және уақытша шектелген соманы бірден көре аласыз.

«Мәселе» бейджіндегі ақпарат
Бейджді басқан кезде шектеу туралы барлық ақпарат келтірілген терезе ашылады:
➞ шектеу қойылған шарттың нөмірі;
➞ шектеулі соманың нақты мөлшері;
➞ шектеудің нақты себебі;
➞ шектеуді алып тастау бойынша қадамдық нұсқаулық.

Қаражаттың мәртебесін қалай тексеруге болады
1. Диспетчерліктен «Сервистің есеп айрысулары» → «Төлемдер» бөлімін ашыңыз.
2. «Төлемге қолжетімді қалдық» виджетін табыңыз.
3. «Мәселе» бейджін басып, мәліметтермен танысыңыз және қалқымалы терезедегі нұсқауларды орындаңыз.



Контроль выплат с ограничениями в Диспетчерской
Теперь детали ограничений собраны в одном окне.
Мы обновили раздел «Расчёты с сервисом» → «Выплаты» в Диспетчерской. Теперь суммы с ограничениями не смешиваются с доступными средствами, а причины ограничений видны сразу. Это поможет точнее планировать бюджет парка и избегать кассовых разрывов.

Раздельная информация в виджете «Остаток к выплате»
В виджете «Остаток к выплате» доступные к перечислению средства и временно ограниченные суммы отображаются отдельными строками. Так вы сразу увидите, какая сумма доступна для ближайшей выплаты, а какая временно ограничена.

Информация в бейдже «Проблема»
При клике на бейдж откроется окно со всеми сведениями об ограничении:
➞ номер договора с ограничением;
➞ точный размер суммы с ограничением;
➞ конкретная причина ограничения;
➞ пошаговый совет, как снять ограничение.

Как проверить статус средств
1. Откройте раздел «Расчёты с сервисом» → «Выплаты» в Диспетчерской.
2. Найдите виджет «Остаток к выплате».
3. Нажмите на бейдж «Проблема», изучите детали и выполните подсказки из всплывающего окна.


🔒 Енді банк деректемелерін Диспетчерлік кабинетте өзіңіз өзгерте аласыз
Енді қызметтен төлем алуға арналған банк деректемелерін қолдау қызметіне жүгінбей-ақ тікелей Диспетчерлік кабинетте өзгертуге болады. Бұл деректемелердегі қателерді жылдам түзетіп, төлемді жаңа шотқа тезірек алуға мүмкіндік береді. Функция 22 маусымнан бастап қолжетімді болады.

Банк деректемелерін қалай өзгертуге болады:
1. Диспетчерлік кабинетке парк директорының аккаунтымен кіріңіз.
2. Парк туралы → Серіктес профилі → Жалпы бөліміне өтіңіз.
3. «Деректемелерді өзгерту» батырмасын басып, ЖСН/БСН-іңізге тіркелген жаңа банк шотының деректерін енгізіңіз.
4. Өзгерісті Яндекс ID-ге тіркелген телефон нөміріне келетін SMS-код арқылы растаңыз.

Деректемелер өзгертілгеннен кейін электрондық поштаңызға растау хаты жіберіледі. Келесі төлем жаңа шотқа келесі жұмыс күні түседі.

⚠️ Маңызды: банк деректемелерін тек парк директоры ғана өзгерте алады
Банк деректемелерін тек директор рөлі бар пайдаланушы өзгерте алады. Бұл сіздің бизнесіңіздің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жасалған.

Директор өз аккаунтының қауіпсіздігіне толық жауапты:
1. Яндекс ID логині мен құпиясөзін үшінші тұлғаларға бермеңіз.
2. SMS-кодтарды ешкімге, тіпті парк қызметкерлері мен сервис өкілдеріне де хабарламаңыз. Біз ешқашан SMS-кодтарды сұрамаймыз.
3. Егер сұратпаған SMS-код келсе, Яндекс ID құпиясөзін дереу өзгертіңіз.
4. Парк директорының аккаунтының логині мен құпиясөзіне сізден басқа ешкімнің қол жеткізе алмайтынына көз жеткізіңіз.

SMS арқылы растау деректемелерді өзгертуге келісімді дәл парк директорының өзі бергенін растайды. Бұл даулы жағдайлар туындаған кезде сізді қорғауға көмектеседі.

Егер қиындықтар туындаса, Диспетчерлік кабинет арқылы қолдау қызметіне хабарласыңыз.



🔒 Теперь вы сможете самостоятельно изменить банковские реквизиты в Диспетчерской
Мы добавили возможность изменить реквизиты для выплат от сервиса прямо в Диспетчерской — без обращения в поддержку. Это позволит быстрее исправить ошибки в реквизитах и получить выплату на новый счёт быстрее. Станет доступно с 22 июня.

Как изменить реквизиты:
1. Войдите в Диспетчерскую под учётной записью директора парка
2. Перейдите в блок О парке => раздел Профиль партнёра => Общее
3. Нажмите «Изменить реквизиты» и укажите новые данные банковского счёта, который привязан к вашему БИН/ИИН
4. Подтвердите изменение SMS-кодом, который придёт на номер телефона, привязанный к вашему Яндекс ID
После изменения реквизитов вам придет письмо на почту с подтверждением.  Следующая выплата поступит уже на новый счёт на следующий рабочий день.

⚠️ Важно: смена реквизитов доступна только директору парка
Изменить банковские реквизиты может только пользователь с ролью директора — это сделано намеренно для защиты вашего бизнеса.

Директор несёт полную ответственность за безопасность своей учётной записи:
1. Не передавайте логин и пароль от Яндекс ID третьим лицам
2. Не сообщайте SMS-коды никому — ни сотрудникам парка, ни представителям сервиса. Мы никогда не запрашиваем коды
3. Если вы получили SMS-код, который не запрашивали — немедленно смените пароль от Яндекс ID
4. Проверьте, что ни у кого кроме вас нет текущего логина и пароля от учетной записи директора парка

Подтверждение через SMS фиксирует, что именно вы как директор дали согласие на смену реквизитов. Это защищает вас в случае возникновения спорных ситуаций.

Если возникли трудности — обратитесь в поддержку через Диспетчерскую.


Жүргізушілердегі ЭҚА провайдерін тікелей Диспетчерлік бөлімнен тексеріңіз 

Диспетчерлік бөлімдегі жүргізушінің карточкасына «ЭҚА провайдері» параметрін қостық. Енді әр орындаушыдан провайдерді таңдаған-таңдамағанын нақтылап сұрап отыру қажет емес — бүкіл ақпарат тікелей Диспетчерлік бөлімде көрсетіледі.

Не өзгерді:

🔘Жүргізушінің карточкасында ЭҚА провайдерін таңдау күйін және провайдер таңдалып қойған болса — оның атауын көресіз.

🔘«Орындаушылар» бөлімінде ЭҚА провайдері бойынша фильтр пайда болды. Оның көмегімен провайдері таңдалмаған барлық жүргізушілерді көруге болады.

Енді парк жүргізушілерінде ЭҚА провайдерінің қосылған-қосылмағанын оңай тексеруге болады. Провайдерді әлі таңдамаған жүргізушілерге алдын ала еске салып, оларға корпоративтік тапсырыстар үшін төлемдер мен бонустарды жоғалтып алмауға көмектесе аласыз.



Проверяйте провайдера ЭДО у водителей прямо в Диспетчерской

Добавили в карточку водителя в Диспетчерской параметр «Провайдер ЭДО». Теперь не нужно вручную уточнять у каждого исполнителя, выбрал ли он провайдера – вся информация видна прямо в Диспетчерской.

Что изменилось:

🔘В карточке водителя вы видите статус выбора провайдера ЭДО и его название, если провайдер уже выбран.

🔘В разделе «Исполнители» появился фильтр по провайдеру ЭДО. С его помощью можно увидеть всех водителей без выбранного провайдера.

Теперь легко проверить, у всех ли водителей парка подключен провайдер ЭДО. Вы сможете заранее напомнить тем, кто еще не выбрал провайдера, и помочь им не терять выплаты за корпоративные заказы и бонусы.


Тікелей және паркпен серіктес өзін-өзі жұмыспен қамтушы жүргізушілер үшін жабатын құжаттарға қол қоюдың жаңа мерзімдері

Енді құжаттарға айдың 25-не дейін (қоса алғанда) қол қоюға болады.

Ол қалай істейді:
🔸Айдың 15-не дейін (қоса алғанда) — жүргізуші құжаттарға қол қояды. Осылайша корпоративтік тапсырыстар үшін төлемдер мен бонустар қалыпты режимде түсе береді.
🔸Айдың 16-нан бастап — егер құжаттарға қол қойылмаған болса, төлемдер бұғатталады.
🔸Айдың 16-нан бастап 25-не дейін (қоса алғанда) — жүргізуші құжаттарға қол қойып, төлемдерді бұғаттан шығара алады.

Егер 25-не дейін құжаттарға қол қойып үлгермесеңіз, оны келесі айда жасауға болады.

Новые сроки подписания закрывающих документов для прямых и парковых самозанятых водителей 

Подписание документов теперь доступно до 25 числа включительно.

Как это работает:
🔸До 15 числа включительно – водитель подписывает документы. Так выплаты за корпоративные заказы и бонусы проходят в обычном режиме.
🔸С 16 числа – если документы не подписаны, выплаты блокируются.
🔸С 16 по 25 число включительно – водитель может разблокировать выплаты, подписав документы.

Если не успеть подписать документы до 25 числа, сделать это можно будет только в следующем месяце.


Такси және Жеткізу парктерінің жеке шоттарын есептеу бойынша вебинар

Сіздерді Такси және Жеткізу парктерінің жеке шоттарын есептеу бойынша вебинарға шақырамыз.

📅 Күні: 20 шілде

🕑 Уақыты: 14:00–15:00

Вебинар барысында келесі тақырыптарды қарастырамыз:
🔸20 мамырдан бастап күшіне енген парктердің жеке шоттарын есептеудегі өзгерістер;
🔸Төлемдерді салыстырып тексеру тәртібі;
🔸Ең жиі қойылатын сұрақтарға жауап береміз.

Егер алдыңғы вебинарға қатыса алмаған болсаңыз немесе ақпаратты қайта қарап шыққыңыз келсе, сізді вебинарда күтеміз.

Вебинарға төмендегі сілтеме арқылы қосыла аласыз:

🔗 Вебинарға қосылу

20 шілдеде кездескенше!

---

Вебинар по расчету лицевых счетов парков

Приглашаем вас на вебинар, посвящённый расчёту лицевых счетов Такси и Доставки.

📅 Дата: 20 июля

🕑 Время: 14:00–15:00

На вебинаре разберём:
🔸Изменения в расчёте лицевых счетов парков , действующие с 20 мая;
🔸Порядок проведения сверки выплат;
🔸Ответим на наиболее часто возникающие вопросы.

Если вы не смогли присоединиться к предыдущей встрече или хотите освежить информацию, будем рады видеть вас на вебинаре.

Присоединиться к вебинару можно по ссылке ниже:

🔗 Подключиться

До встречи 20 июля!


Жаңа бейілділік бағдарламасы

Сіздерді 1 маусымда басталатын Zoom-кездесуге шақырамыз. Кездесу барысында жүргізушілерге арналған жаңа адалдық бағдарламасы туралы айтып, сондай-ақ легализациядағы өзгерістерді жеке талқылаймыз.

Кездесуде:

жаңа деңгейлер жүйесінің қалай жұмыс істейтіні;
жүргізушілер қандай артықшылықтар алатыны;
📅 Күні: 01.06.26
⏰ Уақыты: 13:00–14:00
💻 Формат: Zoom кездесу
🔗 Қосылу

Қатыссаңыздар, қуанышты боламыз!

---

Новая программа лояльности

Приглашаем вас на Zoom-встречу которая стартует 1 июня, где мы расскажем о новой программе лояльности для водителей, а также отдельно обсудим изменения по легализации.

На встрече расскажем:

как работает новая система уровней;
какие преимущества получат водители;
📅 Дата: 1.06.26
⏰ Время: 13:00–14:00
💻 Формат: Встреча в Zoom
🔗 Подключение

Будем рады вашему участию!


Паркпен серіктес өзін-өзі жұмыспен қамтушыға (СМЗ) тиесілі жеке шот (ЛСТ) есептеуінің өзгеруі

Сіздерді ЛСТ есептеудің уақытша ережелеріне арналған вебинарға шақырамыз.

Вебинар барысында келесі тақырыптарды қысқаша талқылаймыз:

→ 19 мамырдан бастап қандай өзгерістер енгізілді
→ Есептеудің уақытша логикасы
→ Алдағы 4 аптада серіктестер не істеуі керек

Вебинарға 21.05.2026 күні сағат 15:00-де төмендегі сілтеме арқылы қосылыңыздар.

🔗қосылу

--

Изменение расчета ЛСТ для парковых СМЗ

Приглашаем вас на вебинар, посвященный временным правилам расчета ЛСТ.

На вебинаре кратко разберем:

→ Что поменялось с 19 мая
→ Временную логику расчетов
→ Что делать партнерам в ближайшие 4 недели

Подключайтесь к вебинару 21.05.2026 в 15:00 по ссылке ниже.

🔗 Подключиться


Сіздерді Қазақстандағы Яндекс Такси серіктестерімен өтетін, «Яндекс Гараж» жобасына арналған онлайн-кездесуге шақырамыз.

Кездесу барысында біз:
- «Яндекс Гараж» жобасының мүмкіндіктері мен артықшылықтары туралы айтып береміз
- таксопарктермен серіктестік шарттарын талқылаймыз
- сұрақтарыңызға жауап береміз
- жобаны одан әрі дамыту үшін пікір жинаймыз

📅 Күні: 06.05.26
⏰ Уақыты: 16:00–17:00
💻 Форматы: Zoom арқылы онлайн-кездесу
🔗 Қосылу сілтемесі: https://yandex.zoom.us/j/99173322241?pwd=8uaCKQEGWyGjcaAU7JPHuXTmYM5byy.1

Кездесу инфрақұрылымды дамытуға және бизнес тиімділігін арттыруға мүдделі таксопарк иелері мен басқарушылары үшін пайдалы болмақ.

Қатысқаныңызға қуанышты боламыз!

--

Приглашаем вас на онлайн-встречу с партнёрами Яндекс Такси в Казахстане, посвящённую проекту «Яндекс Гараж».

На встрече мы:
- расскажем о возможностях и преимуществах проекта «Яндекс Гараж»
- обсудим условия сотрудничества для таксопарков
- ответим на ваши вопросы
- соберём обратную связь для дальнейшего развития проекта

📅 Дата: 6.05.26
⏰ Время: 16:00–17:00
💻 Формат: Встреча в Zoom
🔗 Подключение: https://yandex.zoom.us/j/99173322241?pwd=8uaCKQEGWyGjcaAU7JPHuXTmYM5byy.1

Встреча будет полезна владельцам и управляющим таксопарков, заинтересованным в развитии инфраструктуры и повышении эффективности бизнеса.

Будем рады вашему участию!


Техникалық қиындықтар туындады, түзетіп жатырмыз

Меншік иесінің құқықтарын растауға байланысты техникалық қиындықтар туындады. Қазіргі уақытта бәрін түзетіп жатырмыз — соңғы жаңартумен және әрі қарайғы нұсқаулықтармен ораламыз. Түсіністік танытқаныңызға рақмет.

----

Возникли технические сложности, исправляем


Возникли технические сложности с подтверждением прав собственника. Уже всё исправляем — позже финально вернёмся с обновлением и дальнейшими инструкциями. Спасибо за понимание.


СМЗ үлесін арттыру туралы Вебинар

Сіздерді серіктестерге арналған вебинарға шақырамыз.

📅 19 ақпан
🕒 14:00–15:00 (Астана уақыты бойынша)

Вебинар тақырыбы: Өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың (СМЗ) үлесін арттыру
Өзекті мәселелерді, маңызды жаңартуларды талқылап, сұрақтарыңызға жауап береміз.

🔗 Қосылу сілтемесі
Құпиясөз: 122071

Қатысуларыңызды күтеміз!

——

Вебинар о наращивании доли СМЗ

Приглашаем вас на вебинар для партнёров.

📅 19 февраля
🕒 с 14:00 до 15:00 (по времени Астаны)

Тема вебинара: Наращивание доли СМЗ
Обсудим актуальные вопросы, важные обновления и ответим на ваши вопросы.

🔗 Ссылка для подключения
Пароль: 122071

Будем рады вашему участию!


Салық жүйеңізді тексеріңіз

2026 жылғы 1 қаңтардан бастап жүйеге серіктестерді қосу талаптары өзгерді — бұл заң талабы. Жария офертаның шарттары жаңартылды.

Серікестік тек жалпыға бірдей белгіленген салық режимін қолданатын парктермен ғана жалғасады:

1. Паркіңіздің салық режимін тексеріңіз.
2. Егер сіз оңайлатылған салық режимін қолдансаңыз, 1 наурызға дейін жалпыға бірдей белгіленген салық режиміне ауысыңыз, әйтпесе біз серіктестікті жалғастыра алмаймыз.


Енді жаңа серіктестер тек жалпыға бірдей белгіленген салық режимін қолданып отырған жағдайда ғана жүйеге қосыла алады.

Қосымша ақпарат қажет болса, қолдау қызметіне жазыңыз — көмектесуге тырысамыз.

——

Проверьте свою систему налогообложения

С 1 января 2026 года изменились требования к подключению партнёров — это требование закона. Обновились условия публичной оферты.

Сотрудничество продолжится только с парками, которые применяют общеустановленный режим налогообложения:

1. Проверьте налоговый режим вашего парка.
2. Если сейчас вы применяете упрощённый режим налогообложения, перейдите на общеустановленный режим налогообложения до 1 марта, иначе мы не сможем продолжить сотрудничество.

Новые партнёры теперь могут подключаться, только если они уже используют общеустановленный режим налогообложения.

Если что-то непонятно, пишите в поддержку — постараемся помочь.


Тасымалдаушы ретінде онлайн хабарлама беріңіз

Енді өзін-өзі жұмыспен қамтығандар такси тасымалдаушысы болғаны немесе болуды тоқтатқаны туралы хабарламаны онлайн түрде eLicense порталында бере алады.

Хабарлама беру үшін сілтеме арқылы өтіп, жеке тұлғаларға арналған нысанды таңдаңыз. Қосымша құжаттар талап етілмейді, порталда авторизациядан өту жеткілікті.

——

Подайте онлайн уведомление как перевозчик

Теперь самозанятые могут подать уведомление о том, что стали или прекратили быть перевозчиками такси — онлайн на портале eLicense.

Чтобы подать уведомление, перейдите по ссылке и выберите форму для физических лиц. Дополнительные документы не нужны, достаточно авторизоваться на портале.


Автокөлікке иелік ету құқығын не үшін растау қажет

СТС пен үлгі бойынша толтырылған кепілдік хатты қарапайым тексеру арқылы Диспетчерлікте автокөліктерге иелік ету құқығыңызды растай аласыз.

Бұл не береді: осы автокөліктерге шектеу қоя аласыз — жүргізушілер олармен басқа парктерде тапсырыс орындай алмайды. Сондай-ақ парктерге арналған адалдық бағдарламасындағы мәртебеңіз артады.

Хат үлгісін қайдан алу және құжаттарды тексеруге қалай жіберу керегі туралы бөлек хатта айттық — Диспетчерлікке кіріп көріңіз.

——

Зачем подтверждать право распоряжения авто

Простая проверка СТС и гарантийного письма по шаблону поможет вам подтвердить право распоряжения автомобилями в Диспетчерской.

Что это дает: сможете поставить запреты на эти машины — водители на них не смогут выполнять заказы в других парках. Также ваш статус в программе лояльности для парков станет выше.

Где взять шаблон письма и как отправить документы на проверку, рассказали в отдельном письме — загляните в Диспетчерскую.


Жүргізушілерге өзін-өзі жұмыспен қамту немесе еңбек шартын таңдауға көмектесіңіз

Еске саламыз: 1 қаңтардан бастап жүргізушілер сервиспен тек мына форматтардың бірін қолданып қызметтес бола алады:

1. Өзін-өзі жұмыспен қамтушы (ӨЖҚ): басқа режимдердегі жеке кәсіпкерлікті жабу керек — тек, бар болса, АҚП АСР қалдыруға болады. Орындаушы алғашқы сапар және e-Salyq Business арқылы чек алғаннан кейін автоматты түрде ӨЖҚ болады.
2. Таксопарк қызметкері: егер жүргізушіге жеке кәсіпкерлікті басқа қызмет үшін қалдыру керек болса, онымен еңбек шартын жасаңыз.

Басқа салық режимдерін қолданатын жүргізушілер үшін 1 наурыздан бастап сервистен тапсырыс алу мүмкіндігі шектеледі — ол сіздің паркіңіздің табысына әсер етуі мүмкін. Оған қажет қызметтес болу форматын таңдауға және соған ауысуға көмектесіңіз.

Пайдалы: жүргізуші қалай өзін-өзі жұмыспен қамтушы бола алатыны туралы мақалада айтып өттік.

Жеке кәсіпкерлікті жабу мәселелері бойынша тіркелген жердегі МКБ арқылы аумақтық мемлекеттік кірістер органдарына жүгінуге болады

——

Помогите водителям выбрать самозанятость или трудовой договор

Напоминаем: с 1 января водители могут сотрудничать с сервисом только в одном из этих форматов:

1. Самозанятый (СМЗ): нужно закрыть ИП на других режимах — оставить только СНР СМП, если есть. После первой поездки и чека в e-Salyq Business исполнитель автоматически станет СМЗ.
2. Сотрудник таксопарка: если водителю нужно оставить ИП для другой деятельности, заключите с ним трудовой договор.

Водителям с ИП на других налоговых режимах ограничат доступ к Яндекс Про до 1 марта — это может отразиться на доходе вашего парка. Пожалуйста, помогите им выбрать нужный формат сотрудничества и перейти на него.

Полезно: как водителю стать самозанятым, мы рассказали в статье.

По вопросам закрытия ИП - можно обращаться в территориальные органы государственных доходов через УГД по месту регистрации


Қалааралық сервистегі жаңа «Бағыттастар» функциясы

Енді жүргізушілер ыңғайлы бағыттар бойынша сапарларға өтінімдерді өздері жасап, бағыттас жолаушыларды таба алады.

Ол қалай істейді:

1. Егер жүргізуші басқа қалаға жиналса (өз шаруасымен, жақындарына және т.б.), онда Яндекс Про-дағы «Қалааралық» бөлімін ашып, өтінім жасап, мыналарды көрсете алады:
• Қайдан және қайда барады (қолжетімді бағыттардан таңдау керек)
• Старт күні мен уақыты (уақыт аралығы)
• 1 жолаушы үшін сапар құны.
2. Жолаушылар өтінімді Яндекс Go арқылы көріп, жүргізушіге өздері хабарласады (жүргізушінің нөмірі шифрланған болады).

Жүргізушіге арналған артықшылықтары:

• Қосымша табыс — өз жай да өз мақсатымен жоспарлап бара жатқан сапар үшін төлем
• Бағдарды бақылау — бағыт, күні мен уақытын өзі таңдайды
• Тікелей келісімдер — сапар төлемі мен деректерін жолаушылармен өзі талқылайды.

Маңызды:

• «Бағыттастар» әзірше сынақ режимінде іске қосылады — бұл сапарлар туралы ақпарат Диспетчерлік бөлімде көрсетілмейді. Транзакциялар сервис арқылы өтпейді — бұл сапарлар үшін әзірше комиссиялар жоқ.
• «Бағыттастармен» сапарлар жүргізушінің Яндекс Про-дағы теңгерімінде көрсетілмейді және мақсатқа есептелмейді.
• Егер өз жүргізушілеріңізден бұл функционалды ажыратып тастағыңыз келсе, қолдау қызметіне жазыңыз.

Функция әрі қарай дамитын болады — жаңалықтар арқылы хабарлаймыз.

Осы мүмкіндік жайлы өз жүргізушілеріңізге айтып беруді сұраймыз.

----

Новая функция «Попутка» в Межгороде

Теперь водители могут сами создавать заявки на поездки по удобным направлениям и находить пассажиров, которым по пути.

Как это работает:

1. Если водитель собрался в другой город (по делам, к близким и т.д.), ему нужно открыть раздел «Межгород» в Яндекс Про, создать заявку и указать:
• Откуда и куда поедет (выбор из доступных направлений)
• Дату и время старта (временной интервал)
• Стоимость за 1 пассажира.
2. Пассажиры увидят заявку у себя в Яндекс Go и сами выйдут на связь (номер водителя будет зашифрован).

Плюсы для водителя:

• Дополнительный доход — оплата за поездки, которые он и так планировал для своих целей
• Контроль маршрута — сам выбирает направление, дату и время
• Всё напрямую — сам обсуждает оплату и детали поездки с пассажирами.

Важно:

«Попутка» пока запускается в тестовом режиме — информация по этим поездкам не будет видна в Диспетчерской. Транзакции не будут проходить через сервис — за эти поездки пока нет комисси.
• Поездки с «Попуткой» не будут отображаться у водителя на балансе Яндекс Про и не засчитываются в цели.
• Если вы не хотите, чтобы этот функционал был доступен вашим водителям, пожалуйста, обратитесь в поддержку — отключим по вашему запросу.

Функция будет развиваться — сообщим в новостях.

Пожалуйста, расскажите вашим водителям об этой возможности.


2025 жылды қорытындылайтын кез келді 🎄/ Время — подвести итоги 2025 года 🎄

Миллиондаған шақырым мен мыңдаған жолаушы — Диспетчерлік бөлімнен жыл қорытындысын қараңыз 🎁

Бұл жыл оқиғаға толы және жетістіктерге бай болды. Біз жыл қорытындысын жасап, бәрін есептеп шықтық: оның ішінде белсенді жүргізушілер де, риза жолаушылар да мен шексіз сапар шақырымдары да бар!

Сіздің паркіңіз қандай нәтижеге жеткенін біліңіз.

Диспетчерлік бөлімнің басты бетіне кіріңіз, онда сізді мыналар күтіп тұр:
* Сұрақ-жауап викторинасы.
* Серіктестерге арналған сервистер мен қызметтерге жеңілдіктер.
* Өткен жылдың статистикасы.
* Яндекс Про-ның басқа серіктесі жолдаған құттықтау.
* Сервис серіктестері мен қызметкерлері жолдаған құттықтаулар.

Осы жылы бізбен бірге болғаныңызға рахмет және келер жылы кездескенше!

Алда көп нәрсе күтіп тұр ✨

Жыл нәтижесін қарау

——

Много километров дорог и поездок было в этом году, а теперь — итоги года ждут вас в Диспетчерской.

Этот год был насыщенным и богатым на достижения. Мы подвели итоги и подсчитали, сколько было активных водителей и благодарных пассажиров.

Узнайте, каких результатов достиг ваш парк.

Заходите в Диспетчерскую на главную, там вас ждут:
* Викторина с вопросами и ответами.
* Скидки на сервисы и услуги для партнёров.
* Статистика за прошедший год.
* Пожелания от партнёров и сотрудников Яндекс Про.

Спасибо, что были с нами в этом году и до встречи в следующем!

Дальше — больше ✨

К итогам года


Жеке кәсіпкер жүргізушілерге 2026 жылдан бастап қолданылатын салықтық өзгерістер / Налоговые изменения для ИП-водителей с 2026 года

2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанның салық заңнамасы өзгереді — жаңа ережелер күшіне енеді.

Не өзгереді:
* Жеке кәсіпкер жүргізушілер бірнеше салық режимін қатар қолдана алмайды (АҚП АСР және жеңілдетілген режим).
* Оларға таңдау қажет болады: өзін-өзі жұмыспен қамтушы (ӨЖҚ) болу немесе паркпен еңбек шартын жасау – бұл тәсіл жеңілдетілген режимдегі жеке кәсіпкер ретінде басқа табысы бар, бірақ жеке кәсіпкерлігін жаппай, сервис арқылы тапсырыстарды әрі қарай орындағысы келетін жүргізушілерге жарайды.

Парктерге не істеу керек:
Егер жүргізуші әрі қарай қызметтес болғысы келсе, бірақ ӨЖҚ күйіне өтпей, жеңілдетілген режимдегі жеке кәсіпкер ретінде қалғысы келсе:
1. Онымен ҚР ЕК бойынша еңбек шартын жасау керек.
2. Парк салық агентіне айналады — жүргізуші үшін салықтар мен жарналарды төлеп отырады.

Жүргізушімен еңбек шартын қалай ресімдеу керектігі туралы егжей-тегжейлі нұсқаулықтан оқыңыз.

——

С 1 января 2026 года изменится налоговое законодательство Казахстана — вступают в силу новые правила.

Что изменится:
* ИП-водители не смогут совмещать несколько налоговых режимов (СНР СМП и упрощёнку).
* Им нужно будет выбрать: стать самозанятым (СМЗ) или заключить трудовой договор с парком – этот способ подойдет, если у водителя есть другой доход как у ИП на упрощенном режиме, но он не хочет его закрывать и желает продолжать выполнять заказы через сервис.

Что делать паркам:
Если водитель хочет продолжить сотрудничество, но не хочет становиться СМЗ и остается ИП на упрощённом режиме:
1. Нужно заключить с ним трудовой договор.
2. Парк берёт на себя роль налогового агента — платит налоги и взносы за водителя.

Как оформить трудовой договор с водителем, читайте в подробной инструкции.


Жаңа және тәжірибелі орындаушылар үшін әр түрлі комиссия баптаңыз

Диспетчерлік бөлімдегі «Жұмыс шарттары» бөлімі жаңартылды. Енді орындаушылар үшін комиссияны олардың паркіңіздегі өтіліне қарап баптай аласыз. Бұдан былай комиссияны қолмен түзету немесе Х күннен кейін жұмыс шарттарын өзгертіп отыру қажет емес — жүйе әр орындаушы үшін қажетті пайызды автоматты түрде қолданады.

Комиссияны баптау жүйесі қалай істейді

• Паркке жаңадан келген орындаушыларға төмендетілген комиссия тағайындауға немесе оны алғашқы кезеңде мүлде алып тастауға болады. Ол орындаушыларды шақыруға және бастапқы кезде ұстап қалуға көмектеседі.
• Тәжірибелі орындаушылар бейілділік үшін тиімді комиссия түрінде бонус ала алады.
• Комиссия қолданылатын мерзім автоматты түрде есептеледі — оны қолмен түзетпейсіз және қателер болмайды.

Комиссияларды қалай баптау керек

1. «Жұмыс шарттары» бөліміне кіріп, қажетті шартты таңдаңыз немесе жаңасын жасаңыз.
2. Жаңадан келгендер үшін комиссияны баптаңыз — опцияны қосыңыз да, паркіңізде тіркелгеннен кейін алғашқы 14 күн ішінде қолданылатын комиссия мөлшерін көрсетіңіз. Мысалы, барлық жаңа орындаушылар үшін алғашқы 14 күнге 0% комиссия қойсаңыз болады.
3. Тәжірибелі орындаушылар үшін комиссияны баптаңыз — опцияны қосыңыз да, паркіңізде тіркелгеннен кейін 180 күн өткен соң қолданылатын комиссия мөлшерін көрсетіңіз. Мысалы, барлық бейілді орындаушылар үшін 180 күннен кейін комиссияны төмендетсеңіз болады.

Тағы не өзгерді

• Комиссиялар бойынша басқа баптаулардың барлығын «Қосымша баптаулар» деп аталатын бір блокқа біріктірдік.
• «Комиссия пайызы, %» деген жаңа өріс пайда болды. Ол жерде тарифтердің бәріне қолданылатын негізгі комиссияны көрсетуге болады. Егер тарифтердегі комиссиялардың әр түрлі болғанын қаласаңыз, оларды жеке-жеке баптауға болады. Бұл жағдайда «Комиссия пайызы» өрісінде тарифтердің арасындағы максималды комиссияны көрсету керек.

Комиссияларды баптауға бір минуттан аз уақыт кетеді, ал әсерін бір аптадан кейін байқай бастайсыз. «Жұмыс шарттары» бөліміне дәл қазір өтіңіз!

----

Настраивайте разные комиссии новым и опытным исполнителям

Обновили раздел «Условия работы» в Диспетчерской. Теперь у вас появилась возможность настраивать размер комиссии для исполнителей в зависимости от их опыта в вашем парке. Больше не нужно вручную редактировать комиссии или менять условия работы через Х дней — система сама применит нужный процент для каждого исполнителя.

Как работает система настройки комиссии

• Вы можете назначить новичкам сниженную комиссию парка или убрать её первое время совсем. Это помогает привлекать и удерживать исполнителей на старте.
• Опытные исполнители могут получать бонус за лояльность — более выгодную комиссию.
• Автоматически рассчитаем срок, с которого нужно применить комиссию, без ручных правок и ошибок.

Как настроить комиссии

1. Зайдите в раздел «Условия работы», выберите необходимое условие или создайте новое.
2. Настройте комиссию для новичков — включите опцию и укажите размер комиссии, который должен примениться в первые 14 дней после регистрации в вашем парке. Например, вы можете всем новым исполнителям в первые 14 дней выставить комиссию 0%.
3. Настройте комиссию для опытных исполнителей — включите опцию и укажите размер комиссии, который должен примениться спустя 180 дней после регистрации в вашем парке. Например, вы можете всем лояльным исполнителям спустя 180 дней снизить комиссию.

Что ещё изменилось

• Все другие настройки по комиссиям объединили в один блок «Дополнительные настройки».
• Появилось новое поле «Процент комиссии». Там вы можете указать базовую комиссию, которая будет применяться ко всем тарифам. Если вы хотите, чтобы комиссия по тарифам различалась, её можно настроить отдельно. В этом случае в поле «Процент комиссии» нужно указать максимальную комиссию среди тарифов.

Настройка комиссий займет меньше минуты, а эффект можно увидеть уже через неделю. Переходите в раздел «Условия работы» прямо сейчас!


Яндекс Флот серіктестерінен бизнесті дамыту үшін 15 000 000 ₸ дейін

Қазақстанда Яндекс Про серіктестері үшін «Экспресс ақша» бағдарламасы әрекет етеді. Бұл Яндекс Флот серіктестерінен өзіңіздің такси бизнесіңізге тиімді шарттармен қаржыландыру алу мүмкіндігі:

• қаржыландыру сомасы: 15 000 000 ₸ дейін;
• өтінімді қарастыру мерзімі: 72 сағаттан бастап;
• қаржыландыру мерзімі: 180 күнге дейін;
• Қаржыландыру құны: 13,5%.

Қаржыландыруды қайда пайдалануға болады

• автопаркті жаңарту / жаңа автокөліктерді сатып алу
• қазіргі автопаркті жөндеу және қосалқы бөлшектер сатып алу
• бизнесті дамыту (меншікті ТҚКС салу және т.б.)

Қандай артықшылықтары бар

• Жылдам. Қаржыландыру туралы шешім жедел қабылданады — 72 сағат ішінде қаражат ала аласыз.
• Тиімді. Қаржыландыру үшін төлем небәрі 13,5% құрайды — бұл нарықтағы ең тартымды ұсыныстардың бірі.
• Икемді. Өз бизнесіңіздің ағымдағы мәселелеріне қарай қаражатты қайда жұмсау керектігін өзіңіз айқындайсыз.

Өз бизнесіңізді жаңа деңгейге шығару мүмкіндігін жіберіп алмаңыз!

Қаржыландыруды алу үшін Диспетчерлік бөлім арқылы өтінім қалдырыңыз.

Егер сұрақтар туындаса, біздің мамандар әрдайым көмектесуге дайын.

Сайтта орналасқан ақпарат ақпараттық сипатқа ие және Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 395 бабына сәйкес оферта немесе жария оферта емес. Өтінім тізімі сайтында көрсетілген* компанияларға Факторинг қызметі туралы Негізгі келісім/Факторинг келісімшартын жасау мүмкіндігін анықтау мақсатында жіберіледі. «Y. Taxi Qazaqstan» ЖШС факторинг қызметімен айналыспайды. Мәміленің, оның ішінде Факторинг қызметі туралы Негізгі келісімнің/Факторинг келісімшартының нақты шарттарын, оның ішінде оларды жасау мүмкіндігін тиісті келісімнің тараптары айқындайды. **Сондай-ақ көрсетілген ақпарат несие, қарыз немесе өзге ұқсас қаржылық талап ұсыну туралы ұсыныс (оферта) емес.

----

До 15 000 000 ₸ для развития бизнеса от партнёров Яндекс Флота

Для партнёров Яндекс Про в Казахстане действует программа «Экспресс деньги». Это возможность получить финансирование для вашего бизнеса такси на выгодных условиях от партнёров Яндекс Флота:

• сумма финансирования: до 15 000 000 ₸;
• cрок рассмотрения заявки: от 72 часов;
• срок финансирования: до 180 дней;
• стоимость финансирования: 13,5%.

На что можно использовать финансирование

• обновление автопарка / приобретение новых автомобилей
• ремонт текущего автопарка и закупка запчастей
• развитие бизнеса (постройка собственного СТО и другое )

В чём преимущества

• Быстро. Решение о финансировании принимается оперативно — в течение 72 часов вы можете получить средства.
• Выгодно. Плата за финансирование составляет всего 13,5% — это одно из самых привлекательных предложений на рынке.
• Гибко. Вы сами определяете, на что направить средства, исходя из текущих задач вашего бизнеса.

Не упустите шанс вывести ваш бизнес на новый уровень!

Чтобы получить финансирование оставьте заявку в Диспетчерской.

Если у вас возникнут вопросы, наши специалисты всегда готовы помочь.

Информация, размещенная на сайте, носит информационный характер и не является офертой или публичной офертой в соответствии со статьей 395 Гражданского кодекса Республики Казахстан. Заявка направляется компаниям, перечень которых представлен на сайте*, для целей определения возможности заключения Генерального соглашения о факторинговом обслуживании/Договора(-ов) факторинга. ТОО «Y. Taxi Qazaqstan» не осуществляет факторинговую деятельность. Конкретные условия сделки, в том числе Генерального соглашения о факторинговом обслуживании/Договора(-ов) факторинга, включая возможность их заключения, определяются сторонами соответствующего соглашения. **Указанная информация также не является предложением (офертой) о предоставлении кредита, займа или иного аналогичного финансового требования.


2026 жылы Салық кодексіне жасалатын өзгертулер: қалай дайындалу керек?

2026 жылы Қазақстанда жаңа Салық кодексі күшіне енеді. Өзін-өзі жұмыспен қамтушы күйі пайда болады — ол мобильді қосымшаны пайдаланатын арнаулы салық режиміндегі (АҚП АСР) жеке кәсіпкерлікті алмастырады.

Бастысы — салық жүктемесі өзгермейді:

1. Қазір жеке кәсіпкерлікте — 4%: бұл 3% әлеуметтік жарна мен 1% жеке табыс салығы (ЖТС).
2. Өзін-өзі жұмыспен қамтушыларда да 4% болады: бұл 3% әдеттегі әлеуметтік жарналар мен жаңа — 1% жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарнасы. ЖТС болмайды. 2026 жылы ЖТС ставкасы — 0%.

Оны кестеде көрнекі түрде жазып көрсеттік — салыстырып қараңыз.

Сервис өзін-өзі жұмыспен қамтушылар үшін салық агенті болып қала береді және салық пен әлеуметтік төлемдерді ұстап, мемлекетке аударып отырады.

Тек АҚП АСР қолданатын жеке кәсіпкер жүргізушілерге сервиспен қызметтес болу үшін не істеу керек: жай ғана АҚП АСР қолданатын жеке кәсіпкерлікте қалу қажет. Ол 2026 жылы өзін-өзі жұмыспен қамтушы күйіне автоматты түрде ауысып, сапарға тапсырыстарды заңды түрде орындай беруге мүмкіндік береді.

----

Изменения в Налоговом кодексе в 2026 году: как подготовиться?

В 2026 году в Казахстане вступит в силу новый Налоговый кодекс. Появится статус самозанятости — он заменит ИП на специальном налоговом режиме с использованием мобильного приложения (СНР СМП).

Главное — налоговая нагрузка не изменится:

1. Сейчас у ИП — 4%: это 3% соцвзносов и 1% индивидуального подоходного налога (ИПН).
2. У самозанятых будет тоже 4%: это 3% обычных соцвзносов и новое — 1% обязательных пенсионных взносов работодателя. В 2026 году ставка ИПН — 0%

Расписали это в таблице на иллюстрации — можете сравнить.

Сервис продолжит выступать в качестве налогового агента за самозанятых водителей и будет удерживать и перечислять государству налог и социальные платежи.

Что нужно сделать для сотрудничества с сервисом водителям только на ИП СНР СМП: просто оставаться ИП на СНР СМП. Это позволит автоматически перейти на самозанятость в 2026 году и продолжить легально выполнять заказы такси.

Показано 20 последних публикаций.