💬 Кітаптың шымылдырығында автор ретінде осындай жазба қалдырғанмын:
«Өткенге салауат, болашаққа аманат»– Бекмат атамның басты ұраны. Атам екеуіміз кітапты болашақ ұрпақ үшін жазып, әулет мұрасы ретінде қалдырып отырмыз. Әр әулеттен ақ қағаз бетіне қара сиямен түскен кішігірім тарих пен із қалуы тиіс деп есептеймін. Бұл еңбекті жалғастыру болашақтың еншісінде».
💬 Кітаптың алғы сөзінде жазушы, алаштанушы-ғалым, Қазақстан жазушылар одағының мүшесі Елдос Тоқтарбай
@yeldos_alash ағам былай деді:
«Әр ұрпақ өз ата тегін, бәйтерек шежіресін біліп өскені керек. Кешегі солақай саясаттың кесірінен талай абыз ишандарымыз, данагөй ақсақал, қарияларымыз зорлықтың құрбаны болып кете барды. Олармен бірге халық ауыз әдебиетінің небір шежірелі тарихы, ұлы дала мектебінің рухани бай мәдениеті кетті. Өкінішті-ақ!
Сайын далада еркін жүріп білім қуған, санаулы ғұмырын бала оқытуға жұмсаған жақсының аты өлмейді. Тағылымды тағдыр жолы үрім-бұтағына, бізге де өнеге. Әр әулет ата тегін түгендеп, асылдардың атын шығара берсе, жаман болмаспыз. Қадырқұл ишанның есімі қайта жаңғырды, ұрпағымен табысты. Ендігі міндет жоғын түгендеп, насихаттап, дәріптеу. Ұрпақ еншісіндегі ақ аманатты адал орындауға жазсын!»
#қадырқұл_ишан