TGStat
TGStat
Введите текст для поиска
Расширенный поиск каналов
  • flag Russian
    Язык сайта
    flag Russian flag English flag Uzbek
  • Вход на сайт
  • Каталог
    Каталог каналов и чатов Поиск каналов
    Добавить канал/чат
  • Рейтинги
    Рейтинг каналов Рейтинг чатов Рейтинг публикаций
    Рейтинги брендов и персон
  • Аналитика
  • Поиск по публикациям
  • Мониторинг Telegram
Сәуегей сағыз

3 Aug 2018, 21:00

Открыть в Telegram Поделиться Пожаловаться

Қарапайымнан күрделіге принцибі кез келген салада өміршең деп ойлаймын. Бұл принципті тіпті тіршіліктің пайда болуы жайлы сұраққа жауап іздеуде де қолдануға болады. Неге десеңіз, жауап жазып көрейін. «MEDICINA ARS NOBILISSIMA» деген латын даналығымен келіспеуге болмайды. Сонда не дейді бұл даналық? «Медицина – өнер ұлысы» дейді. Расымен, медицина сенің кез келген сұрағыңа жауап тауып бере алатын бағыттаушың. Медицина университетінде үш жыл білім алып, адамның осыншалық мінсіз жаратылыс екеніне көз жеткіздім. Бір ғана биохимияның өзі мені естен тандырып жіберді. Ауызыңа түскен тамақтың қаншама үдерістерден кейін ғана мыйыңның мәзіріне айналатынын білсең, отырған жеріңнен құлап түсесің. Тірек болар қаңқа, оны әрекетке келтіретін бұлшықет, ол бұлшықетті іске қосатын жүйке жүйесі, оны және барлығын қоректендіретін қан айналым жүйесі, қанға қорек көзін сырттан түсіретін ас қорыту жүйесі және ең соңында оның бәрін сыртқа шығаратын несеп жүйесі мен артыңнан ұрпағыңды қалдырар жыныс жүйесі және ең бастысы аталғанның бәрін басқарып отыратын эндокринді жүйе. Бәрі бір-бірімен тығыз байланысты, бірін-бірінсіз өмір сүре алмайды. Бір ғана жұдырықтай жүректің қызметі мен құрылысы кез келгеннің таңдайын қақтырарына бек сенімдімін. Осының барлығын біле тұра, адам Жаратушы иеміз Құдай топырақты ұрып, соғып, мүсін жасап, "сүф" дей салғанынан пайда дегенге қалай сенесің? Қалай ғана олай айтуға ауызың барады? Ең алғашқы тіршілік нышаны РНҚ молекуласы деп есептесек, адамға сол молекулдан осы қалыпқа келу үшін 4,1 миллиард жыл қажет болған. Қайсысына сенесің? Бір демде "сүф" дей салғаннан салбырап түсе салғанға ма әлде осыншама жылдар емес, ғасырлар, тіпті дәуірлер бойы қарапайымнан күрделіге принцибі бойынша күрделенуге ме? Өз басым екіншісіне. Себебі осыншалық күрделі, кіршіксіз, мінсіз адам организмі бір демде пайда болды деп айту – менің ақылыма симайды.
➕ қосылам 51
➖ бос сандырақ 10
Открыть комментарии

1.2k 0 0
Каталог
Каталог каналов и чатов Подборки каналов Поиск каналов Добавить канал/чат
Рейтинги
Рейтинг каналов Telegram Рейтинг чатов Telegram Рейтинг публикаций Рейтинги брендов и персон
API
API статистики API поиска публикаций API Callback
Наши каналы
@TGStat @TGStat_Chat @telepulse @TGStatAPI
Почитать
Академия TGStat Исследование Telegram 2019 Исследование Telegram 2021 Исследование Telegram 2023
Контакты
Справочный центр Поддержка Почта Вакансии
Всякая всячина
Пользовательское соглашение Политика конфиденциальности Публичная оферта
Наши боты
@TGStat_Bot @SearcheeBot @TGAlertsBot @tg_analytics_bot @TGStatChatBot