Жүрек сырлары 🤍


Гео и язык канала: Казахстан, Казахский
Категория: Религия


Дамушы орта іздеп жүрсеңіз, сізге белгі☺️
Сұрақтар бойынша👇🏻
https://t.me/zholdasova_zhanna

Связанные каналы  |  Похожие каналы

Гео и язык канала
Казахстан, Казахский
Категория
Религия
Статистика
Фильтр публикаций


Пайғамбарымыз (саллаллаху алейхи уа саллям) адамдардан, жақындарынан кейде бір сөздер естіп, ренжігенде, сабыр сақтап, былай дұға ететін болған:

“Бұдан да ауыр реніштермен сыналған Мұсаға Алланың мейірімі болсын”.

Әркез тақуалардың, ізгілердің сынақтарын еске алу, солай өзіңізді сабырға шақыру-сүннет.


“Құл Аллаға деген махаббаттың дәмін татқан уақытта Алла ол құлының кемшілігін өзіне көрсетіп қояды. Осылайша ол басқалардың кемшілігін көрмес болады.
Рабия әл-Адауия”


Тахаджудты “бірнәрсе алу” үшін емес, Сүйікті Рахман Раббыңызбен сырласу, шүкір ету, күндізгі күнә-кемшіліктеріңізге, әдепсіздігіңізге кешірім сұрау үшін оқымасаңыз, қалайшы Оны жақсы көремін дей аласыз? Қалай түнде тәтті ұйықтай аласыз, Оның басқа адал құлдары Онымен тәтті сырласып жатқанда? Уайым, қорқыныш жоқ па? Оның сүйіктілерінің қатырында болмай қаламын деген, солай Оның ерекше Махаббатын татпай, сезінбей, дүниеде босқа өмір сүрген боламын деген?

Сіз бұл өмірде, әсіресе жалғыз қалғанда, түнгі қараңғыда қаншалықты Раббыңызға қарай талпындыңыз, соған қарай сізді Раббыңыз қарсы алады дүниеден өткен соң.


Адам өзің қабылдауы үшін...Аллаһты тануы керек.Аллаһты таныған адам өзіңде таниды.Сенің өмірлік миссия қандай екенің, не үшін өмірге келгенің,неге осындай келбет, неге осындай тағдыр бергенін
Аллаһты танығанда түсінеміз Аллаһтың бізге берген өмірі біз үшін қайырлы екенің түсінуіміз керек.Күпірлік еткен сайын біздің, жағдайымыз нашарлай береді.Бұл кезде құл состояниесіне түсіп Аллаһтан бар қалауыңды
сұрау керек және Аллаһқа бойұсыну қажет❤️


Көптеген күнәлардың, өкініштердің негізі 2 себебі:

1) Асыққаннан

2) Алла Субханаху уа Та’аляны сол сәтте еске алмағандықтан.




Аллаһым, өзіңнің алдыңда тұруға
лайықты бір жүрек нәсіп еткейсің!

Нұрсұлтан Ұстаз


Аллаһым Сеннен кәміл иман шынайы сенім мол ризық Саған мойынұсынатын жүрек әрдайым Сені зікір ететін тіл таза және адал табыс сұраймын,ақырғы сәтіме дейін бұзылмайтын шынайы тәубе жеңіл өлім өлгенен кейін меріміңмен құзырыңда есеп берер шақта кешіруіңді сұраймын жәннатқа кіріп жаһаннамнан құтылуды тілейміз Кешірімі мол Жаратушы Раббым.


Алла Тағаладан ұяламын...
Өз-өзімнен жиіркеніп, Алла Тағаладан ұяламын. Мына жалған өмірде күнәға
батып жатырмын біліп-білмей, кейде біле тура, кейін ақыры не болатынына қарамастан, сол қара жүкті мойныма
жиып жатамын. Ал сосын, жан-дүниеме сыймай, қатты қиналғанымда,басыма іс туғанында, ешкім көмек бере
алмайтын жағдайға жеткенде Раббыма жүгінемін. Кешірім сұрап, қол жайып Раббымнан сұрауға ұяламын.Жайнамазда отырып, өз-өзімді жеп,Алладан еңкілдеп кешірім сұрап отырамын, істеген істеріме қарамастан.
Өзімшілдік денемді басып алған ба деп сұрақта қоямын өзіме...


❤️


Егер өміріңізде құран мен сүннетке орын бермеген болсаңыз, неге берекесіз, проблемам көп деп шағымдануға хақыңыз жоқ. Құран мен сүннет жоқ жерге тыныштық, береке, нұр кірмейді.


Мои правила жизни ‼️‼️

1. Аллаға сен!
2. Біреуден бір нәрсе күтпе!
3. Адамдарың ойы сені мазаламасын!
4. Ешкімнен поддержка, внимание күтпе!
5. Фокус только у себя!
6. Кез келген сынақ-өсу!
7.Ешкіммен өзіңді салыстырма.
Әр адам-жеке тұлға!
8. Қателіктерді мойындап, тәубе ет!
9. Құндылығынды жоғалтпа!Ең жақсыға лайықсың!
10. Ешкімнен қорыкпа, Жаратушың бар!
11. Қиындықтан қашпа, сол арқылы мықты боласың!
12. Өз өміріне риза бол!
13.Өзіңді кінәләмә!
14. Люби себя и уважай себя!
15. Раббын берген әр нығметке шүкір ет
сонда,ең бай адам боласың!


Жақсы көре тұра қоштастық,
Сүйе тұра бақыт тіледік
Қайғырмастай сүйіп едік
Көрместей енді жүздестік
Біз осы айтшы
Не үшін кездестік....




"Кітәп оқитын адам мен оқымайтын
адамның айырмашылығы қандай?" десе,
көпшілігі бірден "кітәп оқитын адамды сөйлеуінен анғара аламыз" дейді екен...
Меніңше, олардың басты айырмашылығы - сөзсаптауында емес, ішкі тереңдіктерінде.
Кітәп оқыса да, өз ойын толық,жеткізе алмайтын, табиғатынан тұйық, адамдар
болады. Кітәп оөымаса да, тума шешен адамдар да бар. Бірақ ол, дамытпаса, тек шолақ шешендік болады. Яғни, кітәп-адамға сана тереңдігін сыйлайды. Сол үшін оқиық...


Тілде сүйек жоқ. Бірақ тіл сүйекті сындырады. Бір сөз үшін түні бойы ұйықтай алмаған, бір сөз үшін үйлене алмаған, бір сөз үшін ажырасып кеткен, бір сөз үшін жұмысынан айырылған, бір сөз үшін жүрек ауруына ұшыраған қанша адам бар.Не
айтсан да ойланып айт. Есіңде болсын, сен әлеуметтік желілерде емес,өз амал дәптерінді толтырып жатырсын!


Өмірдің өзі мәңгілік емес,сынақ қайдан мәңгілік болсын


Алла тәніміз бен жанымызды кемел кылмақ, жолында бір сәт дамыл көрмейді. Қай-қайсымыз да толық бітпей тұрған өнер туындысымыз.
Басымыздан өткен әр жағдай, еңсерген әр
қиындық бекер емес. Мұның, бәрі -бойымызға
біткен кемшіліктен арылу жолындағы еңбек.
Раббымыз әр кемшілігімізге бөлек-бөлек қарайды, өйткені адамзат деген туындының діттегені-кемел болмақ.


Кейде біреуді шын жүрегіңмен жақсы көресін. Қолыннан келгенше оның өміріне жарық болуға тырысасын.
Қиын сәттерінде қолдап,күлкі
сыйлайсың, барынша жанынан табылуға тырысасын. Бірақ,уакыт өте келе түсінесің, ол саған дәл солай қайтармайды. Сенің,бар махаббатың,мейірімің оған қажет емес екенің,сенсіз де өміріңнің жалғаса беретінін түсінгенде жанын ауырады.
Сен оның өмірінде уақытша ғана
қонақсың.Саған уақытша жылы сөйлегені, бірге жүргені тек өткінші сәттер екен. Ал сен оны өміріңнің мәніне айналдырып қойғансың...
Соның нәтижесінде өзіңді бос қалғ ан жүрекпен табасың.
Сонда ғана түсінесің: журектің ең ауыр жарасы-өзің үшін ең қымбат адамға керексіз екенінді білу.


Махаббат-өмірге мән, көңілге сән беретін ұлы сезім. Махаббаттын түрі кеп. Мейлі ана мен баланың арасында болсын, мейлі жұбайлардың арасында болсын, мейлі бауырлардың арасында болсын, махаббат жүректерді тербетіп, тұла бойға қан жүгіртетін үлкен күшке ие. Әр адам жақынының, жанында өзін сүйікті сезінуге мұқтаж.
Әр адамның эмоционалдық ыдысы бар. Сол ыдыс
сезімге, махаббатқа, жылуға толы болуы керек. Өзгелердің махаббатына бөленгенде, ыдысымыз толыға тнседі. Олай болмаса, қанырап, бос қалады. Ал бұл жанымызға жара салады, көңілімізді құлызатады🤍

Показано 20 последних публикаций.