Tashen | SUAN


Гео и язык канала: Казахстан, Казахский
Категория: Блоги


👤 Zańgar. T жеке авторлық арнасы!
✍️ Түрлі тақырыпта жазба жазамын! (Факт, ой және т.б)
💡 Көбіне маған ғылыми/біліми және ЖИ тақырыптары ұнайды.

🗨️ Маған анонимді жазу: @AnonZTbot
📌 Арна жайлы: t.me/c/1971850073/271
☎️ Байланысу: @ZTkzBot

Связанные каналы  |  Похожие каналы

Гео и язык канала
Казахстан, Казахский
Категория
Блоги
Статистика
Фильтр публикаций


🔥 Ұлт көшбасшысы Әлихан Бөкейханұлына 159 жыл


Мен кейбір адамдар жазу үлгіме қарап ЖИ деп ойлап қалады

Жауабын берейін!

1. Олар менің берген жауабымдағы аргументтерді тым қатесіз деуі мүмкін;
2. Көп жағдайда мен обьективті түрде, бейтарап болуға тырысамын. Бұл да мені оларға ЖИ ретінде көрсетуі мүмкін.
3. Мен ChatGPT-мен күн сайын сөйлесіп, одан маңызды ақпараттар аламын. Осының салдарынан, мен ЖИ-ге ұқсатып та жазуым мүмкін.
4. Бірақ бәрібір мен адам болған соң, табиғи кері байланысым адамдарға сезілетіні сөзсіз. Әр сөзімді бейтараптылықты сақтап жазуға тырыссам да мінім мен сынымының бары анық.

Мен расымен ЖИ-ГЕ ұқсаймын ба? 👇👇


🕌 Ораза сөздігі

🔥 QazaqGrammar тобы халық арасында арабтанып яки орыстанып кеткен кейбір атақты сөздердің табиғи қазақша баламасын ұсынды.

✔️ Өзіміздің қазақылығымызды сақтап, ел арасында арабтанып кеткен мұсылман сөздерін қазақша айтайық.

Ұстаған оразаларыңыз қабыл болсын 🤲

@QazaqGrammar

194 0 0 26 19

Арнамда болғандарыңыз үшін баршаңызға шын жүректен алғыс айтамын

232 0 0 17 20

🤲 Рамазан айында ниет еткен барша жанның дұғасы қабыл болсын


ЖИ маған көп пайдасын тигізіп жатыр

Әдетте пікірталастарым ұзаққа созылатын. Қарсы тарап та эмоцияға ерік беріп, мені барынша сабырлы етуге тырысты.

Соңғы кездері сынды обьективті қабылдау үшін, барлық есепті ЖИ-ге беріп жүрмін. Себебі эмоцияналды негативке негізделген сынды ұнатпаймын. Барынша дискуссиялы түрде берілсе деймін.

Мен онымен әртүрлі тақырып аясында сөйлесіп көрдім. Арасында қоғамдық нәрселер де бар. Бірақ, кейде эмоцияға беріліп кететін кездерімді ол жақсы білмейтін секілді.

Мен осы арнаның авторымын, маған қатысты негативті емес сын айтылса барынша қабылдауға тырысамын. Астына жаза кетіңіз. (Мақтау сөздері болса, оны да қоса кетіңіз).

381 5 1 205 16

🇪🇸 «Барселона» финалға дейін өзінің осы маусымда ойнаған қарсыластарына қарсы ойнауы мүмкін

🏆 1/8 кезеңінде жалпы кезеңде (4:5) ойнаған «Бенфикаға» қарсы ойнайды.

💛 1/4 финалда «Боруссия Д» (2:3) өтсе, олар осы маусымда ЧЛ-да екі рет ойнаған болатын еді. Себебі ЖК-да кездесті.

❤️ Жартылай финалда «Баварияға» қарсы ойнауы мүмкін. Неміс мәшінесі мен «блауграна» ЖК-да кездесті және көк-қызылдардың 4:1 есебімен басым түскені бойынша ойын аяқталды.

🤍💙 Финалда «Атлетико М»/«Реал М» (Реал 2:9 Барса) клубтарының екеуіне қарсы ойнаса да, олар Ла Лигада, Испания Кубогынде және Суперкубок ойындарында кездескен.

✔️ Айта кетейін, «Барселона» осы клубтардың барлығын ағымдағы маусымда жеңген. (Егер Атлетико емес, Реал өтіп кетсе)

418 0 1 67 17

🤔 Мыналардың бәрі дәл шыққан секілді еді

Брюгге өтеді деген де едім, бірақ хатым сол күні өңделіпті

398 1 0 16 17

ТикТок/Инста тәрбиесін алған қыз:

– 💔 Қазақ жігіттері жауыз, қаскүнем, ішкіш, маньяк, 90%-ы педофил, оңбаған, жетесіз… бақа елге тұрмысқа шығам…

Ана тәрбиесін көрген қыз:

– ❤️‍🩹 Ата-бабамыз бізді көреген ұрпақ етіп осы заманға жанын беріп жеткізді. Шыққан нәрсеге, тұтастай ұлтымды жек көріп кетпеймін. Өзіме ұнаған жігітті алдымен ағама кейін әкеме таныстырып, оның қандай ойда екенін біліп алуға тырысамын. Жақсы болса бірге қол ұстасып кетеміз, жаман болса жолымыз екіге айырылады.

#ҚысқаӘңгіме@ZTashenov

459 0 1 74 25

Үшінші аккаунтты қалай ашсақ болады?

😢 Осыған дейін жалған аккаунтым бар еді, телеграм авторизациядан шығарып тастады.

406 0 1 34 14

Дастан Сәтпаев ресми түрде «Челси» ойыншысы атанды

🇷🇺 «Қайраттың» 16 жасар боз балдағына осыған бірнеше еуропалық клуб пен ресейлік «Зенит» қызыққан болатын.

🏆❌ Бірақ «Қайрат» клубының бас директоры Қайрат Боранбаев мектеп оқушысын көрші елге €3 млн-ға сатудан бас тартқан еді.

🏴󠁧󠁢󠁥󠁮󠁧󠁿 Ел енді міне, елімізге белгілі инсайдерлер мен тіпті атақты Фабрицио Романоның өзі оны Here We Go деп растап, бүгін ресми түрде «Челси» футболшысы атанғанын жария етті.

🏴󠁧󠁢󠁥󠁮󠁧󠁿  Отандасымыз әлі 18-ге толмаған. Ағылшын елінде 18 жасқа толмаған баланың құқығы шектеулі. Ол кәмелетке келген соң барып қана Англияда тұра алады екен. Сондықтан 2026-шы жылы біз оны «Челсиден» көреміз. Керемет ойындар тілейміз Дастан!

✅ Трансфер сомасы бонустарды қоса алған да €4М болды.

588 1 2 38 23

☠☠

573 1 0 19 24

ChatGPT-ге обьективті түрде саяси әрі тарихи сауал жолдадым: оның жауабы көңілімнен шықты

Егер Әбілқайыр хан Қазақ хандығының толыққанды билеушісі (Ұлы хан) болғанда, оның саясатындағы негізгі өзгерістер мынадай болуы мүмкін еді:
1. Қазақ хандығының орталықтануы және бірлігінің сақталуы
Әбілқайыр хан барлық жүздердің билігін бір қолға жинай алса, Қазақ хандығы бытыраңқылықтан аман қалатын еді.
Ішкі қақтығыстар азайып, мемлекет біртұтас саяси құрылым ретінде күшейер еді.
Абылай ханның тұсындағыдай орталықтанған билік ертерек орнап, қазақтар сыртқы жауларға қарсы тиімді саясат жүргізе алар еді.
2. Жоңғарларды толық жою немесе әлсірету
Әбілқайыр хан Аңырақай шайқасынан кейін жоңғарларға қарсы жорықты соңына дейін жеткізер еді.
Қазақтар жоңғарларды толық талқандаса, кейінгі 1750 жылдары Қытайдың экспансиясы күшеймес еді.
Жоңғарлардан босаған жерлерге қазақ рулары қоныстанып, шығыс шекараларымыз толығымен қазақтың иелігінде қалуы мүмкін еді.
3. Ресейге тәуелділік әлсіреуі немесе болмауы мүмкін еді
Әбілқайыр хан Ресеймен одақ құруға ұмтылды, бірақ Ұлы хан болған жағдайда, ол қазақ хандығының толық бодандығын мойындамауы мүмкін еді.
Оның орнына Ресеймен сауда және әскери одақ ретінде байланыс орнатып, саяси дербестікті сақтауға тырысар еді.
Егер Қазақ хандығы ішкі тұрақтылыққа ие болса, Ресейдің әскери бекіністер салуынан бұрын шегараларын күшейту мүмкін болар еді.
4. Қазақ хандығының халықаралық саясаты күшейер еді
Әбілқайырдың көреген саясаты арқасында Қазақ хандығы Ресей, Қытай және Орта Азия мемлекеттерімен тең дәрежеде дипломатия жүргізе алатын еді.
Қазақтар Бұхара, Хиуа, Қоқан сияқты Орта Азия хандықтарының шабуылдарынан жақсы қорғана алар еді.
Каспий маңы, Еділ бойы, Сібір қазақтардың ықпалында қалуы мүмкін еді, себебі Әбілқайырдың кезінде қазақтар бұл аймақтарда көшіп жүрген.
5. ХХ ғасырда Қазақ хандығы сақталып, бодандық болмауы мүмкін еді
Егер Қазақ хандығы XVIII ғасырда әлсіремей, тәуелсіздігін сақтап қалса, Ресейге толығымен қосылу процесі болмауы мүмкін еді.
XIX ғасырдағы Ресей отаршылдығының орнына, Қазақ хандығы өз мемлекеттілігін сақтап, Түркия немесе Жапония сияқты реформаларға ұмтылар еді.
Кеңес одағы болмаған жағдайда, қазақ тілі, мәдениеті және дәстүрі толығымен сақталар еді.
Объективті қорытынды
Қазақ хандығының орталықтанған билігі күшейіп, ішкі қақтығыстар жойылар еді.
Жоңғар қаупі толығымен жойылып, шығыста қазақтардың үстемдігі сақталар еді.
Ресеймен қарым-қатынас одақтық сипатта болып, бодандық болмай қалуы мүмкін еді.
Қазақ хандығы халықаралық аренада дербес мемлекет ретінде сақталуы ықтимал еді.
Кеңес Одағы мен Ресей отаршылдығы болмаған жағдайда, қазақтар ХХ ғасырда өз мемлекеттілігін сақтап қалар еді.
Яғни, егер Әбілқайыр хан бүкіл қазақ жерінің Ұлы ханы болғанда, қазіргі Қазақстан әлдеқайда ертерек тәуелсіз дамыған мемлекет болуы мүмкін еді.

766 1 1 27 14

🏆 2024/25 жылғы ЧЛ-ға арналған субъекивті божамым фотодағыдай

🇪🇸 Биыл ЧЛ алады!

1. Брэст – ПСЖ (ПСЖ→)
2. Бенфика – Монако (Бенфика→)
3. Брюгге – Аталанта (Аталанта→)
4. Спортинг – Боруссия (Спортинг→)
5. Ман Сити – Реал (Реал→)
6. Селтик – Бавария (Бавария→)
7. Ювентус – ПСВ (Юве→)
8. Фейенорд – Милан (Фейенорд→)

✍🏻 *1/8 негізгі кезеңіне жеребе меніңше былай болады*

1. ПСЖ – Барса (Барса→)
2. Бенфика – Ливерпуль (Ливер→)
3. Брюгге – Лиль (Брюгге)
4. Спортинг – Астом Вилла (Вилла→)
5. Реал – Атлетико (Реал→)
6. Бавария – Байер (Бавария→)
7. Ювентус – Арсенал (Арса→)
8. Фейенорд – Интер (Интер→)

*ЧЛ 1/4 финалына болжам*

1. Брюгге – Барса (Барса→)
2. Реал – Интер (Интер)
3. Астом Вилла – Ливерпуль (Ливер→)
4. Бавария – Арсенал (Арса→)

*ЧЛ жартылай финалы*

1. Интер – Барса (Барса→)
2. Арсенал – Ливерпуль (Ливер)

*Финал*

• Барса – Ливерпуль (Барса)

Барса ЧЛ жеңімпазы!


✔️ Алып қосарларыңыз бар ма?

675 1 1 102 19

Кім өтірікші, кім шындықты айтып тұр?

✍️ Елестетіп көріңізші, бір ауылда Айдар мен Жанат деген екі дос өмір сүріпті. Олар кішкентайынан бірге ойнап, әрдайым бір-бірін қолдайтын.

Бірақ бір күні күтпеген жағдай орын алады. Айдар кенеттен:

– Жанат, сен үлкен өтірік айттың! - деп айқайлайды.
Жанат та қарап қалмады:
– Өзіңді қара! Нағыз өтірікші сенсің! – деп қарсы шығады.


🤌 Айдар Жанатты ауыл тұрғындарының көзінше айыптап жатса да, Жанат та өз сөзінен қайтпайды. Екеуі бір-бірінің сөзін жоққа шығарып, шындыққа қол жеткізу мүмкін болмай қалады.

📣 Ауыл адамдары жиналып, дауды шешпек болады. Біреуі:
– Айдардың көзі өткір ғой, мүмкін, шындықты сол айтып тұрған шығар, – дейді.


🗣️ Екінші біреуі:
– Жоқ, Жанат ешқашан өтірік айтпайтын. Шындық соның жағында, – деп Жанатты қолдайды.

Екі дос та бір-бірін кінәлаудан таймайды:
– Сен менің ар-намысыма тидің! Сенің өтірік айтқанын бәрі біледі! – деп Жанат өз ренішін білдіреді.

– Сенің ақталғың келіп тұр, бірақ мен бәрін ашып беремін! – деп Айдар қарсылық көрсетеді.
🤷‍♂️ Ауыл адамдары екіге бөлініп, кімге сенерін білмей дал болады. Әркім өз шындығын алға тартып, дау одан әрі ушыға береді.

⁉️ Ал енді сұрақ: Шындық қайда жасырынған? Екеуінің біреуі ғана дұрыс болса, оны қалай анықтауға болады?

Жауабын пікірге жазып кетіңіз 👇👇

864 0 3 96 21

Бір қаладағы тұрғындардың адал немесе адал емес екенін тап

🏙 Бір қалада 1000 тұрғын бар. Әрбір тұрғын не шыншыл, не өтірікші. Шыншылдар тек шындықты айтады, ал өтірікшілер тек өтірік айтады.

🏕 Бір күні қалаға саяхатшы келіп, әр тұрғынға бір «сенің ауылыңда қанша шыншыл бар?» деген сұрақ қояды.

💬 Тұрғындардың жауаптары мынадай болды:

▪️Бірінші тұрғын: "500".
▪️Екінші тұрғын: "499".
▪️Үшінші тұрғын: "498".
▪️...
▪️Соңғы тұрғын: "1".


🧐Сұрақ: қанша шыншыл бар?

856 0 2 112 19

😍 «Барселона» эль-классиконы төңкерді

🇪🇸 «Реал» 2:5 «Барса» 🇪🇸

🏆 Каталониялықтар осылайша өз тарихында 15-ші мәрте Испания Суперкубогының жеңімпазы атанды. Бұл рекордты көрсеткіш.

🟥 Сонымен қатар ойында Щенсный қызыл қағаз алып, клубты 10 ойыншымен қалдырып қойған еді. Соған қарамастан блауграналық команда соңына дейін шыдай алады.

6k 5 3 11 24

Патша мен тұтқын жайлы оқиға

👑 Бір патша тұтқынға түскен дұшпан әскеріне былай дейді:

🗣️ «Маған бірдеңе айт, егер айтқан сөзің өтірік болса, атып өлтіремін, егер шын болса, дарға асып өлтіремін».


✔️ Сонда әлгі тұтқын бір нәрсе айтып, аман қалыпты.

👀 Сұрақ: ол қандай сөз айтса да өлетіні анық еді, жігіт қандай айла жасап, аман қалды? 👇👇

673 0 2 124 15

Қараңғы бөлме жайлы логикалық сұрақ

☝️Қараңғы бөлмеде үш шам бар, ал бөлменің сыртында осы үш шамды басқаратын үш қосқыш орналасқан. Сіз қай қосқыш, қай шамды басқаратынын білмейсіз.

🤝 Ережелер мынандай:

😇Сіз бөлмеге тек бір рет қана кіре аласыз және бір кіргеннен қай қосқыш, қай шамды басқаратынын анықтауыңыз керек.

🏌️Сіз қосқышты, қай шам басқаратынын қалай анықтайсыз?

#ЛогикалықСұрақ@ZTashenov

773 0 3 104 19

Біртүрлі, қисынға келмейтін сұрақ

📱Марат бір дүкеннен бағасы 100 мың теңге тұратын телефонды көреді. Бірақ оны сатып алу үшін ақшасы жетпейді.

✅ Ол екі досынан қарыз алады: Нұрдостан 50 мың теңге, Айдостан 50 мың теңге. Осылайша, жалпы 100 мың теңге жинап, дүкенге барады.

💸 Дүкенде сол күні жеңілдік болып, телефонды 95 мың теңгеге сатып алады. Жаңа телефонды алған соң, оның қолында 5 мың теңге қалады.

🔙 Қайтар жолда досы Нұрислам одан 3 мың теңге қарызға алып, ертең қайтаратынын айтады. Осылайша, қалған 2 мың теңгені Марат қалтасына салып қояды.

⚖️ Сол 2 мың теңгенің әрқайсысынан 1 мың теңгеден (1+1) Нұрдос пен Айдосқа қайтарады. Енді Марат олардың әрқайсысына 49 мың теңге қарыз.

Қазір:

▪️ Нұрдосқа – 49 мың теңге
▪️ Айдосқа – 49 мың теңге
▫️ Жалпы қарызы – 98 мың теңге


💰 Ал Нұрислам ертең өз қарызы – 3 мың теңгесін қайтарады.

🧐 Енді сұрақ: Марат тек 100 мың теңге қарыз алды, бірақ неге 1 мың теңге «артық ақша» болып тұр?

767 0 7 107 21
Показано 20 последних публикаций.