Мүгедек балалардың конституциялық құқықтары қалпына келтірілді
Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданының прокуратурасы мүгедек балалардың үйде оқу шығындарын төлеу тәртібін талдады.
Ауданның Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі биылғы жылдың бюджет қаражатын дұрыс жоспарламауы салдарынан қыркүйек-қараша айларында 15 мүгедек баланы оқытуға кеткен шығындар төленбегені анықталды.
Прокуратураның ұсынуы негізінде мәслихаттың шешімімен бюджеттен қосымша қаражат бөлініп, 592 180 теңге төленді, осылайша балалардың конституциялық құқықтары қорғалды.
Кінәлі лауазымды тұлғалардың жауапкершілігі қарастырылуда.
#Заңментәртіп
#ЗАҢменТӘРТІП
#Жауапкершілік
Батыс Қазақстан облысы прокуратурасының сайтына сілтеме:
https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-zko/press/news/details/904580?lang=kk
📱 https://t.me/GenPr
Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП