Қазақстанда мәслихат депутаттарына арналған тренингтер сериясы Астанада өз мәресіне жетті
📌Парламентаризм институты ұйымдастырған мәслихат депутаттарының біліктілігін арттыруға бағытталған тренингтер сериясы Астанада қорытындыланды. Бұл бағдарлама жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін нығайтуға және заң шығару мен құқық қолдану саласындағы білімдерін тереңдетуге бағытталды. Тренингтерге 3400 адам қатысса, олардың 400-і офлайн форматта білім алды.
🔹Біліктілікті арттыру бағдарламасы қыркүйек айының ортасында Семей қаласынан бастау алып, елдің барлық өңірлерін қамтыды. Елордада өткен қорытынды тренинг республикалық маңызы бар қалалар – Алматы, Астана және Шымкенттің депутаттарын біріктірді. Оқу барысында жергілікті басқару жүйесінің өзекті мәселелері мен халықпен тиімді байланыс орнату жолдары талқыланды.
🔹Тренингтерді Парламентаризм институты бастамасымен Парламентаризмді дамыту қоры және Қазақстан мәслихаттары депутаттарының қауымдастығымен бірлесе отырып ұйымдастырды. Бағдарлама ЕҚЫҰ бағдарламалар офисінің қолдауымен жүзеге асырылып, Сенат пен мәслихаттар арасындағы ынтымақтастық бағдарламасының бір бөлігі болды. Жалпы тренингтерге 13 тәжірибелі сарапшы қатысып, 17 өңірде 24 сағаттық оқыту шараларын өткізді.
Парламентаризм институтының директоры, заң ғылымдарының докторы Қанатбек Сафинов тренингтің ашылуында мәслихаттардың жергілікті өзін-өзі басқару жүйесіндегі маңыздылығын ерекше атап өтті.
– Мәслихаттар халықпен өзара әрекеттесудің тиімді жүйесін құруда және қазіргі заманғы жергілікті өзін-өзі басқару моделін қалыптастыруда басты рөл атқарады. Депутаттардың жұмысы бұл процесте маңызды бағдар болып табылады, – деді ол.
Тренинг барысында сарапшылар мен қатысушылар жергілікті басқару саласындағы бірқатар өзекті мәселелерді қарастырды.
• Меруерт Қабылбаева азаматтардың өтініштерімен жұмыс істеудің бірыңғай жүйесін қалыптастырудың маңыздылығын атап өтті. Ол әлеуметтік желілердегі қоғамдық пікірді талдау арқылы проблемаларды уақытылы анықтап, оларды шешуге болатынын айтты.
• Аркадий Рубцов, Алматы қаласы КСК қауымдастығының төрағасы, тұрғын үй-жайлардың ортақ мүлкін басқару мәселесін көтеріп, тұрғындармен тиімді өзара әрекеттесу қажеттігін алға тартты.
• Алмагүл Хасенова, Парламентаризм институтының сарапшысы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тақырыбында баяндама жасап, жергілікті бюджеттер мен бағдарламаларға бақылауды күшейтудің маңыздылығына тоқталды. Ол Transparency International ұйымының деректерін келтіріп, Қазақстанның 97-орынға шыққанын, бірақ 100-ден 39 балл деңгейі әрі қарай реформаларды талап ететінін атап өтті.
• Жәнібек Саттыбаев, жер мәселелері жөніндегі сарапшы, әкімшілік аумақтардағы жер ресурстарын басқарудағы негізгі проблемаларды айқындады.
🔹Қатысушылар депутаттардың біліктілігін арттыру және олардың атқарушы органдармен ынтымақтастығын нығайту Қазақстанда жергілікті басқару жүйесін жетілдірудің негізгі тетігі болатынын атап өтті.
📌Осындай тренингтер нәтижесінде халықтың мүдделерін қорғауға бағытталған заманауи басқару моделі қалыптасып, елдегі өмір сүру сапасын арттыруға ықпал ететін болады.
Бұл тренинг Парламентаризм институтының мемлекет пен қоғам арасындағы диалогты нығайтуға бағытталған ауқымды бағдарламасының соңғы кезеңі болды.

Сондай-ақ, Қанатбек Сафинов тренингтің мәслихаттар арасындағы байланыстарды нығайтудағы маңыздылығын атап өтіп, Мемлекет басшысының: «Парламент пен мәслихаттар бірлесіп жұмыс істегенде ғана мемлекеттік саясат дәйекті әрі тиімді болады» деген сөзін еске салды. Ол мәслихаттар институтын нығайту жергілікті өзін-өзі басқарудың тиімділігін арттырып, халықтың мүдделерін қорғауға бағытталатынын баса айтты.