Имам Ағзамға бір әйел күреңге жақын алма беріп жібереді. Имам Ағзам болса алманы ортасынан кесіп, қайта жібереді. Мағынасы: әйел айлық қонағын хабарлап, оның түсін де меңзеп жібергені, имам болса түгел ағарғанға дейін құлшылықтан тыйыласың деп жауап бергені. Демек, әдеппен, сыпайылықпен сұрау және дәл солай жауап беру. Айтпағым не? Интимді әңгімелерді тарататын намазхан блогерлерден көз алмайсың желіде. Бір бауырымыз видео түсіріп тұр, мен тестастеронымды осымен көтердім, сендерде ішіңдер деп…
Ана асыл арнаның ескі журналистері де , екі таяқ тастайсың деп бір дәріні көрсетіп жүр. Ең сорақысы орамал таққан келіншектердің шеттен шығуы. Басында орамал демесең таза шайтандар. Жыныстық мәміле, жыныстық проблемаларды исламда жеке мәселелер деп қарастырады. Ондай сұрақтар тікелей маманынан ғана сұралады және құпия сақталады. Қазақта да 18+ мәселені бейпіл әрекет деп айтады, яғни құпия , жасырын деген мағынаға саяды. Бұл ұлттың, бұл үмбеттің ар ибасы бар еді…
Ернар Атаулан