Нұрсұлтан Рысмағанбет


Channel's geo and language: Kazakhstan, Kazakh
Category: Religion


Similar channels

Channel's geo and language
Kazakhstan, Kazakh
Category
Religion
Statistics
Posts filter




«Олар Алланың нұрын ауыздарымен (үрлеп) сөндіргілері келеді. Бірақ кәпірлер қанша жақтырмаса да, Алла Өз нұрын тамамдайды (яғни, дінін толық түсіріп, күллі әлемге жаяды)».
(Саф сүресі, 8-аят)

———————————-

Бұрынғы заманда да, қазірде де Алланың дінін өшіруге, мұсылмандарды жаман көрсетуге тырысып жатқан адамдардың саны аз емес. Олар түрлі әрекет жасап, исламды әлсіреткісі келеді. Бірақ бұл әрекеттер Алланың дінін тоқтата алмайды.

Алла қаласа, дінді кәпірлердің өз қолдарымен де үстем, асқақ етіп қояды.

🎥 Пайғамбарымыздың ﷺ өмір баяны.


Тарих қайталанады

Бір кездері Меккеде Нубайһ пен Мунаббиһ ибн Хаджаж есімді екі жас жігіт Алланың елшісін ﷺ мазақтап:
— Ей, Мұхаммед! Алла сенен басқа пайғамбар таба алмады ма? Сенен де құрметті, сенен де лайықты адамдар бар еді ғой — деп кекететін.

--------------

Бұлардың айтып жүрген сөздерін, қазіргі қоғамда айтып жүрген адамдар бар.
Кейіпкері мен сөздері өзгеше болғанымен тура осы мағында айтатын.


— Неге пайғамбар арабтан шықты?
— Біз неге арабтың артынан еруіміз керек?
Неге Құран қазақша түспеді?

Құранда Алла Тағала бұған жауап береді:

«...Алла пайғамбарлықты кімге беретінін жақсы біледі...».
(Әнғам сүресі, 124-аят)

Сенің ісің — Алланың ісіне араласу емес. Сенің міндетің — Алланың бұйрықтарын орындау.
Оның хикметі шексіз, ал біз тек пендеміз.

🎥 Пайғамбарымыз ﷺ өмір баяны




…Алланы жақсы көремін деп, бірақ Пайғамбардыңﷺ өмірін білмесеңіз, бұл - өтірік әңгіме...

🎥 Пайғамбарымыз ﷺ өмірбаяны


"Қияметте шыншыл саудагерлер пайғамбарлармен, шахидтермен және ізгілермен бірге тіріледі" - деген хадис бар.

Саудагерлік адамның шынайы болмысын ашатын нәрсе. Демек, сауда — исламдағы тақуалықтың өлшемі; ол дүниелік пайда мен ақыреттік игілікке келгенде, қайсысын таңдайтыныңды көрсететін кәсіп.


Алла Тағаланың пендеге берген таңдауы, пенде үшін ең абзал таңдау...


Video is unavailable for watching
Show in Telegram
https://t.me/meccaandmadina_bot


Forward from: Дастан Құрманбаев
Мөңке бидің “Ақыр заман боларда” деген толғауындағы “Өлімің қойдай болады,
Садақаң тойдай болады” дегені осы шығар.

Біз орыс пен қытайдан қорқып отырмыз. Бірақ олардан бұрын өзімізді өзіміз қойша қырып бітетін сияқтымыз ғой…

Не иманды, не заңды күшейту керек!

“Егер Алла (осылайша) адамдарды бір-біріне қарсы қойып, кей адамдардың бетін кей адамдармен қайтарып отырмағанда, шүбәсіз, жер беті түгелдей бүлінер еді де, онда өмір сүру мүмкін болмас еді (яғни жерде әділдік жойылып, шартарапты зұлымдық жайлар еді)”. (2:251)

Бұл жерде заң, қылмыстық жазалар меңзеліп отыр. Егер адамдар заңнан, оның орындалуынан қорықпаса, небір ауыр қылмыстарды шіміркпестен істей береді. Бүлінгені осы емес пе?!


Сүйінші ‼️

Ал, құтты болсын, Аты жоқ podcast жамағаты! Бұл да бір жетістік шығар. Сіздердің жетістіктеріңіз!

Сүйіншіге ата(й)тындарыңыз болса, мархабат ))

4400 4302 1325 2171


Имам Ағзамға бір әйел күреңге жақын алма беріп жібереді. Имам Ағзам болса алманы ортасынан кесіп, қайта жібереді. Мағынасы: әйел айлық қонағын хабарлап, оның түсін де меңзеп жібергені, имам болса түгел ағарғанға дейін құлшылықтан тыйыласың деп жауап бергені. Демек, әдеппен, сыпайылықпен сұрау және дәл солай жауап беру. Айтпағым не? Интимді әңгімелерді тарататын намазхан блогерлерден көз алмайсың желіде. Бір бауырымыз видео түсіріп тұр, мен тестастеронымды осымен көтердім, сендерде ішіңдер деп…

Ана асыл арнаның ескі журналистері де , екі таяқ тастайсың деп бір дәріні көрсетіп жүр. Ең сорақысы орамал таққан келіншектердің шеттен шығуы. Басында орамал демесең таза шайтандар. Жыныстық мәміле, жыныстық проблемаларды исламда жеке мәселелер деп қарастырады. Ондай сұрақтар тікелей маманынан ғана сұралады және құпия сақталады. Қазақта да 18+ мәселені бейпіл әрекет деп айтады, яғни құпия , жасырын деген мағынаға саяды. Бұл ұлттың, бұл үмбеттің ар ибасы бар еді…

Ернар Атаулан


⏳Санаулы сағаттардан кейін сатылым тоқтайды…

https://t.me/maulit_bot


"Пайғамбар санасында болмаған, ісінде, ойлауында болмаған, ақыл-парасаты Пайғамбарға ермеген мұсылманға күндіз-түні салауат айтуы ешқашан пайда бермейді"


Имам Ғазали

📚Жақында шығатын “Сира” кітабынан үзінді


Бір күні Хасан әл-Басриге (Алла рахымына алсын) бір адам келіп: “Пәленше сізді жамандады, сіз туралы мынандай, мынандай сөздер айтты”,-дейді. Сонда Хасан әл-Басри: “Сен бұл сөздерді оның аузынан естідің бе?”-деп сұрайды. Әлгі кісі: “Йә, мені қонаққа шақырған болатын, дастархан басында сіз туралы осы нәрселерді айтты”,-дейді. Хасан әл-Басри: “Дастарханда не баренді, сені қалай күтті, жақсы ішіп-жедің бе?” - дегенде әлгі адам: “О, дастарханда әр түрлі сусындар, дәмді тағамдар болды, қонақжай кісі екен, жақсы ішіп-жедік”, -деп жауап берді. Сонда Хасан әл-Басри: “осыншама тағамдарды ішіңе сыйдырып, екі ауыз сөзді ішіңе сыйдыра алмай маған неге әкелдің”, - деген екен.


АЛЛА ТЫЙҒАН НӘРСЕЛЕРДІ ІСТЕЙ БЕРЕТІН АДАМДЫ АДАМДАРДЫҢ АЛДЫНДА ҚОР ҚЫЛА БЕРЕДІ.
АЛ ОҒАН БАРЫНША БОЙҰСЫНҒАН ПЕНДЕНІ СОНШАЛЫҚТЫ ОЛАРДЫҢ ІШІНДЕ КӨТЕРЕ БЕРЕДІ.

ЮСУФ СҮРЕСІНІҢ ТӘПСІРІ

ИМАМ НАСАФИ


Әйелі: "Мен саған тұрмысқа шыққанда көрмейтін, естімейтін, мисыз болған шығармын😠"-десе.
Күйеуі: "Көрдің ба? Сені қаншама аурудан емдедім депті😆

#әзілтайм




Video is unavailable for watching
Show in Telegram
Нұрсұлтан ұстаздан бір аудио👆




Ал, арнайы ұсыныстың аяқталуына санаулы-ақ күндер қалды...
Үлгеріп қалыңыздар! Бұл мүмкіндікті жіберіп алмаңыз, енді мұндай жеңілдік болмайтын шығар...

Бар болғаны 990 теңгеге Алла Елшісінің ﷺ өмірінен тереңірек білім алып, өз рухани өміріңізді байытуға керемет мүмкіндік бар.

📚 Қазір тіркеліп, сыйлыққа 2 кітапша алыңыз:

«Пайғамбартану»
«Алла Елшісінің ﷺ қысқаша өмір баяны»

Сілтеме - https://t.me/maulit_bot


Forward from: Дастан Құрманбаев
Бірде халифа Харун Рашидтің құзырында бір жігіт иненің тесігінен жіпті қадап өткізетін өнерін көрсетеді. Сонда Харун Рашид: «Мына адамға жүз динар беріңдер және жүз дүре соғыңдар», – дейді. Уәзірлері түсінбей: «Не үшін?» – деп таңырқайды. Харун Рашид: «Көрсеткен өнері үшін жүз динар беріңдер. Ақылы мен уақытын босқа жұмсағаны үшін жүз дүре соғыңдар», – деген екен.


12 видео сабақтан тұратын дәріс
+ сыйлыққа 2 кітапша

🥳Осының барлығы 990тг

Тез-тез сабаққа тіркелейік👇
https://t.me/maulit_bot

20 last posts shown.