Nurbol Rakhmatilla


Channel's geo and language: Kazakhstan, Kazakh
Category: Religion


Мен сізбен білмейтінімді және жаңадан үйренген нәрсемді бөлісетініме таң қалмаңыз; менің білімсіздігімнің шегі жоқ!
Бұл каналдың пайдалы болуы немесе менің алдыңғы қатарда болуым үшін емес, тек кішкентай күнделік, жеке тәжірибелер және өмірлік пікірлерме

Related channels  |  Similar channels

Channel's geo and language
Kazakhstan, Kazakh
Category
Religion
Statistics
Posts filter


Әрбір алыстау – бас тарту немесе рахаттану емес…

Кейде біз тыныштық пен қысымнан құтылу үшін алыстаймыз.
Кейде біз тым көп араласып, өзімізді сарқығандықтан алыстаймыз – басқалардың көзінде құндылығымыз кеткенде.
Кейде біз күшімізді бекерге сарп етіп, еш пайда көрмегендіктен алыстаймыз.
Кейде біз өсек-аян мен күмәндардан алыстаймыз.
Кейде біз ең сенімді адамдарымыздан сатқындық көргеніміз үшін алыстаймыз.
Кейде біз олардың сезімдерінің суып кеткенін сеземіз, ал біз олар үшін қашанда қымбат боламыз деп ойлаған едік…

Сөйтіп, өмір кейбір сабақтарын бізге тым қатал түрде үйретеді –
бірақ біз оны тек өміріміздің ең әдемі және маңызды бөлігін жоғалтқан соң ғана түсінеміз…

©️Шейх Юсуф Хаттар
(хафизаһулла)


Абдулла ибн Амр (р.а.) айтқандай:

«Кімде-кім Құранды оқыса, пайғамбарлықтың нұры оның жүрегіне қонғандай болады, тек оған уахи ғана түспейді».

Аллаһым, Құран иесі болуды нәсіп ет 🤲🏻


Ізгі жар іздегенде, шынайы ізгіліктің мәнін жақсы түсіну керек. Ізгілік – тек аяттарды жаттап, салихалы әйелдердің киімін кию ғана емес. Бұл – оның жеке ізгілігі. Ал сен оған қоса, оның жұбай ретіндегі ізгілігін де қарастыр. Егер әйел ізгі болса, бүкіл отбасы түзеледі, үй тыныштық пен берекеге толады. Ал егер ол ізгі болмаса, оның кесірі үй ішіндегі ешкімді айналып өтпейді.

Пайғамбарымыз ﷺ әйелдің қандайы ең жақсы екенін сипаттап берген. Одан: "Қай әйел жақсырақ?" – деп сұралғанда, Ол: "Оны көргенде күйеуі қуанады, бұйрығына бойұсынады және өз жанында да, мал-мүлкіне қатысты да оның көңіліне жақпайтын ештеңе істемейді", – деп жауап берген.

Бұл – Пайғамбарымыздың ﷺ дана сөздерінің бірі. Жар таңдауда діндар әйелге басымдық беру қажет. Себебі оның діндарлығы өзін де, балаларын да қорғайды. Ал оның отбасыға лайықты ізгілігі – үйіне береке әкеліп, оларды Аллаға құлшылық етуге жетелейді.

Егер Алла саған осындай сипатқа ие әйел нәсіп етсе, онда сен қиян-кескі шайқаста үлкен олжаға кенелгенмен теңсің. Осыны терең түсіну үшін Пайғамбарымыздың ﷺ басқа хадисіндегі: "Діндар әйелді таңда, табысқа жетесің", – деген сөзін ой жүгіртіп қара. Мұндағы "табу" сөзі – жеңіске жетуді білдіреді.

منقول




Менің сыпайылығым – сенің шектен шығуыңа жол беремін деген сөз емес.
Менің мейірімділігім – аңғалдығымның белгісі емес.
Менің көркем мінезім – сен мені келеке еткенде үнсіз қаламын дегенді білдірмейді.
Менің жомарттығым – сенің мені алдауыңа мүмкіндік бар деген сөз емес.

Осының бәрі – менің дұрыс жолда тәрбиеленгенімді, ұлы құндылықтарға берік екенімді көрсетеді.
Бұл – әлсіздік те, қайратсыздық та емес.

Сондықтан, біреудің көркем мінезін олардың осалдығы деп ойлама.
Керісінше, бұл – сені таңғалдыратын ең үлкен күш!

©️Шейх Юсуф Хаттар
(хафизаһулла)


Forward from: NURSULTAN ZULFIKAR
«الأناة من الله و العجلة من الشيطان»
(رواه الترمذي)
Хадис шәриф:
«Байсалдылық – Алладан¹, ал асығыстық – шайтаннан².»

(Тирмизи риуаят етті)

¹Әрбір істе асықпай, басылдылық танытсаң адаспайсың.
²Тек шариғат асығуға ынталандырған істерден басқа.

https://t.me/nursultan_zs


Адамдардың жан-дүниесін түсіну – өте маңызды!

Кейбір адамдардың сезімталдығы соншалық, олар бірдеңе сұралғанда “жоқ” деп айтудан қысылады да, “жарайды” деп жауап береді. Бірақ ұмытпаңыз: олардың “жарайды” дегені – көбіне “жоқ” дегені.


Қазіргі таңда сиқыр мен тіл-көзден сақтану бұрынғыдан да маңызды…

Байқап жүрсіз бе? Кейінгі уақытта сиқыр, тіл-көз, көз тию секілді мәселелер жиілеп кетті. Біреулер аяқасты дертке шалдығып, кейбіреулер ісі жүрмей, сәтсіздіктерге тап болуда. Ал шариғатта бұдан қорғанудың нақты жолдары бар.

Имам Науауидың «Хизб» дұғалар жинағығасырлар бойы мұсылмандарды түрлі бәле-жаладан, жамандықтардан қорғайтын мықты қалқан болған. Бұл жинақ тіл-көзден, сиқырдан, жын-шайтанның зиянынан қорғайтын ең қуатты дұғалардан тұрады.

Неге бұл кітап сізге керек?
Тіл-көз бен сиқырдан сақтайды – Құран мен сүннеттен алынған дәлелді дұғалармен қорғанасыз.
Жаныңызға тыныштық сыйлайды – Күнделікті оқып жүру арқылы жүрегіңіз орнығады, қорқыныш сейіледі.
• Пайғамбар
(оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) оқыған дұғаларӨзіңізді сақтаудың ең сенімді жолы.

Бүгіннен бастап қорғану үшін «Хизбті» қолға алыңыз!

📖
Тапсырыс беру үшін:

Кітап 📕 PDF форматта

Құны: 990тенге

Каспи номер:
+77787961014

Чек жіберу :
+77787961014

Жақындарыңызды да қорғаңыз – осы дұғалармен олардың амандығына себепкер болыңыз!


Ассаламу алейкум 🙌🏻🌼


Forward from: Серікбосын Мұсабекұлы
قال ابن المبارك :
" ربّ عمل صغير تكبره النية، و ربّ عمل كبير تصغره النية"

Ибн әл-Мубарак айтады:
“ Кейде кіші амал дұрыс ниетпен ұлы амалға айналады, ал кейде үлкен амалдар ниеті болмаған соң болмайтын іске айналады “


Ізгілердің хәлі және адамдардың пікірі

“Аяғым мен қолым ұсталып, отқа тасталған сәтте адамдардың не айтқаны маған қандай пайда береді?”


Жақындарыңыз үшін истиғфар жасауды ұмытпаңыздар!

Мына бір оқиға сізге жұбаныш болсын:

Ізгілердің оқиғасы: Истиғфардың күші

Бір адамның әйелі жас кезінде қайтыс болып, ол оған үнемі истиғфар жасап тұратын. Бір күні ол түсінде әйелін көріп, сұрайды:
– Мен жасаған истиғфарларым саған жетіп жатыр ма?

Әйелі жауап береді:
– Иә, күн сайын сенің сыйлығың маған жетіп тұрады.

Сосын ол көзіне жас алып:
– Мен саған алғысымды қайтара алмайтынымды білемін, – дейді.

Ол оған:
– Уайымдама, жақын арада қайта қауышамыз, – деп жауап береді.

سوف نلتقي 🥹


Алланың сені тафиқымен қолдауындағы ең үлкен себеп – Оның шариғатына деген құрметің, оны сөзбен де, іспен де көрсетуің.

©️Шейх Әдһәм
(хафизаһулла)


Forward from: Zhumadilda Eldos
Кедейлік пен Қорқыныштың сынағына қарағанда қайғы-мұңның сынағы әлде қайда ауыр.

Кедейлікке адам сабыр қылады,
Қорқыныштан құтылу үшін, ақша беріп тыныштық табады.

Бірақ қайғы-мұңнан құтылу үшін, өздеріне қол жұмсап жіберіп жатады.

Ибн Хазм


Тафаккур – ол сенің айнаң іспетті. Ол саған жақсылықтарың мен жамандықтарыңды айқын көрсетеді.

©️Хасан әль-Басри
(Рахимаһулла)


Имам Ибн ‘уйайна ( рахимаһулла) былай дейді: «Алланың ашуы – шипасы жоқ дерт».

Имам Захаби (рахимаһулла) айтпақшы:
«Одан құтылудың жолы – таң сәріде көп истиғфар айтып, шынайы тәубе жасау».

Имам Мунауи (рахимаһулла) сөзінде :
«Раббысын разы етудің ең тиімді емі – истиғфар».

Алла Тағала ашуына ұшыраудан Өзі сақтасын.🤲🏻


Әйелдер кофе сияқты – оларды дұрыс бағаламасаң, суып қалады, ал дәмін сезінбесең, мәні кетеді.

Көфені дұрыс таңдаңыздар 😉


Намазыңды басты орынға қоймайынша, шынайы жетістікке жету мүмкін емес.

©️Мухаммад Ама’ма


Forward from: Akhmedov Yerbol
Осы үш нәрсеге сенімді бол:

• Саған Раббыңнан
мейірімді ешкім жоқ.
• Сенің қайғыңды Раббыңнан артық ешкім білмейді.
• Саған келген ауыртпалықты Раббыңнан басқа ешкім жеңілдете алмайды.


Салауат айы дегенді естідіңіздер ме? !

Көптеген ғалымдар, оның ішінде Имам әл-Қасталани мен Имам әс-Сахауи (рахимаһумулла) Шағбан айын Пайғамбарымызға (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) салауат айту айы деп атаған. Өйткені Құрандағы «Ақиқатында, Алла және Оның періштелері Пайғамбарға салауат айтады» (Ахзаб сүресі, 56-аят) деген аят дәл осы Шағбан айында түскен.

Алла Елшісіне салауат айтуды ұмытпаңыздар!🫰🏻

20 last posts shown.