Абылай Кенжалы


Channel's geo and language: Kazakhstan, Kazakh
Category: Religion


ислам, ойлар, аударма

Related channels  |  Similar channels

Channel's geo and language
Kazakhstan, Kazakh
Category
Religion
Statistics
Posts filter


– Алла туралы жақсы ой деген не?

– Сұраған нәрсең берілмесе де: “Алла мені Өз мейірімімен бұл нәрседен сақтады” – деп ойлау.


Әссаламуғалейкум, құрметті ағайын!

Алла қаласа, «Исламдағы тұлғалық даму» кітабына арналған алғашқы рухани кешті өткізуді жоспарлап отырмыз.

Рухани кештің ерекшелігі:
Жан дүниені байытар тағылымы мол сұқбат
Қадірлі қонақтардың жүрекжарды ой-пікірі
Тұлғалық даму мен рухани кемелдікке жетелер келелі кеңестер

Кешке офлайн қатысып, рухани күйді бірге кешуге немесе онлайн қашықтан қосылуға мүмкіндік бар.

Толық ақпарат алып, рухани кешке тіркелу үшін парақшадағы сілтемеге өтіңіз! https://islamtulga.kz/
Немесе https://wa.me/message/GEHGYV5XAE3MJ1 WhatsApp.

Ізгі ортада жүздесуді жазсын!
Алла Тағала әр қадамымызды берекелі етсін!


Айша анамыз (р.а.) былай деген:

«Алланың елшісі ‎ﷺ қысқа да нұсқа болған мағыналы дұғаларды ұнататын. Артық сөзден бойын аулақ ұстайтын».

(Әбу Дәуд)

Оның бір мысалы: “Аллаһумма иғфир лии, уәрхамни, уә ғәәфини, уәрзуқни”.

Аллаһым мені кешір, мені мейіріміңе бөле, маған амандық бер және мені ризықтандыр.

Төрт қана нәрсе барлық дүниелік те, ақыреттік те қажеттіліктерді қамтып тұр.


Адамдардан әрдайым тек жақсылық ізде. Ал жамандығын өздері-ақ көрсете бастайды.

©️Әл-Ғәнзи


Forward from: Дастан Құрманбаев
Ең үлкен ризық — өзіңе берілген ризыққа риза болу.

@452e


Жақсылық қылу – жүзіңді жарық, жүрегіңді нұрлы, ризығыңды кең қылады.

©️Абдулла ибн Аббас (радиаллаһу анһу)


Тақуалық — нәпсіні сезінбеу емес, оны тізгіндеу.

Тақуа адамда шәһуат жоқ деген сөз емес.

Орамал таққан қыз сән мен әсемдіктен бейхабар деген сөз емес.

Садақа беруші дүниені сүймейді деген сөз емес.

Тәһажжудке тұрған адам ұйқыны жақсы көрмейді деген де сөз емес.

Олардың да нәпсі қалаулары бар. Алайда олар нәпсінің қалауынан рухтың қалауына басымдық бергендер.

“Таң атқанда📚”


Бақыттың кілті үш нәрседе:

1. Берсе, шүкір қыл!
2. Сынаса, сабыр қыл!
3. Күнә қылсаң, истиғфар қыл!

— Хассан Бәшә


Қайдан білесің?!

Кейде жай ғана тыныш отырған сәтіңнің өзінде сауап жазылып жатқан болар.

Мүмкін біреу дәл қазір сен үшін дұға етіп жатқан шығар.

Мүмкін баяғыда берген бір садақаңның сауабы әлі де жазылып жатқан болар.

Бәлкім бір кезде біреуге айтқан жылы сөзің, әлі де оның жүрегін жылытып жүрген шығар.

Жақсылықтарыңды сен ұмытсаң да, Алла ешқашан ұмытпайды.

“Таң атқанда” кітабынан
— Хассан Бәшә


«Ғаққ» – ата-анаға қарсы келетін тілазар перзент.

Ибн әл-Мүбәрак айтпақшы:

«Егер ата-анаң саған жұмсақ сөйлеп, саған ұнау үшін әр сөзін өлшеп-екшеп айтып, көңіліңе қарап, ашуландырып алмауды ойлап отырса – өзіңнің “ғаққ” екеніңді біле бер».

Сен олардың баласысың ба, әлде патшасысың ба?

Олар сенен қорқып, көңіліңе қарауы – бұл сенің “ғаққ” болғаныңның белгісі. Азабы осы дүниеде-ақ тез берілетін екі адамның бірі – осы “Ғаққ” болған адам.

Өзіңді түзе. Ата-анаң сенімен емес, сен олармен көркем мәміле құруың керек еді.

24k 0 361 1.8k

Ата-анаға ізгілік қылу – олардан өзіңді бір саты төмен түсіріп жүру. Қашан өзіңді бір саты жоғары ұстадың, сол кезде құрыдым дей бер.

Қаншалықты білімді болсаң да, олардан надан секілді түр жаса.

Қаншалықты бай болсаң да, олардан кедей секілді мәміле құр.

©️Шейх Әдһәм әл-Ғасими

22k 1 307 1.5k

Ибн әл-Мункадир (рахимаһулла) былай дейді:

«Дүниеде үш қана ләззат қалды: түнгі құлшылық, жамағат намазы және бауырлармен жүздесу».


Еш уайымсыз ұйықтау – көпшілікке берілмеген ұлы нығмет.

Аллаға шүкір ет.
Нығметті тұрақты қылады. Нығметті арттыра береді.


Рухтың шынайы ләззат алатын үш сәті бар:

1. Суық таңғы уақытта серуендеп, зікір айтып, жүрегіңді тыныштыққа бөлеу;

2. Ұзақ уақыт іздеген, сирек кездесетін кітапты тауып, оның бетін ашқан сәтте сезінетін қуаныш;

3. Және жаныңа жақын, сүйікті адаммен жүрек жарды әңгіме өрбіту.

©️Шейх Юсуф Хаттар


Ризықтың ең ұлы әрі ең жасырын кілті – оны уайымдамау.

#тәуекел


Көп адамға беріле бермейтін ризықтың үлкен бір түрі – әдеп пен көркем мінез.

©️Шейх Әдһәм әл-Ғасими


Ризық кілттері:

https://wa.me/77073240722

Исламдағы тұлғалық даму:

https://islamtulga.kz/


Ибраһим сүресі 42-аят.


Кей залымдардың адам сенгісіз зұлым әрекеттерін көргенде, Алла тозақ отын не үшін жаратқанын түсіне бастайды екенсің…

#🇵🇸


Forward from: Дастан Құрманбаев
Рухани сапар. Исламдағы тұлғалық даму ✈️

20 last posts shown.