🏦 Қаржылық мониторинг агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті жалған төлем және есеп айырысу құжаттары қолданылған 55 автокөлікті заңсыз тіркеу фактісі бойынша қылмыстық істі аяқтады
Бұған дейін тергеу барысында осы схеманың ұйымдастырушысы анықталған. 2020 жылдың желтоқсанынан 2022 жылдың қаңтарына дейінгі кезеңде шетелден әкелінген автокөліктерді бастапқы тіркеу схемасын топ болып ұйымдастырғаны белгілі болды.
Бұл әрекеттер міндетті төлемдер мен салықтардың төленбеуіне және жалған құжаттарды пайдалануға әкеліп, мемлекетке 400 миллион теңгеден астам шығын келтірілген.
🔴 Екі кінәлі тұлға қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Сот шешімімен сотталғандар 2,5 жылдан 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасына кесілді.
Қаржылық мониторинг агенттігі экономикалық қылмыстарға қарсы белсенді жұмысын жалғастырып, салықтар мен төлемдерден жалтаруға бағытталған құқық бұзушылықтарға қарсы күресуде және азаматтарды құқық бұзушылықтар туралы хабарлауға шақырады.
❗️Егер сіз экономикалық құқық бұзушылықтар фактілері жайлы білсеңіз, "АФМ Insider" телеграм ботына хабарлауыңызды сұраймыз.
Анонимділікке кепілдік беріледі.
📞 Call-center: 1458
_______________
@afm_rk
📱 Facebook | 📱 Instagram | 📱 TikTok

Сонымен қатар, соттың шешімімен сотталғандардың мүлкі — Астана және Кокшетау қалаларындағы жалпы құны 90,5 миллион теңгеден астам пәтерлер мен Кокшетау қаласындағы құны 35 миллион теңге болатын үй тәркіленді.