Қадыр Мырза Әлі«Туған жердің тылсым сырын ұғып көр»Туған жердің тылсым сырын ұғып көр:
Бұлтын оның бұлт демей бір түбіт дер.
Қарап тұрып мынау шырқау шыңдарға,
Қалай төмен боламыз, ей, жігіттер!
Туған жердің тылсым сырын ұғып көр:
Тұма-бұлақ дариядан үміткер.
Қарап тұрып мынау түпсіз теңізге,
Қалай тайыз боламыз, ей, жігіттер!
Туған жердің тылсым сырын ұғып көр:
Теңіз кешіп, шың басына шығыпты ер.
Көре тұра мынау ұлы даланы,
Қалай кіші боламыз, ей, жігіттер!
@aitqynkeldineni ✍🏼