aitqyń keldi neni?


Channel's geo and language: Kazakhstan, Kazakh
Category: Music


Әзірбайжан Мәмбетов атындағы мемлекеттік драма және комедия театры актёры. (Астана қ.)

Related channels  |  Similar channels

Channel's geo and language
Kazakhstan, Kazakh
Category
Music
Statistics
Posts filter


Астанаға жеттім. Шаруа бастан асып тұр♻️


Табылды Досымов

Биіктік🏔️


Атырауға жол жүріп барамыз,
кітап оқыдым, фильмдер қарадым, жаздым. 🙌🏼


Алып-қосарыңыз болса, пікір алаңы ашық. Мархабат! 👀


2025-ті нақты жоспарлау үшін қарапайым тәсілдер:

- Жылдық мақсатыңды анықта. Мен 2025 жылдың соңында қандай нәтижеге жеткім келеді?

- Үлкен мақсатты кішкентай қадамдарға бөл. Үлкен мақсат қорқынышты көрінеді, сондықтан оларды аптаға, болмаса айларға бөлу керек.

- 80/20 ережесі.
Уақытыңның 20%-ын ғана ең тиімді әрекеттерге жұмса. Нәтижеге әсер етпейтін әрекеттерді қысқарт.

- Әр айды нақты жоспарла.
Бұл айда мен қандай нәтижеге жеткім келеді. Нақты қандай әрекеттер жасаймын. Уақытымды қалай тиімді пайдаланамын.

- Күнделікті үш басты тапсырма:
Күн сайын, "Бүгін қандай үш тапсырма мені, мақсатыма жақындатады?"
Таңертең ең маңыздысы. Түстен кейін екінші кезектегі істер.

- Прогресті бақыла.
"Бұл айда не істедім, нені жақсарту керек" деп талдау жаса. Айлық мақсат орындалса, демалыс ал.
Үлкен жетістікке жетсең, өзіңе сыйлық жаса.

@aitqynkeldineni ✍🏼


2024-ке қорытынды жасамай, 2025-ке жоспар құрма!

Өткен жылдың қалай өткенін түсінбей, алдағы жылға жоспар жазу - картасыз жолға шыққанмен бірдей.

- Жетістіктерді жаз!
"Ештеңе жасамадым" - деген ойды қояйық! Биылғы үлкен жетістіктеріңнен бастап, ең кішкентай, қуантқан сәттерге дейін жазып шық.

- Қателіктеріңнен сабақ ал.
Қай жерде сүріндің? Қай қателікті жасамас едің? Бірақ өзіңді қатты сынама, керісінше,
"Мен бұдан не үйрендім?" - деп сұрақ қой.

- Сандарды талда.
Мысалы:
Табыс қанша болды?
Қанша кітап оқыдың?
Қанша жаңа нәрсе үйрендің? сандар нақты баға беруге көмектеседі.

- Кемшіліктеріңді мойында.
Өзіңмен шынайы бол.
Қолың жетпеді ме? Уақытыңды босқа өткіздің бе? Бұл ұялу үшін емес, алдағы уақытта қателікті түзету үшін. Өзіңе алғыс айт.
Себебі сен, жыл бойы еңбек еттің, тырыстың, дамыдың.

@aitqynkeldineni ✍🏼


Жылдың басы болған соң ба, әлде ес кірейін деді ме, өзімді сәл түсінбей жүрмін.
Жоспарсыз жүретін мен, осы жылы жоспарлар құрып, ойда жүрген шаруаларды реттейін деп, әртүрлі техникаларды оқып, солармен әрекет етемін деп шештім. Жыл мен үшін, шүкір, жақсы басталды. 🫦

Өзімше, осы ереже/техникаларды қолданамын деп түртіп қойғандарыммен бөлісейін, сізге де пайдасы тиер. 🙌🏼




Құрығанда басыма бөрік берші,
Қуанғанда аспанға лақтырайын.

Ершат Қайболдин

@aitqynkeldineni ✍🏼


Video is unavailable for watching
Show in Telegram
Шалбар толы бақытқа💕




Менің алғым келетін пластинкалар


Кез-келген қазақ кемінде екі ақыл айтады.
Соның бірін өзі істесе, адам боп кетер еді...

(с) Ғабит Мүсірепов

@aitqynkeldineni ✍🏼


Отбасы Банктен депозит аш, біздің елде жарты ғұмыр, үй-машина алуға кетеді. Қанша теңге жинағаның маңызды емес, бастысы тұрақтылық.

Тіл үйрен. Бір тіл білсең бір адамсың, екі тіл білсең екі адамсың деген сөз бекер айтылмаған. Көп тіл білу көп мүмкіндіктер ашады.

Ақша табатын каналдарды көбейт. Кәсіп болса да, навык болса да. Мақсат асып-тасыған бай болу емес, тек өзіңді жан-жақты сынап көру.

"Сам себе визажист", "Сам себе стилист", "Кулинария", “Сам себе бухгалтер” - сияқты курстарды оқы. Пайдасын береді.

@aitqynkeldineni ✍🏼






Мұхтар Мағауин келместің кемесіне мініп кетті, иманды болсын!


Осы каналдағы материалдарды өзінің каналына өзі жазғандай салып жүрген бір адам бар екен.

Не істейміз?




«🎧» міндетті түрде

@aitqynkeldineni 🎶

20 last posts shown.