Posts filter




Намазға оянған 2 айлық сәби:

Бірде бір кісі қонаққа барады. Үйге кіріп, амандық-саулық сұрасқан соң отырып шәй ішіп, әңгіме айтып, шер тарқатады. Сонымен не керек, таң намазының уақыты кіріп, азан оқылды. Бір қараса, үйдің егесі 2 айлық баласын жәймен түртіп оятып жатыр екен. Сонда қонақ:
— кіп-кішкентай сәбиді неге оятып жатырсың, тәтті ұйқысын бұзбай-ақ қоймадың ба, ұйықтай бергенде болар еді ғой дей бергенде, үй иесі әлгі кісіге қарап тұрып:
— “қазірден бастап таң намазының уақытында оянуды үйрене берсін, ертең үлкейгенде намазға тұруға қиналмасын” ,-деген екен…


“Сен — мен болсаң ғой”
Мұншалықты сүюдің қандай екенін сезіне алу үшін.

“Мен — сен болсам ғой”
Мұншалықты сүйілудің қандай екенін сезіне алу үшін.




Жүрегіңді тынышталдырт,
бұл бар болғаны дүние емес па?!




Хиджаб — барлығына жараса береді, бірақ ең маңызыдысы:
сіздің — хиджабқа жарасып тұруыңыз.


❌Сен маған ұнайсың.

✅Сірә, Тәңір сен менің жүрегімді дір еткізіп, тірі екенімді есіме салу үшін жаратқан секілді, әйтпесе неге сені көрген әр минутта жүрегім аузымнан шығып кетердей боп атқақтап кетеді?


Алла үшін сүйген, сүйгенінен бас тартпайды.
Өйткені, сүюдің себебі өте үлкен.




— ауырып қалдың ба не?
— иә, ауырып қалдым.
— неге?
— ы’ы’ы’ыыы…


Адамдар қызық, очкиді шеше алмай жүрсек, 0-ка очки киіііп жүреді ғой өзін қинап. Или оларға солай комфортно шығар бәлкім…


Бірде күйеуі үйіне кешке келгенде қоңырауды басады, сонда әйелі:

— кілтіңіз бар емес па, неге бастыңыз дегенде күйеуі әйеліне қарап тұрып:

— сенің “үйде бар екеніңді білу” ,- мен үшін қандай қуаныш сыйлайтынын қалай түсіндіремін саған?

“Сен ешқашан өз-өзіңе есік ашып көрмедің ғой, 🤍” ,— деген екеееен.


Кейбір адамдар ем болады жаралы жүректерге. Сондай дауыстар бар, естігенде бүкіл қайғы-мұңды ұмытасың. Кейбір адамдар өміріңе мән береді. Бір ғана жымиғаны бүкіл жан-тәніңе қуат береді. Алла осындай жандардан айырмасын.


🗣️Жұрт не дейді?

Бұл дүниедегі ең арзан сөз.
Сізді сөз қылған арзан адамдарға қымбат өміріңізді құртпаңыз.

— Өйткені олар:
сізде бар болса, көре алмайды.
жоқ болса, бере алмайды.


Алтын болсам, құнымды бәрі біледі. Мен қарапайым темір болайын, құнымды тек түсінгендер білсін.


🌸 жақсы көру мен ұнату:

— егер сіз бір гүлді ұнатып қалсаңыз, оны тамырымен жұлып аласыз.

— егер бір гүлді жақсы көретін болсаңыз, күнде уақытылы су құясыз.


Forward from: soulbirdua
Шөл далада су іздеген адамдай Раббымды іздеп жүрмін…

Тыңда мені Аллаһым, ешкім мені тыңдар емес.

Тыңда мені Аллаһым, ешкім мені түсінбей жатыр.

Тыңда мені Аллаһым, ешкім менің жаралы жүрегімнің емі бола алар емес.


Махаббатынан бас тартпаған адам соңында міндетті түрде сүйіктісіне қауышады.

баршамызға Раббымызды көру
нығметі нәсіп болсын.


Кейде шынымен-ақ Алладан басқа ешкімің жоқ екенін түсінеді екенсің.

20 last posts shown.