Posts filter


❌Сен маған ұнайсың.

✅Сірә, Тәңір сен менің жүрегімді дір еткізіп, тірі екенімді есіме салу үшін жаратқан секілді, әйтпесе неге сені көрген әр минутта жүрегім аузымнан шығып кетердей боп атқақтап кетеді?


Алла үшін сүйген, сүйгенінен бас тартпайды.
Өйткені, сүюдің себебі өте үлкен.




— ауырып қалдың ба не?
— иә, ауырып қалдым.
— неге?
— ы’ы’ы’ыыы…


Адамдар қызық, очкиді шеше алмай жүрсек, 0-ка очки киіііп жүреді ғой өзін қинап. Или оларға солай комфортно шығар бәлкім…


Бірде күйеуі үйіне кешке келгенде қоңырауды басады, сонда әйелі:

— кілтіңіз бар емес па, неге бастыңыз дегенде күйеуі әйеліне қарап тұрып:

— сенің “үйде бар екеніңді білу” ,- мен үшін қандай қуаныш сыйлайтынын қалай түсіндіремін саған?

“Сен ешқашан өз-өзіңе есік ашып көрмедің ғой, 🤍” ,— деген екеееен.


Кейбір адамдар ем болады жаралы жүректерге. Сондай дауыстар бар, естігенде бүкіл қайғы-мұңды ұмытасың. Кейбір адамдар өміріңе мән береді. Бір ғана жымиғаны бүкіл жан-тәніңе қуат береді. Алла осындай жандардан айырмасын.


🗣️Жұрт не дейді?

Бұл дүниедегі ең арзан сөз.
Сізді сөз қылған арзан адамдарға қымбат өміріңізді құртпаңыз.

— Өйткені олар:
сізде бар болса, көре алмайды.
жоқ болса, бере алмайды.


Алтын болсам, құнымды бәрі біледі. Мен қарапайым темір болайын, құнымды тек түсінгендер білсін.


🌸 жақсы көру мен ұнату:

— егер сіз бір гүлді ұнатып қалсаңыз, оны тамырымен жұлып аласыз.

— егер бір гүлді жақсы көретін болсаңыз, күнде уақытылы су құясыз.


Forward from: soulbirdua
Шөл далада су іздеген адамдай Раббымды іздеп жүрмін…

Тыңда мені Аллаһым, ешкім мені тыңдар емес.

Тыңда мені Аллаһым, ешкім мені түсінбей жатыр.

Тыңда мені Аллаһым, ешкім менің жаралы жүрегімнің емі бола алар емес.


Махаббатынан бас тартпаған адам соңында міндетті түрде сүйіктісіне қауышады.

баршамызға Раббымызды көру
нығметі нәсіп болсын.


Кейде шынымен-ақ Алладан басқа ешкімің жоқ екенін түсінеді екенсің.


Махаббат деген қандайды,
Қарасаң көзің талмайды.


Қызық, иә…
Қаншама жылдар өтіп, тіпті сенің бар екеніңнен хабары жоқ бір адамға, бүкіл өміріңді айтып бергің келеді :)


Бүгін Миғраж түні, 🌙
(яғни қаңтардың 26-ынан 27-іне қараған түн)

Миғраж түнінде Пайғамбарымыз ﷺ Меккедегі әл-Харам мешітінен Құдыстағы әл-Ақса мешітіне бір сәтте исра жасады(арабтарда түнгі сапар “исра” деп аталады). Одан миғражға (“миғраж”-көтерілу) жеті қат көкке көтеріліп, дүниеден өткен барлық пайғамбарлармен кездесті, үнемі құлшылықта жүретін періштелермен жолықты. Құдіретті Жаратушымыздың түрлі белгі – аяттарын көріп, Онымен тілдесті. Бес уақыт намаз осы түнде парыз етілді.

Бұл түнді қалай өткізуге болады?

— ораза ұстау.
— қаза намаздарын өтеу.
— тәубе ету.
— көп дұға ету.
— салауат айту.
— тасбих тарту.
— Құран оқу.
— садақа беру.
— нәпіл намаздар оқу.(тасбих намазы)
— өзімізді Рамазанға дайындау.


Ең бастысы өзіңізді есепке алып, терең ойланып, Алланың нығметін сезінуге керемет мүмкіндік. Алла менен не қалайды, Аллаға лайықты түрде құл болып жүрмін ба, әмірлерін орындап жатырмын ба деген сияқты сұрақтар төңірегінде ой жүгіртуге болады.

Тек бүгін емес, әрдайым Алланы зікір етіп, Оның разылығын іздеген құлдарынан болуды нәсіп етсін, 🤲


Адамдардың сылтау іздеуі — махаббаты жетпегендіктен…




Сіздер үшін Аллаға дұға ететін адамдарды жоғалтып алмаңыздар.


Ахлағы әдемі қыздың,
өзі де әдемі болады.

20 last posts shown.