Forward from: كفى بالموت واعظا
Рамазан мектебі бүгін басталады ағайын!!!
Бүгін кешке әр балиғатқа толған мұсылман үшін бір айлық оқу басталады. Бұл оқуда бір ғана дәріс болмайды, бәлкім бірнеше дәріс аламыз. Ораза дәрісі, Құран оқу дәрісі, тарауих дәрісі, сәресі, ауыз ашар дәрісі, жақсылық жасау дәрісі, пітір садақасы дәрісі және иғтикаф дәрісі...
Әр дәрістен алатын сабақтарымыз, үйренетін нәрселеріміз бар.
- Ораза дәрісімен нәпсімізді тәрбиелеуді үйренеміз. Алла қаласа адал болған нәрселерді де тәрк ете алатынымызды нәпсімізге көрсетеміз. Осылайша "адал нәрсені тәрк ете алсам не үшін арамды да тәрк ете алмаймын?" деп барлық арам, күнә істерден ұзақ тұруды үйренеміз.
- Құран дәрісімен Рамазан айына берілген қасиетті жүрегімізбен сезінеміз. Тек тілімізбен оқып қоймай ақылымызбен түсініп, жүрегімізбен сезініп, дене мүшелерізбен амалға асыруға тырысамыз. Өйткені, Ол Құран сондай қасиетті нәрсе түскен түні мың айданда хайырлы, түсірілген кісі де әлемдерге рахмет, түскен өлке өлкелердің қасиеттісі, түскен айы айлардың сұлтаны. Уақыт пен мекенге қасиет берген Құранға кім ие шығатын болса бұл кітап оғанда қасиет, құндылық береді.
- Тарауих дәрісімен әр ақшам мұсылман бауырларымызбен кездесіп денелеріміз және рухтарымызбен Алланың берген нығметтеріне тоямыз. "Тез бітсе де кетсек" деген оймен күтпейміз, қорытып, сезініп оқуға тырысамыз. Тез оқытатын имам, мешіттерді емес асықпай сүннетке сай және Құран қатыммен оқылатын жерді таңдаудыүйренеміз.
- Сәресі дәрісімен түнде Раббымыздың әміріне бағынып сәресіге тұруды үйренеміз. Бәлкім, бір ай бойы үйренетін бұл дәріс бізге Рамазан біткеннен кейін тахаджуд намазына тұруды үйретер!
- Ауыз ашар дәрісімен ысырапқа бармауды және Мұсылмандарға қарсы күресіп жатқан елдердің тауарларына байкот жасауды үйренеміз. Сонымен қатар тойып жеуден, аш көздік танытудан, қанағатсыздықтан және басқада жаман әдеттерімізден бойымызды тазартып орнына бөлісу, қанағат ету, аз жеу сияқты кемелдік сипаттарды бойымызға сіңіреміз. Ауыз ашар дастарқанымызды нағыз мұқтаж жандарға жайып олармен сұқпаттасып көңілін алатын жылы сөздерімізбен қуанышқа бөлеуді үйренеміз.
- Жақсылық дәрісімен біз нағыз Мұсылмандық сипатқа қол жеткізуді үйренеміз. Кедей-кепшік, мұқтаж жандарға жақсылық жасау арқылы Алланың бізге берген мүмкіндіктеріне шүкіршілігімізді білдіреміз.
- Пітір садақа дәрісі бізге жомарттықты, бөлісуді үйретеді. Зекет, пітір және басқа да садақаларымызды берерде дүние-мүлкіміздің ең қымбатынан, бағалысынан және сапалысынан беру керектігін үйренеміз. Қандайда бір мұқтаж жанға немесе садақа жәшігіне ақша берерде/саларда тиын тебеннен емес бәлкім ең үлкен ақшадан берудің артықшылығын ұғынамыз. Өйткені берген садақамыз негізінде өзіміздің ақыретіміз үшін инвестиция екенін білеміз.
- Иғтикаф дәрісімен біз, Алланың разылығы үшін мешіттерімізде Пайғамбарымыздың (Оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) хира үңгіріне кіргендей қылуетке кіруді үйренеміз. Яғни, бүкіл дүниелік сөз, істерден бойымызды аулақ ұстап бүкіл күш-жігерімізді, ойымызды, ыждахатымызды Алланы зікір етуге, таспих тартуға, Құран оқуға, түнгі намазды оқуға және қадір түніне сайкес келуге арнауды үйренеміз.
Рамазан айы бойы Палестинадағы және басқа да жерлерде зұлымдық көріп жатқан мұсылмандар үшін дұғада болайық ағайын!
Алла тағала бұл Рамазан айын біз үшін және барша мұсылмандар үшін құтты әрі берекетті етсін. Оразамызды, тарауих намаздарымызды, пітір садақаларымызды және басқа да құлшылық ғибадаттарымызды қабыл етсін. Әмин!
Ұстаздың парақшасынан