amanat_umra_hajj


Channel's geo and language: Kazakhstan, Kazakh
Category: Travel


15 жылда 60000нан астам қажыларға қызмет көрсеткен ең сенімді Туроператор
Банксыз, халал бөліп төлеу қарастырылған!
Байланыс үшін:
insta: instagram.com/amanat_umra_hajj/
youtube: youtube.com/@amanat_umra_hajj
whatsapp: wa.me/77056797125

Related channels  |  Similar channels

Channel's geo and language
Kazakhstan, Kazakh
Category
Travel
Statistics
Posts filter


Video is unavailable for watching
Show in Telegram












Video is unavailable for watching
Show in Telegram








Video is unavailable for watching
Show in Telegram


Video is unavailable for watching
Show in Telegram


Паломничество в Мекку — это великое путешествие души, когда каждый шаг приближает к Аллаху. В священном городе оживает вера, раскрываются сердца, и ощущается невыразимое единство с миллионами братьев и сестер. Здесь каждый обретает духовное обновление, глубокий покой и незабываемое чувство близости к Творцу.


Video is unavailable for watching
Show in Telegram


Video is unavailable for watching
Show in Telegram


Video is unavailable for watching
Show in Telegram
❤️❤️❤️


Меккедегі Әл-Харам мешітінен 1000 метр қашықтықта орналасқан Аманат компаниясының жаңа Courtyard by Marriott қонақ үйі сән-салтанат, жайлылық және қаланың қасиетті атмосферасының бірегей үйлесімін білдіреді. Бұл қонақүй Әл-Харам мешітінің және Меккенің қасиетті жерлерінің керемет көріністерін ұсынады.

🔴Қонақ үй қонақтары кең және талғампаздылықпен безендірілген бөлмелерден бастап жергілікті дәмді тағамдар мен әр халықтың тағамдарын ұсынатын эксклюзивті мейрамханалардың қызмет көрсетудің ең жоғары деңгейін пайдалана алады.
🔴Қонақ үйінде сонымен қатар спорт залы қарастырылған, оны қажылықтан кейін күш пен үйлесімділікті қалпына келтіру үшін тамаша орынға айналдырады.
🚌Қонақтардың ыңғайлылығы үшін мешітке жылдам әрі ыңғайлы тасымалдауды қамтамасыз ететін тегін автобустар тұрақты түрде жұмыс істейді.

Меккедегі «Courtyard by Marriott *» қонақ үйі жай ғана тұруға арналған орын емес, ол өз қонақтарының жүрегінде мәңгілік әсер қалдыратын тыныштық, руханият пен талғампаздылықтың сән-салтанат көрінісі.


Video is unavailable for watching
Show in Telegram
Новый отель Courtyard by Marriott от компании "Аманат" находится в 1000 метрах от Мечети Аль - Харам в Мекке представляет собой уникальное сочетание роскоши, комфорта и священной атмосферы города. Этот отель открывает потрясающие виды на мечеть Аль-Харам и святыни Мекки.

🔴Гости отеля смогут насладиться высочайшим уровнем сервиса, начиная от просторных и элегантно оформленных номеров и заканчивая эксклюзивными ресторанами, где подают как местные деликатесы, так и блюда международной кухни.
🔴В отеле также предусмотрен тренажерный зал, что делает его идеальным местом для восстановления сил и гармонии после паломничества.
🚌Для удобства гостей регулярно курсируют бесплатные автобусы, обеспечивающие быстрый и комфортный трансфер до мечети.

Отель "Courtyard by Marriott" от компании Аманат в Мекке – это не просто место для проживания, это воплощение спокойствия, духовности и утонченной роскоши, которое оставит неизгладимое впечатление в сердцах своих гостей.


Forward from: Beisenali Olzhas
Mubarak 30 kun x Beisenali Olzhas (2).pdf
1.1Mb
Сіздерге Рамазан айының құрметіне өзімнің "Мүбәрәк 30 күн" атты кітапшамды ұсынамын

Бұл кітапшада биылғы Рамазан айына сәйкестіріліп, әр күнге арнайы жазылған бір Құран аятымен оның кішігірім тәпсірін, бір хадис пен оның түсіндірмесін, бір сүннет амал мен бір фиқһ мәселесін және де күнделікті бір пайдалы тапсырма жазылған.

Кітапты тегін таратуға рұқсат

3.4k 0 43 12 48

Forward from: كفى بالموت واعظا
Рамазан мектебі бүгін басталады ағайын!!!

Бүгін кешке әр балиғатқа толған мұсылман үшін бір айлық оқу басталады. Бұл оқуда бір ғана дәріс болмайды, бәлкім бірнеше дәріс аламыз. Ораза дәрісі, Құран оқу дәрісі, тарауих дәрісі, сәресі, ауыз ашар дәрісі, жақсылық жасау дәрісі, пітір садақасы дәрісі және иғтикаф дәрісі...
Әр дәрістен алатын сабақтарымыз, үйренетін нәрселеріміз бар.

- Ораза дәрісімен нәпсімізді тәрбиелеуді үйренеміз. Алла қаласа адал болған нәрселерді де тәрк ете алатынымызды нәпсімізге көрсетеміз. Осылайша "адал нәрсені тәрк ете алсам не үшін арамды да тәрк ете алмаймын?" деп барлық арам, күнә істерден ұзақ тұруды үйренеміз.

- Құран дәрісімен Рамазан айына берілген қасиетті жүрегімізбен сезінеміз. Тек тілімізбен оқып қоймай ақылымызбен түсініп, жүрегімізбен сезініп, дене мүшелерізбен амалға асыруға тырысамыз. Өйткені, Ол Құран сондай қасиетті нәрсе түскен түні мың айданда хайырлы, түсірілген кісі де әлемдерге рахмет, түскен өлке өлкелердің қасиеттісі, түскен айы айлардың сұлтаны. Уақыт пен мекенге қасиет берген Құранға кім ие шығатын болса бұл кітап оғанда қасиет, құндылық береді.

- Тарауих дәрісімен әр ақшам мұсылман бауырларымызбен кездесіп денелеріміз және рухтарымызбен Алланың берген нығметтеріне тоямыз. "Тез бітсе де кетсек" деген оймен күтпейміз, қорытып, сезініп оқуға тырысамыз. Тез оқытатын имам, мешіттерді емес асықпай сүннетке сай және Құран қатыммен оқылатын жерді таңдаудыүйренеміз.
- Сәресі дәрісімен түнде Раббымыздың әміріне бағынып сәресіге тұруды үйренеміз. Бәлкім, бір ай бойы үйренетін бұл дәріс бізге Рамазан біткеннен кейін тахаджуд намазына тұруды үйретер!

- Ауыз ашар дәрісімен ысырапқа бармауды және Мұсылмандарға қарсы күресіп жатқан елдердің тауарларына байкот жасауды үйренеміз. Сонымен қатар тойып жеуден, аш көздік танытудан, қанағатсыздықтан және басқада жаман әдеттерімізден бойымызды тазартып орнына бөлісу, қанағат ету, аз жеу сияқты кемелдік сипаттарды бойымызға сіңіреміз. Ауыз ашар дастарқанымызды нағыз мұқтаж жандарға жайып олармен сұқпаттасып көңілін алатын жылы сөздерімізбен қуанышқа бөлеуді үйренеміз.
- Жақсылық дәрісімен біз нағыз Мұсылмандық сипатқа қол жеткізуді үйренеміз. Кедей-кепшік, мұқтаж жандарға жақсылық жасау арқылы Алланың бізге берген мүмкіндіктеріне шүкіршілігімізді білдіреміз.

- Пітір садақа дәрісі бізге жомарттықты, бөлісуді үйретеді. Зекет, пітір және басқа да садақаларымызды берерде дүние-мүлкіміздің ең қымбатынан, бағалысынан және сапалысынан беру керектігін үйренеміз. Қандайда бір мұқтаж жанға немесе садақа жәшігіне ақша берерде/саларда тиын тебеннен емес бәлкім ең үлкен ақшадан берудің артықшылығын ұғынамыз. Өйткені берген садақамыз негізінде өзіміздің ақыретіміз үшін инвестиция екенін білеміз.

- Иғтикаф дәрісімен біз, Алланың разылығы үшін мешіттерімізде Пайғамбарымыздың (Оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) хира үңгіріне кіргендей қылуетке кіруді үйренеміз. Яғни, бүкіл дүниелік сөз, істерден бойымызды аулақ ұстап бүкіл күш-жігерімізді, ойымызды, ыждахатымызды Алланы зікір етуге, таспих тартуға, Құран оқуға, түнгі намазды оқуға және қадір түніне сайкес келуге арнауды үйренеміз.

Рамазан айы бойы Палестинадағы және басқа да жерлерде зұлымдық көріп жатқан мұсылмандар үшін дұғада болайық ағайын!
Алла тағала бұл Рамазан айын біз үшін және барша мұсылмандар үшін құтты әрі берекетті етсін. Оразамызды, тарауих намаздарымызды, пітір садақаларымызды және басқа да құлшылық ғибадаттарымызды қабыл етсін. Әмин!

Ұстаздың парақшасынан

20 last posts shown.