Әшкере


Channel's geo and language: Kazakhstan, Kazakh


Ең маңызды жаңалық, фактчек, журналистік тексеру.
Байланыс: @DumanBykai
Ertenmedia.kz
Жарнама: +7 707 826 14 01

Related channels  |  Similar channels

Channel's geo and language
Kazakhstan, Kazakh
Statistics
Posts filter


💰 Тимур Құлыбаев мемлекетке 1 млрд доллар аударуға дайын - Bloomberg

Тимур Құлыбаев экс-президент Назарбаевтың билігі тұсында жинақталған байлыққа қатысты тергеу аясында мемлекетке шамамен 1 млрд доллар төлеуді көздеп отыр. Бұл туралы Blomberg-ке келіссөз жайын білетін, бірақ есімдерін атамауды сұраған екі дереккөз хабарлаған деп жазады Әшкере.

Егер мәміле жүзеге асса, Құлыбаев мемлекетке бірқатар қаржы төлемдері мен инвестициялар салуды қолға алмақ.

Бұл төлемдер оның кінәсін мойындау ретінде қабылданбайды деп атап өтті дереккөздер.


Құлыбаевтың өкілі тікелей түсініктеме беруден бас тартып, “үкіметпен арадағы мәселеге байланысты кез келген аударымды активтерді қайтару деп атау қате” екенін айтқан. Сондай-ақ ол бизнесменнің ел дамуына ұзақ жыл бойы үлес қоcқанын және алдағы уақта да үкіметпен өзара іс-қимылды жалғастыратынын мәлімдеді.

Бас прокуратура өкілдері келіссөздердің құпиялығын алға тартып, пікір білдіруден бас тартыпты. 2023 жылы қабылданған заңға сай Тәуелсіздік алғалы мемқұрылымдарда қызмет етіп немесе онымен байланысы болған адамдардың 100 млн доллардан асатын активтері қайта тексерілуде.

👨‍💻 Bloomberg Billionaires Index дерегі бойынша, 58 жастағы Тимур Құлыбаевтың байлығы 3,5 млрд долларға бағаланады.

"Келісімге келу 2022 жылғы дүрбелеңнен кейін билікті нығайтуға тырысқан президент Тоқаев үшін үлкен жетістік", - дейді АҚШ басылымы.

Дереккөздердің сөзіне қарағанда, Құлыбаев бұған дейін де 230 млн доллар төлеген, бұл сома болашақ келісім шеңберінде толық есепке алынуы мүмкін.

Бізді оқыңыз👇

📱 t.me/askerenews


⚡️ Құлыбаевтың маңызды активтері енді мемлекетке тиесілі

Атышулы Тимур Құлыбаевқа тиесілі деп саналатын «ТЭК-Казахстан» компаниясы мемлекет меншігіне 54 нысанды өткізді.

Ұсынылған ақпаратқа сәйкес, құрамына жанармай қоймалары, ғимараттар мен құрылыстар, сондай-ақ негізгі құрал-жабдық топтары кіретін мүлік енді мемлекетке тиесілі.

Сонымен бірге «Қорғас» халықаралық орталығындағы багаж терминалы мен жер учаскесі де қайтарылған.


Бұған дейін Активтерді қайтару жөніндегі комитет Тимур Құлыбаевпен соттасып жатқаны туралы ақпарат тараған еді. Күйеубаланың есімі елдегі ең ықпалды бизнес өкілдерінің бірі ретінде жиі аталады. Ол «Кипрос» пен «Joint Technologies» арқылы «ТЭК-Казахстан»-ды қадағалаған деп айтылады.

Қаржы есебіне сүйенсек, Құлыбаевтың Joint Resources холдингі 2023 жылдың қорытындысында 39,1 млрд теңге таза табыс тапқан. Холдингтің қарамағында жеті еншілес мекеме бар, олардың арасында «Кристалл Менеджмент» АҚ, «Kazakhstan’s mineral resource investment company» ЖШС, «Шұбаркөл Премиум» АҚ секілді кәсіпорындар және басқа да ұйымдар кездеседі.

Мемлекетке қайтарылған 54 нысанның нақты қандай мақсатта пайдаланылатыны әлі белгісіз. Құзырлы органдар бұл процестің жалғасатынын ескертуде.

Бізге тіркеліп алыңыз:

📱 t.me/askerenews


❗️Киевтің "қара тізіміне" кірген Дамилә Тасмағамбетова туралы не белгілі?

Қазақстан азаматы Дамилә Тасмағамбетова "Украина жаулары" тізіміне енгізілді. Бұған дейін бірқатар украиналық Telegram арналар Тасмағамбетоваға қатысты даулы ақпарат жариялаған болатын.

Ондағы дерекке сүйенсек, Тасмағамбетова қазіргі уақытта Мәскеуде тұрып, пропаганда жұмыстарымен белсенді айналысады. Ол «Томирис» продюсерлік орталығы мен «Караван Инфо» атты ақпарат агенттігін басқаратын көрінеді.

Украиналық тарап Тасмағамбетованың белсенділігін Ресейдің арнайы қызметімен (ФСБ және ГРУ) байланыстырып отыр.


Олардың айтуынша, Тасмағамбетова Украина мен Орта Азиядағы тұрақтылықты шайқалтуға бағытталған тапсырмаларды орындайды.

Бұған қоса, Қазақстанға жиі келіп, Алматыда «Караван Инфоның» филиалын ашқаны да атап өтіледі, бұл әрекет кейбір сарапшылардың пайымдауынша, оның үгіт-насихат жұмыстарын кеңейтуге талпынғанын білдіреді.

Бір мысал ретінде, ол жақында ресейлік мүддеге сай түсірілген «Буча: цена лжи» деректі фильмін көпшілікке таныстырған. Бұл фильм украиналық Буча қаласындағы қақтығыс оқиғаларын Ресейдің көзқарасымен көрсетуге тырысқан.

Егер украиналық дереккөздердің сөзі шындыққа жанасса, онда Тасмағамбетованың Қазақстандағы ақпараттық алаңға кірігуі қарапайым медиа жобадан гөрі әлдеқайда терең мақсаттарды көздеуі ықтимал.

Бізге тіркеліп алыңыз:

📱 t.me/askerenews


⚡️ Трамп ойынан айныды. Киевке қару-жарақ жеткізу қайта жанданды

Дональд Трамп әкімшілігі Украинаға қару-жарақ жеткізуді бір сәтке тоқтатып, кейін қайта жалғастырған.

Reuters агенттігі дереккөздерінің айтуынша, АҚШ-тан қару жіберу 1-2 ақпан күндері қайта жанданған.


Ақ үй бастапқыда Украинаға берілетін кез келген көмекті толық тоқтатуды ойластырған, алайда бұл шешімінен бас тартқан соң жеткізу жұмыстары жалғасқан.

Reuters дерегіне сай, Трамп әкімшілігінің ішінде Украинаға қаншалықты қолдау көрсету керектігі жөнінде ортақ ұстаным жоқ. Кейбір шенеуніктер АҚШ-тың қорларынан қару жіберуге қарсы болса, тағы бір бөлігі Киевке көмектің жалғасқанын құптайды.

Трамп қызметіне кіріскелі бері АҚШ Украинаға қосымша көмек пакетін жариялаған емес. Дегенмен, алдыңғы әкімшілік (Джо Байден кезіндегі) бекіткен жеткізілімдердің бір бөлігі бірнеше айға жетеді деп күтілген.

Бізге тіркеліп алыңыз:

📱 t.me/askerenews


🛫 Қазақмыс: Назарбаев? Біз оған самолет сыйлаған жоқпыз...

“Kazakhmys” корпорациясы экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевқа ұшақ сатып алды деген ақпаратты жоққа шығарды. Компанияның ресми мәлімдеуінше, Airbus ACJ TwoTwenty бизнес-джеті үшін 84 миллион доллар жұмсалған деген жаңалық шындыққа жанаспайды.

Корпорация өкілдері қандай да бір жеке тұлғаға арналған ұшақ сатып алмағанын айтады. Олардың сөзінше, әуе кемесі компанияның өндірістік қажеттіліктері үшін алынған

ал қоғамда таралған “Назарбаев үшін арнайы сатып алынды” деген пікір негізсіз әрі жұртты жаңылыстырады.


“Kazakhmys” өкілдері медиа мен әлеуметтік желі белсенділерін таратып жатқан ақпараттың дұрыстығын тексеруге және жалған мәліметке жол бермеуге шақырды. Компания мәлімдемесінде бұл оқиғаға қатысты кез келген айыптау мен алып-қашпа сөздің еш дәлелі жоқ екені атап өтілген.

Бізге тіркеліп алыңыз:

📱 t.me/askerenews


❗️ Алмас Кішкенбаев алдағы 15 күнді абақтыда өткізетін болды

Алматыдағы мамандандырылған ауданаралық сот танымал әнші Алмас Кішкенбаевқа қатысты істі қарап, оны 15 тәулікке қамау туралы шешім шығарды.

Сот мәліметінше, 40 жастағы Кішкенбаев 17 жасар жасөспірімге тиісті деп айыпталған.

Процес жабық режимде өтті. Ресми ақпаратқа сүйенсек, әнші мас болған және жәбірленушінің айтуынша, оған сыра ұсынған, кейіннен қорлайтын іс-әрекеттер жасап, тиісе бастаған.

Сот барысында Кішкенбаев сол күнгі оқиғаның мән-жайын мүлде ұмытып қалғанын алға тартқан.


Судья істі қарау кезінде әншінің әрекетіне кеңшілік жасамайтынын хабарлады. Керісінше, мас күйінде заң бұзу жауапкершілікті ауырлататын фактор саналады. Осы себепті Кішкенбаев 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынды. Шешім әлі заңды күшіне енген жоқ.

Бізге тіркеліп алыңыз:

📱 t.me/askerenews


❗️Reuters: Әзірбайжанның ұшағын орыстардың "Панцирь-С" зымыраны атып түсірген...

Ақтау маңында апатқа ұшыраған AZAL әуе компаниясының ұшағын ресейлік "Панцирь-С" зениттік-зымыран кешені атып түсірген. Бұл туралы Әзербайжан үкіметінің өкіліне сілтеме жасаған Reuters агенттігі хабарлады.

Қазақстанның Көлік министрлігі осы апатқа қатысты алдын ала тергеу есебін жариялап, ұшақ фюзеляжында көптеген тесіктер мен соққы іздерінің бар екені көрсетілген фотоларды ұсынған еді.

Әзербайжан тарапы бұдан бөлек сол күні Грозныйда "Ковер" жоспары енгізілгенін, бірақ диспетчер бұл туралы лайнер зақым алғаннан кейін ғана хабарлағанын мәлімдеді.

Алғашқы дерек бойынша, Баку – Грозный бағытындағы тұрақты рейс жасайтын ұшақ ұшуды бастар сәттен Грозныйға дейінгі аралықта техникалық тұрғыда жарамды болған. Екі қозғалтқыш та апат болғанға дейін ақаусыз істеген.

Ұшақ Ресей Федерациясының әуе кеңістігінде, соның ішінде Грозный әуежайы үстінде ұшқан кезде 🛰GPS сигналын жоғалтып алған.


Грозный маңында ауа райы қолайсыз болып, ұшақ екінші айналымға қонуға мүмкіндігі болмаған соң, капитан Бакуға кері қайтуды ұйғарған. Дәл сол кезде CVR (Cockpit Voice Recorder) мәліметтері екі сыртқы дыбысты тіркеген, олардың аралығы 24 секундты құрайды.

2024 жылғы 25 желтоқсанда Баку – Грозный бағытымен ұшқан Embraer E190 ұшағы Ақтау қаласына жақын жерде құлаған. Бортта 62 жолаушы мен 5 экипаж мүшесі болған, 38 адам қаза тауып, қалғандары аман қалған.

Апаттан кейін Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев ұшақты Грозный үстінде жерден атып түсірді деп мәлімдеп, экипаждың шұғыл қонуға сұраныс білдіргенін, алайда Ресей әуежайлары бортты қабылдамағанын айтты. Сөйтіп ұшақ Каспий теңізі арқылы Ақтауға бет алған.

Оқиғадан үш күн өткен соң Ресей президенті Владимир Путин Ильхам Әлиевке телефон шалып, «Ресей әуе кеңістігінде болған қайғылы оқиға үшін» кешірім сұрады. Ал Әлиев өз кезегінде Мәскеуді ресми түрде кінәсін мойындауға шақырды.

Бізге тіркеліп алыңыз:

📱 t.me/askerenews


⚡️ Ақтаудағы трагедия: Апат алдындағы ұшқыштардың диалогы жарияланды

Шамамен сағат 05:15-те ұшқыштар жердегі диспетчерлермен шұғыл байланысқа шығады. Әуелде олар "екі рет дүңк еткен қатты соққы сезілді, шамасы ұшаққа құстар соғылған болуы керек..." ойлап қалған. Артынша ең жақын маңдағы әуежайға қонуға рұқсат сұраған.

Сол екі ортада ұшақтың басқаруға "бағынбай" жатқанын, гидравликаның істен шыққанын да ескертіп үлгерген.


Экипаж ұшақты Минералды суларға (Ресейдегі қала) қондыруға оқталғанмен, ондағы ауа райы жайсыз болады. Махачқала мен Бакудегі жағдай да осыған ұқсас екені анықталады. Ақыры ауа райы жағынан да, әуеайлақ дайындығы жағынан да қолайлысы Ақтау болған соң, сонда бет бұрады.

Сәлден соң капитан жолаушылар кабинасындағы оттегінің таусылуға таяп қалғанын хабарлап, "бәлкім оттегі баллондарының бірі жарылған болар" деген ұйғарымға келеді. Салондағы адамдарға ауа жетпей, есінен тана бастағанын көргенде экипаждың өзі де қатты абыржыған.

⚠️ 06:02-де ұшқыштар "Mayday" дабылын қосып, дереу қонуға рұқсат сұрайды, әрі ұшақтың басқару тетіктері мүлдем істен шыққанын айтып үлгереді. Бұл "қара жәшікте" сақталған ұшқыштардың соңғы сөзі...

Осыдан кейін, 06:22 шамасында экипаж шассиді шығарып, қонуға дайындалуға кіріседі. 06:27-де ұшақ апатқа ұшырайды. Апаттан үш экипаж мүшесі мен 35 жолаушы опат болды.

Бұған дейін Әшкере Ақтаудағы апатқа сыртқы фактор әсер еткенін, ұшақтан шығу тегі белгісіз бөгде заттар табылғанын хабарлаған болатын.

Бізге тіркеліп алыңыз:

📱 t.me/askerenews


⚡️Ақтаудағы трагедия: тергеу жаңа деректерді анықтады

Көлік министрлігі Azerbaijan Airlines әуе компаниясының Ақтауда апатқа ұшыраған ұшағы бойынша алдын ала тергеу нәтижесін жариялады.

Тергеу Embraer ERJ 190-100 IGW ұшағының құйрық бөлігі, стабилизатор, сол жақ қозғалтқыш пен қанат, сондай-ақ гидрожүйе бөлігінде тұтастай тесілу сипатындағы (сквозной) зақымдану болғанын көрсетіп отыр.

Тергеушілер ұшақтың кейбір ішкі бөліктерінен металл сынықтары мен басқа да бөгде заттарды тауып, сараптамаға жіберген. Бөгде заттардың ішінде әртүрлі металдан жасалған бөлшектер бар екені анықталды. Әзірге олардың оқ немесе басқа да жарылғыш затқа қатысты болғаны туралы толық ақпарат жоқ.

Алдын ала қорытындыға сәйкес, ұшақтың аса маңызды жүйелері – тангажды басқару мен гидравлика осы ықтимал сыртқы соққы салдарынан істен шыққан.


Соның кесірінен экипаж әуе кемесін қалыпты басқара алмай, оқыс жағдайға тап болған деген болжам жасалды.

Ұшақтан алынған үлгілер қосымша зертханалық талдаудан өткізілуде. Дегенмен, қазіргі негізгі нұсқа – ұшаққа сыртқы әсер жасалғаны.

Тергеу барысы аяқталған соң, мамандар ұшақ апатының түпкі себебін анықтап, ресми шешімін жарияламақшы.

Әшкере ақпаратты толықтырып отырады.

📱 http://t.me/askerenews


🏦 Банктер мемлекеттен алған қаржылай көмекті қайтара бастады

Президент Тоқаев Қаржы нарығын реттеу агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымованы қабылдады.

Басты жаңалық: банктер мемлекеттің алдындағы берешегінен құтыла бастаған.


Агенттік дерегі бойынша, екінші деңгейлі банктер өкіметтен алған 400 млрд теңге көлеміндегі қаражатты кері қайтарыпты.

Сонымен қатар:

🔸Бизнеске берілген кредиттер 16,3%-ға өскен (13,1 трлн теңге), ал жаңа займдар көлемі 18,2 трлн теңгені құраған;

🔸614 мың азаматтың проблемалық қарызы қайта құрылымдалып немесе толық/жартылай кешірілген (жалпы 210 млрд теңге).

Бұған дейін Тоқаев бірқатар банктен мемлекеттен алған қаржылай көмекті тездетіп қайтаруды талап еткен.

Айтуынша, 2017-2020 жылдары Jusan банк, Еуразиялық банк, Халық банк, Нұр банк және БЦК сынды қаржы ұйымдарына 💰Ұлттық қордан 15 жылға қомақты сома берілген. Мәселен бір ғана БЦК банк Үкіметтен 60 млрд теңге қарыз алған.

Бізге тіркеліп алыңыз:

📱 t.me/askerenews


❗️Ақ үй USAID-тің "абсурдты" шығындарын жария етті

АҚШ әкімшілігі атышулы USAID-тың (Халықаралық даму жөніндегі агенттік) "абсурдты" жобаларға қыруар қаржы бөлгенін дәлелдейтін даулы құжатты жариялады.

"USAID ондаған жыл бойы салық төлеушілердің ақшасын төгіп-шашты. Біз оны дереу тоқтатамыз", – делінген Ақ үйдің мәлімдемесінде.

Ақ үй ұсынған ақпарат бойынша, USAID қаражаты түрлі елдерде "әрқилы" мақсатта пайдаланылған. Мәселен:

Вьетнамға электромобильдер сатып алуға $2,5 млн;

Колумбиядағы трансгендерлердің операсына $47 мың;

Перудегі "трансгендерлік комиксті" әзірлеуге $32 мың;

Гватемаладағы жыныс ауыстыру операциялары мен "ЛҒБТ белсенділігіне" $2 млн;

Сириядағы «Әл-Каидаға» қатысы бар содырларға жүздеген мың порция тамақ;

Ауғанстандағы көкнәр егістігін суару, тыңайтқыш сатып алу және құрал-жабдыққа жүздеген миллион доллар бөлінген.


Ақ үйдің айтуынша, бұл тізім толық емес.

"Under President Trump, the waste, fraud, and abuse ENDS NOW (Президент Трамптың тұсында салық төлеушінің ақшасыз орынсыз жұмсау бүгіннен бастап ТОҚТАЙДЫ),” – деп атап өтті АҚШ әкімшілігі.

Бізге тіркеліп алыңыз:

📱 t.me/askerenews


❗️ Қып-қызыл шығын! Amanat депутаты халыққа кока-кола ішпеуге, чипсі жемеуге кеңес берді...

Мәжіліс депутаты Елнұр Бейсенбаев халыққа қаражатты қалай үнемдеу керектігі туралы кеңес берді.

«Несие алмаңдар, iPhone 14, 15, 16-ға жоламаңдар. Сондай-ақ тауарды бөліп төлеу (рассрочка) жолымен алуға да әуес болмау қажет. Яғни, жарнаманың жетегінде кетудің қажеті жоқ. Жәрмеңкелерге барып, барынша үнемдеген дұрыс.

Қазіргі таңда "Аманат" партиясының бастамасымен "Қарызсыз қоғам" жобасы іске асуда, сол жерде толық түсіндіру жұмыстарын жүргізіп келеміз. Көптеген жас семья кешкі уақытта кино көруге немесе кітап оқуға чипсы, кока-кола секілді дүниелерді пайдаланғанды жөн көреді.

Біріншіден, бұл денсаулыққа зиян, екіншіден – артық шығын. Мұндай нәрселерге айына 150-200 мың теңге кетеді. Менің ойымша, халықты үнемшілдікке үйретудің қажеті жоқ, олар бізден жақсы біледі», – дейді депутат Бейсенбаев.

Айта кетсек, бұған дейін Тоқаев Үкіметтің үнемдеу режиміне көшіп, қаржыны тек қажетті салаларға бағыттауы керектігін айтқан.


«Ендігі жерде бізге белді буып, өз мүмкіндігімізге қарай өмір сүретін уақыт келді», – деген болатын Президент.

Бізге тіркеліп алыңыз:

📱 t.me/askerenews


⚡️ Пенсиядағы Назарбаев көл-көсір пайдаға кенелді

"Назарбаев қоры" қожалық ететін Ресейдегі "Азия-Тынық мұхит банкі" (АТБ) 2024 жылдың қорытындысы бойынша рекордтық табыс тапқан.

Ресей Орталық банкінің дерегіне сәйкес, қаржы институтының қалтаға түсетін таза кірісі 11,3 млрд рубльден асыпты. Бұл қазіргі айырбас бағамымен есептегенде шамамен 59,2 млрд теңге.

Назарбаевтың қарамағына өткен үш жыл ішінде банктің жалпы жиынтық табысы 19,88 млрд рубльден (103 млрд теңге) асып жығылған.

АТБ-ны экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевпен байланысты "Назарбаев фонды" 2021 жылы иемденген еді. Сол кезде Ресей Орталық банкі қаржы институтын бәссаудаға шығарған болатын.


Сатып алушы "Pioneer Capital Invest" компаниясының артында экс-президентке тікелей бағынышты құрылымдар тұр.

Бізге тіркеліп алыңыз:

📱 t.me/askerenews


❗️Бергей Рысқалиев Қазақстанға қайтудың амалын қарастырып жатыр

Мәжіліс депутаты Абзал Құспанның пікірінше Атырау облысының экс-әкімі Бергей Рысқалиев елге оралу опциясын қарастырып жатыр. Adal Adam арнасына сұхбат берген депутаттың айтуынша Атырауда Бергейдің беделі мықты.

"Рысқалиевтің айыбы бар ма? Осы сұрақты Атырау халқына қойсаңыз, 90 пайызы Бергейді жақтарына сенімдімін. Тіпті асып кетеді. Кезінде саяси негізбен қудаланған азамат. Өзім көрген материалдың шеңберінде ол кісіні қылмыскер деп санамаймын", — дейді Құспан.

Сондай-ақ, Рысқалиевтің Қазақстанға оралғысы келетіні белгілі болды.


"Оны 17 жылға соттау туралы үкім бар. Сол үкім бұзылмайынша келе алмайды. Келген бойда қамауға алынады. Сол үшін әуелі үкімді бұзу керек. Ол бағытта жұмыс істеп жатқан болар. Менің ойымша, (Қазақстанға) келгісі келеді. Өте қазақы тұлға, ауылдан шыққан", — дейді депутат.

2019 жылы Қазақстан соты Бергей Рысқалиевті 17 жылға, ағасы Арманжан Рысқалиевті 16 жылға сырттай соттаған.

Бізге тіркеліп алыңыз:

📱 t.me/askerenews


❗️ "Сіз әлі өкінесіз...". Трюдо Трампқа жауап қатты

Канада премьер-министрі Джастин Трюдо Ақ үйдің жаңа тарифтік саясатына байланысты АҚШ халқына үндеу жасады. Оның айтуынша, Трамп әкімшілігі енгізген баж салығы тек канадалықтарға ғана емес, Әміриканың өзіне де ауыр тиеді.

Трюдо автомобиль зауыттарының жабылу қаупін, азық-түлік пен жанармай бағасының қымбаттауын, никель, калий, уран, болат және алюминий сияқты маңызды шикізатқа қолжетімділіктің шектелуін мысалға келтірді.

Трамптың қазіргі қадамдары екі елдің арасына жік салғанын айтқан Трюдо канадалықтарды өз өнімдерін тұтынуға шақырды:

“Дүкен сөресінен Әміриканың тауарын көрсеңіз, теріс айналыңыз. Флориданың апельсин шырынын алғанша, канадалық ауылшаруашылық тауарларын қолдайық. Америкалық бурбонды отандық вискіге ауыстырайық. Жазғы демалысты Канадада өткізейік...”, - деді ол.


Трампқа жауап ретінде Трюдо жалпы құны 155 млрд доллар болатын америкалық тауарларға 25 пайыздық тариф енгізбек. Алғашқы қадамда 30 млрд долларлық тауарларға бірден баж салынады, үш аптадан кейін тағы 125 млрд долларлық өнім қамтылады.

Бізге тіркеліп алыңыз:

📱 t.me/askerenews


👨‍💼 Трамп әкімшілігі әлемдегі ең ірі донор – USAID-ті жабуға кірісті

Дональд Трамптың әкімшілігі Халықаралық даму агенттігіне (USAID) қарсы қатаң шаралар қабылдап жатыр деген ақпарат тарады. Агенттік әлемнің түкпір-түкпірінде гуманитарлық, азаматтық және әлеуметтік бағдарламаларға ондаған миллиард доллар бөлумен танымал.

Трамп пен мемшығындарды оңтайландыру департаментінің (DOGE) басшысы Илон Маск USAID қызметін "Американы жек көретін марксистер" басқаратын ұйым деп айыптады.

Reuters агенттігінің дерегіне сүйенсек, сенбі-жексенбі күндері DOGE қызметкерлері қауіпсіздік шараларына байланысты шектелген USAID кеңселеріне енуге талпынған.


Оларға құпия құжаттарға қол жеткізетін рұқсат берілмегендіктен, агенттіктің екі жоғары лауазымды қауіпсіздік қызметкері оларды тоқтатуға тырысқан. Алайда, дүйсенбіге қарай бұл екі маман да жұмыстан босатылып, 100-ден астам USAID қызметкері әкімшілік демалысқа жіберілді.

Кеше USAID.gov сайты жұмысын тоқтатты, ал Мемлекеттік департамент сайтында агенттікке тиесілі жаңа парақша пайда болды. Сондай-ақ әлеуметтік желідегі (Илон Маск иелігіндегі “X” платформасындағы) агенттік аккаунты жойылғаны хабарланды.

Соңғы 20 жылда USAID Қазақстанға шамамен 2 млрд доллар бөлуге атсалысты. Оның ішінде денсаулық сақтау саласына 86 млн доллардан астам қаржы құйылған.

Агенттіктің үздіксіз қаржыландыруы азаматтық қоғамды, тәуелсіз БАҚ пен әлеуметтік жобаларды қолдауға бағытталып келген.

Бізге тіркеліп алыңыз:

📱 t.me/askerenews


🇰🇿 Халықтың табысы аз. Кредит алуды тежей алмай жатырмыз - Сүлейменов

Қазақстандағы тұтынушылық несие беру ережелері одан сайын қатаңдауы мүмкін. Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменовтің айтуынша, тұтынушылық несиені шектеу шаралары күткендегідей нәтиже бермеген.

Ол 2023 жылы тұтынушылық несие беру қарқыны 35 пайызға өскенін, ал 2024 жылы бұл көрсеткіш 15–17 пайыз деңгейінде қалады деп болжам жасағанын жеткізді.

Алайда, жыл қорытындысында өсім 33,5 пайыз болып шығып, болжамнан жоғары болып шыққан.

Еске салсақ, 2024 жылдың алғашқы жартысында бірқатар қатаңдату шаралары қабылданған еді:

🔸Қарыз алушының борыш жүктемесі коэффициентін енгізу;
🔸Төлем мерзімін өткізіп алған жағдайда несие беруге тыйым салу;
🔸Несие рәсімдегенде ерлі-зайыптылардың келісімін алу секілді талаптар күшіне енді.

Сүлейменов тұтынушылық несиелердің қарқынды өсуі "халықтың тапқан табысының төмендігіне" байланысты екенін мойындады.


Оның сөзінше, бұған қоса, несие арқылы шетелден келетін ұзақ мерзімге пайдаланылатын тауарларды сатып алу теңгеге қосымша салмақ түсіреді.

«Сондықтан тұтынушылық кредиттеуде реттеу тетігін тағы да қатаңдату уақыты келді деп есептейміз», – деді Ұлттық банк төрағасы.

Бізге тіркеліп алыңыз:

📱 t.me/askerenews


❗️Қазақстанда өмір сүру қиындап барады

2025 жылдың қаңтар айында жылдық инфляция 8,9%-ды құрап, өткен желтоқсандағы 8,6%-дық межеден асып түскен. Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, баға барлық бағытта түгел өскен.

Тұрмыстық қызмет саласында ең көп қымбаттағаны – ұялы байланыс (16,8%), денсаулық сақтау (12%) және қоғамдық тамақтану (10,9%).

Теміржолмен сапарлау 18,6%-ға қымбаттаса, қалаішілік автобуспен жүру 10,5%-ға, ұшақ билеттері 7,2%-ға өскен.

Пәтер жалдау ақысы 15,3%-ға өскен. Киім-кешек 10,2 пайызға қымбаттаған.


Халықтың ең жанды жері азық-түлік бағасы да аспандап барады. Картоп бағасы 59,3%-ға дейін шарықтаса, пияз – 25,1%-ға, минералды және ауыз судың құны 16,7%-ға көтерілген.

Сарапшылар баға өсімі алдағы айда да жалғасуы мүмкін екенін ескертіп, шығындарды барынша жоспарлауға шақыруда.

Бізге тіркеліп алыңыз:

📱 t.me/askerenews


❗️ Испанияда Тимур Құлыбаевтың тағы бір иелігі табылды...

Тимур Құлыбаев Испанияның Таррагона провинциясында тағы бір қомақты жер учаскесіне иелік ететіні белгілі болды. Осы туралы ақпарат таратқан бірқатар телеграм арналардың мәліметіне сәйкес, поместьенің ауданы – 4,5 гектар, ал құны шамамен 10 миллион еуро (5,5 миллиард теңге).

Нысанның басты ерекшелігі – теңіз жағалауына тікелей шығатын жеке жолы бар негізгі вилла, оның аумағы 800 шаршы метрден асады. Жоғары бетон қоршаумен және тікенекті сыммен қоршалған резиденцияны бақылау үшін бірнеше бейнекамера орнатылған, күзет пен қызметкерлерге арналған бөлек коттедж қарастырылған.

Поместьені басқару Diada Investment & Real Estate SL компаниясы арқылы жүзеге асырылуда. Ол қазақстандық Verus Praedium International ЖШС-не тиесілі.

Ресми есепке сүйенсек, 2023 жылы Diada Испаниядағы екі бірдей активке 17 миллион еуро инвестиция салған, сонымен қатар 5 миллион еуроға (2,8 миллиард теңге) капиталын ұлғайтқан.

Бұл Құлыбаевтар әулетінің Испаниядағы жылжымайтын мүлік портфеліндегі жалғыз нысан емес.


Мәселен, Can Juncadella деп аталатын танымал виллада өткен жылдары жергілікті тұрғындармен сот дауы болғаны мәлім. Сол іс кезінде жағалау маңындағы қоғамдық соқпақтың жабылуы қызу талқыға түскен.

Тимур Құлыбаев тарапынан бұған қатысты әзірге ешқандай ресми түсініктеме берілген жоқ.

Бізге тіркеліп алыңыз:

📱 t.me/askerenews


❗️ Алмас Кішкенбаевтың ісі сотқа түсті. Не белгілі?

Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты танымал әнші Алмас Кішкенбаевқа қатысты істі өндіріске қабылдады.

Сот материалдарына сүйенсек, өнер иесіне Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 434-бабы 1-бөлігі (“Ұсақ бұзақылық”) бойынша айып тағылып отыр.

Алғашында істі 31 қаңтарда қарау жоспарланған. Алайда жәбірленуші тараптың (кәмелетке толмаған баланың әкесі мен заңды өкілі) уақыт сұрауына байланысты сот отырысы кейінге шегерілген екен. Жаңа отырыс бүгін, 3 ақпанға белгіленді.

Кішкенбаев не үшін айыпталып отыр?

Әкімшілік кодекстің 434-бабының 1-бөлігіне сәйкес, “қоғамдық орындарда былапыт сөйлеу, адамдарға тиісу және айналасындағыларды сыйламау, қоғамдық тәртіп пен жеке тұлғалардың тыныштығын бұзу” ұсақ бұзақылыққа жатады. Заң бойынша мұндай әрекет үшін 20 айлық есептік көрсеткіш (шамамен 78 640 теңге) көлемінде айыппұл немесе 5-15 тәулік аралығында қамауға алу жазасы қарастырылған.

Айыптаудың мәні неде?

Бұған дейін желіде Алмас Кішкенбаевты полицияға әкеткені туралы ақпарат тараған еді. Құзырлы органдардың мәлімдеуінше, оған қатысты “кәмелетке толмаған балаға тиісу” дерегі бойынша шағым түскен. Істің мән-жайын енді сот анықтайды.

Алмас Кішкенбаев – қазақстандық эстрада әншісі, 2000-жылдардың басында Superstar KZ жобасының тұңғыш маусымында (2004 жылы) жеңіске жетіп, танымалдылыққа ие болған.

Бізге тіркеліп алыңыз:

📱 t.me/askerenews

20 last posts shown.