Posts filter




Ал мынау 2024 жылғы Әлем экономикасының көрінісі. Еуропа мен АҚШ әлі де әлем экономикасының жартысына жуығын береді. Ал қарқынды дамушы елдер қатарынан тек Үндістан мен Индонезияны айтуға болады.

Әр қаржы ұйымының әртүрлі санау жүйесі болған себепті, мұнда Қытай экономикасы $19,5 трлн делінсе, АҚШ $30 трлн-нан асыпты. Қазақстан да графикте көрсетілген ($307 млрд).


Пандемиядан соң аяққа тұра алмай жүрген Қытайда үшінші жыл өсу қарқыны өте төмен. 2020 жылы АҚШ экономикасы $22 трлн, ал Қытай $18 трлн болып еді, қазір Қытай $18-19 трлн жетсе, АҚШ $27-30 трлн болды.

Осылайша, экономикалық кеңістікте Қытай АҚШ-қа жетпейді. Ол туралы да өткен жылы жазғаным болуы керек. Онымен қоса Қытай халық саны 2021 жылдан бастап азаюын бастады. Осылай кете берсе 2100 жылы АҚШ пен Қытай халық саны бірдей болады (-+450 млн).


Бірақ ол жерде Германия қатты өсіп кеткені үшін емес, керісінше, Жапония қатты құлап жатқаны көбірек рөл ойнады. Алайда, немістер бәрібір де мықты. Саны жапондардан 50%-ға аз болса да, пысықтығы сонша, еңбек өнімділігі бойынша жапондардан әлдеқайда алда болып тұр.

Бұл қарқынмен жақында Жапониядан Үндістан да, халқы 65 млн-дық Ұлыбритания мен Франция да өте бастайды.

Жапониядағы экономикалық және демографиялық жағдай жайлы мен өткен жылдың күзінде жазғаным бар еді.


Есімді танығалы әлемдегі ең ірі экономика АҚШ (жасым 80-ге келген адамдай жаздым ау), ал екінші орында Жапония болды (2008 жылы АҚШ $13-15 трлн, Жапония $5-6 трлн).

Ал 2010 жылы Қытай Жапониядан өтіп, әлемдегі екінші ірі экономикаға айналғанда барлық жаңалықтардан айтып еді. Ал өткен жылы Германия әлемнің үшінші экономикасы атанып, Жапония төртке түскені жайлы мен өткізіп алыппын. Таң қалатын несі бар бұл жерде?

1. Германия халқы 80 млн, Жапония халқы 125 млн. Алайда, немістер жапондардан көп тауарлар мен қызметтер шығаратын болды;
2. Германия пандемиядан кейін әлсіреген және 2022 жылдан бері экономикалық өсім жоқтың қасы.

Осылай жүріп Жапониядан өтіп кетті.


Қараша айындағы кейбір қарулы топтардың Сирияның екінші ірі қаласы Алеппоны тез арада басып алуы менде Сирияға деген ешқандай қызығушылық туғызған жоқ. 2011 жылдан бері не көрмеді Сирия? Химиялық қару қолдануын да, Алеппоны Ресей ұшақтары бомбылауы мен блокадасын да және т.б. көп.

Алайда, Башар Асадтың осыған дейінгі билікте болуының басты спонсорлары – Иран мен Ресейде көмек көрсетуге деген ресурс пен қалауы болмады.

Иран соңғы бір жылда Йемендегі хуситтер, Палестинадағы Хамас, Ливандағы Хезболла арқылы Израильмен соғысуда. Арасында тікелей де ракета атып жатты. Ал соңғы айларда Хезболла әлі бас көтермейтіндей жеңілді. Оның үстіне, Иранда президент сайлауында сырттағы соғыстарды қолдамайтын Пезешкиан жеңіске жетті.

Ресейде – Украина. Міне Башардың 13 жыл бойы соғысып, соңғы 2 аптада ешқандай төтеп бере алмауының да себебі.

Картада 6 желтоқсан күнгі жағдай еді, 8 желтоқсанда Башар Дамасктан Мәскеуге қашты.


Сол 2017-19 жылдардан бері Сирияда соғысушы бірнеше тарап болды. Әр тараптың өз мақсаты, мүддесі және қолдаушы елдері бар.

1. Сирия билігі – Ресей мен Иран қолдады. Ресейдің мақсаты жайлы жаздым. Ал Иран үшін көпшілік халқы сунниттік Исламды ұстанатын Сириядағы суннит емес президент болғаны жақсы еді. Өйткені билікке сунниттер келсе аймақтағы Иран ықпалы азайды деген сөз. Ал Асад как раз бейтаныс алавит ағымын ұстанатын мұсылман.

2. Қарулы оппозиция – Түркия қолдаған топтар. Басты мақсаты – билікті Асадтан алу және күрдтерге де қарсы тұру. Ал пәленбай жылдан бері күрдтермен күресіп келе жатқан Түркияға бұларды қолдау үшін тағы қандай себеп керек?

3. Күрдтердің қарулы топтары – Батыс елдері қолдауына ие топтар. АҚШ пен Еуропа елдері күрдтерді қолдаудағы басты мақсаты – олар Ислам Мемлекеті (ИГИЛ) террористтік тобына қарсы күрестегі ең эффективті күш болды және Сирияның да, Ирактың да біраз бөлігін азат екен дәл осы күрдтер еді.


Мен жалпы әрқашан көтеріліске шыққан халыққа көбірек симпатия танытамын. Сол себепті Сирияда да солар жеңіске жеткенін іштей қалаушы едім (ал былай білемін, олардың жеңісі де, жеңілісі де менің өміріме ешқалай әсер етпейді).

Алайда, сол 2017 жылдары мен Сирияда басшы болып әрқашан Башар Асад қалатындығын білдім. Ол да өз әкесі сияқты билікте қайтыс болғанша отыруы тиіс (Хафез Асад 29 жыл биледі, 2000 жылы қайтыс болғанша).

2023 жылы Араб елдері лигасы Асад бастаған Сирияны 2011 жылы шығарып жібергелі бері алғаш рет өз қатарына шақырды. Міне, Башар Асад билікте толыққанды қалғаны жайлы айтатын тағы не болуы мүмкін?


2017 жылы, Ресей әскерлері Сирияға кіргеннен 2 жыл өтіп, Путин өз жеңісін атап өту үшін Сириядағы Хмеймим әскери әуежайына келіп, Ресей “террористтерге қарсы күресте жеңіске жеткені” жайлы айтты. Сол уақытта Башар Асад Хмеймим әуежайы мен Тартус теңіз портын Ресейге 49 жылға әскери база ретінде қолдануға келісімін берді (2066 жылға дейін).

Жеңісінің айқын көрінісі ретінде Сирияның орталығындағы Рим Империясы кезінен (может одан алдыннан) қалған Пальмира қаласы орнында оркестрлік концерт берді. Тікелей эфирде оны Мәскеуден Путин де қарап отырды.


2015 жылға қарай Сирия басшысы Башар Асадқа Иран мен Ресейдің жай көмегі жетпей, соғыс алаңында жеңіле бастады. Сонда, қыркүйек айында Асад Путиннен Ресей әскерлерін Сирияға алып кіру жайында сұраған еді (осы бойынша әскери байланыс институтында дебатқа да қатысқан едім 1 курсымда).

Ресейдің көмек қолын созған себебі:
1. Украинадан Крымды алып қойған соң салынған санкциялардан кейін Ресей өзінің әлі де мықты екенін көрсетпек болды;
2. Таяу Шығыстағы Ираннан басқа жалғыз одақтас елді құтқарғысы келді;
3. Сириядағы КСРО кезінен қалған әскери теңіз базасын сақтап қалуды көздеді;
4. Жаңа әскери технологияларын іс жүзінде сынап көруге “живой полигон” керек болды (неге екенін 2022 жылы көрдік).


Жалпы қарасақ, Араб көктемі нәтижесінде азаматтық соғысқа енген Ливия, Сирия мен Йеменнен басқа елдердің барлығында көрсеткіш жақсарғанын байқаймыз.

Ливияда 2011 жылы көтерілісшілер қолынан елді 42 жыл басқарған Муаммар Каддафи* қайтыс болған соң азаматтық соғыс аяқталар емес. Йеменде елді 1994 жылдан бері басқарған Али Абдалла Салех* 2012 жылы биліктен қуылған соң азаматтық соғыс болып, билікке хуситтер келді. Оларға қарсы 2015 жылы Сауд Арабиясы бастаған араб елдері коалициясы да соғысып үлгерді. Әзірге билікті сақтап отыр.

Ал 2011 жылдан бері орнынан кетпеген жалғыз диктатор осы Башар Асад болатын. Оның орнында қалуына басты себеп – Ресей мен Иранның көмегі.

*сол кездегі араб диктаторлары есімдері әлі күнге дейін есімде. Каддафидің қазан айында трубалар арасынан тауып, өлтірген кадрлар да.


Мен ерте жасымнан жаңалықтар көріп бастағанмын. Ең ерте есімде бар жаңалық – 2001 жылғы Нью-Йорктегі теракт болған. Ал 2011 жылғы Тунис президенті Бен Алиді биліктен құлауы мен содан өзге елдердегі митингтер мен көтерілістер әлі есімде. Бірден Мароккодан бастап Бахрейнге дейін арабтар бас көтеріп, өз құқықтарын талап етті. Ол бізге “Араб көктемі” деген атпен белгілі.

Сол уақытта Сирияның оңтүстігіндегі Дараа (кезінде Euronews-те Деръаа деп атайтын) қаласында да көтерілістер басталған еді.

Суретте сол Араб көктемінен кейінгі 2020 жылғы елдердің демократия индексіндегі нәтижелері. Онда +90 орынға көтерілген Тунис те, -12 орынға түскен Сирия да бар.


• Экономикасында қиындық туып жатқан Германия экономикасында қиындық 30 жылдан бері туып жүрген Жапониядан өтіп, әлемнің үшінші экономикасына айланыпты (жылдың басында, мен болсам енді біліп жатырмын);
• 2011 жылдан бері азаматтық соғыс болып, соңғы уақытта тынышталған Сирияда бір апта ішінде қайтадан соғыс белсенді фазаға өтіп, 13 жыл орнынан ала алмаған Асадты қуып тастады. Жарты ғасырға жалғасқан Асадтар диктатурасы өз мәресіне жетті;
• Парижде 50 шақты ел басшысы (және болашақ басшы Трамп) Нотр-Дам шіркеуі қайта ашылуына келді, арасында Трамп пен Зеленский Макронның аратүсуімен кездесіп алды;
• Корея Республикасында президенттерді орнынан кеткен соң соттаушы еді, Юн Сок Ёлді өз орнында жүргенде бастап кетеді ау;

Алдағы күндері Германияның әлемнің үшінші экономикасы болғаны; Сириядағы жағдай, себептері мен салдары — жайында жазу ойда бар. Тағы қандай идеялар бар?


Мемлекеттік іс-сапардың маңыздылығының тағы бір көрінісін Макронның визиттерінен көруге болады. Эммануэль Макрон 2017 жылы президент болғалы бері Германияға 32 рет барған. Оған дейінгі президент Франсуа Олланд Германияға 30 рет сапармен барған. Алайда, осы жылдың мамыр айында Франция президенті Германияға соңғы 24 жылдағы алғашқы мемлекеттік іс-сапарымен барды.

Получается, соңғы 24 жылдағы Жак Ширак, Николя Саркози мен Франсуа Олландтардың Германияға жасаған 1040 сапары не жұмыс сапары, не ресми сапар болған, ал Макронның 32 рет барғандағының біреуі – мемлекеттік іс-сапар.

Сонымен, жаңалықта “Астанаға пәленше жұмыс/ресми/мемлекеттік іс-сапармен келді” дегені жай ғана сөз емес. Оның астында үлкен дипломатиялық протоколдар мен келісімшарттар жатыр.


Мемлекеттік сапардың маңыздылығы соншама, Тоқаевтың сапары кезінде Тоқаев жүретін Париж көшелері жабылып жатты. Еуропа елдерінде ондай тек мемлекеттік сапар кезінде ғана жасалады.

Сапарға Тоқаевпен бірге Қазақстан үкіметінің барлық дерлік министрлері де бірге барды. Сонымен қатар Тоқаев ол сапарға өзінің көлігін де апарған. Ал жұмыс сапары кезінде оншалықты терлеп, өз көлігімен бармайды, көшелер жабылмайды.


Ал қараша айының басында Тоқаев Парижге алғашқы мемлекеттік сапарын жасады. Оған дейінгілері не ресми, не жұмыс сапарлары болған. Соның құрметіне Макронның аккаунттары да қазақша жазылып кетті.

Тоқаев Парижде 2 күн болса, сол уақытта Макрон Тоқаев қасынан шықпады – резиденциясында келіссөзден бастап, кешкі асқа дейін күтіп, арасында Париждегі Қазақстан мәдениеті көрмесінің ашылуына барып қайтты.

Ресми сапарға екі жақ әбден дайындалады. Сапар уақытында бірден барлық дайын келісімшарттарға қол қойылады.


Өткен апта Тоқаев Венгрияға мемлекеттік сапармен барды. Тоқаевтың келуіне арнап венгрлер әскерін сапқа түзеп, бүкіл оркестрын шығарып, қызыл кілемдерін жайып күтіп алды. Сапар барысында Тоқаев Венгрия премьер-министрімен де, президентімен де, парламент спикерімен де кездесіп шықты.

Жай жұмыс сапарымен барса ондай болмаушы еді.


Путин 2000 жылдан бері 35-ші рет Қазақстанға келген екен. Алайда, кешегі сапарының рангы — мемлекеттік (ең жоғарғы ранг). Ал соңғы рет ол Астанаға мемлекеттік сапармен Назарбаевтың тұсында келген. Сол себепті де Путиннің кешегі сапары соншама жоғары деңгейде өтуде. Қазақстанда өзге ел басшысы бізге мемлекеттік сапармен келгендегі жасалынуы тиіс нәрсенің барлығы протоколдарда жазылып қойылған. Ол нәрсе бізге Ресей басшысы келсе де, Сан-Марино немесе Микронезия Федеративтік Республикасы басшысы келсе жасалынады, тек сапар рангы – мемлекеттік болуы тиіс.

Лаос басшысы мемлекеттік сапармен, АҚШ басшысы жұмыс сапарымен келсе, үлкен құрмет пен “помпезная встреча” Лаос басшысына көрсетіледі.


Ал сапарлардың арасындағы рангы жоғарысы – ресми іс-сапар. Астанаға біреу ресми іс-сапармен келсе, оны әуежайдан кем дегенде премьер-министрдің бірінші орынбасары күтіп алуы тиіс. Онымен қоса әуежайда Республикалық гвардия сапқа тұрғызылады. Келген қонақ ресми сапар кезінде өзімен бірге үлкен делегация алып келеді – министрлер, бизнесмендер, ірі компания басшылары және т.б. Ресми сапар жасалыну алдында сол сапарда қол қойылатын көптегее келісімшарттар жасалынып қойылады және соның барлығына ресми сапар кезінде келген қажетті адамдар құжаттарға қол қойып шығады.

Ресми сапар кезінде қонаққа үлкен құрмет көрсетіледі және президент резиденциясында кешкі ас та беріледі.

Ал одан да жоғарғы рангтағы сапар бар. Ол – мемлекеттік іс-сапар. Тоқаев президент жұмысына кіріскен соң әр елге бір рет қана МЕМЛЕКЕТТІК сапар жасауына құқығы бар. 2019 жылы сайланса, сол жылы Қытайға мемлекеттік сапармен барып қойса, келесі рет Қытайға мемлекеттік сапармен бару үшін тағы бір сайлауда жеңгенін күтуі тиіс.


Бір елдің басшысы екінші елге әртүрлі іс-сапармен бара алады. Іс-сапарлар рангы келесідей болып бөлінеді:
• Мемлекеттік (государственный визит)
• Ресми (официальный визит)
• Жұмыс (рабочий визит)
• Бейресми (неофициальный визит)
• Визит проездом

Тоқаев Бразилияға ұшып бара жатып, ұшағына жанармай құю мақсатында Гвинея-Бисауға тоқтаса және әуежайда сол ел басшылығымен асығыс кездесу өткізіп жіберсе (Гвинея-Бисауға күнде келіп жатқан жоқпыз ғой деп бірнеше келісімшартқа қол қойып кетсе) – визит проездом болады.

Тоқаев Мәскеудегі парадқа барса – бейресми сапар.

Тоқаев Нью-Йорктегі БҰҰ жиналысына барса – АҚШ-қа жасалған жұмыс сапары.

20 last posts shown.