Insports.kz


Channel's geo and language: Kazakhstan, Kazakh
Category: Sport


Қазақстан және әлем спортының жаңалықтары
Спортивные новости Казахстана и мира

Related channels  |  Similar channels

Channel's geo and language
Kazakhstan, Kazakh
Category
Sport
Statistics
Posts filter


Video is unavailable for watching
Show in Telegram
🇰🇿Құрамамыз Харбиндегі ІХ қысқы Азия ойындарының салтанатты шеруінен жүріп өтті

https://t.me/atamekenbusiness_sport


❄️Харбин 2025. Біздің ту ұстаушылар қысқы Азия ойындарының ашылу салтанатына сақадай сай 😍

🇰🇿Қазақстанның туын хоккейші Әділ Бекетаев пен шорт-трекші Ольга Тихонова ұстап шығады.

📍Харбин🇨🇳
🕰17:00
🖥Qazsport https://qazsporttv.kz/ru/live
📸ҰОК

https://t.me/atamekenbusiness_sport


❄️Харбин алауы жағылады

Бүгін, 7 ақпанда, Қытайдың Харбин қаласында IX қысқы Азия ойындарының ашылу салтанаты өтеді. Іс-шара Харбин халықаралық көрме орталығында ұйымдастырылып, жергілікті уақытпен 20:00-де, Қазақстан 🇰🇿 уақыты бойынша 17:00-де басталады.

Ашылу салтанатына Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпин, сонда—ақ басқа да елдердің жоғары лауазымды қонақтары қатысады. Олардың қатарында Бруней сұлтаны Хассанал Болкиах, Қырғызстан президенті Садыр Жапаров пен Пәкістан президенті Асиф Али Зардари, Таиланд премьер-министрі Пхетхонгтхан Чинават және Оңтүстік Корея Ұлттық жиналысының спикері У Вон Сик бар.

Ашылу рәсімі қарсаңында Си Цзиньпин мен оның жұбайы Пэн Лиюань іс-шараға келген мәртебелі шетелдік қонақтардың құрметіне салтанатты банкет ұйымдастырды.

Іс-шара шамамен 80 минутқа созылады. Онда әртістер өнер көрсетіп, қатысушылар шеруі өтеді және ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин ойындардың ресми ашылуын жариялайды.

Қысқы Азия ойындары 14 ақпанға дейін жалғасады.

🕰 17:00
🖥Qazsport


🐎Тағы бір қазақ сәйгүлігі Дубайдағы бәйгеге қатысады

Бұл бәйге десе ішкен асын жерге қоятын қалың қауым үшін тамаша жаңалық.

Жыл өткен сайын Таяу Шығыстағы ат жарыстарының танымалдылығы артып келеді. Бүгін, 7 ақпанда Біріккен Араб Әмірлігінде Dubai Trophy 🏆 атты ірі бәйге өтеді. Бұл жарыста қазақстандық 🇰🇿 Азан есімді тұлпар дебют жасамақ.

Дубайдағы ат жарыстары маусымындағы басты жүлделердің ойнатылуына бар болғаны екі ай қалды. Күн сайын Мейдан ипподромында өрбитін оқиғалар барған сайын қызықты бола түсуде. Жалпы жеті бәйге өтеді. Олардың ешқайсысы топтық деңгейге жатпайды.

Азан Burj Azizi бәйгесіне қатысады. Бұл үш жастан асқан тұлпарлар сынға түсетін 2000 метрлік жарыс…

Толығырақ https://inbusiness.kz/kz/news/tagy-bir-kazak-sajguligi-dubajdagy-bajgege-katysady


❄️Харбин 2025. Шорт-трекшілеріміз финалда🤩

Харбиндегі қысқы Азия ойындарында шорт-тректен аралас эстафеталық жарысты ширек финалда Абзал Әжғалиев, Ольга Тихонова, Малика Ермек және Мерсаид Жақсыбаев өз жарысында бірінші нәтиже көрсетіп, 🇯🇵Жапония мен Тайбэйден озып кетті.

Осылайша, команда жартылай финалға жолдама алды. Бұл кезеңде ел намысын Денис Никиша, Әділ Ғалиахметов, Яна Хан және Алина Әжғалиева қорғады. Жарыста қазақстандықтар екінші болып мәре сызығын кесіп, Харбинде өтетін финалға жолдама алды.

Финал 8 ақпанда Қазақстан уақытымен 07:06-да басталады.


Video is unavailable for watching
Show in Telegram
❄️Харбин 2025. Хоккейші қыздарымыз үшінші жеңісіне қол жеткізді

🇰🇿Еліміздің әйелдер хоккей құрамасы Харбинде өтіп жатқан қысқы Азия ойындарының топтық кезеңіндегі кезекті матчында жеңіске жетті 👏

🏒Біздің команда Тайбэйді 5:1 есебімен ұтты. Бұл жеңіс Қазақстан үшін үш матчтағы үшінші жеңіс болды.

9 ақпанда құрамамыз Оңтүстік Кореямен кездеседі.

https://t.me/atamekenbusiness_sport


❄️Харбин 2025. 🥌 Қазақстан құрамасы керлингтен аралас жұптар арасындағы жарысты аяқтады

Топтық кезеңдегі соңғы ойында Әмина Сейітжанова мен Әзизбек Надирбаев 2:11 есебімен Филиппин құрамасына есе жіберді. Келесі кезеңге өту үшін тек жеңіс қажет болды.
Осылайша, олар плей-офф кезеңіне өте алмады.

https://t.me/atamekenbusiness_sport


🎙 Әли Әлиев: Қандай сома тағайындаса, соған жұмыс істеймін

Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкерінің міндетін атқарушы Әли Әлиев жаңа лауазымдағы айлығы туралы сұраққа жауап берді.

«Марат Омаровпен әлі айлық туралы сөйлеспедім. Қандай сома тағайындаса, соған жұмыс істеймін. Ештеңе бермесе де, жұмысымды жалғастыра беремін. 20 млн халық сенім артып тұрғанда, ешқандай сома сөз бола алмайды. Ал Станислав Черчесовтің жалақысы менің құзырымдағы дүние емес, сондықтан оны талқылай алмаймын», – деді Әли Ханалиұлы.


https://t.me/atamekenbusiness_sport


🥊Жәнібек Әлімханұлы Астанада өтетін жекпе-жекке байланысты жанкүйерлерге үндеу жолдады

Құрметті жанкүйерлер, бұйыртса 5 сәуір Астана қаласында жұдырықтасамыз!
Өз елімде, сіздердің алдарыңызда өнер көрсетуді мақсат етіп жүр едім, оған да жеттік! Бұйыртса 2 әлем чемпионы титулын қорғаймыз!
Qazaq Style-ды ринг қасында, аренада отырып тамашалайсыздар! Жеңісті күнде жүздесейік!, - деп жазды Әлімханұлы өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында.


📍Жекпе-жек 5-сәуір күні Астанада «Барыс Арена» спорт кешенінде өтеді.

https://t.me/atamekenbusiness_sport


Алматылық «Қайрат» Нижний Новгородтық командаға есе жіберді

🇹🇷Түркияның Анталья қаласында өтіп жатқан оқу-жаттығу жиындары аясында «Қайрат» Ресей премьер-лигасының «Пари НН» командасымен жолдастық кездесу өткізді.

Матч 4:2 есебімен ресейліктердің пайдасына аяқталды. «Қайрат» сапынан Валерий Громыко дубль жасады.

https://t.me/atamekenbusiness_sport


❄️Харбин 2025. Керлингшілеріміз екінші жеңісіне қол жеткізді

🇰🇿Қазақстан құрамасының керлингшілері Әмина Сейітжанова мен Әзизбек Надирбаев Қытайдың Харбин қаласында өтіп жатқан қысқы Азия ойындарында екінші жеңісіне қол жеткізді.

🥌Бүгін спортшыларымыз аралас жұптар арасындағы топтық кезеңнің кезекті матчында Қырғызстан 🇰🇬құрамасына қарсы ойнады. Кездесу қазақстандық дуэттің пайдасына 12:5 есебімен аяқталды.

Бұған дейін қазақстандықтар Катарды🇶🇦 жеңген еді. Төрт ойыннан кейін Қазақстан құрамасының еншісінде екі жеңіс пен екі жеңіліс бар.

🕰Біздің керлингшілер бұл кезеңдегі соңғы кездесуін бүгін Қазақстан уақыты бойынша 15:00-де Филиппин құрамасына қарсы өткізеді.

https://t.me/atamekenbusiness_sport


Футзалдан Қазақстан құрамасы Данияны ірі есеппен жеңді👏👏

🇰🇿 Қазақстан 7:3 Дания 🇩🇰
[1]:0 Скотт-Расмуссен 1’
[2]:0 Дуглас 2’
2:[1] Тұрсағұлов (автогол) 3’
2:[2] Касумович 6’
[3]:2 Дәрібай 6’
[4]:2 Дуглас 8’
4:[3] Тұрсағұлов (автогол) 11’
[5]:3 Валиуллин 28’
[6]:3 Қайырбай 32’
[7]:3 Тұрсағұлов (пен) 35’


Video is unavailable for watching
Show in Telegram
🎾Елена Рыбакина Abu Dhabi Open турнирінің ширек финалына шықты

Әлемнің 5-ракеткасы Елена Рыбакина Абу-Дабиде (БАӘ) өтіп жатқан Abu Dhabi Open турнирін жеңіспен бастады.

Қазақстандық теннисші рейтингі жоғары болғандықтан, жарысты бірден екінші айналымнан бастады. Оның қарсыласы америкалық Кэти Волынец (68-орын) болды. Рыбакина бірінші сетте күтпеген жерден қарсыласына есе жіберді – 2:6. Дегенмен, Елена екінші сетте қарсыласынан мықтырақ болып шықты – 6:4. Шешуші сетте Рыбакина шеберлік танытып, 6:4 есебімен жеңісті жұлып әкетті.

🕰Матч 2 сағат 28 минутқа созылды.

Жеңіске жеткен Рыбакина турнирге қатысты пікір білдірді.
«Mubadala Abu Dhabi Open турнирінің бірден Аустралия ашық чемпионатынан кейін өтуі мен үшін өте ыңғайлы болды. Дәл қазір өзімді физикалық және психологиялық тұрғыдан керемет сезінемін. Сондықтан лайықты нәтиже көрсетіп, жүлде үшін күресуге ниеттемін», - деді Рыбакина Emirates247.com сайтына берген сұхбатында.


1/4 финал 6-ақпан, 18:00-де басталады.

https://t.me/atamekenbusiness_sport


Тамаша жеңіс👏👏👏

🏒Хоккейден Қазақстан ерлер құрамасы Харбиндегі қысқы Азия ойындарында Қытай құрамасын 6:1 есебімен жеңді.

https://t.me/atamekenbusiness_sport


🇰🇿Қазақстандық паделші Евгений Данилов әлемдік рейтингтегі алғашқы ұпайын еншіледі

29 қаңтар мен 2 ақпан аралығында 🇶🇦Катарда өткен FIP BRONZE QATAR турнирінде Лисаковск қаласының тумасы, Қазақстанның бірінші ракеткасы Евгений Данилов ресейлік Дмитрий Мягковпен бірге қатарынан үш матчта жеңіске жетіп, негізгі кезеңге жолдама алды.

FIP BRONZE QATAR турнирінің негізгі кезеңіне өткен соң Данилов бір ұпайға ие болып, әлемдік 🌏 рейтингте 1310-шы орынға орналасты.

Өкінішке қарай негізгі кезеңнің 1/16 айналымында Данилов пен Мягков ресейлік-испаниялық жұп Савелий Тулупов пен Мигель Гонсалеске 6:7, 6:3, 4:6 есебімен есе жіберді.

💰Евгений Даниловтың FIP BRONZE QATAR турниріне қатысуы мен сапары Қазақстанның Ұлттық падел федерациясы тарапынан қаржыландырылды.

https://t.me/atamekenbusiness_sport


🥌Қазақстан құрамасы керлингтен 2025 жылғы ❄️қысқы Азия ойындарында алғашқы жеңісіне қол жеткізді, деп хабарлайды ҰОК баспасөз қызметі.

Топтық кезеңнің үшінші матчында Әмина Сейітжанова мен Азизбек Надирбаев Катар құрамасымен кездесті.

Қазақстандықтар бұл ойында 7:4 есебімен жеңіске жетті. Бұл – біздің керлингшілер үшін алғашқы жеңіс.

Бұған дейін Сейітжанова мен Надирбаев Оңтүстік Корея мен Қытайға жол берген еді.


🎾Mumbai Open. Зарина Диястың 1/8 финалдағы қарсыласы белгілі болды

🇰🇿Қазақстандық теннисші Зарина Дияс 🇮🇳Үндістанның Мумбай қаласында өтіп жатқан Челленджер турниріндегі өнерін сәтті бастады.

Ол бірінші айналымда WTA рейтингінде 122-орында тұрған латвиялық Дарья Семенистаны 6:3, 6:3 есебімен жеңді. Кездесу 1 сағат 17 минутқа созылды.

Екінші айналымда Зарина беларусь теннисшісі Ирина Шиманович пен үнді теннисшісі Маая Раджешваран Ревати арасындағы кездесудің жеңімпазы Реватимен кездеседі. 1/8 финал аясындағы матч 6 ақпанға жоспарланған.

🕰Ал, бүгін 5 ақпан Қазақстан уақыты бойынша 17:30-да Зарина хард төсенішті корттарда өтіп жатқан осы турнирде жұптық сайыста Екатирина Яшинамен бірге Рутуджа Бхосале – Алиса Барнет дуэтіне қарсы кортқа шығады.

📌Турнир 9-ақпанға дейін жалғасады.

https://t.me/atamekenbusiness_sport


Жәнібек Әлімханұлының қарсыласының есімі белгілі болды

🥊 Qazaqstyle лақап атымен танымал қазақстандық былғары қолғап шебері (16:0, 11КО) 5 сәуір күні Астанада франциялық Анауель Нгамиссиге (13:0, 8 КО) қарсы шаршы алаңға шығады.

https://t.me/atamekenbusiness_sport


❄️Харбиндегі соңғы жаңалықтар. Қазақстан құрамасы қысқы Азия ойындарында қандай нәтиже көрсетуде?

🏒Хоккейден Қазақстан әйелдер құрамасы Тайландты 🇹🇭 9:0 есебімен жеңді. Келесі қарсылас Тайбэй құрамасы. Матч 6 ақпан, 16:30-ға жоспарланған.

🥌
Бүгін қазақстандық керлингшілер
Әмина Сейітжанова мен Азизбек Надирбаев аралас командалар арасындағы екінші ойында Оңтүстік Корея құрамасынан 0:12 есебімен жеңіліс тапты.

👉Келесі қарсылас Катар құрамасы. Матч бүгін 15:00-де басталады.

Сондай-ақ, сағат 17:00-де Қазақстанның ерлер хоккей құрамасы Қытайға 🇨🇳 қарсы өте маңызды матч өткізеді.

🖥Қысқы Азия ойындарын тікелей эфирде Qazsport https://qazsporttv.kz/ru/live телеарнасынан тамашалай аласыздар.

https://t.me/atamekenbusiness_sport


⚽️𝐌𝐀𝐓𝐂𝐇𝐃𝐀𝐘

Бүгін, 5 ақпан футзалдан ЕУРО-2026 іріктеу кезеңі аясында Қазақстан құрамасы Астанада Даниямен қарымта кездесу өткізеді.

🇰🇿 Қазақстан – Дания 🇩🇰
🌏 ЕУРО-2026 Іріктеу кезеңі |6-топ
📆 05/02/2025 | 19:30
📍 Ж.Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайы, Астана
🖥 Qazsport

https://t.me/atamekenbusiness_sport

20 last posts shown.