Ақназар Ишанғали


Channel's geo and language: Kazakhstan, Kazakh
Category: Religion


▫️ NMU Egyptian University
▫️ Әдемі әуезді азаншы 2020
▫️ Sajda.Kz | Tayyab Азаны бар🔥
▫️ QMDB✅

Related channels

Channel's geo and language
Kazakhstan, Kazakh
Category
Religion
Statistics
Posts filter


Жүрегіңді жаралағандарға, көңіліңді қалдырғандарғв дұға етпейтін болсаң. Саған кешірім какпасы ашылмайды.

📚Мәулана Руми


Меккенің азаншысы Шейх Ахмад Али Мулламен кездестім

Жаңа рилс қолдап кетіңіз


Пайғамбарымыз (ﷺ) айтты:
“Егер адамдар азан айтудың қаншалықты сауапты екенін білсе, оны айту үшін бір-бірімен таласар еді.”

📚Бұхари, Муслим


Ілім алу мақсатымен жолға шыққан кісі үйіне оралғанға дейін Алланың жолында болып саналады.

📚Тирмизи


المرْأَةُ الجَمِيلَةُ تَسرُّ العيْنَ وَالمَرْأَةُ الصَّالِحَةُ تسرُّ القَلْب.

الأُولَى جَوْهرَةٌ ثَمِينَة، وَالثَّانيَة كَنزٌ عَظِيم!

Сұлу әйел көзді қуантады, ал әділ әйел жүректі қуантады.

Біріншісі – асыл тас, екіншісі – барлық қазына.


Бір күні мешітке барамын деп жүргенде, үйіңе молда шақыртып жүрмейік....

📚Даналардың сөзі


Хасан әл-Басриден

«Жақсы адам кім?» деп сұрағанда, ол: «Төрт нәрсе адамның жақсы екенін білдіреді:

«Шыншылдық, достарының қате-кемшіліктерін кешіру, жомарттық, көршілеріне зиян келтірмеу»,-деп жауап берген.


ТАУДАЙ ҚАРЫЗДАН ҚҰТЫЛУ ҮШІН МЫНА ДҰҒАНЫ ОҚЫҢЫЗ

اَللّٰهمَّ اكْفِنِى بِحَلَالِك عَنْ حَرَامِكَ وَ أَغْنِنِى بِفَضْلِكَ عَمَّنْ سِوَاكَ

Аллаһуммәкфинии би хәләликә ‘ән харамикә. Уә әғнинии би фәдликә ’әммән сиуак

Мағынасы:
Аллаһым! Мені халалыңмен жеткілікті түрде ырзықтандыр, харамға мұқтаждығым қалмасын! Мені сый-сияпатыңмен байыт, Өзіңнен басқаға мұқтаж болмайын!


Абдуллаһ ибн Амр(радиаллаһу анһу) жеткізген хадисте,Мұхаммад соллаллаһу алейһи уә сәллам :

“ Ең тез қабыл болатын дұға - ол өзге адам үшін,ол кісі жаныңызда жоқ кезінде жасалынғаны”.

📚Әль адаб әль Муфрод


"Адам жүрегінің бұзылуы алты нəрседен туындайды:

1. Тəубеге сүйеніп күнə жасайды
2. Ілім алады, бірақ алған іліміне амал етпейді
3. Амал етсе, ықылассыздық танытады
4. Алланың ырзық-несібесін ішіп-жейді, бірақ шүкір етпейді.
5. Алланың жазғанына разы болмайды
6. Мəйіттерін көмеді, алайды одан ғибрат алмайды".

📚Хасан əл-Басри р.а.


Ұлы сахаба Амр ибн Ас өлім жақындаған сәтте былай деп дұға қылған екен:

"اللهم لست بريئا فأعتذر ولا قويا فانتصر لا حول ولا قوة إلا بك"

"Аллаһым, күнәдан таза емеспін. Сондықтан өзіңнен кешірім сұраймын. Құлшылық жасауға күш-қуатым жоқ. Сондықтан маған жәрдем ете гөр! Алланың жәрдемінсіз, бізде күнәдан алыстауға күш те, құлшылық жасауға қуат та жоқ!


Дүниеңді дінің үшін бағынышты ет. Бірақ, дініңді дүниеңе бағынышты етпе

📚Рамадан әл Бути
(Алла рақымына алсын):


“Я Раббым! Мен нәскиімнің тесігінен ұялғанымдай, Сенің алдында күнәларым мен кемшіліктерім үшін одан да қатты ұялсам ғой! Өйткені адамдар алдында кішкентай кемшілігімді жасыруға тырысамын, ал Сен менің барлық жасырын істерімді, ойларымды, ниеттерімді білесің. Сол үшін мен Сенің құзырыңда шынайы ұялып, өзімді түзетуге талпынсам екен!”


الشخص النبيل يكون كريمًا سواء كان موجودًا أم غائبًا

Текті адам бар болса да, жоқ болса да абыройлы болады

📚Халық даналығы


إذا سلكتَ طريق الله فاسعَ، فإن صعُب عليك فامشِ بسرعة، وإن تعبتَ فامشِ ببطء، وإن لم تستطع فازحف، ولكن لا ترجِع أبدًا.

Алланың жолына түссең жүгір, қиын болып бара жатса жылдам жүр, шаршасаң жай жүр, оған да шамаң жетпей жатса еңбектеп болса да алға жылжы. Тек артқа қайтушы болма!

📚Имам Шафиғи


Ғашық, ғашығын қалай күтіп алатын болса, йа Алла, мені солай күтіп алшы!

Бұл сөйлем терең махаббат пен Аллаға деген шынайы ықыласты көрсетеді. Ол адамның жүрегінде Аллаға деген сағыныш пен жақындыққа ұмтылуды бейнелейді. Бұл сөздерді оқығанда, Аллаға деген махаббаттың ең жоғарғы деңгейі сезіледі.

📚Муғаз ибн Жабал


Басқалардың бақытына қуанып жүрген адам. Бір күні өзі де бақытқа жетеді.

📚Ғибратты сөз


خطواتك نحو الله هي أعظم إنجازات حياتك.

Аллаға жақындау үшін жасаған қадамдарың сенің өміріңнің ең үлкен жетістігі.

📚Ибн Атауллаһ Ас-Сакандария (Хикам)


Video is unavailable for watching
Show in Telegram
Ибн Атауллаһ Ас-Сакандарий (ابن عطاء الله السكندري):

Ибн Атауллаһ Ас-Сакандарий – Ислам әлемінде танымал сопы, ғалым, рухани ұстаз және жазушы. Ол 13-ші ғасырда өмір сүріп, өзінің терең діни ойларымен және рухани нақылдарымен танымал болды. Оның толық аты – Әбу әл-Фадл Ахмад ибн Мұхаммед ибн Абдәлкәрим ибн Атауллаһ Ас-Сакандарий.

Өмірбаяны:
Туған жылы: 1250 жыл шамасында (648 һижри жылы).
Туған жері: Александрия қаласы, Мысыр (Египет).
Қайтыс болған жылы: 1309 жылы (709 һижри жылы).
Қайтыс болған жері: Каир қаласы, Мысыр.

Ғылым және білім:

Ибн Атауллаһ фиқһ (шариғат) ғылымында мәлики мазһабының өкілі болған. Оның ұстазы сопылықтың көрнекті өкілдерінің бірі – Әбу әл-Аббас әл-Мурси, ал бұл ұстаздың өзі атақты Абул Хасан әш-Шазилиден білім алған.


كل نعمة أنعم الله بها عليك هي علامة على محبته لك.

Алланың саған берген әрбір нығметі – Оның саған деген махаббатының белгісі.

📚Ибн Атауллаһ Ас-Сакандария (Хикам)

20 last posts shown.