Ақназар Ишанғали


Channel's geo and language: Kazakhstan, Kazakh
Category: Religion


▫️ NMU Egyptian University
▫️ Әдемі әуезді азаншы 2020
▫️ Sajda.Kz | Tayyab Азаны бар🔥
▫️ QMDB✅

Related channels

Channel's geo and language
Kazakhstan, Kazakh
Category
Religion
Statistics
Posts filter


Қадіріңді білмейтін адамға періште болсаң, қанатыңның дыбысы мазасын алады.

📚Даналардың сөзінен…


🌿 Алла Елшісі (ﷺ):

«Сенің себеп болуыңмен Алла Тағала бір адамға хидаят (тура жол) берсе, сен үшін бұл дүние және дүниеде болған барлық нәрседен жақсы», – деген.


Қинамайды абақтыға жапқаны,
Қиын емес, дарға асқаны, атқаны,
Маған қиын осылардың бәрінен,
Өз аулыңның иттері үріп-қапқаны…

📚Ахмет Байтұрсынұлы


سلامة الإنسان في حفظ اللسان

Адамның амандығы - тілін сақтауында.

📚Даналардың сөзінен


Аллаға қарай қайт, сонда барлық нәрсе саған қарай қайтып келеді.

📚Ғибратты сөздер


Бірде мен бір адамды күнәсі үшін айыптадым. Бірақ күнә мені он бес жылдан кейін тапты.

📚Даналардың сөзінен


Қасқыр қыстан өткенмен, көрген аязын ешқашан ұмытпайды екен.

📚Даналардың сөзінен


Жаңа рилс….

Медина қаласының азаны😊


مَنْ عَرَفَ قِيمَتَهُ، لَا يَنْحَنِي أَبَدًا أَمَامَ غَيْرِهِ. قِيمَتُكَ أَمَامَ اللهِ، فَلَا تَكُونُ تَابِعًا لِأَحَدٍ آخَرَ.

Өз қадірін білген жан өзгенің алдында ешқашан еңкеймейді. Сенің қадірің Алланың алдында, сондықтан басқа ешкімге бағынышты болма.

📚Әли ибн Әбу Тәліб


Бүгін балаңмен Алла жайында сөйлеспесең.

Ертен Алламен балаң жайлы сөйлесуіңе тура келеді.

📚Даналардың сөзінен


https://www.instagram.com/p/DH5eeZSNzdR/?igsh=cmFjZ3Y1c3J1aXh5

Ақпарат пайдалы болса бөлісіп, қолдап кетіңіздер🤲


Атам қазақ айтқан:
«Ақтың отын ақымақ өшіре алмайды.»
Қай заманда да әр мәселенің әділеті бар. Адам баласы көрмесе де, Алла көреді.

📚Даналардың сөзінен


Сенбе жұртқа, тұрса да қанша мақтап,
Әуре етеді ішіне қулық сақтап.
Өзіңе сен, өзіңді алып шығар,
Еңбегің мен ақылың екі жақтап.

Өзіңді сенгіштікпен әуре етпе,
Құмарпаз боп мақтанды қуып кетпе.
Жұртпен бірге өзіңді қоса алдасып,
Салпылдап сағым қуған бойыңа еп пе?

Қайғы келсе қарсы тұр, құлай берме,
Қызық келсе, қызықпа, оңғаққа ерме.
Жүрегіңе сүңгі де, түбін көзде,
Сонан тапқан шын асыл, тастай көрме.

📚Хәкім Абай


Басында ми жоқ,
Өзінде ой жоқ,
Күлкішіл кердең наданның.
Көп айтса көнді,
Жұрт айтса болды -
Әдеті надан адамның.

📚Хәкім Абай


Өмір деген осы, бүгін бар, ертең жоқсың. Сен кетті екен деп өмір-өзен ағысын өзгертпейді.

📚Дінмухаммед Қонаев


Өзгенің алдында өзіңді мен санама, тең сана.

Өзіңді өзгеден кем санама, тең сана.

Кем санасаң - қорлық болады.

Мен санасаң - зорлық болады.

📚Даналардың сөзінен


Қадір түнін ұйқымен өткізіп, жаңа жыл кешінде таңға дейін ояу болған бұл үммет басына түскен қайғы-қасіреттің себебін сұраймақ қоя берсін.

📚Шейх Ахмад әт-Тайиб




Кек алма еркіне қоябер, расында бұзылған жеміс өздігінен түсіп қалады!

📚Даналардың сөзінен


Ақшамға жетсең таңды күтпе, таңға қауышсаң ақшамды күтпе. Сау кездеріңде науқас кезің үшін, тірі кезіңде өлімің үшін дайындал!.

📚Бұхари

20 last posts shown.