Білім беру нысандарының қауіпсіздігі талқыланды
⚡️Бүгін білім беру ұйымдарының террористік тұрғыдан осал объектілерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша кеңейтілген жиын өтті.
Жиынға білім басқармасы басшысының орынбасары Артур Әуезов, Ақтөбе қалалық білім бөлімінің басшысы Әліби Латып, Ақтөбе облысы Полиция департаментінің экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының аға жедел уәкілі Данияр Сейдуллин, сондай-ақ лаңкестікке қарсы комиссия өкілдері қатысты. Қалалық білім беру ұйымдары жиынға оффлайн қатысса, аудандық ұйымдар Zoom платформасы арқылы қосылды.
Қатысушыларға ҚР Білім және ғылым министрінің №117 бұйрығымен бекітілген ТТОО қауіпсіздігі нұсқаулығының талаптары егжей-тегжейлі түсіндірілді. Сонымен қатар, жеке меншік білім беру ұйымдарына қауіпсіздік шараларын жыл соңына дейін толық қамтамасыз ету тапсырылды.