АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ


Channel's geo and language: Kazakhstan, Kazakh
Category: not specified


Ақтөбе облысы білім басқармасының ресми Telegram-каналы
Официальный Telegram-канал Управление образования Актюбинской области

Related channels  |  Similar channels

Channel's geo and language
Kazakhstan, Kazakh
Statistics
Posts filter


Forward from: Qazaqstan.tv
Video is unavailable for watching
Show in Telegram
Мемлекеттік наградаларға Сағадат Нұрмағамбетов, Бауыржан Момышұлы, Рақымжан Қошқарбаев есімдері берілді

Ұлттық құрылтайдан кейін Парламентте талқылау өтіп, сәуір айында маңызды заң қабылданды. Нәтижесінде «Айбын» орденінің үш дәрежесіне Екінші дүниежүзілік соғыс батырларының есімдері берілді. Биылдан бастап күштік құрылымдардың өкілдері осы тұлғалардың құрметіне аталған ордендермен марапаттала бастады.

«Бұл үлкен тәрбиелік маңызы бар шешім. Одан басқа Талдықорған қаласындағы Қазақстанның Әуе қорғанысы күштерінің әуe базасына Кеңес Одағының екі дүркін батыры Сергей Луганскийдің есімін берілді. Келер жылы елімізде Әлия Молдағұлованың 100 жылдығы, Бауыржан Момышұлының 115 жылдығы атап өтіледі», -деді Е.Қарин.

Астанада Ұлттық құрылтай аясында 2024 жылы атқарылған жұмыс қорытындыланды.


Forward from: Qazaqstan.tv
Video is unavailable for watching
Show in Telegram
Ғани Бейсембаев: «Біртұтас тәрбие» бағдарламасының мақсаты – әділеттілік пен адамгершіліктің айқын бейнесі болатын адал азаматты қалыптастыру

ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Ұлттық құрылтайдың жұмыс кездесуінде «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы жөнінде баяндама жасады.

«Бағдарламаның өзегі - Әділетті Қазақстан, адал азамат, озық ойлы ұлт, идеологиялық үштағанмен ұштасып жатыр. Оның мазмұны ұлттың жаңа келбетін қалыптастыратын 6 құндылыққа сәйкес жүйеленген»,-дейді министр.

Бағдарламаның мазмұнын әзірлеуге Ұлттық құрылтай мүшелері Оразалы Сәбден, Жақсылық Құлекеев, Еділ Жаңбыршин, Жұлдыз Сүлейменова, Динара Зәкиева, Дихан Қамзабекұлы, Сәуле Досжан, Вадим Басин атсалысқан.


«Біртұтас тәрбие» бағдарламасы: тәрбиенің жаңа қырлары

Кеңес Одағының Батыры М.Мәметова атындағы Ақтөбе жоғары медициналық колледжінде «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында облыстық көшпелі семинар өтті.

Семинардың негізгі мақсаты – қазақстандық мәдениет құндылықтары негізінде патриотизм, парасаттылық, рухани-адамгершілік қасиеттерге бай, үйлесімді дамыған тұлға тәрбиелеу. Шара барысында Ақтөбе облысы білім басқармасының өкілдері тәрбие жұмысының маңыздылығына тоқталып, қатысушыларға сәттілік тіледі.

Семинарда колледждің тәрбие ісі бойынша тәжірибелері мен «Қамқор» әлеуметтік жобасы таныстырылды. Жастарға ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарды бойына сіңіруде педагогтердің белсенді әдістері мен жаңа тәсілдері ұсынылды.

Тәжірибелік бөлімде студенттердің қолөнер көрмесі ұйымдастырылып, мұражайға экскурсия жасалды. Ал теориялық бөлімде симуляциялық сабақтар арқылы сыни ойлау қабілеті мен шығармашылық ізденісті дамытуға арналған әдістемелер көрсетілді.

Шара соңында «Педагог-Студент-Ата-ана» үштігінің бірлескен қойылымы ұсынылып, қатысушы педагогтерге Алғыс хаттар табысталды.

@oqu_agartu_ministrligi


Video is unavailable for watching
Show in Telegram


Батыс Қазақстан және Ақтөбе облыстары педагогтерінің тәжірибе алмасуы

⚡ Батыс Қазақстан облысының мектепке дейінгі ұйым мамандары Ақтөбе облысында білім беру саласындағы үздік тәжірибелермен танысу мақсатында тәжірибе алмасу іс-шарасына қатысты.

Шараның алғашқы күні «Өсу нүктелері» ретінде белгіленген мектепке дейінгі ұйымдардағы құзыреттілік орталықтарын аралаудан басталды. Қонақтар жетекші балабақшалардағы оқу-тәрбие үрдісін, заманауи ойын технологияларын, балалармен және ата-аналармен жүргізілетін жұмыстарды бақылады.

Іс-шараның екінші күні Ақтөбе қаласындағы №39 «Достық» бөбекжай-балабақшасында дөңгелек үстелмен жалғасты. Дөңгелек үстел барысында мектепке дейінгі білім беру сапасын арттыру, инновациялық әдіс-тәсілдерді қолдану және балалардың танымдық қабілеттерін дамыту жолдары талқыланып, практикалық жұмыстар ұсынылды.

Тәжірибе алмасу қорытындысында қатысушылар білім сапасын жақсарту бағытында ұсыныстар әзірлеп, нақты іс-қадамдарды белгіледі. Бұл шара екі облыс педагогтерінің кәсіби шеберлігін арттыруға, білім беру саласындағы үздік тәжірибені таратуға және өңіраралық ынтымақтастықты нығайтуға айтарлықтай үлес қосты.


Video is unavailable for watching
Show in Telegram


Ақтөбелік оқушылардың үлкен жеңісі!

Ауыл мектептері оқушыларының қоғамдық-гуманитарлық пәндер бойынша ІІ республикалық олимпиадасында Ақтөбе облысынан қатысқан 27 оқушы тамаша нәтиже көрсетті:
🥇 1 алтын
🥈 2 күміс
🥉 9 қола
🏅 5 мақтау қағазы
Өңіріміздің мақтанышына айналған дарынды оқушыларымыздың суреттерін карусельден көріңіз.


Video is unavailable for watching
Show in Telegram


Өңірдегі 434 жалпы білім беретін мектептің 433-і интернет желісіне қосылған (403 күндізгі жалпы білім беретін мектеп, 2 кешкі, 4 арнайы, 23 жеке, 1 спорт мектебі, 1 НЗМ).
Интернет жылдамдықтары бойынша:
100 Мбит/с және одан жоғары – 217 мектеп (50,1%);
40-80 Мбит/с – 170 мектеп (39,3%);
20 Мбит/с – 46 мектеп (10,6%).
Интернетке қосылу түрлері бойынша:
Талшықты-оптикалық - 221 мектеп (51,6%);
Радиорелелік – 166 мектеп (38,3%);
Starlink – 46 мектеп (10,6%).
2021 жылы шалғайдағы 121 ауыл мектебі жылдамдықтағы өте төмен, яғни 1-2 Мбит/с дейін жететін спутниктік интернетпен жұмыс жасаған болса, қазіргі уақытқа дейін оның 75-і радиорелелік байланыс түріндегі интернетке қосылып, интернет жылдамдығы 20-50 Мбит/с дейін артты, ал қалған 46 мектеп Starlink интернетіне қосылып, интернет жылдамдығы 150 Мбит/с дейін артты. Сонымен сапасыз спутниктік интернет білім беру ұйымдарынан шектетілді.
46 мектепті Starlink интернетіне қосу үшін жергілікті бюджеттен 62 млн. тг бөлінді. Осы мектептерге жергілікті желі орнату үшін 96,8 млн. тг бөлініп, жергілікті желі орнату жұмыстары ағымдағы жылдың тамыз айында аяқталды.
📌📌📌📌📌
433 школ региона из 434 подключены к сети интернет (434 школ: 403 дневная общеобразовательная школа, 2 вечерняя, 4 специальная, 23 частная, 1 спорт школа, 1 НИШ).
По скорости интернета:
100 Мбит/с и выше – 217 школ (50,1%);
40-80 Мбит/с – 170 школ (39,3%);
20 Мбит/с – 46 школ (10,6%).
По технологиям подключения:
Оптоволокно – 221 школ (51,6%);
Радиорелейный – 166 школ (38,3%);
Starlink – 46 школы (10,6%).
К интернету Starlink по региону подключатся 46 школ. Для подключения 46 школ к интернету Starlink из местного бюджета выделено 62 006 тыс.тг. На установку локальной сети для этих школ из бюджета выделено 96 823 тыс. тг.


⚡️Жыл қорытындысы


«БАРШАҒА ҚОЛЖЕТІМДІ САПАЛЫ БІЛІМ»
ҰЛТТЫҚ БАЯНДАМАСЫН ІСКЕ АСЫРУ БОЙЫНША
АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ЖОЛ КАРТАСЫНЫҢ ОРЫНДАЛУЫ





13 last posts shown.