Батыс Қазақстан және Ақтөбе облыстары педагогтерінің тәжірибе алмасуы
⚡ Батыс Қазақстан облысының мектепке дейінгі ұйым мамандары Ақтөбе облысында білім беру саласындағы үздік тәжірибелермен танысу мақсатында тәжірибе алмасу іс-шарасына қатысты.
Шараның алғашқы күні «Өсу нүктелері» ретінде белгіленген мектепке дейінгі ұйымдардағы құзыреттілік орталықтарын аралаудан басталды. Қонақтар жетекші балабақшалардағы оқу-тәрбие үрдісін, заманауи ойын технологияларын, балалармен және ата-аналармен жүргізілетін жұмыстарды бақылады.
Іс-шараның екінші күні Ақтөбе қаласындағы №39 «Достық» бөбекжай-балабақшасында дөңгелек үстелмен жалғасты. Дөңгелек үстел барысында мектепке дейінгі білім беру сапасын арттыру, инновациялық әдіс-тәсілдерді қолдану және балалардың танымдық қабілеттерін дамыту жолдары талқыланып, практикалық жұмыстар ұсынылды.
Тәжірибе алмасу қорытындысында қатысушылар білім сапасын жақсарту бағытында ұсыныстар әзірлеп, нақты іс-қадамдарды белгіледі. Бұл шара екі облыс педагогтерінің кәсіби шеберлігін арттыруға, білім беру саласындағы үздік тәжірибені таратуға және өңіраралық ынтымақтастықты нығайтуға айтарлықтай үлес қосты.