✅Қазан айын қорытындылап жіберейін
Әдетте, күз мен үшін жай ғана өткізіп жіберетін мезгіл болатын. Бірақ биылғы күз мен үшін ерекше. Себеп өте көп🥰
☀️Оқуды аяқтап, бойда жеңілдік сезімі орнады. Артық міндеттемелерден арылып, босаңсыдым да. Ол да жақсы екен.
☀️ 1 жыл 8 ай істеген жұмыстан шығып, өз қабілетімді пайдалануды таңдадым. Өмірде тәуекелшіл адам емес едім, оны да жасап көрдім. Оң шешім болды.
☀️ Бәрінен маңыздысы – жаңа жұмысқа орналасқаным. Иә, маған шабыт, жайлылық, махаббат сыйлайтын жұмыс мені өзі шақырды. Өзімде бар қабілеттерді енді сол жұмысқа арнаймын. Күнде сол жаққа асығамын, кешкісін тамаша сезіммен үйге ораламын. Бақыт деген – осы.
☀️ Денсаулығыма көңіл бөліп, күтінуді қолға алдым. Денсаулық басты байлық. Өзіңе қамқор болу – бірінші орында болу керек!
☀️ Ортамды ауыстырғалы өміріме бұрынғыдан бетер разымын. Ішкі үнімді тыңдай біліп, өзімді бақытты ете білгеніме қуанамын. Жаның, тәнің, жүрегің тыныш болса – одан асқан бақыт жоқ. Рас!
✨Өзімді бірнеше маңызды қадамдарға барып, дұрыс таңдау жасағаным үшін мақтан тұтамын. Өмірде кездейсоқ келген дүниенің де маңызы бар. Мән бермейтін оқиғаның өзі үлкен сабақ берері сөзсіз. Ендігі қарашаны әдемі, жақсы жаңалықтармен қорытындылауды бұйырсын!