Бүгін жауған қардан ерекше әсер, ой түйіп үйге қайттым. Қарбаласқа толы тіршіліктен бір сәтке аластап, табиғаттың бұл мезгілін тып-тыныш барладым. Біз мән бермейтін қарапайым нәрсе өте көп. Тек оған уақыт арнай алмаймыз, себебі жүйткіген өмір ағыны оған есе бермейді.
Бүгін жүрегіме сұрау салып көргем. 1 апта бұрын «Бейсен және болмыс» кітабын оқып бастағам, сол жерден өзіме керек жауапты бүгін таптым. Көңілім бүтін болса да, терең ойға батып кетіп жүрмін. Сөйтіп, бүгін іште жиналған ойдың бәрін жауған қармен бірге төгіп-төгіп алдым. Мен эмоцияларымды, негативтерді осылай шығарамын, көбіне жазамын өздерің білетіндей. Содан да болар, сырт-көзге негатив эмоциямды мүлдем көрсетпеймін, үнемі жақсы көңіл күймен жүруге тырысамын. Менің қай бір эмоциям болсын, бәрі менің айналама, жұмысыма әсер етеді. Сол үшін де өз кесірімді, өзіме де, өзгеге де тигізіп алудан барынша сақтанамын. Бұл менің өмірлік әрекетіме айналғалы қашаан…)
Сосын кітаптан мына бір сұрақты өзіме түртіп алдым
«Мені «Мен ғып тұрған» қайталанбас қасиетім қайсы?».
Осы сұрақты өздеріңе қойып көріңдерші. Лажы болса, төменге жауаптарыңды жазып кетсеңдер болады👌