ermek ushin…


Channel's geo and language: Kazakhstan, Kazakh
Category: Blogs


есімім Ермек Сағитжанұлы, түсінгеніңдей жазғаным бәрі өзім үшін…

Related channels  |  Similar channels

Channel's geo and language
Kazakhstan, Kazakh
Category
Blogs
Statistics
Posts filter


мен қазір ұйқыға кетіп барамын, бірақ сіздерге бір сұрақ қойғым келіп тұр:
- шет тілінде жазуды әдетке айналдыру үшін, не туралы жазып бастаған дұрыс?
*төменге бұл жөніндегі пікірлеріңізді ұсынсаңыздар, мен шын қуанып қалатын едім🦦


“махаббат сөзбен емес, іспен дәлелденеді” деген нақыл бар. сол секілді Аллаға, Оның Елшісіне (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) және дініне деген сүйіспеншілік те тек құр уәжбен шектелмей, шынайы амалдармен көрінуі тиіс. жүректегі махаббатымызды ізгі істермен, адалдықпен және дін жолындағы табандылығымызбен паш етуді Алла бізге нәсіп етсін❤️‍🩹


- маған бүгін білім алу керек;
- маған бүгін білім алу бақыты бұйырды.

- маған бүгін жұмыс істеу керек;
- маған бүгін жұмыс істеу бақыты бұйырды.

т.с.с. сәттердің құндылығын дәл уақытысында сезінейік❤️‍🩹


денсаулық қадірін біл! бәріне қолың жеткен кезде оның қызығын көретін денсаулығың болмаса, оның несі қызық десеңші…

бұны бабамыз “дені саудың - жаны сау” деген екі ауыз сөзбен өсиет қылып кеткен.


Мініңді тапса кім сынап,
Аяғына бар жығыл.
“Қап,бәлем” деп кекті ұнап,
Сақтай көрме ойға зіл.

Шәкәрім Құдайбердіұлы


қайбір күні өз ойыңды жазу тіл үйренуді жеделтеді дегенді естіп, бірдеңелер шимайлап жүргенмін, солардан да бөлісіп тұрайын🦦


في كل مرة تهرب من مشكلتك، سوف تواجهها مراراً وتكراراً.

қиындықтарыңнан қашқан сайын, олармен қайта-қайта жолыға бересің.


адамның сұрағы - табиғатынан хабар береді.


адамға ойлану керек және дұрыс ойланып үйрену керек. егер адам өзі ойланбайтын болса, өзгелердің ойына еретін болады.

сыни ойлау дейтін беді, әлгі критическое мышление)


انت بعيد عن الكمال مثل بعد القمر عن الأرض، لذلك لا تتوقف من تطوير ذاتك

сен кемелдіктен, ай жерден алыс болғандай алыссың, сондықтан өзіңді дамытуды тоқтатпа


біздің амбициямыздың жоғары болуы қуантады, бұл біздің ілгері жылжуымыз үшін керек нәрсе деп ойлаймын. бірақ кейде, біз дамыған елдерге ғана назар аударып, бізден жағдайы нашар елдер, халықтар бар екенін естен шығарып қалып жатамыз.

мысалға, Бангладеш елінің араб тілінде “بابنا" деп аталатын ауылында, жаңбырлы аймақ болғасын жер бетіне мектеп тұрғызу қолайсыз. сол, себепті өзен үстіндегі қайықта оқудан басқа амалдары жоқ. Деректі видеодағы балалар: “Жоғарғы оқу орнына түсетін бір ғана жол бар, ол осы” деген сөздері жүрекке батады…

иә, мүмкін бізде жағдай күшті емес шығар, анық қанығын білмеймін, бірақ жоғары келтірілген жағдайдан әлдеқайда жақсы екеніне сенемін. қолда барға қанағат болған кезде, қолда бар дүниелер өз жемісін бере бастайды.

мысалға, үлкен бау-бақшадағы жемісті ағаштар, бір үлкен жемісті ағаш өсіп, соның жемісінен тараған ұрықтар(дән). қолдағы өскісі келіп тұрған жеміс ағаштарына өсуге мұрша берейікші, кесіп тастауға дайын тұрмай…

айтқым келгені, қолдағы бардың қадірін білейікші, және қолдағы барды гүлдендіре білейікші…шынтуайтында шүкіршілік сөзбен емес, іспен…

қолдағыны көрмей, тек өзгенікін көріп, өзіндегі барды сезбейтін жандардың қатарынан болмауымызды нәсіп қылсын…


тұлпар етпес есекті,
маңдайға жаққан қасқасы…


бабалардың қанымен келген тәуелсіздікті, маңдайдың терімен жалғастыру керек.

Тәуелсіздігіміз тұғырлы болсын🇰🇿


Video is unavailable for watching
Show in Telegram


кеше түнде жауған қардың арқасында ағаштар мен таулар көз тоймас әсемдікке оранып тұр. кеше ғана шаң басқан жерлер бүгін ауаның тазалығына өз үлесін қосып тұр. әттең, бізге қозғалыс керек, әйтпесе аяқ-киімімнің кір табанымен басып, осы сұлу бейнені бұзбас едім. күзде күзге ғашық болып едім, енді қыстың келуімен қысқа деген сезімдерім өзгеріп жатыр. сыры неде? мүмкін, Алматыға келуім? мүмкін, өмірімді өзім жақсы көретін бағытқа қарай өзгертіп жатқандықтан? кім білсін… дегенмен, Аллаға сансыз шүкіршіліктер!

желтоқсан тоғызы екі мың жиырма төртінші жыл✍🏻


кейде, көп ойланып, терең үңілудің қажет емес кездері де болады. жалпы, кез-келген дүние өз орнында болған кезде құны - алтыннанда қымбат болады.


өзге ге тигізген көмегің - өзіңе жасаған көмегің.

кей дүниелер терең үңілуді қажет етеді.


Не смешно ли весь век по копейке копить, если вечную жизнь все равно не купить?
Эту жизнь тебе дали, мой милый, на время, — постарайся же времени не упустить.

Омар Хайям


ет бұзылса тұз себесің,
тұз бұзылса не себесің?

халық даналығы


a weak man thinks about a woman, a woman thinks about a strong man, a strong man thinks about his mission.

20 last posts shown.