FC Aktobe


Channel's geo and language: Kazakhstan, Kazakh
Category: Sport


«Ақтөбе» ФК ресми аккаунты🛡

Related channels  |  Similar channels

Channel's geo and language
Kazakhstan, Kazakh
Category
Sport
Statistics
Posts filter


Саят Жұмағали - “Ақтөбе” ФК ойыншысы

Ақтөбе футбол клубының түлегі “ақ-қызылдар” сапын толықтырды. 29 жастағы Саят Жұмағали мен клуб басшылығы өзара келісімге келді. Араға 6 жыл салып, Саят “ақ-қызылдар” сапына қайта оралды.

Айта кетейік, Саят 2014-2019 жылдар аралығында “Ақтөбе” ФК сапында ойнаған. Орталық қорғаушы негізгі команда құрамындағы жалғыз голын “Астана” ФК қақпасына соқты.

642 0 2 13 34

Бүгінгі матчта есеп ашылмады

🇰🇿Ақтөбе 0:0 Бунедкор🇺🇿

718 0 1 14 56

Ташкенттік «Бунедкорға» қарсы бастапқы құрам🇰🇿🇺🇿

https://qfootball.kz/channels/broadcast_55


⚡️𝐌𝐀𝐓𝐂𝐇𝐃𝐀𝐘⚡️

🇰🇿Ақтөбе – Бунедкор🇺🇿
🏆 ОЖЖ. Түркия
🇹🇷 Анталия, Белек
🕟 18:00 (Ақт)

📺Тікелей эфир – Q Arena телеарнасында


“Ақтөбе” және “Бунедкор” командалары арасындағы жолдастық кездесудің уақыты өзгерді. Бақылау матчы Ақтөбе уақытымен 18:00-де басталатын болды. Тікелей көрсетілім “Q-sport” телеарнасында. Бұл арнаны “BeeTV” арқылы таба аласыздар.


ЕКІНШІ ЖИЫНДЫ БУНЕДКОРҒА ҚАРСЫ ОЙЫНМЕН БАСТАЙМЫЗ🇹🇷

🇰🇿Ақтөбе – Бунедкор🇺🇿
🏆 ОЖЖ. Түркия
🇹🇷 Анталия, Белек
🕟 19:45 (Ақт)

📺Тікелей эфир – Q Sport телеарнасында


Айбар Абдулла “ақ-қызылдар” қосынында

23 жастағы қазақстандық шабуылшы Айбар Абдулла Түркиядағы “Ақтөбе” ФК қосынына келді. Алматылық “Қайрат” футбол академиясының түлегі өз академиясынан бөлек, “Шахтер” командасында доп тепкен. Қазақстан Жастар құрамасына да шақырту алып, 9 ойында 3 рет гол соққан.

872 0 4 23 32

Вячеслав Дмитриевич Левчук бапкердің ассистенті

Белорусиялық маман “Ақтөбе” ФК бас бапкері Игорь Леоновтың көмекшісі болып тағайындалды. Бапкерлік мансабында Ресей, Украина, Молдова, Беларусь чемпионатының командаларында бапкерлік штабта болып, селекционер, бас бапкер, ассистент қызметтерін атқарған.

Қатарымызға қош келдіңіз Вячеслав Дмитриевич!

807 0 1 13 28

Еркебұлан Сейдахмет Ақтөбе сапында

Қазақстандық шабуылшы Еркебұлан Сейдахмет Түркиядағы “ақ-қызылдардың” оқу-жаттығу жиынына келіп қосылды. Тараз футбол мектебінің түлегі Ресей, Болгария чемпионаттарында доп тепкен тәжірибесі бар. Еліміздің “Тараз”, “Қайрат”, “Жетісу” командаларында ойнаған. Сонымен қатар Ұлттық құрама сапына шақырту алып жүрген ойыншы енді Леонов бастаған командамен бірге жаттықпақ.

826 0 5 18 56

Рақмет Дорни!

“Ақтөбе” ФК шабуылшысы Дорни Ромеро командадан кетті. Өткен маусымда “ақ-қызылдар” сапында 32 матчқа қатысып, 7 гол соғып, 3 мәрте нәтижелі пас берген ойыншыға алғыс білдіріп, алдағы мансабына сәттілік тілейміз!

816 0 1 16 43

Екінші жиын басталды

“Ақтөбе” ФК бүгін Түркияның Анталия қаласына келіп жетті. Игорь Леонов бастаған ұжым бүгін жаттығу жұмысына кіріседі. Алғашқы жиындағы ойыншылардан бөлек, тағы бірнеше футболшы қаралымға келді. Команда құрамын толықтыруы мүмкін ойыншылар туралы ақпарат алдағы уақытта жарияланады.

Құрамның ойыншылары түгелдей команда қосынында. Богдан Вэтежэлу жарақатына байланысты ем алып жатыр. Жақын арада келіп қосылады. Ал, Габи Кики болса клуб дәрігерлерінің қатаң бақылауымен оңалту жаттығуларын жасауда.

Еске сала кетейік, команда бұл жиын барысында 5 жолдастық кездесу өткізеді. Жанкүйерлер бақылау матчтарын Q-sport телеарнасы арқылы тамашалай алады. Көрсетілім кәсіпқой деңгейде, комментатордың баяндауымен таратылады.


Екінші жиында бес кездесу өткіземіз

“Ақтөбе” ФК 3-20 ақпан аралығында Түркияда екінші ОЖЖ өткізеді. Жиын барысында Леонов шәкірттері бес жолдастық кездесу өткізеді. Қарсыластардың қатарында Өзбекстанның “Бунедкор” ФК, Украинаның “Колос” ФК, молдовалық “Шериф” ФК, ресейлік “Арсенал Тула”, “Ахмат” командалары бар. Кездесулерді алдағы уақытта Q-sport арнасында тікелей эфирде көре аласыздар.


Туған күніңмен, Лев!🦁🎂

Бүгін «Ақтөбе» футбол клубының қорғаушысы Лев Скворцовтың туған күні.

Шын жүректен құттықтай отырып, зор денсаулық және сәтті ойын тілейміз!


Forward from: Футзал Казахстан 🇰🇿
Лучший гол января❓
Poll
  •   Дедезиньо «Семей» 🌉
  •   Рындин «Аят» ⛏
  •   Нигуеба «Байтерек» 🌳
  •   Карагулов «Актобе» 🔴
  •   Ерсултан Сагындыков «Аят» ⛏
223 votes


🗳️Қарағұловқа дауыс берейік!


Алғашқы жиын тәмәм

“Ақтөбе” ФК Түркияның Анталия қаласында өткен маусымалды алғашқы ОЖЖ аяғына жетті. Команда жиын барысында төрт жолдастық кездесу өткізуі керек болатын. Алайда, ауа райына байланысты ”Вардар” ФК қарсы ойын болмады. Нәтижесінде үш жолдастық кездесу өткізген Леонов шәкірттері қысқамерзімді демалысқа аттанады.

Команданың екінші оқу-жаттығу жиыны 3-20 ақпан аралығына жоспарланды. Екінші жиынға жаңа ойыншылар қаралымға келіп, команда құрамын толықтай жасақтау басты назарда.

Екінші ОЖЖ барысында команда бес жолдастық кездесу өткізеді. Олардың арасында украиналық “Колос” ФК және ресейлік “Арсенал”, “Ахмат” командалары бар. Тағы екі команда туралы алдағы уақытта хабарлаймыз.


🤝🏻Бірінші жиынның соңғы матчында тең түстік


Клиналық «Дукаджиниге» қарсы бастапқы құрам🇰🇿🇽🇰



19 last posts shown.