FC Aktobe


Channel's geo and language: Kazakhstan, Kazakh
Category: Sport


«Ақтөбе» ФК ресми аккаунты🛡

Related channels  |  Similar channels

Channel's geo and language
Kazakhstan, Kazakh
Category
Sport
Statistics
Posts filter


Орталық стадионды жеңіспен аштық❤️🤍

Ақтөбе 1:0 Ұлытау
⚽️ Жайро 76’

945 0 1 23 81

#АқтөбеҰлытау : 𝐒𝐓𝐀𝐑𝐓𝐈𝐍𝐆 𝐗𝐈📝

📺 Sport+


📛 "Ақтөбе" — "Ұлытау" матчының билеттері сатылып кетті

Алдағы кездесудің билеттері түгел сатылып кеткендігін хабарлаймыз.

Еске сала кетейік, #АқтөбеҰлытау матчы бүгін 19:00-де Орталық стадионда өз бастауын алады.


𝐌𝐀𝐓𝐂𝐇𝐃𝐀𝐘 ❤️🤍

⚽ «Ақтөбе» – «Ұлытау»
🏆 Премьер-лига
🏟 Орталық стадион
🕟 19:00
🌡️ 17'
📺 Qazsport

🛡️Алға Ақтөбе!


𝐍𝐄𝐗𝐓 🔜 – 26 СӘУІР 19:00-де ❤️🤍

🏟️Қобыланды батыр

Осы сенбі үйге ораламыз, дайынсыздар ма?❤️‍🔥


Жанкүйерлермен ашық кездесу

Бүгін “Ақтөбе” ФК жанкүйерлермен ашық түрде кездесу өткізді. Кездесуде басқарма төрағасы Санат Нұрымұлы, бас бапкердің м.а. Вячеслав Дмитриевич, бапкерлік құрам және ойыншылар түгел қатысты.

Кездесу барысында “ақ-қызылдар” көкейіндегі сауалдарын ашық түрде жолдап, бетпе-бет әңгіме барысында жауабын алды. Жанкүйерлер клубтың даму стратегиясын, жекелеген позицияларға жаңа ойыншылар трансфері жайлы, жаңа бапкер тағайындау мәселесін және өзге де көптеген сауалдар қойып, ардагер жанкүйерлер өз батасын берді. Кездесу соңында жанкүйерлер мен команда суретке түсіп, автограф-сессия ұйымдастырылды.

“Ақтөбе” ФК


Жанкүйерлер назарына!

Құрметті “ақ-қызылдар”. “Ақтөбе” футбол клубы жанкүйерлерге арнап футболшылармен, бапкерлік құраммен және клуб басшылығымен кездесу ұйымдастыруда. Бұл кездесу 24 сәуір күні Қобыланды батыр атындағы орталық стадионда өтеді. Кездесуге жанкүйерлер үшін 3-4 секторлар бөлінген. Басталуы 15:00. ‎


Бапкерлік құрамдағы ауысымдар

“Ақтөбе” ФК қақпашылар бапкері Олег Шевченко қызметінен кетті. Бапкерлік құрамда ауысымдар орын алып, енді қақпашылар бапкері қызметін бұған дейін бапкердің асистенті болған Жасур Нарзикулов атқарады.

Олег мырзаға алдағы мансабында сәттілік тілейміз. Жасур Мырзаға еңбегі жемісті болсын деп тілек білдіреміз.


«Ұлытаумен» өз алаңымыздағы матчқа билеттер – Ticketon сайтында сатылымда

Билеттерді келесі сілтеме бойынша сатып ала аласыздар:

https://ticketon.kz/aktobe/event/fk-aktobe-fk-ulytau?item_list_name=%D0%A1%D0%BE%D0%B1%D1%8B%D1%82%D0%B8%D1%8F&item_list_id=allEvents&index=2

#АқтөбеҰлытау матчы 26 сәуір (сенбі) сағ. 19:00-де басталады. Ойын Орталық стадионда өтеді.


Билеттер ЕРТЕҢ сатылымға шығады!

Биылғы жылғы Қобыланды батыр стадионындағы алғашқы матч 26 сәуір күні “Ұлытау” ФК қарсы өтеді. Басталуы 19:00. Сағынып жеткен бұл ойынға билеттер Ticketon.kz сайтында ертең сағат 14:00-де сатылымға шығады.

1.7k 0 10 29 19

Вячеслав Левчук - бас бапкердің міндетін атқарушы

“Ақтөбе” ФК уақытша бас бапкердің міндетін Вячеслав Дмитриевич Левчук атқаратын болады. Айта кетейік, бапкер жыл басынан бері команда сапында қызмет атқарып келеді. Бапкерге алдағы ойындарда сәттілік тілейміз!


Рақмет Игорь Иванович!

“Ақтөбе” ФК бас бапкері Игорь Леонов команда сапынан кетті. Клуб басшылығы Игорь Ивановичтің отбасылық жағдайына байланысты жұмыстан кету туралы өтінішін қабылдап, екіжақты келісімшарт мерзімін аяқтады.

Айта кетейік, Игорь Леонов “Ақтөбе” ФК тізгінінде 2024 жылы Кубок иегері және Премьер лигада қола жүлде иегері атандық.

Атқарылған жұмыс үшін рақмет айтып, алдағы мансабыңызға сәттілік тілейміз.


Ертең қыздарымыз үйдегі алғашқы матчын өткізеді 🔜🏟️

🆚 #АқтөбеҚайсар
🏆 Қазақстан Әйелдер Лигасы
📆 21 сәуір
⏳ 16:00
🏟️ ОСДЮСШОР (Есет батыр 146А)
📺 KFF League Youtube


Қостанайда жеңілдік




#ТобылАқтөбе : 𝐒𝐓𝐀𝐑𝐓𝐈𝐍𝐆 𝐗𝐈📝

📺 Qazsport


Біздің жанкүйерлерге С5 секторы бөлінді

Құрметті Қостанай қаласына барған жанкүйерлер. Біздің командамызға арнап С5 секторы бекітілді. Билеттер жөнінде +7 702 282 0846 Әсет Жомартқа хабарлассаңыздар болады.


𝐌𝐀𝐓𝐂𝐇𝐃𝐀𝐘 ❤️🤍

⚽ «Тобыл» – «Ақтөбе»
🏆 Премьер-лига
🏟 Тобыл Арена, Қостанай
🕟 19:00
🏁 Бағдат Абдуллаев
📺 Qazsport

🛡️Алға Ақтөбе!


𝐄𝐥𝐂𝐥𝐚𝐬𝐢𝐜𝐨 🔰⚔️🛡️

⚽ #ТобылАқтөбе
🏆 Премьер-лига
🏟️ «Тобыл Арена», Қостанай
📆 19 сәуір
🕟 19:00

🤍❤️Алға Ақтөбе!


“Ақ-қызылдар” бірге Қостанайға…

“Ақтөбе” ФК Қостанай қаласына жанкүйерлерге арнап сапар ұйымдастырады. Қазақстан Премьер лигасының 5-тур аясында “Тобыл” ФК қарсы өтетін матчқа баратын жанкүйерлерді микроавтобустармен қамтамасыз етеміз.

Орын саны шектеулі! Сапарға шығуға ниетті жандар төмендегі нөмірге хабарласып, тіркеле аласыздар.
Ережелер:
18 жастан жоғары, клуб атрибутикасының болуы. Тіркеу кезінде құжатыңызбен тіркелесіз.

Тіркелу үшін: +7 702 282 0846 Әсет Жомарт

20 last posts shown.