FlyArystan info


Channel's geo and language: Kazakhstan, Kazakh
Category: Transport


FlyArystan әуе компаниясының баспасөз қызметі
Пресс-служба авиакомпании FlyArystan
FlyArystan airline’s press office

pr@flyarystan.com

Related channels  |  Similar channels

Channel's geo and language
Kazakhstan, Kazakh
Category
Transport
Statistics
Posts filter


Forward from: Air Astana press-releases
Самолет благополучно приземлился в Астане после столкновения с птицами

26 января 2025 года во время вылета рейса авиакомпании FlyArystan FS 7366 по маршруту Уральск - Астана произошло столкновение со стаей птиц в аэропорту г. Уральска. В связи с отсутствием отклонений в работе систем и двигателей самолета экипаж продолжил полет и произвел посадку в аэропорту г. Астаны в штатном режиме.

По прибытию были обнаружены множественные повреждения самолета, включая лопатки компрессора в левом двигателе и участки фюзеляжа, а также останки птиц, в том числе внутри двигателя. Эти образцы будут направлены на ДНК-тестирование для определения видовой принадлежности птиц с целью предотвращения подобных происшествий в аэропорту Уральска.

Группа компаний Air Astana подчеркивает важность минимизации риска столкновений с птицами, которые продолжают представлять угрозу для авиационной безопасности. Подтверждением этому являются недавние авиапроисшествия с другими авиакомпаниями. В этой связи авиакомпания активно сотрудничает с международными экспертами для улучшения программ управления дикой природой в аэропортах Казахстана. При этом уровень таких инцидентов в стране, по данным IATA, значительно превышает мировой показатель. За 2024 год показатель столкновений с птицами на 10 000 полетов в Группе компаний вырос на 30% по сравнению с 2023 годом и составил 203 случаев.

Air Astana призывает аэропорты внедрять проактивные меры, включая контроль и управление окружающей средой, чтобы эффективно снижать риски для безопасности полетов.


Forward from: Air Astana press-releases
Ұшақ құстармен соқтығысқан соң Астанаға аман-есен қонды

2025 жылғы 26 қаңтарда Орал - Астана бағыты бойынша FlyArystan FS 7366 әуекомпаниясының рейсі орындаған ұшақ Орал қаласының әуежайынан ұшқан кезде құстар тобымен соқтығысқан. Ұшақ жүйелері мен қозғалтқыштарының жұмысында ауытқулар болмағандықтан экипаж ұшуды жалғастырып, Астана қаласының әуежайына штаттық режимде қонды.

Ұшақ келгеннен кейін сол қозғалтқыштағы компрессор қалақшалары мен фюзеляжда көптеген зақымданулар анықталды, сондай-ақ құстардың қалдықтары қозғалтқышта және басқа жерлерде табылды. Орал әуежайында осындай оқиғаларды болдырмау мақсатында құстардың түрлерін анықтау үшін ДНК-тестілеуге жіберіледі.

Air Astana компаниялар тобы авиациялық қауіпсіздікке қауіп төндіретін құстармен соқтығысу қаупін азайтудың маңыздылығын баса айтады. Бұған таяуда басқа әуекомпаниялармен болған оқиғалар дәлел бола алады. Осыған байланысты әуекомпания Қазақстан әуежайларында жабайы табиғатты басқару бағдарламаларын жақсарту үшін халықаралық сарапшылармен белсенді ынтымақтастық жасайды. Бұл ретте елдегі мұндай оқыс оқиғалардың деңгейі, IATA деректері бойынша, әлемдік көрсеткіштен едәуір асып түседі. 2024 жылы Air Astana компаниялар тобында 10 000 ұшуға құстармен соқтығысу көрсеткіші 2023 жылмен салыстырғанда 30% -ға өсіп, 203 оқиғаны құрады.

Air Astana әуежайларды ұшу қауіпсіздігі үшін қауіптерді тиімді төмендету үшін қоршаған ортаны бақылау мен басқаруды қоса алғанда, белсенді шараларды енгізуге шақырады.




FlyArystan объявляет весеннюю распродажу

Казахстанский лоукостер FlyArystan сообщает о запуске распродажи, которая продлится 48 часов. Она начнется 28 января 2025 года в 14:00 и завершится 30 января 2025 года в 13:59.

В рамках распродажи предлагаются специальные цены на рейсы по Казахстану – от 6 000 тенге, а на международные маршруты – от 25 000 тенге. Акция включает билеты на перелеты с 15 февраля по 15 мая 2025 года.

Ранее авиакомпания открыла продажи билетов на все направления FlyArystan до конца октября 2025 года, что дает возможность заранее планировать поездки, в том числе на летний сезон.

В стоимость стандартных билетов входит случайное место на борту и ручная кладь весом до пяти килограммов (размером 56x23x36 см). Для пассажиров, которые планируют воспользоваться дополнительными услугами, лоукостер рекомендует оформлять их заранее.

Акционные билеты можно приобрести через мобильное приложение FlyArystan, на сайте www.flyarystan.com или через другие доступные каналы продаж. Количество билетов по акции ограничено.


FlyArystan көктемгі науқан жариялайды

Қазақстандық лоукостер FlyArystan 48 сағатқа созылатын сатылым бастағанын хабарлайды. Науқан 2025 жылғы 28 қаңтар күні сағат 14:00-де басталып, 30 қаңтарда 13:59-да аяқталады.

Науқан аясында Қазақстан ішіндегі рейстерге – 6 000 теңгеден, ал халықаралық рейстерге – 25 000 теңгеден басталатын арнайы бағалар ұсынылады. Жеңілдік бойынша 2025 жылдың 15 ақпанынан 15 мамырына дейінгі рейстерге әуебилеттер қолжетімді.

Бұған дейін әуекомпания барлық бағыттары бойынша 2025 жылдың қазан айына дейінгі билеттерге сатылымды ашқан болатын. Бұл жазғы маусымды қоса алғанда, саяхатты тиімді жоспарлауға мүмкіндік береді.

Стандартты билеттердің бағасына ұшақтағы кездейсоқ орын және 5 келіге дейінгі (56x23x36 см өлшеміндегі) қол жүгі кіреді. Лоукостер қосымша қызметтерді алдын ала тиімдірек бағада рәсімдеуді ұсынады.

Билеттерді жеңілдікпен FlyArystan мобильді қосымшасы, www.flyarystan.com сайты немесе барлық басқа да қолжетімді сату арналары арқылы сатып алуға болады. Науқан бойынша билеттер саны шектеулі.




FlyArystan получил новый самолет A320 с завода Airbus в Тулузе

FlyArystan сообщает о пополнении своего флота новым самолетом Airbus A320 Neo. Это уже 24-й самолет в авиафлоте казахстанского лоукостера. Воздушное судно рассчитано на 188 пассажиров и сочетает передовые технологии, экологическую эффективность и высокий уровень комфорта.

Airbus A320 Neo оснащен двигателями нового поколения и улучшенной аэродинамикой, что позволяет сократить расход топлива на почти 20% и значительно уменьшить углеродный след*. Кроме того, уровень шума этого самолета значительно ниже по сравнению с предыдущими моделями.

Ричард Леджер, президент FlyArystan:
«Получение совершенно нового самолета A320 с завода Airbus в городе Тулуза и его дальнейшее внедрение в эксплуатацию – это важный шаг в развитии FlyArystan и нашей миссии по предоставлению доступных авиаперевозок высокого качества. Этот самолет не только позволяет нам предлагать новые маршруты и увеличивать частоту рейсов на популярных направлениях, но и подтверждает нашу приверженность экологической ответственности».


Новое воздушное судно получило имя «Спика» в честь одной из самых ярких звезд ночного неба, символизируя стремление авиакомпании к лидерству в мире доступных и комфортных перелетов.

Напомним также, что с 1 января 2025 года все рейсы FlyArystan выполняются под новым кодом FS (вместо прежнего KC), который был присвоен авиакомпании Международной ассоциацией воздушного транспорта (IATA).

*Статистика опубликована на официальном сайте производителя.




FlyArystan Тулузадағы Airbus зауытынан жаңа A320 ұшағын қарсы алды

FlyArystan өз әуе флотының жаңа Airbus A320 Neo ұшағымен толыққанын хабарлайды. Бұл қазақстандық лоукостер әуекомпаниясының 24-ші ұшағы. Әуе кемесі 188 жолаушыға арналған және алдыңғы қатарлы технологияларды, экологиялық тиімділікті және жоғары деңгейдегі жайлылықты үйлестіреді.

Airbus A320 Neo жаңа буынды қозғалтқыштармен және жетілдірілген аэродинамикамен жабдықталған, бұл жанармай шығынын 20%-ға дейін азайтуға және көмірқышқыл газы қалдықтарын едәуір төмендетуге мүмкіндік береді*. Сондай-ақ, ұшақтың шу деңгейі алдыңғы модельдермен салыстырғанда айтарлықтай төмен.

FlyArystan президенті Ричард Леджер:
«Тулуза қаласындағы Airbus компаниясынан су жаңа A320 ұшағын алу және оны қызметімізде пайдалану – бұл FlyArystan компаниясының дамуы үшін маңызды қадам және жоғары сапалы қолжетімді әуе тасымалдарын ұсыну жолындағы мақсатымызды жүзеге асыруда маңызды сәт. Бұл ұшақ бізге жаңа бағыттар ашумен қатар танымал бағыттар бойынша рейстердің жиілігін арттыруға мүмкіндік береді, сондай-ақ біздің экологиялық жауапкершілік ұстанымдарымызды растайды».


Жаңа әуе кемесі «Спика» атауына ие болды. Бұл түнгі аспандағы ең жарқын жұлдыздардың біріне арналып, әуекомпанияның қолжетімді әрі жайлы рейстер әлеміндегі көшбасшылыққа ұмтылысын сипаттайды.

Осы ретте, 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап FlyArystan-ның барлық рейстері жаңа FS кодымен (бұған дейінгң KC орнына) орындалады, жаңа код әуекомпанияға Халықаралық әуе көлігі қауымдастығы (IATA) тарапынан берілген.

*Статистика өндірушінің ресми сайтында жарияланған.


FlyArystan открывает продажу билетов на весенне-летнюю навигацию

Казахстанский лоукостер FlyArystan объявляет об открытии продаж авиабилетов на весенне-летнюю навигацию 2025 года. Уже сейчас пассажиры могут приобрести билеты по самым выгодным ценам на большинство рейсов через мобильное приложение FlyArystan или на официальном сайте компании www.flyarystan.com, а также через все другие доступные сервисы продаж.

Весенне-летняя навигация стартует с конца марта и длится до конца октября, охватывая самый высокий сезон в авиаперевозках – лето. В этот период увеличиваются частоты регулярных и популярных рейсов, открываются сезонные направления, а также новые рейсы как внутри страны, так и за ее пределами.

Для комфортного путешествия FlyArystan рекомендует пассажирам заранее приобретать билеты по выгодным тарифам, чтобы обеспечить себе места на наиболее востребованных маршрутах. Также пассажирам рекомендуется следить за актуальными обновлениями на сайте и в мобильном приложении авиакомпании.

О FlyArystan:
FlyArystan — казахстанский лоукостер, являющийся на 100% дочерней компанией группы Air Astana. Cвою деятельность начал в мае 2019 года. С января 2025 года FlyArystan перешел на собственный сертификат эксплуатанта, начав функционировать как отдельная авиакомпания под кодом FS. Авиакомпания выполняет рейсы по обширной маршрутной сети на современном авиапарке самолетов Airbus A320 с базами в Алматы, Астане и Актау. Маршрутная сеть FlyArystan включает в себя внутренние и международные рейсы, а также чартерные маршруты. FlyArystan дважды был признан лучшей бюджетной авиакомпанией в Центральной Азии и СНГ на Skytrax World Airline Awards в 2023 и 2024 гг.


FlyArystan көктем-жаз маусымына әуебилеттер сатылымын бастады

Қазақстандық лоукостер FlyArystan 2025 жылдың көктем-жаз маусымына арналған әуебилеттердің сатылымын ашты. Жолаушылар ең тиімді бағамен билеттерді FlyArystan мобильді қосымшасы немесе компанияның www.flyarystan.com ресми сайты арқылы, сонымен қатар барлық басқа қолжетімді сату жүйелері арқылы да сатып ала алады.

Көктем-жаз навигациясы наурыз айының соңынан қазан айының соңына дейін жалғасады. Бұл кезең әуе тасымалдарының ең жоғары маусымы – жаз айларымен тұспа-тұс келеді. Осы уақытта FlyArystan компаниясы тұрақты және танымал бағыттары бойынша рейстердің жиілігін арттырып, маусымдық жаңа бағыттар ашады. Сондай-ақ, рейс мартшруттары еліміздің аумағынан қатар халықаралық бағыттарда да кеңейеді.

FlyArystan жолаушыларға ең сұранысқа ие бағыттар бойынша қолайлы бағада билеттерді алдын ала сатып алуды ұсынады. Сондай-ақ, әуекомпания мобильді қосымшасы мен ресми сайтында жариялайтын барлық жаңартулар мен маңызды ақпараттардан хабардар болу үшін жолаушыларға соңғы ақпараттарды тұрақты бақылап отыруға кеңес береді.

FlyArystan туралы:
FlyArystan – Air Astana тобының 100% еншілес компаниясы болып табылатын қазақстандық лоукостер. Компания өз қызметін 2019 жылдың мамыр айында бастады. 2025 жылдың қаңтар айынан бастап FlyArystan жеке сертификатына өтіп, FS коды бойынша дербес әуекомпания ретінде қызметін бастады. FlyArystan Алматы, Астана және Ақтау қалаларында орналасқан базаларынан заманауи Airbus A320 әуе кемелерінде кең ауқымды маршруттық желі бойынша рейстер орындайды. FlyArystan маршруттары ішкі және халықаралық рейстерді, сондай-ақ чартерлік бағыттарды қамтиды. FlyArystan 2023 және 2024 жылдары екі рет Skytrax World Airline Awards бойынша Орталық Азия мен ТМД-ның үздік бюджеттік әуекомпаниясы атанды.




14 января 2025 года пассажирка рейса FS 7057 по маршруту Алматы – Астана напала на сотрудника наземной службы FlyArystan в Международном аэропорту Алматы.

Пассажирка подошла к стойке регистрации за 30 минут до вылета и подтвердила наличие регистрации на рейс, после чего направилась на досмотр. Однако ей не хватило времени, чтобы успеть на посадку. Напоминаем, что посадка на рейс начинается за 30 минут до вылета, и в это время всем пассажирам необходимо находиться на гейте.

После этого пассажирка вернулась в зону регистрации и начала вести себя агрессивно по отношению к сотруднику, который направил ее в зону досмотра. В ходе инцидента она выбросила телефон сотрудника и нанесла удары по лицу и животу, продолжая угрожать словесно. Этот акт агрессии был зафиксирован камерами видеонаблюдения и свидетелями.

Мы напоминаем, что FlyArystan придерживается строгой политики нулевой терпимости к любым проявлениям насилия, включая физические атаки, угрозы и оскорбления в отношении своих сотрудников и других пассажиров. Пассажиры, допускающие агрессивное или неприемлемое поведение, должны понимать, что такие действия нарушают закон и внутренние правила авиакомпании, предоставляя угрозу безопасности полетов, включая процесс предполетной подготовки.

Пассажирка, проявившая деструктивное поведение, будет привлечена к ответственности в соответствии с действующим законодательством. Авиакомпания также оставляет за собой право применить соответствующие меры в рамках своей политики безопасности, в том числе включение в «черный список» пассажиров.

Мы настоятельно подчеркиваем, что каждый пассажир несет полную ответственность за свое поведение и соблюдение норм уважения к окружающим. Важно помнить, что своевременная явка на рейс является личной ответственностью пассажира. Безопасность и комфорт полета зависят от культуры взаимного уважения, дисциплины и соблюдения правил всеми участниками процесса.


2025 жылдың 14 қаңтарында Алматы – Астана бағыты бойынша FS 7057 рейсінің жолаушысы Алматы халықаралық әуежайында FlyArystan қызметкеріне шабуыл жасады.

Жолаушы рейс уақытынан 30 минут бұрын тіркеу бағанына келіп, рейске тіркелгенін растағаннан кейін, тексеру аймағына бағытталды. Алайда жеткіліксіз уақыт қалуына байланысты жолаушы рейске отырғызуға үлгермей қалған. Осы ретте, рейске отырғызу ұшу уақытына 30 минут қалғанда басталатынын және осы уақытта барлық жолаушылардың гейтте болуы қажет екенін еске саламыз.

Осыдан кейін жолаушы тіркеу аймағына қайта оралып, тексеру аймағына бағыт көрсеткен қызметкерге қатысты агрессивті мінез-құлық көрсете бастады. Оқиға барысында ол қызметкердің жеке мобильді телефонын лақтырып, беті мен ішіне соққы жасады және сөзбен қорқытуды жалғастырды. Бұл агрессиялық әрекет бейнекамераларда және куәгерлердің мәлімдемесімен расталған.

FlyArystan компаниясы қызметкерлеріне және басқа жолаушыларға қатысты күш көрсету, қорқыту және қорлау әрекеттеріне төзімділік көрсетпеу саясатын ұстанатынын еске саламыз. Агрессивті немесе тәртіпке сай келмейтін мінез-құлық танытатын жолаушылар мұндай әрекеттер заңды және әуекомпаниясының ішкі ережелерін бұзатынын, бұл ұшудың қауіпсіздігіне, оның ішінде ұшуға дейінгі дайындық процесіне қауіп төндіретінін түсінуі қажет.

Деструктивті мінез-құлық көрсеткен жолаушы қолданыстағы заңнаманы бұзғаны үшін жауапкершілікке тартылатын болады. Сондай-ақ, әуекомпания өз қауіпсіздік саясаты шеңберінде тиісті әрекеттерді, оның ішінде «қара тізімге» енгізу сияқты шараларды дербес түрде қолдану құқығын сақтайды.

Әрбір жолаушының өз мінез-құлқы мен басқаларға деген құрмет нормаларын сақтауы толықтай өзінің жеке жауапкершілігінде екенін ерекше атап өтеміз. Рейске уақытында келу жолаушының жеке жауапкершілігі екенін есте сақтау маңызды. Ұшу қауіпсіздігі мен жайлылығы өзара құрмет, тәртіп және ережелерді сақтау мәдениетіне тікелей байланысты.


13 января 2025 года в ходе подготовки ко взлету рейса FlyArystan по направлению Астана – Усть-Каменогорск пассажир неожиданно ударил бортпроводницу в живот, когда она проходила мимо во время подсчета пассажиров. При этом деструктивного поведения со стороны пассажира во время посадки замечено не было.

Были вызваны сотрудники полиции (ЛОВД), а также сотрудники службы авиационной безопасности компании. В ходе проверки документов деструктивный пассажир также заявил о наличии бомбы, после чего были вызваны сотрудники кинологической службы аэропорта. Произведена полная высадка пассажиров. Также была вызвана медицинская служба аэропорта для осмотра бортпроводницы.

Незамедлительно был произведен тщательный осмотр воздушного судна, в ходе которого взрывных устройств и других запрещенных предметов не обнаружено.

Авиакомпания, придерживаясь политики нулевой терпимости в отношении нарушителей правопорядка на борту самолета, примет строгие меры в отношении деструктивного пассажира. Напоминаем, что деструктивное поведение и нарушение правил на борту недопустимо и влечет за собой установленную законодательством ответственность.

Согласно информации от Департамента полиции на транспорте, по фактам хулиганства и заведомо ложного сообщения об акте терроризма возбуждены уголовные дела. Подозреваемый водворен в изолятор временного содержания.


2025 жылғы 13 қаңтарда FlyArystan әуекомпаниясының Астана – Өскемен бағыты бойынша рейсін ұшуға дайындауы барысында жолаушы бортсерікті жолаушыларды санау кезінде өтіп бара жатқан сәтте кенеттен ішінен ұрып жіберді. Бұл ретте, бұған дейінгі отырғызу кезінде жолаушы тарапынан қандай да бір деструктивті мінез-құлқы байқалмағанын атап өтеміз.

Оқиға орнына полиция қызметкерлері мен компанияның авиациялық қауіпсіздік қызметінің мамандары шақырылды. Құжаттарды тексеру барысында деструктивті жолаушы бомба бар екенін де мәлімдеді. Осыдан кейін әуежайдың кинологиялық қызметі шақырылып, барлық жолаушылар ұшақтан шығарылды. Сондай-ақ, бортсеріктің жағдайын тексеруден өткізу үшін әуежайдың медициналық қызметі шақырылды.

Әуе кемесіне жедел түрде мұқият тексеріс жүргізілді, нәтижесінде жарылғыш немесе басқа да тыйым салынған заттар табылған жоқ.

Әуекомпания борттағы құқық бұзушыларға қатысты төзімділік танытпау саясатын ұстана отырып, деструктивті жолаушыға қатысты қатаң шаралар қабылдайды. Бортта деструктивті мінез-құлық көрсетуге және ережелерді бұзуға мүлдем жол берілмейтінін және бұл заңнамада белгіленген жауапкершілікке әкелетінін еске саламыз.

Көлік полициясы департаментінің мәліметінше, бұзақылық және терроризм актісі туралы жалған хабарлау фактілері бойынша қылмыстық істер қозғалды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалған.


Алматыда ауа райының қолайсыздығына байланысты рейстердің кешігуі

Алматыда қалың қардың түсуіне байланысты FlyArystan әуекомпаниясы қолайсыз метеорологиялық жағдайлар мен мұздануға қарсы өңдеуді жүргізу мүмкін еместігінің салдарынан бірнеше рейстердің кешігуі туралы хабарлайды.

Бұл жағдай басқа қалаларда да әуе кемелерінің келу уақытын ұзартып, ұшу кестесінің өзгеруіне себеп болады. Осы кезекте, әуекомпанияның барлық рейстері кері бағытты және рейстер арасындағы уақыт аралығы 30 минутты құрайтынын еске саламыз.

Қазіргі уақытта алты рейс кешіктірілген. Қыс мезгіліндегі рейс кешігулері мен жолаушылардың құқықтары туралы толық ақпарат келесі сілтеме бойынша қолжетімді: https://t.me/flyarystan_inform/363


Задержки рейсов из-за непогоды в Алматы

В связи с сильным снегопадом в Алматы авиакомпания FlyArystan сообщает о ряде задержек рейсов, вызванных неблагоприятными метеорологическими условиями и невозможностью проведения противообледенительной обработки.

Ситуация также приводит к увеличению времени ожидания прибытия воздушных судов в других городах, что вызывает изменения в расписании вылетов. Напоминаем, что все рейсы авиакомпании являются разворотными, а временной интервал между рейсами составляет 30 минут.

На текущий момент задержаны шесть рейсов. Подробная информация о причинах задержек в зимний период и правах пассажиров доступна в ранее опубликованном материале по ссылке: https://t.me/flyarystan_inform/365


2024 год стал годом перемен, рекордов и новых горизонтов, а также в этом году мы отметили пятилетие с момента основания FlyArystan!

Одним из ключевых достижений стало получение собственного сертификата эксплуатанта от Авиационной администрации Казахстана, который подтверждает соответствие казахстанским авиационным требованиям и международным операционным стандартам. Это позволило нам получить собственный код IATA – FS.

Уже с 1 января 2025 года мы начнем выполнять рейсы под новым кодом FS.

В 2024 году FlyArystan вновь подтвердил лидерство, получив вторую награду SkyTrax в номинации «Лучшая бюджетная авиакомпания Центральной Азии и СНГ».

Еще одним знаменательным событием стало достижение важного рубежа: в начале сентября мы перевезли нашего 15-миллионного пассажира. Самым юным пассажиром в этом году стала новорожденная малышка, которой было всего 11 дней на момент ее первого полета. При этом самый опытный путешественник в этом году отметил 97 лет.

В этом году мы провели три масштабные распродажи на внутренние и международные направления, а также радовали пассажиров специальными акциями.

Среди инновационных проектов этого года особенно выделяется запуск услуги BagJan в Международном аэропорту Алматы. Благодаря этой системе самостоятельная регистрация и сдача багажа стали значительно быстрее и удобнее.

Мы также порадовали наших клиентов запуском собственного влога Low-Cost Travel на YouTube, который позволил по-новому взглянуть на наши международные направления – Баку, Урумчи, Ташкент и Кутаиси. В то время как новые выпуски подкастов раскрывали интересные истории наших пилотов.

Кроме того, FlyArystan активно участвовал в социальных инициативах. Совместно с Air Astana мы оказали помощь пострадавшим от наводнения в Западном Казахстане, обеспечив доставку гуманитарного груза и волонтеров.

В рамках экологической миссии мы завершили третий этап восстановления леса в области Абай. Осенью вместе с «Семей Орманы» посадили саженцы сосны обыкновенной. Общее число выращенных и высаженных достигло 1 325 000, покрыв площадь в 315 гектаров.

Активно начали работать с представителями медицины, предоставив билеты ведущим специалистам Heart Center Foundation из Астаны для обмена опытом по лечению болезней сердца в регионах Казахстана.

Не обошли стороной и другие важные социальные проекты: сотрудничали с фондами «Территория Успеха» и «Наследие» в инклюзивных инициативах, а также оказали паллиативную помощь с фондом Menin Armanym. Поддержали марафоны Jüregımnıñ Jeñımpazy и Turkistan Marathon.

Мы искренне благодарим вас за доверие и поддержку в этом году. Все эти достижения стали возможны благодаря вам – нашим пассажирам, партнерам и всем, кто разделяет нашу любовь к авиации.

Пусть 2025 год подарит всем нам новые высоты и яркие путешествия! С Новым годом!




2024 жыл өзгерістер, жаңа көрсеткіштер мен мүмкіндіктер жылы болды, сондай-ақ осы жылы FlyArystan компаниясының құрылғанына бес жыл толуын атап өттік!

Компания үшін маңызды оқиғалардың бірі – Қазақстанның Азаматтық авиация әкімшілігінен өзіміздің жеке эксплуатациялық сертификатымызды алу болды. Бұл сертификат бізді Қазақстанның авиациялық талаптарына және халықаралық операциялық стандарттарға толық сәйкестігімізді растайды. Осы маңызды қадамның арқасында біз FS – IATA кодын алып, 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап рейстерімізді осы жаңа кодпен орындай бастаймыз.

2024 жылы FlyArystan кезекті түрде көшбасшылығын растап, SkyTrax ұйымынан «Орталық Азия мен ТМД-ның ең үздік бюджеттік әуекомпаниясы» номинациясында екінші рет марапатқа ие болды. Бұл – біздің сапа мен қызмет деңгейіміздің әлемдік стандарттарға сәйкес келетінін көрсететін тағы бір сенімді белгі.

Сонымен қатар, осы жылы біз 15 миллионыншы жолаушымызды тасымалдадық. Ағымдағы жылы бізбен саяхаттаған ең кішкентай жолаушы – алғашқы ұшуы кезінде тек 11 күндік нәресте болды, ал ең тәжірибелі саяхатшы 97 жасқа толған қариямыз еді.

Бұл жылы біз үш ірі билеттер сатылымын ұйымдастырып, жолаушыларымызға ерекше науқандармен қуаныш сыйладық.

Инновациялық жобалар арасында Алматы халықаралық әуежайында BagJan қызметінің іске қосылуы ерекше атап өтуге тұрарлық. Бұл жүйе жолаушыларға тіркеу және жолжүкті тапсыру процесін әлдеқайда жылдам әрі ыңғайлы етті.

Сондай-ақ, YouTube арнасында Low-Cost Travel влогымызды бастау арқылы халықаралық бағыттарымыз – Баку, Үрімші, Ташкент және Кутаисиді жаңа қырынан таныстыруға мүмкіндік алдық. Ал подкасттарымызда пилоттарымыз қызықты оқиғаларымен бөлісті.

FlyArystan әлеуметтік бастамаларға да белсенді қатысып, Air Astana компаниясымен бірге Батыс Қазақстандағы су тасқынынан зардап шеккендер жандарға гуманитарлық көмек пен еріктілерді жеткізуге атсалысты.

Экологиялық миссиясы аясында Абай облысында орманды қалпына келтірудің үшінші кезеңін аяқтадық. Күзде «Семей Орманы» ұйымымен бірге қарағай көшеттерін отырғыздық. Жалпы саны 1 325 000 көшет отырғызылып, 315 гектар аумақты қамтыды.

Медицина саласында да белсенділік таныта білдік, Астанадан Heart Center Foundation мамандарына Қазақстан аймақтарында жүрек ауруларын емдеу бойынша тәжірибе алмасу үшін билеттер ұсындық.

Сондай-ақ, «Территория Успеха» және «Наследие» қорларымен инклюзивті бастамалар бойынша серіктестікке жетіп, «Менің Арманым» қорымен бірлесе паллиативті көмек көрсеттік. Бұдан бөлек, Jüregımnıñ Jeñımpazy және Turkistan Marathon марафондарына қолдау көрсеттік.

Бұл барлық жетістіктер сіздердің – біздің жолаушыларымыздың, серіктестеріміздің және авиацияға деген сүйіспеншілігімізді бөлісетін барлық адамдардың қолдауының арқасында мүмкін болды. Біз сіздерге шын жүректен алғысымызды білдіреміз. Сенім мен қолдау үшін ризамыз!

2025 жыл бізге жаңа биіктер мен жарқын саяхаттарды сыйласын! Жаңа жылдарыңызбен!

20 last posts shown.