⚡️
Депутат Перуашев: Бизнесті тартып алу етек алып барады! Ескі Қазақстанның ештеңесі кеткен жоқ...Мәжіліс депутаты Азат Перуашев шенділердің "Ескі Қазақстанға қарсы күресті" желеулетіп рейдерлікпен айналысып жатқанын мәлімдеді деп жазады
Fragment.
Оның айтуынша, бұрынғы президенттің інісі, марқұм Болат Назарбаевтың компаниясы бұл жағдайдан пайда көріп отыр.
"Бізге кәсіпкерлер шығып, шенеуніктер өкілетін асыра пайдаланып, біреудің бизнесіне ортақтасып жатқанын хабарлауда. Мәселен, Түркістан облысы, Сарыағаш ауданы әкімдігі Болат Назарбаевтың активін қайтару сылтауымен, 2017 жылы Қаржыминнің ашық аукционында санаторийдің бір бөлігін сатып алған адал кәсіпкерлердің активін де тартып алған.
Бірақ, Болат Назарбаевтың өз компаниясына тиесілі нысандарды қайтарып берген. Ал әлгі кәсіпкерлердің нысандары тартып алынған күйінде қалды, нәтижесінде санаторий 2 млрд теңге шығынға ұшырады", - деп хабарлады Перуашев.
Оның айтуынша, мұндай оқиға жалғызлікті емес.
Мәселен 🚞 "ҚТЖ" сот арқылы «АНГРЕНСОР Ltd.» ЖШС-іне тиесілі Павлодар облысы Атығай станциясындағы құны 1,5 млрд теңгеден асатын ғимарат пен теміржол жолдарын өтеусіз беруге міндеттеген.
"Ұқсас жағдай Маңғыстау облысында да орын алған, онда көлік министрлігі өз бұйрығымен «Каскор-Транссервис» АҚ-ға 90-жылдардан бері тиесілі кіреберіс теміржол жолдарын ҚТЖ-ның магистральдық желілер тізіміне енгізу және оларды өтеусіз негізде мемменшікке беру туралы шешім қабылдаған.
Жамбыл облысы Меркі ауданында да аудандық прокуратура 2007 жылдан бері ауыл шаруашылығын сәтті дамытып келе жатқан "Жеміс-Жидек" ЖШС-іне тиесілі 200 гектар жерді өтеусіз алып қоймақ. Бұл тенденция етек жайып барады және тек меморгандар ғана емес, басқа да монополистер адал еңбегімен күн көріп отырған кәсіпорындардың меншігіне көз алартуда.
Күні кеше, Таразда "Жамбыл электр желілері" дейтін монополист қой өңдеу фабрикасының ("ПОШ-Тараз" ЖШС) иелігіндегі қосалқы электр станциясын еш өтеусіз, өз меншігіне беруді талап етті", - деп қосты депутат.
Депутаттың айтуынша, соңғы кезде мұндай мазмұндағы арыз-шағымдардің легі көбейіп жатыр.
"Меншік құқығын 🇦🇷 қайта бөлу кең таралған практикаға айналып барады. Алайда, Ата заңның 6-бабында мемлекеттік және жеке меншік теңдей танылып, қорғалатыны анық жазылған. Бұдан бөлек, ешкім сот шешімінсіз өз мүлкінен айырылмауы тиіс. Мүлікті мәжбүрлі түрде алу тек мемлекеттік қажеттіліктер үшін ғана, оның құны өтелетін жағдайда мүмкін болады – бұл да Конституцияда, 26-бапта көрсетілген. Сондай-ақ, мүлікті тәркілеу қылмыстық құқық бұзушылықтарға қатысты сот үкімі негізінде ғана жүзеге аса алады (ҚР ҚК 48-бап)», – деп мәлімдеді депутат.
Перуашевтің атап өткеніндей, ілгерідегі өрескел жағдайдың ешбіріне қатысты қылмыстық іс қозғалмаған, тартып алынған мүлік үшін өтемақы да төленбеген.
"Рейдерлер кейде Ескі Қазақстанның өкілдері және олармен байланысты олигархтардың заңсыз активтерін қайтару жөніндегі іс-шараларға сілтеме жасайды. Алайда жоғарыда келтірілген мысалдарға қарап, бірде-бір олигархтың қылшығы да қисаймағанын аңғаруға болады. Керісінше, Сарыағаштағы санаторий жағдайында Болат Назарбаевтың иелігіндегі нысандар оның компаниясына қайтарылып берілген. Ал адал кәсіпкерлердің аукционнан заңды түрде сатып алған мүлік сол кеткеннен мол кеткен", - деді мәжілісмен.
Перуашев бүкіл өркениетті әлемде жеке меншікке қол сұғу қылмыс екенін еске салды.
«👨💼 Президент Тоқаев «Экономиканы либерализациялау жөніндегі шаралар туралы» Жарлығында жеке меншікке қол сұғылмауын қамтамасыз етуді негізгі бағыттың бірі ретінде айқындады. Меншік құқығы кез келген экономиканың инвестициялық ахуалына тікелей әсер етеді. Қазіргі үрдіс Конституцияға да, заңға да, президент Жарлығына да қайшы. "Ақ жол" Үкімет пен Бас прокуратураны мүлікті заңсыз қайта бөлудің қалыптасып отырған практикасына ерекше назар аударуға, адал бизнесті қорғауға және рейдер шенеуніктер мен басқа да тұлғалардың жолын кесуге шақырады», - деді Перуашев.
Бұл туралы әлі де айтамыз. Арнаға жазылуды ұмытпаңыз👇
https://t.me/fragmentqaz