"Қала мен Дала" газеті


Channel's geo and language: Kazakhstan, Kazakh


"Қала мен Дала" газетінің ресми парақшасы

Related channels  |  Similar channels

Channel's geo and language
Kazakhstan, Kazakh
Statistics
Posts filter


Forward from: Әшкере
Video is unavailable for watching
Show in Telegram
⚡️Шерзат Болатты өлтірді деген күдіктілер түрмеде той тойлап жүр...

Желіде 16 жасар Шерзат Болатты өлтірді деген күдіктілердің тергеу изоляторында туған күн тойлаған сәті тарап жатыр.

Бейнежазба Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданының уақытша ұстау изоляторында 8-9 ақпанда түсірілген.

"Талғар тұрғыны Шерзат Болатты өлтірді деп күдікке ілінгендер СИЗО-да туған күн тойлап, торт әкеліп, тәтті сусын ішкен. Тіпті дауыстық көмекшіден Қайрат Нұртастың әнін қосуды сұраған. Түк болмағандай, мәз-мейрам…", – делінген хабарламада.


Алматы облысының полиция департаменті оқиғаға қатысты түсініктеме беріп, "видеодағы барлық тұлға, соның ішінде басшылық та қатаң жауапкершілікке тартылады" деп мәлімдеді.

Бейнежазбаның таралу фактісі бойынша жан-жақты тексеріс басталғаны белгілі болды.

22 қаңтарда полиция Шерзаттың өліміне байланысты қылмыстық істі тергеу процесі аяқталғанын хабарлады. Қазір тараптар сотқа дейінгі тергеу материалдарымен танысуда.

КОНТЕКСТ

Еске сала кетейік, 2024 жылы 4 қазанда Алматы облысы, Талғар ауданында бір топ жігіт 16 жастағы Шерзат Болатты аяусыз ұрып-соғып, мұның соңы өлімге әкелген. Куәгерлер жасөспірімді тепкілеп жатқан сәтті видеоға түсіріп үлгерген. Бұдан бөлек, 12 қазанға қараған түні марқұм тұрған үй отқа оранып, туыстары бұл жайтты күдіктілердің кек алуымен байланыстырған еді.

Бізді оқыңыз👇

📱 Әшкере


Forward from: Әшкере
❗️ Құлыбаевтың күнәсі кешірілді: үлкен төлемнен кейінгі үлкен амбициялар...

Қазақстанда Тимур Құлыбаевтың бастамасымен "Ұлттық инвесторлар альянсы" құрылуы мүмкін.

Билік дәлізіндегі күбір-сыбырға құлақ түріп жүретін телеграм-арналардың ақпараты бойынша, жаңа құрылым Тоқаевтың экономиканы нығайту стратегиясын қолдауға ниеттенбек: инфрақұрылымдық жобалар, көлік-логистикалық хабтар, цифрландыру және жасанды интеллектіні енгізу сынды бағыттарға басымдық берілмек.

Кей деректер бойынша, экс-президент Назарбаевтың күйеу баласы Жаңа Қазақстанға 1 млрд доллар өтемақы төлеген, мұның 230 млн доллары молдовалық кәсіпкерлер Анатолий және Габриэль Статидің қарызын өтеуге жұмсалған.


Бұл келісім Құлыбаевты ықтимал қылмыстық айыптардан арашалап, оған ел ішіндегі ықпалын қайта арттыруға жол ашқан сыңайлы. "Индулигенцияға" (күнәсі кешірілген) ие болған олигарх өз позициясын бекемдеуге кірісіп отыр.

Алда құрылуы мүмкін "Ұлттық инвесторлар альянсы" қазақстандық ірі бизнес өкілдерін біріктірмек. 2013 жылы да дәл осы Құлыбаевтың бастамасымен "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасы құрылып, елдегі бизнеске қолдау көрсететін негізгі институт ретінде таныла бастаған еді.

Сарапшылардың пайымынша, Тимур осы "Альянс" арқылы елдегі саяси процестерге ықпал етіп, өзіне үйреншікті билік тұтқаларын қалпына келтіруге тырысады. 💰 Ірі кәсіпкерлердің басы біріксе, олардың мүддесін қорғауда айтарлықтай күш қалыптасып, олигархия мүддесі бұрынғыдан бетер ұйымдасқан сипатқа ие болуы мүмкін.

Бізді оқыңыз👇

📱 Әшкере


Forward from: Әшкере
⚡️ Халық жақсы өмір сүруге лайық! Шенділердің ашкөздігі елдің дамуын тежеуде - Антикор басшысы

Шенеуніктердің ашкөздігі елдің дамуын тежейтін басты кедергінің бірі. Бұл туралы «Үәде» бағдарламасының эфирінде Антикор төрағасы Асхат Жұмағали мәлімдеді.

Оның айтуынша, жемқорлық Қазақстанда әлеуметтік құбылысқа айналып кеткен.


Мемлекет осы бағытта заңнамалық негізді күшейту үшін тиісті қадамдар жасауда. Қабылданған Антикоррупциялық саясат тұжырымдамасына барлық меморган жұмылдырылған.

"Ұлттық банк және Қаржы министрлігімен бірлесе отырып, бюджет қаражатының ұрлануын болдырмау бағытында жаңа тәсілдер енгізілуде. Цифрландыруға негізделген құралдар арқылы бюджет қаржысының қозғалысын бақылайтын жүйе құрылып отыр", - дейді ол.

Қатаң жазалау шаралары да назардан тыс қалмаған.

Ерекше ірі көлемде пара алған адам 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Бұған қоса, жемқор шенеунік шартты түрде мерзімінен бұрын босап шыға алмайды. Ондай адамның мемлекеттік қызметке және квазимемлекеттік секторға қайта оралуына заң жүзінде тыйым салынған.

Жұмағалидың айтуынша, халықтың өтініші мен әлемжелідегі сигналдар маңызды ақпарат көздеріне айналған. Бұдан бөлек, агенттік қазіргі кезде бюджет қаржысын нақты қадағалау мақсатында "цифрлық теңге" жобасын қолға алыпты. Мұның ерекшелігі неде?

"Мұнда әрбір теңгенің қандай тауарға немесе қызметке жұмсалғаны бақыланады. Бұрын бөлінген қаражатты жалған фирмалар арқылы қолма-қол шығарып алу амалдары қолданылса, енді цифрлық таңбалау механизмінің арқасында қаржының бүкіл қозғалысы тіркеліп отырады", - дейді ол.

Агенттік бұл тәсілді былтыр "Достық – Мойынты" теміржол құрылысында сынақтан өткізген екен, сөйтіп 160 млрд теңге бақылауға алынған.

Атырау облысындағы жол салу жобасы да дәл осындай схемаға қосылып, мердігерлер барлық шығынын ашық көрсетуге келісім берген.


Жұмағали агенттік қызметінің түпкі мақсаты – азаматтардың әл-ауқаты мен өмір сапасын жақсарту екенін еске салып отыр. Айтуынша, түрлі рейтингтерде Қазақстанды жақсы қырынан көрсету жеткіліксіз, қарапайым тұрғындардың жемқорсыз ортада өмір сүруіне жағдай жасау маңызды.

Саакашвили? Асхат Жұмағали осы ретте Грузияның тәжірибесін үлгі ретінде ұсынуда.

"Грузиндер кезінде мемқұрылымдар мен құқық қорғау органдарында ауқымды реформа (тазалау) жүргізді. Біз де осындай істерді қолға алып жатырмыз, кей тұстарда одан да ауқымды қадамдарға барып отырмыз. Кез келген істе әділеттің салтанат құруы, жазалаудың заңмен бекітілген шегінен аспауы агенттіктің өзгермес принципі болмақ", - дейді ол.

Бізді оқыңыз👇

📱 Әшкере


⚡️ "Обороты" 15 млн-нан асса, салық төлейді! Жұманғарин бет бақтырмай отыр...

Былай қарасаң, министрдің пайымы дұрыс секілді. Былай қарасаң бұрыс секілді. Неде болса, өзінің аргументін қорғап шығыпты.

Мынадай кейін Жұманғаринге қарсы кампания жүруі ғажап емес...

Мән-жайы осы жерде:

https://t.me/+pr78NOTDpUFiNzhi


Forward from: Әшкере
🇰🇿 Тоқаев халықтың қарызға батқанын мойындады

Президент Тоқаев қазақтардың шектен тыс қарызға батуы мәселесін тағы көтерді. Бизнес өкілдерімен кездесуде ол тұтынушылық несие беру қарқыны бәсеңдемегенін, керісінше, реттеуші органдардың қатаң шараларына қарамастан, жыл ішінде 33%-ға өсіп кеткенін атап өтті. Мұнымен қатар, проблемалық несиесі бар азаматтардың да саны көбейіп жатыр.

"Банктерге рефинанс жасау жүйесін күшейтіп, проблемалық несие көлемін арттырмау міндеті жүктеледі.
Халықты қарыз қамытынан құтқаруымыз керек.

Бұл (билік үшін) саяси маңызы бар мәселе", - дейді ол.

Мемлекет тұтынушылық несиелеу саласын қатаң бақылауға алу үшін бірнеше рет шара қабылдаған.

Алайда бұлардың түк нәтиже бермегенін жақында Ұлттық банк басшысы 🇰🇿 Тимур Сүлейменов мойындады. Оның пайымдауынша, несие алу қарқынының артуы халықтың нақты табысының төмендігімен байланысты.

«Тұрғындар айлығын әзер жеткізіп, қажетті тауарларын несиеге алуға мәжбүр. Егер халықтың табысы жетерлік болса, қарызға тәуелділік бұлай өспес еді», - деген болатын Тимекең.


Үкімет пен реттеуші органдар алдағы уақытта тағы қандай шектеулер енгізуі мүмкін екені белгісіз. Дегенмен, тұтынушылық несие нарығына бақылау күшейетіні анық.

Бізді оқыңыз👇

📱 t.me/askerenews


Forward from: Әшкере
‼️🇺🇸🇺🇦АҚШ Украина мүмкіндігінше тезірек сайлау өткізуі керек деп есептейді

Дональд Трамп әкімшілігінің пікірінше, әскери жағдайға байланысты кейінге қалдырылған Украинадағы сайлау жыл соңына дейін өтуі мүмкін, әсіресе егер Ресеймен атысты тоқтату туралы келісім жасалса.

Бұл туралы АҚШ-тың Украина жөніндегі арнайы өкілі Кит Келлогг Reuters агенттігіне мәлімдеді. Әңгіме парламенттік және президенттік сайлау туралы болып отыр.

"Көптеген демократиялық елдер соғыс уақытында да сайлау өткізеді. Менің ойымша, бұл маңызды. Бұл демократия үшін жақсы деп есептеймін. Тұрақты демократияның артықшылығы – сайлауға бірден көп кандидат қатыса алатынында", - деді Келлогг.


📱 t.me/askerenews


Forward from: DALA INSIDE
⚡️ Академик Жұмаділдаев: Назарбаевтың тұсында Есімовке дейін "Еңбек ері" атанды...

Қазақтілді ортаға сыйлы, "абстрактілі тақырыптардан" аулақ жүретін академик Асқар Жұмаділдаевтың айтуынша Назарбаевтың ғалымдарға бүйрегі бұра бермейтін.

DALA INSIDE түнеукүні Тоқаевтың қолынан марапат алған ғалымның Assyltas арнасына берген сұхбатын шолып шыққан еді.

Республика күні қарсаңында президент Тоқаев Асекеңді "Қазақстанның Еңбек Ері" атағымен марапаттаған. Ғалымның айтуынша, бұл оның тұңғыш мемлекеттік ордені.

Ғалым ескі Қазақстанның дәуірлеп тұрған шағында да мұндай сый-құрметке ұсынылғанын жасырмайды, алайда әлдебір себеппен санаттан сызылып қала берген.


"Менде медаль болғанымен, мемлекеттік ордендер жоқ екен. Академия мені "Құрмет" орденіне ұсыныпты. Қомсынбағаным емес, "мұны жас балалар да алып жатыр ғой, олармен жағаласып жүргенім жарамас" деп едім, сөйтсем заң сондай екен. "Құрметті" кеудеңе таққасын, тағы бес жыл күтесің. Бірақ кейін Президенттің пәрменімен бұл шешім өзгертіліпті. Ақыр соңында, "Қазақстанның Еңбек Ері" атағын алдым", – дейді Асекең.

Ғалым сол күнгі Астана көшесіндегі кептелістің кесірінен Ақордаға автобуспен баруға мәжбүр болған.

"Такси шақырып едім келмеді. Амал жоқ, автобусқа міндім. Бір студенттер танып қалып, сәлемдесті. Бір сағатқа жуық жүріп, Ақордаға әрең жеттім. Сол аралықта құттықтап қоңырау шалғандар көп болды, бірақ не үшін құттықтап жатқанын өзім білмеймін", – деп еске алды ол.

Академиктің айтуынша экс-президенттің ғалымдарға бүйрегі бұра бермейтін. Назарбаевтың заманында ғылым-білім қуған қауымға мұндай атақ сирек берілетін.

Ескі Қазақстанның кезінде Назарбаевтың немере інісі Ахметжан Есімовке дейін берілген "Еңбек ері" ғалымдарды айналып өте берген.


"Менің орденімнің арғы бетінде 52 саны таңбаланып тұр. Осы сәтке дейін бұл төсбелгі 52 адамның кеудесіне тағылыпты. Соның тең жартысын Назарбаев табыстаған екен. Бірақ Есімовке, ірі холдинг басшыларына, ұстаздарға, дәрігерлерге, ақын-жазушыларға берген екен. Ғалымдарға бұйырмаған. Мүмкін, осы санаттағы алғашқы лауреат мен шығармын", - дейді академик.

Бұған дейін сұхбатының бірінде Асқар Жұмаділдаев мырза "қазаққа ақын емес, технократ керек" деп, еліміздің технологиялық дамуға мұқтаж екенін атап өткен еді. Ғалымның экс-президентті ашық сынаған кезін еске түсіре алмай тұрмыз.

Дегенмен, Назарбаев билігінің соңында "шикізат емес, ақыл сататын заман туды" деген Жұмаділдаев Үкіметтің "ата-бабамыздың барлық байлығын бытырлатып сатып жатқанын" сынаған еді.

Бізге тіркелуді ұмытпаңыз👇

https://t.me/dalainside


Forward from: DALA INSIDE
🚂 ҚТЖ-ның жаңа басшысы туралы ауыр келіссөздер аяқталуға жақын

Астанада жабық консультация өткізген тараптар "Қазақстан темір жолы" ұлттық компания басшылығына Астананың қазіргі әкімі Жеңіс Қасымбек лайық деп тапқан сияқты. Ұсақ детальдар ғана қалды", - дейді, DALA INSIDE дереккөзі.

Ақорда, Үкімет, Самұрық-Қазына үшеуі де ҚТЖ-дағы жағдайға мүлде риза емес. Компанияның қарызы 2,9 триллион теңгеге жетіп отыр. Ұлттық компания ескі қарызды жабу үшін жаңа қарыздар алуда. Нұрлан Сауранбаев бастаған қазіргі менеджменті ұсақ-түйек күнделікті сұрақтарды шешкенімен, жүйелі, күрделі, ұзақмерзімді шешімдер қабылдай алмады.

"Қасымбек ҚТЖ-ның психологиясы мен философиясын өзгерту үшін таңдалды. Себебі 30 жыл бойы Қазақстан темір жолы трансформациядан өте алмады. Ескі консервативті догма құрсауында келді", - дейді дереккөз.


Бірақ Жеңіс Қасымбек Астанада жаңа жылды өткізіп, қаланы әсемдеп, жаңа 2025 жылғы жұмыс күнін бастамай елорда әкімдігінен кетпеуі тиіс. Сауранбаевтар да 2024 жылғы бонустарын алу үшін толық календарлы жылды аяқтасын деген ойға тоқтаған.

Ал Астана әкімі креслосына кім келеді? "Ол сұрақтың жауабы ең үлкен кабинетте айтылады. Бірақ Жоғарғы аудиторлық палата төрағасы Әлихан Смайыловтың шоқтығы биік. Ұсынылған үш кандидат арасында да Смайылов досьесі ұзақ талқыланды", - дейді дереккөз.

Мемлекет басшысының Әлихан Смайыловқа деген көзқарасы өте жақсы. Қазақтың Әлиханы өзінің ұлтқа деген қызметі, кәсібилігі мен адалдығы, және жұрт біле бермейтін қаржылық есеп стандарттарын шемішкедей шаға алатын деңгейімен танылған болатын.

Смайыловқа қатысты бір дилемма тұр. Ол әрине, Астана қаласын жайната алады. Бірақ оны әкім қыла отырып, біз Жоғары аудиторлық палатаны әлсіретіп алуымыз мүмкін. Қазір ЖАП Қазақстан мемлекеті үшін Астана әкімдігінен де маңызды орган болып тұр.

DALA INSIDE Қазақтың Әлиханының көңіл-күйін қалт жібермей қадағалап отырмақ. Бізбен бірге болыңыздар 👇

https://t.me/dalainside


Forward from: DALA INSIDE
⚡️ Ғарыш кемесін хан Кененің басына алмастыруды ұсынған кәсіпкерге іздеу салынды

Бір жылдары "Боран" ғарыш кемесін хан Кененің басына айырбастауға дайын екенін айтып, Кремльге шарт қойған бизнесменге іздеу жарияланды жазады DALA INSIDE.

Бас прокуротураның мәлім еткеніндей Дәурен Мұсаның үстінен "алаяқтық" бойынша қылмыстық іс қозғалып, кәсіпкерді құрықтау туралы пәрмен берілген. Тергеу амалдарымен Алматы полициясы айналысуда.

Құқық қорғау органдарының нысанасына іліккен Дәурен Мұса КСРО-ның аса ірі жобасы, АҚШ-тың Space Shuttle бағдарламасына жауап ретінде жасалған "Боран" ғарыш кемесін 89 мың рубльге сатып алып, іріп-шіруге шақ қалған шатллды қайта қалпына келтірген еді.

Кейінгі жылдары Кремль жекенің қолына өткен "Боранға" қайта "құмартып", ғарыш кемесін "Роскосмостың" балансына қайтаруға тырысқан.

"Боран" біз үшін металл мен болттардың жиынтығы емес, советтік инженерияның ұлы жетістігі", - деп жазған еді осыдан төрт жыл бұрын компанияның сол тұстағы төрағасы Дмитрий Роғозин.

"Роскосмос" төрағасына дереу жауап қатқан Дәурен Мұса "шатлды хан Кененің басына айырбастауға дайын екенін" мәлімдеген-тін. Кәсіпкердің шарты Мәскеудің қытығына тигені анық еді. DALA INSIDE-қа жеткен мәлімет бойынша Ресей ғарыш кемесін "тарихи отанына қайтару" мақсатынан бас тартқан жоқ.


Осы орайда "кәсіпкердің үстінен қозғалған қылмыстық істе көршінің көлеңкесі көрінбей ме?" деген заңды сауал туындайды. Кәсіпкердің үстінен қозғалған қылмыстық іс пен Кремль көсемінің Астана сапары тұспа-тұс келгені түрлі ойға жетелейді.

Қалай болғанда да, кәсіпкерге тағылған айып мен оның айналасындағы ахуал Мәскеу үшін тиімді бағытта өрбіп жатқаны өтірік емес. Кәсіпкердің осыдан үш жыл бұрынғы мәлімдемесі өз басына таяқ болып тигендей әсер қалдырады...

Ресей қазақтың соңғы ханының басын қайтаруға асығар емес. Саяси сауданы кешірмейтін Кремль "Боранның" иесіз қалар сәтін тыпыршып күтіп отырса таңғалмаңыз.


Айтқандай, күні кеше Есілдің бойындағы хан Кененің мүсіні алынып тасталды. Әкімдік ескерткіштің іргесі іріп-шіри бастаған, құлау қаупі бар дейді. "Ұлысмедиадағы" әріптестерге сұхбат берген тарихшы Сұлтанхан Аққұлұлының айтуынша бұл кездейсоқ емес, "бәрі бір саясаттың, бір сценарийдің желісі".

DALA INSIDE жағдайды бақылауда ұстауда. Бізге тіркелуді ұмытпаңыз👇

https://t.me/dalainside


Forward from: Ақша менталитеті
🥊 Теңге, доллар және қаржылық стратегия: не істеу керек?

Форекстегі USD/KZT бағамы 515-ті көрсетіп, теңге жыл басынан бері 11,6%-ға құнсызданды. KASE-дегі нақты сауда-саттық бағамы кешке 510 шамасында тұрақтауы мүмкін деген болжам бар.

Бұл теңгелік жинақтары бар қазақстандықтарды ойлануға мәжбүр етуде деп жазады Ақша менталитеті.


Есепке үңілсек, биыл теңгелік депозиттердің орташа табыстылығы 13,6%-ды құраса, долларлық депозиттер небәрі 1%-ға дейін табыс әкелді. Бірақ теңгедегі инфляция 8,5%-ды құрап, жалпы шығынды 6,5%-ға жеткізді. Доллармен сақталған жинақ 2%-ға минус көрсетіп тұр. Яғни, теңгелік депозит инфляциясыз есептегенде тиімді болғанымен, нақты шығын жоғары.

Теңгенің құлдырауына бірнеше фактор әсер етуде. 🇷🇺 Ресей рублі Газпромбанкке салынған санкциялардан кейін күрт құнсызданып, теңгені өзімен бірге төмен тартты. Сонымен қатар, АҚШ долларының күшеюі (DXY индексі 106,2-ге жетті) және KASE-дегі сауда-саттық көлемінің рекордтық 240 млн долларға өсуі инвесторлардың теңгеден долларға жаппай көшуін көрсетіп отыр.

Қазір не істеу керек?

🔸 Доллар сатып алуға асықпаңыз. Қазіргі бағам спекулятивті түрде өскен. Ұлттық банктің интервенциясы келесі аптада жағдайды тұрақтандыруы мүмкін.

🔸 Егер доллар қажет болса, бөліп-бөліп, курстың тұрақтануын күтіп сатып алыңыз.

🔸 Теңгелік депозиттерді жоғары мөлшерлемемен пайдаланыңыз. Бұл инфляцияның әсерін азайтуға мүмкіндік береді.

Эмоцияға берілмеңіз, теңгені де, долларды да ақылмен басқарыңыз. Қаржыңызды ұзақ мерзімді стратегиямен жоспарлаңыз.

Алдағы уақытта ең көп табыс беретін 5 депозит туралы айтамыз. Бізге тіркел👇

https://t.me/aqsha_mental


Forward from: Ақша менталитеті
🇰🇿 Ұлттық банк: Теңге бағамының құлдырауына сыртқы және ішкі факторлар әсер етуде

Ұлттық банк теңге бағамының күрт төмендеуіне 📉 байланысты ресми мәлімдеме жасады деп хабарлайды Ақша менталитеті.

Соңғы дерек бойынша, KASE-де USD/KZT жұбы 518–519 теңге деңгейінде саудаланып жатыр, ал 28 қарашадағы орташа өлшенген бағам 512,58 теңгені құрады. Бір тәулік ішінде ұлттық валюта 2,4%-ға әлсіреді.

Реттеушінің айтуынша, теңгенің құнсыздануына бірнеше факторлар әсер етті.

Сыртқы факторлар:

– Глобалды деңгейде доллардың нығаюы;
– Мұнай бағасының құбылмалылығы мен төмендеу тенденциясы;
– Ресей рублінің жаңа санкцияларға байланысты әлсіреуі.

Ішкі факторлар:

– Шетел валютасына сұраныстың артуы және ұсыныстың шектеулі болуы.

Ұлттық банк деректеріне сәйкес, биыл қараша айындағы орташа күндік сауда көлемі 238 млн АҚШ долларын құраған. Бұл өткен жылдың осы айымен салыстырғанда 1,5 есеге көп (193 млн доллар). Сонымен қатар, кейде сауда кезінде доллар тапшылығы байқалады, бұл нарықта алыпсатарлыққа мүмкіндік береді және тепе-теңдікті бұзады.

⚠️ Реттеуші осындай жағдайды тұрақтандыру үшін валюталық интервенцияларды қолға алғанын ресми түрде мәлімдеді. Дегенмен, Ұлттық банк бағамның толықтай нарықтық қалыптасуын сақтап, оған әкімшілік араласу жасамайтынын атап өтті.

– Егер қаржылық тұрақтылық пен айырбас бағамының шамадан тыс құбылмалылығы тәуекелдері туындаса, Ұлттық банк әділ бағам қалыптастыруды және валюталық нарықтың тұрақты жұмысын қамтамасыз ету үшін интервенцияларды жалғастыруға дайын, – делінген мәлімдемеде.

Елдегі қаржылық ахуалды бақылап отыр. Бізге тіркеле кет👇

https://t.me/aqsha_mental


⚡️ "Росатом" Қазақстанда АЭС салу бойынша белсенді әрекетке көшті...

Ресей президенті Путиннің Астана сапары барысында АЭС мәселесі жабық және кеңейтілген форматтағы келіссөздерде көтерілгені белгілі болды деп жазады Fragment.

Ресейдің "Росатом" корпорациясы бұл жобаны жүзеге асыруға мүдделі екенін ашық айтқан.

Ресейлік медиа өз кезегінде: "Путин бұл жобаны уыстан шығармайды. Кремль Қазақстанды ұзақ уақытқа жіпсіз байлап тастауды көздейді" деген месседжі орыстілді аудиторияның құлағына құюда.

РосАтом төрағасы Әлексей Лихачевтың айтуынша, АЭС салу жөніндегі келіссөздер өте нақты, практикалық деңгейге көтерілген.


"Демек, тараптар АЭС салудың тиімділігі мен ықтимал тәуекелдерін егжей-тегжейлі талқылап, келісімнің әрбір пунктін пысықтап жатыр деген сөз", - деп пайымдайды Fragment.

РосАтом төрағасының Кремль көсемімен бірге ертіп жүруі Ресейдің бұл жобаны жүзеге асыруға айрықша мән беріп отырғанын көрсетеді. Бұл тек "Росатомның" коммерциялық мүддесі емес, Ресейдің Қазақстанмен ұзақ мерзімді байланысын нығайтуға бағытталған саяси және экономикалық стратегияның бөлігі екенін айдан анық.

Ресейдің "Коммерсант" басылымының дерегінше, РосАтом АЭС-ке қатысты референдумның сәтті өтуіне "атсалысқан". Осыдан 10 күн бұрын Тоқаевтың есігін қағып, қабылдауына кіруге тырысқан Лихачев АЭС саласындағы әмірикалық технологияны жамандап (ядролық колонизация), ресейлік жүйенің икемділігін жатпай-тұрмай нәсихаттауда.

Бұл туралы әлі де айтамыз. Арнаға тіркелуді ұмытпаңыз👇

https://t.me/fragmentqaz


Forward from: Dala Finance
🫡Теңгені көргенде досыңды танисың - ресейлік журналист

"Коммерсанттың" арнайы тілшісі Андрей Колесников Ресей президентінің Қазақстанға сапары Мәскеуде рубль оңбай құлдырап жатқанда болғанына назар аудартады. Ең қызығы, ол сол делегациямен бірге Астанада жүр екен. Репортаж әрі эссеге тән ресейлік "Коммерсантъ" басылымының тілшісі Андрей Колесниковтың мақаласын сол күйінде аударып беруді жөн көріп отырмыз, деп жазады DALA FINANCE.

"...Шағын құрамдағы келіссөздер алдымен шартты түрде, расында азшылықта болды: Сыртқы істер министрі Сергей Лавровтан басқа, ол арада вице-премьер Александр Новак, Экономикалық даму министрі Максим Решетников, көлік министрі Роман Старовойт, Ресей темір жолдарының басшысы Олег Белозеров жүрді… Олардың барлығы баспалдақпен ары-бері үшінші қабатқа жүгірумен болды (жеделсаты тек президенттердің еншісіне бұйырған секілді), бәрінен бұрын Ресей президентінің көмекшісі Юрий Ушаков өзін жайлы сезінді, ол келіссөз алдында да, содан кейін де сыртқа шығып темекі шегіп, журналистермен де сөйлесіп үлгерді. Одан журналистер АҚШ президентінің инаугурациясына кім баратынын сұрады.


- Шетелдік делегацияларды шақыру қарастырылмаған, елшілерден басқасы, - деді Юрий Ушаков иығын қиқаң еткізіп сөзін ары қарай былай жалғастырды:

- Ал егер Мәскеуден Америка Құрама Штаттары президентінің инаугурациясына барып жатқандар болса, олар, шын мәнінде, инаугурацияның өзіне емес, оның айналасында өткізілетін түрлі іс-шараларға барады. Балға деген секілді... Ал, былай инаугурацияның өзіне бізден кімде кімнің арнайы баруы екіталай. Пал Палыч Бородин бір рет АҚШ президентінің инаугурациясына барды емес пе (кіші Джордж Буштың), өздеріңіз білетіндей, ол басқа жерден бір-ақ шыққан (кейін Кремль бөлмелеріне жөндеу жұмыстары оқиғасынан соң тергеу изоляторына тоғытылды - А. К.).


Ал ол кезде мына жақта өтіп жатқан шағын құрамдағы, дәлірек айтсақ, жүзбе жүз келіссөздер ұзаққа созылды, көрші бөлмеде Ресей делегациясының мүшелері өз кезегін немесе тіпті тағдыры шешілетіндей тағатсыздана күтумен болды. Осы ұрымтал сәтті пайдаланып, мен ВТБ басшысы Андрей Костинге сұрақ қоя қойдым:

— Бүгіндері доллар мен рубль арасында болып жатқан құбылыс қаншалықты драмалық жайт (күрт секіріс болды, өйткені осы уақытта 1 АҚШ доллары 100-ден 114 рубльге бір-ақ көтерілді- А. К.)?

— Драмалық дейсіз бе, иә солай ғой, - деді ол күтпеген жерден менімен келісе кетіп. Шынымды айтсам, біз мұндайды күткен жоқпыз. Аздап әлсірейді деп болжанған, жылдың аяғында дейін 1 АҚШ доллары 100 рубльге дейін, әрине, бүгінгідей емес.


- Ал ертең не болады деп болжайсыз, - дедім мен де сұрақты үдете.

— Менің ойымша, әлі де рубльді кері қайтаруға болады. Менің ойымша деймін",— деді нығырлап.

- Бұл арада ықтималдылық жағдайы қандай? Доллар өсуін жалғастырып жатыр делік?


- Оны сайтанның бір сапалағы біледі. Ал оның қадамын дөп басып, болжау мүмкін емес, - деп ВТБ басшысы қатесіз болжам жасады.


Сайтанның сапалығы деген кім? Кез келген болуы мүмкін ғой. Осындай ойлар басымда жылт етіп үлгергенде Андрей Костин оның тікелей доллардың өзі болатынын айтты.

— Бірақ доллар 120 рубль болды емес пе, - деді кенеттен Андрей Костин. Әліптің артын бағып, тағы да күте тұрайық, - деді ол. Шамасы, 140 болғанша шығар. Ал бұл кезде мына жақта өзге журналистер Көлік және денсаулық сақтау министрін қаумалап, сұрақтың астына алып жатты. "Билет бағасы енді көтеріле ме" деп сұрағанда Старовойт мырза өзі жақсы ұстап, қысқа және анық жауап берді:

- Жоқ, олай болмайды деп үміттенемін.

Яғни, ол баға көтерілмейді деп айтқан жоқ.

Ал Михаил Мурашко бізді жақтырмай тұрғанын жасырмады:

— Бәрін неменеге сұрай бересіздер?.. Ертең барлығы дәрі-дәрмек сатып алуға лап қойсын дейсіңдер ме?!

Осы кезде бірнәрсе айтқысы келіп, тыпыршып тұрған Энергетика министрі Сергей Цивилевті көрдім. Ақыры ол көмейіне келген сөзді айтып тынды: Сіздер, адам жанының инженерісіздер, өз жауапкершіктеріңізді түсінулеріңіз керек! – деді бес тиын болып.

Адам жанының инженерлері оны түсінгендей кейіп танытты. Ең бастысы, мұны жай инженерлер түсінсе деңіз...".

Арнаға тіркелуді ұмытпаңыз👇

https://t.me/dalafinance


⚡️ Депутат Бапи: Тоқаевты түсінуге тырысаңыздар...

Депутат Ермұрат Бапи орыс тіліне арналған халықаралық ұйым құру туралы құжаттың мәнін қоғамға дұрыс түсіндіру қажет деген пікірде.

Оның айтуынша, бұл құжат тіл саясаты емес, елдің сыртқы саясаттағы ұстанымдарына байланысты қолға алынған қадам.

Бапи қоғамға нақты месседж жеткізу керектігін алға тартып отыр. Жағдайды толық контексте көрсету керек.


"Бұл бастама Тоқаевтың бейтарап дипломатиялық саясатына қызмет ететін саяси құрал екенін ашық айту керек. Былайша айтқанда, орыс тілі мәселесінен бұрын елдің сыртқы саясатын күйттейтін құжат, Сыйластықты сақтай отырып, ішкі және сыртқы мүдделерді қорғау тактикасы жатыр", – деді ол.

Депутат "бұл мәселе қоғамды екіге жармауы тиіс" деп, жауапты органдарға ақпараттық жұмыс жүргізуді ұсынып отыр. Бапи құжаттың мәнін түсінбеген қазақтілді аудитория оны тілге төнген қауіп деп қабылдайтынын, сол себепті биліктің халықпен диалогты күшейтуі маңызды екенін ескертуде.

Айта кетелік, «Орыс тілі бойынша халықаралық ұйым» құру туралы келісімге 🇰🇿 президент Тоқаевтың бастамасымен 2023 жылы 13 қазанда Бішкекте қол қойылды. Ұйымның мақсаты – мүше елдер арасындағы достықты, ынтымақтастықты нығайту.

Бұл туралы әлі де айтамыз. Арнаға жазылуды ұмытпаңыз👇

https://t.me/fragmentqaz


Forward from: DALA INSIDE
Video is unavailable for watching
Show in Telegram
Депутат Бапи: Дариғаны дәріптеп жүргендерді анықтау керек!..

Депутат Бапи атышулы Дариға Назарбаева мен "Ескі Қазақстанды" аңсап жүргендерді тексеруді талап етті деп жазады DALA INSIDE.

Мәжіліс депутаты әлеуметтік желілерде Дариға Назарбаеваны дәріптейтін бейнематериалдарды байқап, бұл әрекетті бұрынғы саяси режимді насихаттауға бағытталған манипуляция деп атады.

"Әлемжелі арқылы түрлі манипуляциялар жасалып, 🏛 Жаңа Қазақстанды екіге жаруға, қоғамда шиеленіс тудырып, кек алу ниетін қоздырып, ескі тәртіпті қайтаруға деген құлшыныс байқалады.

Реваншистік топтар интернетте "билік отставкаға кетеді", "мерзімінен бұрын сайлау өтеді", "депутаттар ар-намыстарынан айырылды" деген жалған трендтерді таратуда.

Бұл ма, бұл қоғамдық санаға әсер ету арқылы Жаңа Қазақстанның бірлігін шайқауға бағытталған технологияның бір бөлігі.


Ұлттық қауіпсіздік комитетінің басшылығына осындай арандатушылықтардың түп-тамырын анықтап, осы әрекеттің артында тұрған топтар жайлы толық мәлімет беруді сұраймын", – деді депутат.

https://t.me/dalainside


⚡️ Қазақстан Орыс тілі ұйымын құру үшін 43 млн теңге бөледі...

🇰🇿 Президент Тоқаевтың бастамасымен «Орыс тілі бойынша халықаралық ұйым» құру туралы келісімге 2023 жылы 13 қазанда Бішкекте қол қойылды. Ұйымның мақсаты – мүше елдер арасындағы достықты, ынтымақтастықты нығайту. Орыс тілі БҰҰ-ның ресми тілдерінің бірі екенін ескерсек, бұл ұйымның халықаралық мәртебесі жоғары болмақ.

Мәжіліс келісімді ратификациялап, Сенатқа жолдады.

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің айтуынша, ұйым құруға 43 млн теңге бөлінеді. Ұйымның құрылымы, хатшылығы мен жұмысы нақты анықталатын болады.


Бастама ТМД елдері арасында орыс тілінің маңызын арттыруды көздейді.

https://t.me/fragmentqaz


⚡️ Нарықты Ресейге беріп қойдық! Танымал баспагер дабыл қақты...

Ресей баспалары Қазақстан нарығына белсенді түрде еніп жатыр. Белгілі баспагер Бақытжан Бұқарбай мұны "колонизацияның бір көрінісі" деп бағалайды. Бұл туралы ол Мәжіліс жанындағы комитет отырысында егжей тегжейлі айтып берді хабарлайды Fragment.

Бұқарбайдың атап өткеніндей, Ресейдегі соғыс пен санкциялар елдегі баспа индустриясына кері әсер етіп, кейбір ресейлік баспалар компанияларын Қазақстанда тіркеуге көшкен. Бұл бәсекелестікті күшейтіп, әсіресе қазақ тілді баспагерлердің жағдайын қиындатып отыр.

"Ресейлік баспалар үлкен бюджеттерімен нарыққа еніп, біздегі тапсырыстарды алып жатыр. Біз ашық нарық жағдайында жұмыс істейміз, бірақ бұл қазақ баспагерлері үшін өте ауыр. Әсіресе, миллиондаған қаржылық қолдауы бар ресейлік баспалармен бәсекеге түсу қиынға соғады», – дейді Бұқарбай.


Оның пікірінше, 🇰🇿 Үкімет бұл мәселеге араласып, нақты талаптар қоюы тиіс. Баспагер қазақ тілді контентті дамыту үшін протекционизм саясатын енгізу қажеттігін алға тартты.

Мысалы, Қазақстанда тіркелген ресейлік баспаларды орыс тілінде бір кітап шығарған жағдайда, қазақ тілінде де бір кітап шығаруға міндеттеу арқылы нарықта теңдік сақтауға болады.

💬 Бақытжан Бұқарбай қазақ тіліндегі кітаптардың нарықтағы үлесін арттыруда үлкен еңбектің қажет екенін атап өтті. Оның айтуынша, 2016 жылы «Меломан» дүкендерінде қазақ кітаптарының үлесі небәрі 5% болса, қазір бұл көрсеткіш 15%-ға жеткен. Алайда, ресейлік баспалардың нарыққа көбірек енуі бұл көрсеткішті қайта төмендетуі ықтимал.

«Қазақ баспагерлері бизнестің ең тиімсіз түрімен айналысып жатыр, себебі біз қазақ контентінің үлесін арттыруды көздейміз. Бірақ соңғы жағдайларды ескерсек, қазақ кітаптарының нарықтағы орны әлсіреуі мүмкін», – деді ол.

Тағы бір маңызды мәселе – Ресейде басылып шыққан кітаптардың бағасы.

Баспагердің айтуынша, бұл кітаптар Қазақстанда өте төмен бағамен сатылып жатыр. Мысалы, ресейлік кітаптардың құны 600-700 теңге болса, қазақ баспагерлері шығаратын кітаптардың бағасы шамамен 5 мың теңгені құрайды.

Атышулы "Россотрудничество" арқылы берілетін дотациялар ресейлік баспаларға кітаптарын арзан бағамен сатуға мүмкіндік беруде...


⚠️ Бақытжан Бұқарбайдың айтуынша, мәдениет министрлігі өз кезегінде қазақ баспагерлеріне қойылатын талаптарды күшейтуді жоспарлап отыр. Бұқарбай жазда үлкен резонанс тудырған «Как управлять казахами?» кітабына қатысты жағдайдан кейін, Мәдениет және ақпарат министрлігінің қазақ тілді кітаптарға рұқсат алу талаптарын қиындатуы ықтимал деген мәліметке алаңдаулы. Бұл шешім қазақ тілді контенттің азаюына әкелуі мүмкін.

«Ресей баспалары орыс тілді кітаптардың санын көбейтуде. Бұл отарлаудың бір көрінісі деп айтуға болады. Ал өзіміздің министрлігіміз қолдаудың орнына, шектеулер енгізуге ниетті. Бұл жағдай маған мүлдем түсініксіз», – деді ол.

Бақытжан Бұқарбай бұл мәселені ұлттық мәдениетті қорғау тұрғысынан қарастыруды және қазақ баспагерлеріне нақты қолдау көрсетуді талап етуде.

Бұл туралы әлі де айтамыз. Арнаға жазылуды ұмытпаңыз👇

https://t.me/fragmentqaz


🇰🇿Ұлттық банк төрағасы: Қазақстанды қиын-қыстау заман күтіп тұр...

Fragment Ұлттық банк басшысы Тимур Сүлейменовтің қаржыгерлердің XII Конгресінде сөйлеген сөзінен келесідей үзінді келтіреді.

▪️ Егер инфляция 5% деңгейіне жетпесе, тиісінше базалық ставкі де 8-9% деңгейіне түспейді. Ал мөлшерлеме төмендемесе, 11%-бен несие беру мүмкін емес.

▪️ 🇰🇿 Бектенов? Ұзақ жылдар бойы қос мандат туралы айтылып келді. Енді біз, үкіметпен бірге, мандатты орындауда үкіметтің жауапкершілігін қамтамасыз етуге күш салуымыз керек.

Үкімет өз күшін инфляцияны төмендетуге бағыттауы тиіс.


▪️ Біз базалық мөлшерлемені еш себепсіз, инфляция жоғары және бюджеттік шығындар көп кезде (фискалдық экспансия) төмендете алмаймыз. Бұл анық. Біздің мандатымыз - баға тұрақтылығын қамтамасыз ету, және біз бұл үшін бүкіл ел алдында жауаптымыз.

▪️ Инфляцияны бақылауға алғанға дейін бұл процесс ауыр болады.

Бұл – шығындарды қысқарту, кірістерді арттыру, салықтарды көтеру деген сөз. Иә, бұл оңай емес.


Бірақ дәл осы қадам үлкен экономикалық серпіліс жасауға алғышарт болуы тиіс.

Ұлттық Банк басшысының сөзінен үкіметтің фискалдық экспансиясы (бюджеттік шығындарды ұлғайтуы) мен Ұлттық Банктің инфляцияны төмендету мандаты арасында қайшылық барын аңғаруға болады. Сүлейменов "Бектенов үкіметі шығындарын азайтпай, инфляцияны төмендету мүмкін емес" дегенге меңзеп отыр.

Осыған қарап, Қазақстанды алда қиын қыстау кезең күтіп тұрғанын болжауға болады.

▪️ Халық үшін: бағаның өсуі, салықтардың көбеюі, өмір сүру деңгейінің төмендеуі.

▪️ Бизнес үшін: қаржыландырудың қиындауы, шығындардың өсуі, сұраныстың төмендеуі.

▪️Мемлекет үшін: инфляцияны бақылау мен экономикалық өсімді қатар қамтамасыз ету арасындағы күрделі таңдау.

Бұл туралы әлі де айтамыз. Арнаға жазылуды ұмытпаңыз👇

https://t.me/fragmentqaz


Forward from: DALA INSIDE
⚡️ Халықтың қайырымдылыққа ақша жинау мәселесі қаралады...

Бұл жайлы Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева айтты.

Айта кетелік, бұған дейін Қаржы мониторинг агенттігі еріктілер қозғалысының белсендісі және қоғамдық қайырымдылық қорының құрылтайшысы Перизат Қайратқа қатысты тергеу жүргізіп жатқанын хабарлаған.

Агенттіктің атап өткеніндей, Перизат Қайрат көктемгі су тасқынынан зардап шеккендерге көмекке жиналған 1,5 млрд теңгеден астам қаражатты жымқырған.


Тергеу мәліметтері бойынша, қайырымдылық қорларына түскен ақшаның басым бөлігі қымбат сән бұйымдары мен жылжымайтын мүлік сатып алуға жұмсалған.

❗️ Соның ішінде:

Биыл көктемде Перизат Қ. елордадағы автосалондардан 88 млн теңгеге Mercedes-Benz S450, 80 млн теңгеге Lexus LX-600 және 39 млн теңгеге Haval автокөліктерін сатып алған.

Жалпы сомасы 600 млн теңге болатын Ақбұлақ Riviera, Highvill Ishim Gold, «Көк Жайлау» ТК (тұрақ орындарын қоса алғанда) және Vela Village коттедж қалашығындағы жылжымайтын мүлік нысандарын сатып алған.

Дубай, Доха, Лондон және Стамбулдағы бес жұлдызды қонақ үйлерде демалған.

Cartier және Louis Vuitton сияқты брендтердің қымбат аксессуарлары мен зергерлік бұйымдарды сатып алып, қымбат мейрамханаларға барып, яхталарды жалдаған.


Қылмыстық схеманы іске асыру үшін Перизат Қ. достары мен туыстарына 8 пайыз сыйақы төлеп, қордың ақшасын қолма-қол ақшаға айналдырған.

ҚМА бұл әрекеттер еріктілер қозғалысының беделіне нұқсан келтіріп, оның ашықтық пен адалдық принциптеріне күмән тудырғанын мәлімдеді.

Бұл туралы әлі де айтамыз, бізге тіркеліп алыңыз👇

https://t.me/dalainside


⚠️ Қазақстан банктері комплаенсті күшейтті: Ресейлік бизнес қылқынып жатыр...

Ресейлік кәсіпкерлер күзде Қазақстан банктерінің төлем жүргізу мерзімін ұзартқанына тап болды - енді ол екі айға дейін жетуі мүмкін. Заңгерлердің айтуынша, Қазақстан банктері екінші реттік санкциялар қаупіне байланысты комплаенсті күшейтуде.

2024 жылдың қараша айына қарай 🇷🇺 Ресей мен 🇰🇿 Қазақстан арасындағы төлем жүргізудің орташа мерзімі ағымдағы жылдың шілдесімен салыстырғанда 24%-ға өскен және кейбір жағдайда екі айға дейін жетуі мүмкін. Сарапшылар мұны Қазақстан банктерінің Ресейден келетін аударымдарға қатысты комплаенсті (заң талаптарына, санкциялық шектеуге және ішкі ережеге сай болуды қамтамасыз ететін бақылау жүйесі) күшейтуімен түсіндіреді. Біздің банктер ақша жіберуші және алушы компания, тауардың сипаттамасы және мәміленің егжей-тегжейі туралы мәлімет сұратып, қосымша құжаттар мен түсініктемелерді көбірек талап ететін болған.

👨‍💼 Заңгер Әлібек Сланның айтуынша, қазіргі уақытта Ресей мен Қазақстан арасындағы төлемдерді жүргізудің орташа мерзімі шамамен екі-үш аптаны құрайды.

Орыстарға қазақ банктерінің комплаенсті күшейтіп, тауардың санкциялық емес екенін растайтын құжаттарды ұсынуды талап ете бастағаны ұнамауда. Кейбір ресейлік бизнес Қазақстан банктерінен бас тарту туралы ойлана бастаған.


Ресейлік логистикалық компаниялардың қазақстандық банктер арқылы төлем жасаудан бас тартуы биылғы жылдың шілдесінде 30%-ға дейін өскен.

АҚШ-тың Мосбиржаны "қара тізімге" енгізуі және Ресейге шектеулерді айналып өтуге көмектесетін шетелдік банктерге екінші реттік санкциялар қолдану қаупі қазақстандық қаржы институттарын бақылау шараларын күшейтуге мәжбүрледі.

👨‍💻 2024 жылдың қыркүйегінде Bloomberg агенттігі ресейлік банктер мен компаниялардың Қазақстанды Қытаймен валюталық операциялар жүргізу үшін жиі таңдай бастағанын хабарлаған болатын.

Заңгер Әлібек Сланның мәліметінше, қазақстандық банктер ресейліктер Қазақстанмен іскерлік байланыстарын растауды талап етуде. Бұған жергілікті контрагенттермен Қазақстан аумағына тауарлар жеткізу туралы келісімшарттар, сондай-ақ елдегі заңды мекенжайды растайтын құжаттар жатады.
Клиент мұны ұсына алмаса, банк оның шотындағы операцияларды уақытша тоқтатады.

"Қазақстан санкциялық режимді бұзу қаупін азайтуға тырысуда. Сондықтан банктер комплаенс-процедуралар аясында клиенттік операцияларды мұқият тексеріп, ықтимал санкциялық тәуекелдер мен қауіптерді анықтауға тырысып жатыр. Мұндай күдікке ілінген кез-келген банктің беделіне елеулі нұқсан келеді», - дейді заңгер.

Бұл туралы әлі де айтамыз. Арнаға жазылуды ұмытпаңыз👇

https://t.me/fragmentqaz

20 last posts shown.