Қобалжуды қалай жеңеміз?
⠀
⁉️ Сұрақ: ұстазыма Құран тапсыруға қорқамын. Себебі, қобалжып, соның нәтижесінде жаттағанымды ұмытып қаламын. Сол үшін кейде сабаққа да қатыспаймын. Осының шешімі бар ма?
⠀
✅ Жауап: Жаттауда сапаға қатты көңіл бөліңіз. Неғұрлым бет пысық жатталса, соғұрлым сенімділік пайда болады.
⠀
📍 Жаттамас бұрын міндетті түрде Қарилардың аудиоларын тыңдаңыз, қателерді түзетіп алыңыз.
⠀
📍 Қайтала. Неғұрлым көп қайталау, соғұрлым хифз мықты. Шебер оқудың бұдан басқа жолы жоқ
⠀
📍 Өз - өзіңе тапсыр. Өз айтқаныңды тыңда. Ұстазға тапсыратындай өзіңе тапсыр.
⠀
📍 Ұстазға Құран тапсырмас бұрын жаттық: жолдасыңа, балаларыңа, досыңа тапсыр ең алдымен. Бұның барлығы - жаттығу.
⠀
📍 Сый - сауапты да ұмытпа. Сен әр тапсырған сайын саған сауаптар жазылады. Ұстазға тапсырарда не үшін тапсыратыныңды есіңе түсір.
⠀
📍 Есте сақта: кеткен қателер үшін қайғырып, өзіңді сөкпе! Қате жасаудан қорықпа. Қате - сені өсіреді, сені шыңдайды. Сабақтан соң қате кеткен тұстарға ерекше мән бер. Жаттық.
⠀
📍 Тапсыру барысында аят/сөзді ұмыту - қалыпты жағдай. Уақыт өте келе жаттыға келе сүрелерің мықты бола түседі.
⠀
📍 Әрдайым ниетіңді тексеріп отыр. Сен ұлы жолдасың, Құран жолындасың. Алла сені таңдады. Еңсеңді түсірме! Алла жолында мұндай қиындықтарды жеңу - рахат сыйлайды.
⠀
❗️ Құран тапсырарда осы кеңестерді ұстан. Алла қаласа, барлығы реттеледі.